Атмосфера---биосфера элементі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2014 в 16:58, реферат

Описание работы

Атмосфера-жердің газ тәрізді қабығы..
Ауа бассейні-жердің белгілі бір бөлігі үстіндегі атмосфераның бөлігі.Ауааның ластануына байланысты елді мекендердің ауа бассейіні туралы әңгіме қозғалады.
Атмосфералық ауаның ластануы екі үлкен топқа бөлінеді.Фондық және антропагендік.

Файлы: 1 файл

Атмосфера-каз..doc

— 54.50 Кб (Скачать файл)

Атмосфера---биосфера  элементі

 

 

1.Атмосфералық ауа ластануының қоршаған орта факторы ретіндегі гигиеналық маңызы,оның халық денсаулығына әсері.

Атмосфера-жердің газ тәрізді қабығы..

Ауа бассейні-жердің белгілі бір бөлігі үстіндегі атмосфераның бөлігі.Ауааның ластануына байланысты елді мекендердің ауа бассейіні туралы әңгіме қозғалады.

Атмосфералық ауаның ластануы екі үлкен топқа бөлінеді.Фондық және антропагендік.

Фондық ластану-елді мекендерден,қалалардан және өнеркәсіптік объектілірден алыс жерлердегі әртүрлі қосалардың (газдар,шаңдар,химиялық заттар)шоғырлануы елді мекендерге арналған  ШРЕК тен әлдеқайда аз (2-3 есе және одан жоғары)атмосфералық ауа сапасының күйі.

Бұл ластанулар негізінен табиғи үрдістердің нәтижесінде пайда болады (теңіздерден,мұхиттардан,көлдерден шығатын булардан,жанартаулар атылуынан,табиғатта болып тұратын циклондар мен антициклондардан,биохимиялық шет аймақтардан,табиғи радияциялық фоннан).

Мәселен,жер қыртысынан сынаптыңбуланып ұшу жыл сайын 2500-ден 125000 тоннаға дейінжетеді,ал әлемдік мұхитта осы элемент 70 млн. тоннаны құрайды .

Кадмидің табиғи шоғырлануы жанартаулардың атқылауынан болады.

Атмосфералық ауаның ластанулары мг/м3 көлемінде шоғырлануы есебімен белгіленеді.

Неғұрлым таза аудандардағы атмосфераның фондық сапасын экологиялық гигиеналық тұрғыда білу антроагендік әсерлердіанықтау мақсатында ірі қалалар мен өнеркәсіп орталықтарындағы ауаның сапасымен салыстыру үшін қажет.Әдетте фондық ластанулар деңгейін тұрақты түрде байқаулардың үздіксіз жұмыс істейтін Мемлекеттік Гидрометеорология станциялары жүзеге асырады.Мәселен.қоршаған ортаның сапасына фондық байқаулар Қазақстандағы Бурабай станциясында.орта азияның,Тянь Шанның биік таулы мұздықтарында жүргізіледі.

Алайда,ірі өнеркәсіптік аймақтардағы ауаға шығарылған ластанышы заттардың аса қашықтарға таралуы,сөйтіп олардың фондық ластануларға әсер етуі мүмкін.Мысалы,Солтүстік жартышарлық қоршаған ортада қорғасын мөлшері Оңтүстік жартышардағыдан көп.

Антарктикада мұздарында көне кезеңмен салыстырғанда қорғасын мөлшері 6 есе,Гренландия мұздығында 200 есе өсті.Қазақстандағы фондық ластанулар жерлерді бей берекет игеруден және Арал теңізі суының азайып,құрғай бастауынан пайда болды.Осының барлығы,өнеркәсібі  жоқ және адам  мекендемейтін аудандарға да  атмосфералық ластанулардың таралуы мүмкін екендігін көрсетеді.

Сонымен,адам қызметінің салдарынан болған фондық ластанулар тұрақты түрде қалыптаспауы мүмкін,бірақ ол қалалар мен өндірістік аудандарға да қарағанда біршама аз.

Медициналық экология немесе адам экологиясы тұрғысынан келсек ,атмосфералық ауаның антропагендік

 Ластануының мәні біршама  зор.

Атмосфералық бассейнді антропагендік ластаулар-адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде өнеркәсітік,энергетикалық,трансорттық және шаруашылық көздерінен зиянды шығарындылардан болған,атмосфера сапасының өзгеруі.

