Атмосфера. Атмосфераның ластаушы көздері және одан қорғану жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 06:50, лекция

Описание работы

Жер миллиондаған ұсақ бөлшектерден құралған атмосферамен қоршалған.
Ол Күннен Жерге келетін жарық тасқынын миллиондаған ұсақ сəулелерге
ажыратады. Атмосфера парниктегі шыны сияқты роль атқарады. Ол күн
сəулесін жылдам өткізеді, жер бетіндегі жылуды сақтап қалады.

Содержание работы

Кіріспе
Атмосфераның газ құрамы
Атмосфераның табиғи жолмен ластануы
Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) жолы
Атмосфералық ауаны қорғау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Атмосфераның ластаушы көздері және одан қорғану жолдары.doc

— 117.50 Кб (Скачать файл)

Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы: Атмосфера. Атмосфераның ластаушы көздері және одан қорғану жолдары

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Қашқымбаева Е.Ш.

                                                                               Тексерген: Мурсалимова 

 

 

 

 

 

Алматы 2012ж.

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

 

  1. Кіріспе
  2. Атмосфераның газ құрамы
  3. Атмосфераның табиғи жолмен ластануы
  4. Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) жолы
  5. Атмосфералық ауаны қорғау
  6. Қорытынды
  7. Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Жер миллиондаған ұсақ бөлшектерден құралған атмосферамен қоршалған.

Ол Күннен Жерге келетін  жарық тасқынын миллиондаған ұсақ сəулелерге

ажыратады. Атмосфера  парниктегі шыны сияқты роль атқарады. Ол күн

сəулесін жылдам өткізеді, жер бетіндегі жылуды сақтап қалады.

Егер Жердің ауа қабаты болмаса, Күннің көз қарықтыратын ыстык, жарығы

жердің бетін күйдіріп,құрғақ, жарылып кеткен тақырға айналдырып жіберер

еді. Онда жауын да жаумас еді, жел де соқпас еді.

Атмосфера — Жердің температурасының ауытқып тұруына да ықпал етеді.

Жердің алғашқы атмосферасы  сутегінен, метаннан, аммиактан, су

буларынан жəне гелий, неон сияқты инертті газдардан құралған. Жерде

тіршіліктің пайда болуымен байланысты бұрынғы газдарға жер  қойнауынан

жəне өсімдіктерден  бөлінген күкіртті сутегі мен көмір қышқыл газдарымен

толықты. Сөйтіп, екінші атмосфера пайда болды. Алғашқы

микроорганизмдер бірте-бірте  сутегін, метанды, аммиакты, күкіртті сутегін

азайта түсті.

Содан барып атмосфераның газ құрамының өзгеруі, оның оттегімен

толығуы бірыңғай саланы екіге — өсімдіктер мен жануарларға бөлді.

Атмосфераның қазіргі  газ құрамы биосфераның көп жылғы

эволюциясының (дамуының) нəтижесі. Организм қазір оған бейімделіп алды,

енді газ құрамының  кез келген өзгерісі олардың өмір сүру жағдайына əсер

етпей қоймайды.

 

 

Атмосфераның  газ құрамы

 

Табиғи атмосфераның газ құрамы мынадай пайызда: азот (N) - 78,08, оттегі

(O2) - 20,95, аргон (Аг) —  0,93, көмір қышқыл газы (СО2) - 0,03, неон (Ne),

гелий (Не), ксенон (Хе), родон (Rn) жəне басқалары — 0,01. Бұған қоса

ауаның құрамында ұшып жүретін шаң түйіршіктері мен  бу болады. Шаң

қызған кезде жоғары көтеріледі де, ауа айналысына мүмкіндік  тудырады.

Адам ауасыз өмір сүре алмайды. Ол таза болсын, лас болсын ауамен дем

алуы қажет. Адам тамақ  ішпей 5 апта, су ішпей 5 күн өмір сүре алады. Ал

ауасыз 5 минут та тұра алмайды.

Бір тəулік ішінде адам 25 кг, немесе 10-11 мың литр ауаны өкпесі арқылы

өткізеді. Ауа жануарлар  мен өсімдіктер үшін де қажет.

Ластанған ауа адам организміне, денсаулығына кері əсерін тигізеді, бас

айналдыратын заттар улаңдырады.

Таза ауа өнеркəсіп  үшін де, əсіресе вакциналар, антибиотиктер  шығаруға,

жартылай өткізгіштер  мен дəл аспаптар жасауға қажет.

