Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 15:58, реферат
Жыл өткен сайын, облыстың атмосфералық ауа бассейні ластанып барады. Өткен жылы өндіріс ошақтарынан шыққан зиянды қалдықтардың халықтың өмір сүруіне қаншалықты әсер етіп отырғанын тексерген санитарлық дәрігерлер алаңдаулы. Себебі бас пайдасын ойлаған мұнай-газ кәсіпорындары экологиялық талаптарға назар аудармай отыр.
Ақтөбеде автокөліктерден шығатын зиянды заттар көлемінің күрт өсуі қоршаған ортаны қорғау бөлімінің мамандарын алаңдатып отыр. Олардың айтуынша, тек қала бойынша тіркелген автокөлік саны өткен жылы 60 мыңнан асып түсті. Ал олардан шығатын зиянды заттар көлемі 58 мың тоннаға дейін жетті.
Кіріспе
1. Ақтөбе қаласындағы атмосфераны ластаушы көздер
1.1 Елек өзенінің ластануы.
1.2 Облыстағы геоэкологиялық аудандастыру мәселелері.
1.3 Ақтөбе облысының ландшафтары.
1.4 Зерттеу объектілері мен әдістері.
1.5 Хромның анықталу шегі оның 100горганда 0,1мг дейін болуы есептеледі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Тәжірибе жүргізу үшін ластау көзінен әртүрлі қашықтықта (1; 5; 10; 15 км) топырақ үлгілері алынды. Бұл сынамаларды алу үшін орын желдер раушанына сәйкес солтүстік-батыс бағыты таңдап алынды. Топырақ үлгілері алынған жерлерден өсімдік материалдарын да алдык. Өсімдіктерді жеке түрлеріне сәйкес тандап алып, әуелі жай сумен, сосын дистильденген сумен жуып, құрғақ-ауа жағдайына келгенше кептірдік. Өсімдік материалын таңдап, химиялық анализден өткізу кезде, сол өсімдік түрінің зерттелетін ауданда кеңінен таралуына және ластауыштарды жинақтау қабілетіне қарадық. Атап айтқанда, Лерх жусаны (Artetmisia Lerceana), ақселеу (Stipa capillta) алынды. Мәдени өсімдіктерден қызанақ, баклажан, сәбіз, қызылша, қырыққабат, бұрыш, картоп, қарбыз алынды.
Топырақтағы және өсімдіктердегі ауыр металдарды анықтау фото-электроколориметрикалық әдіспен жүргізілді. Хромды сапалық анықтаудың негізгі реакциясы дифенилкарбазидпен қызыл түсті комплекс түзу болып табылады. Сапалық анықтау кезінде пробиркаға І мл минерализатты құйып, 4 мл су, 1 тамшы 10% күміс нитратының ерітіндісін, 0,5 г аммоний персульфатын қосып қайнап тұрған су моншасында 20 мин. қыздырады. МаН2РО қаныққан ерітіндісін, КОН ерітіндісін, рН = і,7± 0,2 болғанша және 0,25% дифенилкарбазид ертіндісін қосамыз. Хром болған жағдайда ерітінді ашық-қызғылт түстен қанық кызыл-көк түске дейін боялады
Хромның анықталу шегі оның 100горганда 0,1мг дейін болуы есептеледі.
Хромды мөлшерлік анықтау фотоэлектроколориметрикалық әдіспен жүргізіледі.Хром комплексі ифенилкарбазидпен 20-30 минуттан соң толығы-нан боялады.Оның боялу тұрақтылығы 2-3 сағат. Максимум жарық жұтуы 546 нм. байқалады.
Минерализаттағы хром мөлшерін аныктау кезде пипеткамен 1 мл минерализатты өлшеп алып, 4 мл су қосып, сапалық аныктау кезіндегідей тотықтандыру жүргізеді. Ол үшін пробиркаға немесе колбаға тотыккан хром ерітіндісін құйып, қаныққан І мл MаН2РО қосады да қышқылдығын анықтау үшін 10% сілті ерітіндісіп қосады. 1 мл дифенилкарбазид ерітіндісі мен суды белгіге дейін қосады. Боялу тығыздығын 10,20, және 30 мин сайыы өлшейді.
Тұнбадағы хромды анықтау үшін 1-4г персульфат аммоний жұмсалады. Тұнба ерігеннен кейін сары түске боялу интенсивтігіне байланысты ерітіндінің барлық мөлшерін немесе бір бөлігін 25-200 мл колбаға ауыстырьш 1 мл қаныққан ерітіндісін қосады да, қышқылдығын анықтап, дифенилкарбазид пен су қосып, жарық жұшқылдығын анықтап дифенилкарбазид пен су қосып, жарық жұтқыштығын өлшейді.
Тұрғындар денсаулығына хроммен ластанудың экологиялық заңдылықтарын табу үшін оның параметрлерін анықтап, өңір кәсіпорындарының, қоршаған орта компонеттерін және халық денсаулығына әсерін модельдеу қажет.Осы мақсатты шешу үшін нақты міндеттер қойылды:
-Ақтөбе қаласы өңірінің
-ластану деңгейіне климат
-ауада, жер бетінде және
-хромның әртүрлі ағзаларда
-модельдің мәліметтер қорын
жабдықтау үшін қала
-жинақталған параметрлер
Пайдаланылған әдебиеттер.
Информация о работе Ақтөбе қаласындағы атмосфераны ластаушы көздер