Елді мекендердің ауа бассейінің антропагендік ластануларының тигізетін әсерлері атмосфералық ауа сапасының нашарлауы арқылы білінеді,ал ол қоршаған ортаның  басқа объектілерінің  сапасы нашарлауына ықал жасауы және тұрғындар денсаулығының күйіне кері әсер етуі ықтимал.

Атмосфералық ауа ластанулары не нәрсеге және қалай әсер етеді?

Оларды мынадай үлгіде топтауға болады.

1.Ең алдымен,атмосфералық  ауаның өнеркәсітік ластанулары  тұрғындар өмірінің санитарлық тұрмыстық жағдайларын нашарлатады:терезе шыныларының шаңдануы пәтердің табиғи жарықтануын нашарлатады;ауа ластануы мен шаңдануы терезелерді,форточкаларды ашуға мүмкіндік бермейді,өйткені үй ішінің қабырғалары,киімдер,жуылған кірлер ластанады.

2.Қалалардың  микроклиматына және жарықтың режиміне әсері:тұмандар мен фотохимиялық смогтар пайда болуының салдарынан күннің радияциясы 30%;ультракүлгіндік радияция  66% дейін азаяды.

3.Табиғи және қолдан  өсірілетін өсімдіктерге әсер етеді.Газдар фотосинтез үрдістерін әлсірітумен тірі протолазмаға уландырғыш әсерін тигізеді.Атмосфералық жауын шашынмен бірге олар топыраққа шөгіп,сол химиялық заттар өсімдіктердің тамырлық жүйесіне сіңеді де,уландырғыш әсер етеді.

4.Ең соңында,атмосфералық ластанулар халық денсаулығына кері әсер етеді,ол кейбір аурулардың көбеюінде немесе өсуінде,созылмалы аурулар өту барысының өзгеруінде,мүгедектікке ерте шығу және өлім жетім деңгейінің жоғарылауында,дене,еңбек қабілетінің нашарлауында көрінеді.

2.Елді мекендердің атмосфералық  ауасын ластайтын көздер. 

Өзіне тән емес физикалық,химиялық және биологиялық агенттердің әлдебір ортаға енгізілу немесе осы ортада осы агенттердің табиғи орташа көпжылдық деңгейінен асуы ластану деп аталады.Қоғамның қазыргі таңдағы даму жағлайларында атмосфералық ауа ластануының негізгі көздірі мыналар болып табылады:

2.1.Өнеркәсіптік мекемелер

2.2.Жылу беруші қондырғылар

2.3.Көлік

2.4.Ауылдық аудандардың ауа бассейнің ластау көздері.

2.5.Табиғи ластану көздері

2.6.Радиактивтік ластану

 

2.1 Өнеркәсіп орындары (қара  және түсті металлургия,мұнайхимиялық  өнеркәсіп,құрылыс индустриясы.)

2.1.1.Қара және түсті  металлургия.Өнеркәсіптік лас заттардың  құрамы әртүрлі болады.Ол өндіріс  саласының сиатына байланысты.Қара  және түсті металлургия саласында  тиісті металдардың (темір,марганец,мыс,қорғасын,хром,ванадий,никель,берилий)аэрозольдары  мен олардың тотықтары ғана болып қоймайды,сонымен бірге фенол,күкіртті сутегі,аммиак,бензол,фторлы қосындылар секілді газ тәрізді заттар және де көптеген зиянды заттар,соның ішінде мырыш,канцерогендік  қосылыстары—бенз(а)пирен бар.

Қазақстанның қара металлургиясын әңгіме өзегі еткенде,Қарағандының металлургиялық комбинатын және Соколов Сарыбай кен байыту комбинатын,түсті металлургияны сөз еткенде-аса ірі Жезқазған  және Балхаш мыс қорыту зауыттарын,Шымкенттік және Лениногорлық қорғасын зауыттарын,Зырьянов қорғасын комбинатын ,Өскемендік қорғасын мырыш комбинатын,Өскемендік титан магний комбинатын алдымен ауызға аламыз.

Ластану көздерінен 4-5км қашықтықтағы атмосфералық ауада ШРЕКтен асып түсетін түсті металлургия өнеркәсібінен ұшатын зиянды заттар (мышьяк, қорғасын,мырыш,кадмий,шаң,күкіртті газ) бар екендігі байқалады.

2.1.2.Мұнайхимиялық зауыттардан  ауаға ұшатын көмірсутектер,күкірт  қос тотығы,азот қос тотығы,күкіртсутегі  кездеседі.Олардың шоғырлануы сол  ластану көзінен 11-12км қашықтықта да ШРЕКтен артады.