Мұндай ауа құрамы атмосфераның төменгі қабатында. Ал 1000 км-ден

жоғары жағында тек  қана гелийден (Не), ал 2000 км-ден жоғары тек

сутегінен (Н) тұрады.

Ең төменгі Жер бетіндегі  қабат тропосфера деп аталады. Ол атмосфералық

ауаның 84 пайызын құрайды, барлық метеорологиялық процесс: бұлттардың

пайда болуы жəне тұманның, жел мен дауылдың болуы, қар мен  жауынның

жаууы осы қабатта.

Тропосферадан жоғары шамамен 55 км əрі қарай стратосфера басталады.

Оңда 25-30 км қалыңдықта озон қабаты бар.

Озонның Жер бетіңдегі  тіршілік үшін маңызы зор. Ол организмді Күннің

ультракүлгін сəулесінен қорғайды. Мұндай сəулені өз бойына жұтып, озон

қабаты атмосфераның жоғарғы қабатына температураның таралуына  жəне

Жер климатына əсерін тигізеді.

Озон атмосфераның құрамындағы  ең аз газдың бірі. Егер барлық озонды

жер бетіне жинап, сығымдаса, ол тек 3 мм қалыңдықта ғана болар еді. Бұл

жұқа қабатта ғана болатын, Жер бетіндегі организм үшін аса қажет озонды

сақтау керектігін көрсетеді.

Озонның екінші бір ерекшелігі — ол тұрақты емес. Ол тез бұзылып  кетеді.

Жер бетінде орта есеппен  алғанда əрбір секунд сайын 100 тонна  озон пайда

болып, жоғалып кетеді. Озон молекуласының орташа ғұмыры бір жыл. Ол

атмосфераның жоғарғы  қабатында басқа газдардың қатысуымен оттегінен,

азоттың қос тотығынан  Күннің ультра күлгін радиациясының  тікелей

ықпалымен пайда болады.

Халық шаруашылығында бояу мен лакты ерітуге қолданылатын еріткіштер,

əр түрлі аэрозольдар  онша зиянды болмағанымен атмосферада 30 км

биіктікте ультра күлгін сəуленің əсерінен бұзылады да, хлор, фтор бөліп

шығарып, озон қабатын  бүлдіруге белсенді араласады.

Сол сияқты озон қабатын  бүлдірудегі жоғарылап ұшатын авиацияның,

атмосферадағы атом жарылыстарының, зымырандар мен ғарыш

аппараттарын ұшырудың əсері мол. Кейінгі кездері озон қабатының бүлінуі

жиілеп кеткен соң 1985 жылы 37 ел жəне Европалық Экономикалық

Қауымдастық озон қабатын  қорғау туралы Халықаралық Вена

конвенциясына қол қойды.

 

Атмосфералық  ауаны ластаушы көздер

Атмосфералық ауаның тазалығы адамның жəне басқа да тірі

организмдердің қалыпты  өмір сүруінің маңызды шарты болып  табылады.

 

Мəселен, желтоқсан жəне ақпан айларында соққан өкпек жел Сахараның

құмын мыңдаған шақырым  жерге апарып тастайды. 1883 ж. Кракату

жанартауы атылғанда  оның ұсақ түйіршіктері ауа құрамында  бірнеше жыл

сақталып, Англия жағалауына дейін барған.

1985 жылы Ашхабад қаласында  таңғы сағат 10.00-де аспанды  қызғылт

бұлт басып, караңғылық орнады. үйлерде шам жағуға тура келді. Сөйтсе,

қала аспанында 170 мың  тонна шаңды бұрқыратып өте қатты  дауыл өткен.

 

Ауыл шаруашылығында кейінгі 30-40 жыл бойы өсімдіктерді қорғау

жəне минеральдық тыңайтқыш  үшін пестицидтерді жиі қолданып жүр. Олар

ұшақпен шашқанда ұнтағы желмен ұшып, ауа мен суды, топырақты

ластандырады. Сондықтан  да мұндай препараттарды есеппен, дұрыс  қолдану

қажет.

