Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2012 в 02:37, реферат
Мемлекеттің не болмаса жеке бір қаланың тез ауқымды дамуы оның халқына, экономикасына жақсы жақтарын тигізетін болса, ал экологиялық тұрғысынан максимум кері әсерін тигізеді ,тигізіп қана қоймай келешек ұрпаққа зардап әкеледі. Қарқынды дамуға экономикалық, экологиялық, социологиялық негізгі аспектілері болады. Ал қарқынды дамудың индикаторы жұмыссыздықтың деңгейі, халықтың миграциясы, демографиясы, ауыл шаруашылығының дамуы, халқының денсаулығы, экологиясы.
КІРІСПЕ............................................................................................ 3
I Негізгі бөлім.................................................................................... 5
1.1 Атырау облысының жалпы характеристикасы мен орналасуы.......... 5
1.2 Тұрақты дамудың стратегиясы.......................................................... 6
1.3 Қазақстанда тұрақты экологиялық дамудың бағдарламасы................ 7
Қорытынды....................................................................................... 12
Пайдаланылған әдебиеттер................................................................ 13
МАЗМҰНЫ |
||
КІРІСПЕ....................... |
3 | |
I Негізгі бөлім......................... |
5 | |
1.1 |
Атырау облысының жалпы характеристикасы мен орналасуы.......... |
5 |
1.2 |
Тұрақты дамудың
стратегиясы................... |
6 |
1.3 |
Қазақстанда тұрақты
экологиялық дамудың |
7 |
Қорытынды..................... |
12 | |
Пайдаланылған
әдебиеттер.................... |
13 |
КІРІСПЕ
Мемлекеттің не болмаса жеке бір қаланың тез ауқымды дамуы оның халқына, экономикасына жақсы жақтарын тигізетін болса, ал экологиялық тұрғысынан максимум кері әсерін тигізеді ,тигізіп қана қоймай келешек ұрпаққа зардап әкеледі. Қарқынды дамуға экономикалық, экологиялық, социологиялық негізгі аспектілері болады. Ал қарқынды дамудың индикаторы жұмыссыздықтың деңгейі, халықтың миграциясы, демографиясы, ауыл шаруашылығының дамуы, халқының денсаулығы, экологиясы.
Қазақсатан Республикасына
Тұрақты дамудың көптеген анықтамалары мен көрсеткiштерi қалыптасуда. Олар кең диапозонда: жай тепе-теңдіктен жүйелік және біртұтастық түсініктері арасында қолданылып келеді. «Тұрақты даму» түсінігі көпжақты кең көлемде қолданатын ұғымға айналып отыр. Тұрақты дамуды экономика тек қана оңды дамып отырған кезең деп біржақты қарамауы керек. Тұрақты даму ұғымы қолданылғанда ойланудың абстрактілі тәсілі қолданылады да, көптеген процестер мен көрсеткіштердің негізінде сондай тұжырым жасалынады. Ойланудың абстрактілі тәсілі қолданылу барысында зерттеушілір зерттеліп жатқан құбылыстарға тән емес, оның түпкілікті мәнін ашпайтын кездейсоқ белгілер мен қосалқы процестерден ойын алшақтатады. Сөйтіп зерттеуші құбылыстың немесе процестің ішкі дүниесіне еніп, олардың нағыз мәнін ашады.
Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты еліміздің халқына Жолдауында «Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу – өмірлік маңызды мәселе» деп айтылған болатын. Шын мәнісінде де, Жолдауда атап көрсетілгеніндей, экономикалық жетістіктерге қол жеткізу, республика тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту – өмірлік маңызды мәселе болумен қатар, басты қажеттілік екендігі де айдай ақиқат.