2.1.3.Республикада химия  өнеркәсібі Жамбыл Қаратау аймағындағы  фосфориттік кен орнын игеруге  байланысты қарқынды дами бастады.Олар  атмосфералық ауаны фосфор, фосфор  тотығы,фосфорлық сутегі,фторлық  сутегі,азот тотығы қоспаларымен,шаңмен ластайды.Бұлардың қатарында Шымкент,Жамбыл фосфор зауыттары,қаратау фосфорлық жартылай шикізат зауыты сияқты алып өнеркәсіп орындары бар.

2.1.4.Құрылыс индустриясының  кәсіорындары-цемент зауыттары,асфальтбетон және үй құрылысы комбинаттары атмосфераны әртүрлі шаңдармен ластайтын бірден бір ластау көздері.

 

 

           2.2.Жылу беруші қондырғылар

         (от  жағып жылытушы жәнеөндірістік

қазандықтар мен пештер,жылу электр станциялары)

 

 Атмосфералық ластану  көздері ретінде жылу энергетикалық  объектілері қазір жетекші орын алады.Ұшатын лас заттардың сапалық құрамы отын түріне және оны жағу жағдайларына байланысты болады.

  Отын түгелдей жанып  бітпесе,көміртегі тотығы (иіс тигізіп  уландыратын газ)пайда болады.Толық  жану газ тәрізді отындарда  жоғары,сұйық отында азырақ және қатты отында ең төменгі деңгейде жүреді.Сондықтан,ауа бассейнін санитарлық қорғау тұрғысынан алғанда ,газ тәрізді отын басқаларынан әлдеқайда тиімді.Шығарылатын түтіндік газдарда қалқыған  заттар мөлшері отынның күрделілігіне тура тәуелділікте.

   Пайдаланылатын отын  күкірттілігімен де сипатталады.Қатты  отын сұйық отынға қарығанда  шамалы күкірттілігі арқылы (1,5-1,7%)шамасында  ерекшеленеді.

   Сонымен,қатты отында (көмір)жұмыс істейтін жылыту  энергетикалық нысандардың атмосфералық ауаға шығаратын басты зиянды заттары көміртек тотықтары ,күкіртті газ,шаң(көмірдің жанбаған бөлшектер),күл,аэрозольдар,түтін,ыс,конденсация аэрозольдары.Сұйық отын қолданғанда осы нысандар елді мекендердің ауа бассейнін негізінде күкіртті газбен және азот тотықтарымен және көп мөлшерде мазут жағылғандашаңмен,түтінмен ластайды.

   Газ тәрізді отынды  қолдану атмосфералық ауаны азот  тотықтарымен ластауға әкеліп  соғады.

   Қазіргі уақытта  тән отынды барлық жерлерде  көп мөлшерде жағу ауа бассейнінде  толық жанатын өнімдердің бірі болып саналатын көміртегі қос тотығының мол таралуына жол ашуда.

    2.3. Көлік(автокөлік,авияция,темержол,суқатынасы)

     2.3.1.Қазақстан Ресубликасында көліктің басым түрі автомобиль болғандықтан аумақтың атмосфералық ауасы автомобиль транспотынан шығатын заттармен көбірек ластануда.Автомобиль двигательдерінің жиынтық қуаты ,барлық электростанциялар қуатына бірнеше есе асады,сондықтан да елді мекендердегі қоршаған ортаны осы көліктен шығатын зиянды заттар барлық ластаушы көздердің 30-70% дейін құрайды.

  Автомобиль көлігі  газдармен бірге ауаға 200 әртүрлі  химиялық қосылыстарды шығарады.Бұл  құрамға көміртегі тотықтары ,азот  тотығы,қорғасын қосылыстары,ыс,альдегидтер,канцерогендер  кіреді.

Автомобиль двигателінде 1кг бензин жанғанда 15ауа ,соның ішінде 3.5 кг оттегі жұмсалады. 1 тонна отын жанғанда атмосфераға 200ден  800 кг дейін көміртегі тотығы (СО)шығарылады.

   Автомобиль көлігі  елді мекендердің  ауа бассейінің ластау көзі ретінде көптеген экономикалық дамыған елдерде қазір қазір бірінші орын алады,бұл жағынан өнеркәсі пен жылыту энергетикалық шаруашылығы артта қалған.Бұл жағдай автомобиль көлігінің қарқынды дамуының салдарынан болып отыр.