 

 

Негізінен алғанда атмосфераны  ластандырушы заттар жер бетіндегі  үш

шақырымға дейінгі қабатта  ғана болады. Ол жүздеген шақырымға дейінгі

қашықтыққа тарайды. Ірі  түйіршіктер желсіз күндері шоғырланып қалады да,

бірте-бірте жер бетіне шөгеді. Мəселен, жыл сайын Париж бен Чикагоға —

260, Нью-Йоркке -300, Лондонға - 390, Алматыға — 125 тонна шаң  шөгеді.

 

Бүкілəлемдік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) дерегіне қарағанда дамыған

елдердің халқының 20 пайызға  жуығы атмосфералық ауаның ластануына

байланысты əр түрлі  аллергиялық ауруға ұшыраған. Ауада  шаңның көп

болуы өкпе ауруларын  тудырады.

Қоршаған ортаға көміртегі  тотығының (СО2) да зияны мол. Оны иіс газы

деп те айтады. Ол адам мен  жануарлар қанының құрамындағы

гемоглобинмен қосылады да оттегін (О2) қабылдауға бөгет жасайды.

Организмге шамалы салмақ (ауырлық) түссе адам жүрек талмасына  ұшырауы

мүмкін.

Белгілі бір ортада сол жерге тән емес, жаңа физикалық, химиялық және биологиялық заттардың болуын немесе бұл заттардың табиғи орташа көпжылдық деңгейден жоғары болуын ластану деп атаймыз. Атмосфераның ластануы табиғи (жанартаулар атқылауы, орман өрттері, шаңды құйындар, үгілу) және антропогенді (өнеркәсіптер, жылу энергетикасы, ауыл шаруашылығы) жағдайда жүруі мүмкін.

 Атмосфераның  табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (Жер шарында бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы белсенді), тау жыныстарының үгітілуіне, шаңды дауылдардын тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде) теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерітінді тамшыларының құрғауына, өлген организмдердің іріп-шіруі процестеріне байланысты. Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни, әртүрлі ауру қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары, сонымен қатар космос шаң-тозаңдары жатады. Космос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Секундына атмосфера арқылы үлкен жылдамдықпен (11-ден 64 км/сек дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер ауа қабатынан өтіп отырады да, 60-70 км биіктікте көбісі жанып үлгереді. Ғалымдардын айтуы бойынша тәулігіне жер бетіне 1018 кішігірім метеориттер түседі. Жыл сайын жерге 2-5 млн тонна космостық шаң түсіп отырады. Табиғи шаң да Жермен жанасқан атмосфераның құрамдық бөлігіне жатады. Ол ауада қалқып жүретін радиустары 10-16-10-5м шамасындағы бөлшектерден тұрады. Атмосфераның төменгі қабаттарын шаңмен ластайтын көздердің арасында шөлді дала мен басқа да сусыз даланы айрықша атап кетуге болады. Атмосферадағы шаң буды суға айналдырумен қатар, күн радиациясын тікелей сіңіреді және тірі организмдерді күн сәулесінен қорғайды. Заттардың биологиялық жолмен ыдырауы көп мөлшерде күкіртті сутектің, аммиактың, көмірсутектерінің, азот оксидтерінің, көміртегі оксиді мен диоксидінің және т.б. түзілуіне және олардың атмосфераға түсуіне апарады. Атмосфералық ластануға табиғаттың алапат құбылыстарының қосатын үлесі айтарлықтай. Мысалы, орта есеппен жанартаулардың атқылау нәтижесінде жылына атмосфераға 30 - 150 млн/т газ және 30 - 300 млн/т ұсақ дисперсті күл тасталып отырады. Тек Пинатубо (Филиппин) жанартауы атқылаған кезде (1997 ж.) атмосфералық ауаға 20 млн тонна күкірт диоксиді шығарылды. Жанартаулар атқылағанда атмосфераға бірқатар химиялық ластағыштар - сынап, мышьяк, қорғасын, селен түседі. Ірі орман өрттері салдарынан да атмосфера көп мөлшердегі шаңмен ластанады. Кейбір ғалымдардың айтуынша, қазіргі кездегідей ауа райының ыстық болуы шамамен 55 млн жылдай бұрын да болған. Солтүстік теңізде, қазіргі Норвегия аумағында геологиялық авария болып, жанартау лавалары үлкен мұнай қабаттарынын астына енген. Нәтижесінде атмосфераға 2 млн тоннаға жуық буланған мұнай өнімдері бөлінген. Сол кездегі осы жағдай неге алып келгені, қанша уақытқа созылғаны белгілі. Атмосфералық ауадағы сол шаңды күлдер 200 ООО жылға созылған еді. Қазіргі үрдіспен, алдағы 20 жыл ішінде атмосфераға тағы да осындай мөлшерде ластауыштар бөлінетін болады.