Бір құптарлығы, тәуелсіздігіне 20 жыл толған біздің кең-байтақ, қуатты Отанымызда бұл бағытта ілгерілеушілік айқын аңғарылуда. Оған нақты деректер де жеткілікті. Мәселен, Давоста өтетін Бүкіләлемдік экономикалық форумда әлем мемлекеттерінің бәсекеге қабілеттіліктерін жаһандық зерттеудің жыл сайынғы қорытындысы шығарылды. Давостың сарапшылары 144 ел бойынша деректерді талдады. Рейтингтің қорытындылары бойынша Қазақстан 51-ші орынды иеленді, бұл еліміздің өз жағдайын өткен жылмен салыстырғанда 21 позицияға жақсартқанын білдіреді. Қазақстанның мұндай жоғары көрсеткішке қол жеткізуі, менің ойымша, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа индустрияландыру саясатының және осы саясаттың ұтымды іске асырылуының нәтижесі деп білемін.
Қазіргі кезеңде республикамызда осы саясаттың аясында 440-тан астам жаңа кәсіпорындар іске қосылды. Соңғы жылдары Елбасының тікелей бастамасымен көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Олардың арасында «Жұмыспен қамту-2020», «Бизнестің жол картасы-2020», «Өнімділік-2020» және тағы да басқа бағдарламалар бар. Қазір біздің еліміз экономиканың нақты секторына және ауыл шаруашылығы секторына тікелей бет бұрды. Сонымен қатар Ұлт көшбасшысының әлеуметтік жаңғырту бастамасы әлеуметтік дамуымыздың нақты бағдарын да ашып берді. Сондай-ақ Елбасының «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасы халықтан үлкен қолдау тауып отыр.
Қазақстанда қазір еңбек етуге, қоғам дамуына өз үлесін қосуға жағдай толықтай бар, масылдықтан арылатын уақыт та жетті. Енді осы бағдарламалар нәтижесінде қазіргі кезеңде еліміз кешегі жаһандық дағдарыстан аман-есен шығып, тұрақты даму жолына толық қадам басуы көп нәрседен хабар берсе керек. Ақиқатына келгенде, бұл екі елдің бірінде болмаған жағдай. Мемлекет басшысының Назарбаев Университетінде жақында ғана студенттерге оқыған дәрісі тек жастарға ғана емес, орта буынға да пайдалы. Сапалы білім, саналы тәрбие және өнімді еңбектің берері мол екендігі айтпаса да түсінікті. Дана халқымыздың «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген ұлағатты сөзі жайдан-жай айтылмаса керек.
І. Негізгі бөлім
1.1 Атырау облысының жалпы характеристикасы мен орналасуы
Атырау
қаласы 1992 жылға дейін Гурьев
деп аталып келген. Атырау облысының
орталығы 1640 жылы Михайло Гурьевпен
тұрғызылды. 1708 жылдан бастап ол
осы кісі есімімен аталып
1990 жылдан
бастап қызыл балық саны күрт
төмендеп кетті. Ол
Қазақстан әлемдегі үлкен мұнай игеру мемлекеттерінің бірі болды. Қазіргі таңда облыста Каспий шельфин игеруде. Сараптаулар бойынша мұнай игеру 2010 жылы 55млн.тонна жылына болмақ. Ал 2030 жылы 74-75 млн.тонна.Ұлттық байлық жағынан Атырау облысы мемлекетте бірінші орында. Бірақ та ауыл өнімдері жағынан оллыс 14 облыстың ішінде 13 орында. Жұмыссыздық 13,5 пайыз ол дегеніміз Республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш. Бір айлық орташа жалақы 35,5 мың теңге.
Атырау облысы негізінен, кең байтақ Каспий маңы ойпатына орналасқан. Аумақ рельефі — Каспий теңізінің жағалауынан жоғарылап, түйе өркештенген жазықтыққа ұласады. Каспий маңы ойпатының елеулі бөлігін тізбекті және құмды төбелер (Нарын, Тайсойған, Қарақұм) алады. Облыстың солтүстік шығысының аз ғана бөлігін Орал маңындағы тарамдалған борлы шоқылар алады.
Облыс қойнауы мұнай мен газға, калий мен натрий тұздарына, борат және басқа да бай кен орындарына толы.
Климаты айрықша континенттік және құрғақ. Жазы құрғақ, ыстық, ұзаққа созылады; қысы суық, қар аз жауады.