   Автомобильдер саны  әлемнің барлық елдерінде,соның  ішінде Қазақстан Респубдикасында  да жедел түрде артып келеді.Сондықтан,елді мекендердің атмосфералық ауасын санитарлық қорғау мәселесін шешу үшін көп жағдайларда,бірінші кезекте,автокөлік шығаратын газдардың ауа ортасын ластау деңгейінтөмендетуге байланысты міндеттерді дұрыс шеше білу керек.

   2.3.2 Авияция аэропорт маңындағы жерге жақын атмосфера қабатын  және стратосфераны азот тотығымен ластайды.Ондағы газдар жауын шашын арқылы жерге түспейді,оның үстіне 1-3 жыл бойы сақталады.Ұшақтар жиі ұшатын аудандарда азот тотықтарының бұзуы нәтижесінде озон мөлшері 2002 жылы 10-15% азаюы мүмкін дегенболжам айтылған еді.

  2.3.3. Темірдол көлігі  елді мекендердің ауа бассейнін  ластау көзі ретінде бұрынғы  уақытпен салыстырғанда қазір  маңызын азайта бастады.Өйткені  темір жолдардың көпшілігі электрлендірілген,көптеген тасымалдаулардыэлектровоздар атқарады.Алайда,теміржолда әлі сұйық отынмен жұмыс істейтін дизельдік машиналарда бар.Олар теміржол пунктерінің,вокзалдардың,станциялардың маңайындағы елді мекендердің ауасын күкіртті газбен,азот тотығымен,ыспен ластайды.

    2.3.4. Қазіргі су  көлігін пайдалану кеме жүретін  өзендер және басқа ішкі су  қоймаларының жағаларына орналасқан  елді мекендерде,портты қалаларда  отын толық жанбаған өнімдерімен  ауабассейнін ластаудың қосымша  себептерінің бірі болып отыр.Шағын  өзендік моторлы флотты шамадан тыс қолдануға (катерлер,моторлы қайықтар) байланысты су кеңістіктеріне жағалай орналасқан елді мекендердің ауа бассейнін ластау арта түсуде.

         Елді  мекендердің ауа бассейнін басқа  да ластау көздері болу мүмкін.Қазіргі  уақытта ауа  бассейнін ластау көздерінің барлығынан ең негізгісі өнеркәсіптік мекемелер,жылулық энергетикалық объектілер  және автомобиль транспорты.Жалпы сол не басқа елді мекендердің ауа  бассейні ластануының сандық балансында,олардың қайсысы басым түсуі өнеркәсітік өндірістің деңгейіне,жылу энергетикалық объектілірдің қуаттылығына,автомобиль көлігінің дамығандығына тәуелді.

   2.4.Ауылдық аудандардағы ауаны ластау көздері.

Мал шаруашылық және құс шаруашылық фермалары,энегетикалық және қуатты жылу беретін мекемелер,пестицидтер ауылдық аудандардағы ауаның негізгі ласьаушылары  болып отыр.Мал және құс ұстайтын үй жайлардың аммиак,күкірт сутегі жәнебасқа заттар атмосфераға шығып,едәір қашықтарға таралуы мүмкін.Атмосфералық ауаның ластану көздеріне тұқымдық дақылдарды улайтын қоймалар және осы тұқымдар себілген алқаптар жатады.

 

                               

 

 

 Қорытынды

               Адамзаттың  ғана емес,бүткіл тірі организмдердің тыныс алуларына қажет—ауа.Бір қызығы,осы ауаның ластануына себепші—ауаға мұқтаждығы көп—адамдар.

Ал, атмосфераны ластанудан қорғайтын,оттегімен байытатын  талдар.Сондықтан біздер кейбір адамдардың қателерін түзету үшін  талдарды қорғауымыз керек.Қазақта мақал бар емес пе:бір талкессең,он тал ек деген.Қазіргі заманда,яғни ХХІ ғасырда өндірістердің көбейген дәуірінде,атмосфераның жағдайы мәз емес.Дегенмен қазіргі кезде аатмосфераны қорғау жөнінде заңдар қабылданған.Егер адамдар осы заңдарды  орындап,керісінше атмосфераның тазаруына жол бермеуге әрекет жасаса,әлі талай жылдар атмосфера адамзатты оттегімен қамтамасыз ететініне күмәнсізбін.

Информация о работе Атмосфера---биосфера элементі