 Атмосфералық  ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энертетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы және т.б. жатады . Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлерге белуге болады: шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар. Атмосфераға таралатындар: газ, бу, ауа тозаңы, энертетикалық шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өпіц, жарық , ультракүлгін және лазерлі сәулелендірулер және т.б. Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика ресурстарының және өндірісте қолданылатын шикізаттың түріне, оларды өңдейтін технологияға байланысты болады. Атмосфераға бөлінетін 52 Гт әлемдік антропогендік шығарындының 90%-ын көмір қышқыл газы мен су буы құрайды (бұлар әдетте ластағыштар қатарына кіргізілмейді). Техногенді шығарындылардың құрамында бірнеше мыңдаған қосылыстар кездеседі. Бірақ олардың ішінде ең көп мөлшерде, яғни, тонналап атмосфераға шығарылатындыларға қатты бөлшектер (шаң, түтін, күйе), көміртегі оксиді, күкірт диоксиді, азот оксидтері, фосфор қосылыстары, күкіртті сутек, аммиак, хлор, фторлы сутек жатады.

 Ғалымдар, экологтар  ғана емес, жұмысы мұнай кен  орындарымен байланысты көптеген  адамдар - мұнай өндіру кезінде  бөлініп шығатын газдарды пайдаға асыру (утилизация) мәселелерін көтеріп жатыр. Үкімет теория жүзінде бұл бағыттың маңызды екенін көптен бері айтуда. Тіпті алғашқы жобалардың бірін бекітіп, мүмкіндігінше жақын арада іс жүзінде қолға алынатынын да айтты. Алауларда газдарды жағу арқылы Қазақстан бағалы энергетикалық ресурстардан қағылып отыр. Мұнан басқа бұл газ ластаушылардың бірі ретінде планета температурасының өзгеруіне әсер ететін қуатты көздердің бірі. Соңғы уақытқа дейін республикада атмосфералық ауаны ең қатты ластайтын көздерге, әсіресе, күлі көп шығатын көмірлерді пайдаланатын жылу энергетикалық кешендерді де жатқызып келді. Экономикалық дағдарыс кезінде қалада амалсыздан көптеген өнеркәсіп орындары тоқтап қалды. Алайда қала атмосферасындағы көміртегі оксиді мен азот оксидінің мөлшерінің артуы саны күннен-күнге көбейе түскен автокөліктер есебінен болды. Қазақстанның үлкен қалаларында көп тараған химиялық ластаушы - күкіртті газ (күкіртті ангидрид). Зерттеулер өкпе паталогиясы мен атмосфералық ауаның ластануының арасында тікелей байланыс бар екенін көрсетеді. Күкіртті ангидридтің мөлшерінің көбеюі бронхиалды астма мен созылмалы бронхит ауруының асқынуьша алып келеді.

