Атмосфера, гидросфера, литосфера- биосфера элементері. Ластану көздері және халық денсаулығына әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2013 в 20:59, творческая работа

Описание работы

Фондық ластану – елді мекендерден, қалалардан және өнеркәсіптік объектілерден алыс жерлердегі әртүрлі қоспалардың (газдар, шаңдар, химиялық заттар) елді мекендерге арналған ШРЕК-дан әлде қайда аз (2-3 есе және одан жоғары) атмосфералық ауа сапасының күйі. Бұл ластанулар табиғи үрдістердің нәтижесінде пайда болады.Атмосфералық ауаның ластанулары мг/м3 немесе мкг/м3 есебімен бейнеледі

Содержание работы

Атмосфералық ауа түсінігі (фондық және антропогендік ластану).
Атмосфераны ластаушы көздер.
Атмосфералық ауа ластануының халық денсаулығына әсері.
Жер үсті және жер асты суларын ластаушы көздер.
Ағынды сулар түсінігі және түрлері.
Су ластануының халық денсаулығына әсері.
Жердің ішкі құрылымы.
Топырақта кездесетін ауыр металдардың халық денсаулығына әсері.

Файлы: 1 файл

3 лек Атм,гид,лито.ppt

— 554.00 Кб (Скачать файл)

 

 

  • Топырақ - сыртқы орта жағдайлары: жылу, су,ауа, өсімдіктер мен жануарлар және микрооргагизімдердің біріккен әсерінен қалыптасқан  жер қыртысының беткей горизонты.

 

  • Топырақтың құнарлығы- оның өсімдіктерді оларға қажетті қоректік элементтермен, сумен және ауамен қамтамасыз ету қабілеті.

 

  • Топырақ – барлық элементтердің аккумляторы, материалдық игіліктердің көзі және биосфераның басқа элементтерімен үздіксіз алмасып отырады.

Жердің ішкі құрылымы

 

  • Жер қыртысы орташа есеппен 35 км терендікке дейін орналасқан (5-15 км мұхит, 35-70 км континент астындағы терендігі)
  • Мантия жер қыртысы мен ядроның аралығында 2900 км терендікке дейін орналасқан
  • Ядро мантиядан төмен 2900 ден 6371 км терендікте орналасқан (оның негізі темір мен никелден тұрады)

 

 

Топырақтың бөлімдері: минералды, органикалық және гумус қабаты

 

Топырақ түзуші факторлар: климат, организмдер, топырақ түзетін жыныстар, жер бедері, адамның шаруашылық іс-әрекеті.

 

Гумус(шірінді) – анатомиялық құрылымын жоғалтқан топырақтың органикалық заттың негізгі бөлігі.

Топырақтың ластануынан  тарайтын аурулар

 

  • Сіреспе
  • Ботулизм
  • Газды гангрена
  • Түйнеме (сібір жарасы)
  • Ішек таяқшаларымен шақырлатын аурулар пайда болады

 

 

Топырақта кездесетін  ауыр металдардың адам денсаулығына  әсері

 

 

 

Сынап-жүйке жүйесіне, ас қорыту органдарының, бүйректің қызметіне әсер етеді, хромосомдарда өзгерістер туғызады.

Мышьяк-терінің рак ауруларын, интоксикация туғызады, жүйке жүйесіне әсер етеді.

Қорғасын-сүйек тканьдерін бұзады, қанда протеиннің синтезделуін нашарлатады, жүйке жүйесі мен бүйректің қызметіне әсер етеді

Мыс-тканьдерде органикалық өзгерістер туғызады, сүйек тканьдерін бұзады, гепатит пайда болады.

Кадмий- бауырдың циррозын туғызады, бүйректің қызметін бұзады,протеинурия пайда болады.  

Бақылау сұрақтары(кері байланыс)

 

  • Қазіргі ірі қалалардың атмосфералық ауасын  ластаушы негізгі көздері нелер?
  • Атмосфералық ауа ластануын қалай бақылайды?
  • Су нысандарының ластану көздерін білесіздер ма?
  • Су нысандарына мониторинг қалай жүргізіледі?
  • Топырақты ластайтын қандай факторларды білесіз?
  • Топырақты ластаушы заттардың қандай жылжу жолдары және айналымы бар?

Информация о работе Атмосфера, гидросфера, литосфера- биосфера элементері. Ластану көздері және халық денсаулығына әсері