Облыс аумағындағы ірі өзендер: Жайық (жалпы ұзыны 2428 км), Жем (712 км), Сағыз (511 км), Ойыл (800 км). Облыстағы ірі көл — Индер (110,5 ш.м.).
Жері шөлейтті, қоңыр топырақты, негізінен шөлге төзімді өсімдіктер өседі. Облыс аймағының жартысын ащы және сортаңды комплекстер, сондай-ақ құмдар алады.
1.2 Тұрақты дамудың стратегиясы
Энергетика мен экологияны әлемнің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің басты факторлары ретінде қарастыра келе, Президент Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет экологиялық ойлау мен мәдениетінің жаңа ғылыми парадигмасын құрайтын ғаламдық энергия-экологиялық стратегияны тұжырымдап берді.
Бұл жоба осы кезеңде тұрақты
дамудың стратегиясына айналды.
Тұрақты даму мәселесі
Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың 2007 жылғы 25 қыркүйегінде
БҰҰ Бас ассамблеясының 62-сессиясында
сөйлеген сөзінде осы идея көтерілді,
ол ғаламдық энергия-экологиялық
БҰҰ-ның мыңжылдықтар дамуы
2012 жылғы «Рио+20» БҰҰ тұрақты
дамуы бойынша Конференциясына
арналған Жаһандық энергия-
Экологиялық, экономикалық
1.3 Қазақстанда тұрақты экологиялық дамудың бағдарламасы
2000 ж. ҚР мемлекеті БҰҰ-ның дамыту бағдарламасымен бірге «2001-2004 жж. тұрақты даму үшін институционалдық күшейту» атты Қазақстандағы халықаралық жобалардың міндеттері бойынша күрделі және ұзақ мерзімді бағдарламаны қабылдады. Бағдарламаның негізгі мақсаты - тұрақты даму (ТД) институттары арқылы ведомствоаралық және сектораралық кедергілерді болдырмауды жетілдіру. Сонымен қатар, зияткерлік, ақпараттық және тұрақты даму бойынша әлеуетті әрекеттің сарапшылылығын арттыру болып табылады.
Бұл бағдарлама тұрақты даму институттарын дамытуға, басқару жүйесін жетілдіруге, экологиялық қызметгің зияткерлік әлеуетін және ұйымдастырушылығын дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Бағдарлама шеңберінде талдаулар өткізіліп, Қазақстанның күн тәртібіндегі XXI ғасырға тұрақты дамуын зерттеу сектораралық ынтымақтастықтың кедергілерін жеңуі жөнінде ұсыныстар дайындайды. Сонымен қатар, тұрақты дамудың Ұлттық Кеңесін құруға ықпал етеді. Бағдарламаны басқару комитеті жүзеге асырады, оған министрлік өкілдері мен ведомстволар, донорлар кіреді. Сектораралық басқару үлгісі болатындай оның отырысына Парламент мүшелері мен халықаралық ұйымдар шақырылады.
Ел бойынша оперативті мәлімет базасында ұлттық сарапшылар бағдарлама бойынша жұмыстардың түгелге жуығын атқарады. Алынған нәтижелер Қазақстан жағдайында шынайылығымен көрініп, қаржылай ұсталған шығынды қысқартады.
Тұрақты даму мақсатында қоршаған ортаны басқару жүйесін жетілдіру. Бағдарламадағы негізгі міндеттердің бірі: «Әкімшілік шеңберде қоршаған ортаны қорғау бойынша институттар талдауы мен экологиялық басқаруды жақсарту үшін ұсыныстар дайындау», реформаларды басқару бойынша жобалармен және мемлекеттік тиімді басқарумен және сектораралық нығайту мәселелерімен тығыз байланысты.
Тұрақты саяси даму бағдарламасына жәрдемдесу бойынша жүйелі түрде және түрлі жоспарда болады. Экологиялық жобалар (Ғаламдық Экологиялық Қор, СИЯП, Каспий экологиялық бағдарламасы), «ҚР-ның кедейлікті жеңу
Информация о работе Атырау қаласының тұрақты даму стратегиясы