 Индустриалды дамыған  елдерде атмосфераны ластайтын  негізгі көздер - автокөліктер, транспорттың басқа түрлері және өндіріс орындары. Зерттеу мәліметтері бойынша антропогендік әсерден атмосфераға жыл сайын 25,5 млрд. тонна көміртегі оксиді, 190 млн тонна күкірт оксиді, 65 млн тонна азот оксиді, 1,4 млн тонна хлорлы және фторлы көміртектер (фреондар), көмірсутектің, қорғасынның органикалық қосылыстары, сондай-ақ қатерлі ісік ауруын тудыратын канцерогенді заттар бөлінеді. Ең таза ауа мұхит бетінде. Ауылды жерлерде ауа құрамындағы шаңды қоспалар мұхит бетімен салыстырғанда 10 есе, кішігірім қалаларда 35 есе көп. Ал үлкен қалалар үстінен қара тұманды байқауға болады. Мұнда шаңды қоспалар мұхитпен салыстырғанда 200 еседен аса көп. Лас ауа ірі қалаларда 1,5-2 км биіктікке дейін созылады. Бұл лас тұман жазда күн сәулесінің 20%, ал қыстың күні онсыз да күн сәулесі аз болғандықтан жартысын Автокөліктерден бөлінетін заттар. Әрбір автокөлік жылына 4 тонна ауа жұтып, 800 кг көміртегі оксидін, 40 кг азот оксидін және 200 кг-дай әртүрлі көмірсутектерді атмосфераға бөледі. Автокөліктерден бөлінетін газдар - 200-дей заттардың Қоспалары. Мұнда отынның толық және жартылай жанған өнімдері - көмірсутектер болады. Транспорт моторы жай айналымда, жылдамдық алар кезде және кептелісте тұрғанда қоршаған ортаға көмірсутектер көп бөлінеді. Осындай жағдайда отын толық жанбайды да, лас ауа 10 есе көп бөлінеді. Қалыпты жағдайда қозғалтқыштан бөлінетін газдың құрамында С02 - 2,7% болса, жылдамдықты түсірген жағдайда - С02 3,9%-ға, ал жай қозғалған кезде - 6,9% дейін көбейеді. ЫЫ валентті, ЫВ валентті С02 ауаға қарағанда салмағы ауыр, жердің бетіне жақын жиналады. Сондықтан тротуарда, бесік- арбада отырған нәресте С02-ын анасынан көп жұтады. Адам организміне жағымсыз әсерлердің бірі - көліктерден бөлінетін газ құрамында көп кездесетін қорғасын және оның бейорганикалық түрдегі формалары. Ауадағы қорғасын мөлшері көбейген сайын оның мөлшері адам қанында да көбейе түседі. Нәтижесінде қанның оттегімен қанығуы нашарлап, ферменттердің белсенділігі төмендейді. Ал бұл өз кезегінде зат алмасу процесінің бұзылуына алып келеді. Сондай-ақ ЫЫ валентті СО-да қандағы гемоглобинмен қосылып басқа мүшелерге оттегінің жеткізілуін қиындатады. Транспорттан бөлінген газдардың құрамында одан басқа иісі күшті, тітіркендіргіш альдегидтер (акролен, формальдегид) болады. Мұнан басқа бөлінген лас газдардың құрамында отынның толық жанбауынан ыдырап бітпеген көмірсутектер болады. Негізінен этилен қатарына жататын гексан мен пентан. Отынның толық жанбауы себебінен көмірсутектердің бір бөлігі құрамында шайырлы заттары бар қара күйеге айналады. Егер автокөліктің моторы нашар жұмыс істейтін болса бөлінетін шайырлы заттар мен қара күйенің мөлшері де соғұрлым көп болады. Мұндай жағдайда машинаның артынан будақтап қара түтін шығады. Көлік түтіні құрамында бензинге қосылатын тетраэтил-қорғасынның жануынан бейорганикалық қорғасын да бөлінеді. 1 литр бензин құрамында 1 гр тетраэтилқорғасын болады. Бензиннің құрамына траэтилқорғасынды антидетонатор ретінде қосады. Тетраэтилқорғасынның жануы кезінде бөлінген қорғасын қосылыстары бүкіл планета атмосферасына таралады. Соңғы 100 жыл ішінде Гренландия мұздықтарында қорғасынның мөлшері 5 есе, ал судағы еріген қосылыстарының мөлшері соңғы 20 жылда мұхитта 10 есеге көбейген. Атмосфераға бөлінетін қорғасыннын 86% автокөліктерден бөлінеді. Аэропорттарда ұшақтардың қонған және ұшқан кездерінде де ластаушы газдар мейлінше көп бөлінеді. Мысалы, «Боинг» ұшағының ұшуы кезінде бөлінген зиянды заттардың мөлшері бір мезетте оталған 6850 «Фольксваген» автокөлігінен шыққан зиянды заттар мөлшеріне тең. Алматы қаласында атмосфераны ластаудың 20% жеке секторлар мен жылу энергетикалық жүйелердің еншісіне тисе, 80% - автокөліктердің еншісінде. Қоршаған ортаға жанусыз қалған көмірсутектері мен олардың толық жанбауынан шыққан өнімдердің мөлшері бензинмен жүретін автокөліктерде дизельді автокөліктерге қарағанда анағұрлым көп. Автокөліктердің қоршаған ортаға жағымсыз әсерін төмендету - тұрақты қоғам құрудың маңызды шарты. Сондықтан қазіргі танда жанармайды аз жұмсайтын автокөліктер үлгілері жасалып, бензинді сұйылтылған газға алмастыру, бензиннің орнына мал азықтық (қызылша, жүгері) өсімдік майларын пайдалану қолға алынуда.

Өнеркәсіптік ластану

Қара металлургия. Шойын  балқыту, оны құрышқа қайта өңдеу  кезінде де атмосфераға лас түтін  көп бөлінеді. 1 тонна шойынды  балқыту кезінде 4,5 кг шаң, 2,7 кг күкіртті газ, 0,5-0,1 кг марганец бөлінеді. Онымен қоса қоршаған ортаға біраз мөлшерде мышьяк, фосфор, сурьма, қорғасын қосылыстары, сынап парлары, шайырлы заттар бөлінеді. Түсті металлургияда атмосфераны шаңмен, газбен ластау көзі болып табылады. Түсті металлургиядан атмосфералық ауаға шаңды заттар, мышьяк, қорғасын және т.б. заттар бөлінеді. Электролиз арқылы алюминий алу кезінде де электролиздік ванналардан көптеген шаңды және газды фтор қосындылары бөлінеді. 1 тонна алюминий алу үшін электролиздердің түрі мен қуатына байланысты 33-47 кг фтор жұмсалып, оның 65% қоршаған ортаға тарайды.

 Қазақстан территориясында  түсті металлургия үш аймақта  - Орталық, Шығыс және Оңтүстік  Қазақстанда орналасқан. Оңтүстік Қазақстанда кен орындары Жоңғар Алатауы мен Қаратауда кездеседі. Түсті металлургияның өнеркәсіп орындарында Менделеев таблицасындағы элементтерінің 74 түрі өндіріледі. Түсті металдарды өндіру үлкен мөлшердегі энергияны қажет етеді. Сондықтан Мұндай өндіріс орындары электр энергиясының көзіне жақын салынады. Көмір өнеркәсібінде ластаушы көзі болып терриконниктер - жыныстарда өздігінен жануынан ұзақ уақыт бойы көмір мен пириттің жануы жүреді. Нәтижесінде күкіртті газ, көміртегі оксиді, шайырлы заттардың қосылыстары бөлінеді. Мұнай өндіру, өңдеу, Мұнай химия өнеркәсібі атмосфералық ауаға көмірсутектер, күкіртті сутектер және басқа да иісі жағымсыз заттар бөледі. Синтетикалық каучук заводтарынан ауаға - стирол, дивинил, толуол, ацетон, изопрен және т.б. бөлінеді. 90-шы жылдардың соңында жасаған зерттеулер бойынша Қазақстанның Каспий өңіріндегі тек Мұнай өндіретін орындарынан жылыша атмосфераға 184 ООО тонна әртүрлі зиянды заттар бөлінеді. Ал қазіргі кезде Мұнай өндіретін кен орындарының саны да, өндіретін Мұнайдың мөлшері де ол кездегіден көбейе түсті. АҚШ-та қоршаған ортаны ластағаны үшін заңды тұлғалар мыңдаған доллар айып пұл төлейтін болса, біздің еліміздегі төленетін айып пұл мөлшері одан жүздеген есе аз. Сондықтан-да инвесторлар сүзгілерді орнату, ауыстуру және қоршаған ортаға бөлінетін ластануды азайтудың орнына, оған қарағанда айып пұл төлеуді жөн санайды. Құрылыс материалдары өнеркәсібінде цемент және құрылыс материалдарын өндіру кезінде де қоршаған ортаға зиянды шаңдар бөлінеді. Мұндай шаңдар негізгі технологиялық процестер - жартылай дайын өнімдерді, шикізаттарды майдалау, температуралық өндеу кезінде бөлінеді.

 Химия өнеркәсібі (пластмасса, майлайтын материалдар,  тұрмыстық химия заттары және  т.б.). Бұл өнеркәсіп саласынан бөлінетін зиянды заттар адам организмі үшін қауіптілердің бірі. Химиялық өнеркәсіптерден қоршаған ортаға ЫВ валентті көміртегі оксиді, ЫВ валентті азот оксиді, күкіртті ангидрид, аммиак, күкіртті сутек, хлорлы, фторлы қосылыстар және т.б. бөлінеді. Ірі күкірт қышқылды цехтар Жезқазған мен Балқаш мыс балқыту комбинаттарында, Өскеменнің қорғасын-мырыш комбинатында, Ақтөбе және Жамбыл суперфосфат заводтарында салынған.

Информация о работе Атмосфера. Атмосфераның ластаушы көздері және одан қорғану жолдары