Аудандық жобалар құру, оған ландшафттық тұрғыдан баға беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2014 в 16:06, реферат

Описание работы

Аудандық жоба құру кезінде ауданның барлық жағдайлары қарастырылады. Карта бетіне аудандағы орналасқан объектілердің барлығы түседі. Сонымен қатар, аудандық жобалау кезінде ландшафттық талдаудың мағызы өте зор. Себебі, ландшафттық талдау арқылы ғана, аудандық жобалау жүргізіледі. Аудандық жоба құру кезінде бүкіл ауданның жағдайлары, аудандағы орналасқан барлық объектілер, ауданның табиғи жағдайы да үлкен рөл атқарады. Жоба құру жалпы алғанда кез-келген аумақты тұтастай қарастыруға мүмкіндік береді және аумақты зерттеуге біршама қолайлы боылп келеді.

Содержание работы

Кіріспе ----------------------------------------------------------------------------------3
Негізгі бөлім
1. Аудандық жобалар құру --------------------------------------------------------- 4
2. Аудандық жобаларға ландшафттық тұрғыдан баға беру ----------------- 7

Қорытынды --------------------------------------------------------------------------9
Пайдаланылған әдебиеттер ----------------------------------------------------- 10

Файлы: 1 файл

Срсп ланд 2.docx

— 190.86 Кб (Скачать файл)

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

 

География және табиғатты пайдалану факультеті

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы

СӨЖ

 

Тақырыбы: Аудандық жобалар құру, оған ландшафттық тұрғыдан баға беру

Орындаған: жерге орналастыру мамандығының 2 курс студенті:

Есенқұлова А.

Тексерген: Тұрымтаев Ж.

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2014

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе ----------------------------------------------------------------------------------3

Негізгі бөлім

1. Аудандық жобалар құру --------------------------------------------------------- 4

2. Аудандық жобаларға ландшафттық тұрғыдан баға беру ----------------- 7

 

 

Қорытынды --------------------------------------------------------------------------9

Пайдаланылған әдебиеттер ----------------------------------------------------- 10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

      Аудандық жоба құру кезінде ауданның барлық жағдайлары қарастырылады. Карта бетіне аудандағы орналасқан объектілердің барлығы түседі. Сонымен қатар, аудандық жобалау кезінде ландшафттық талдаудың мағызы өте зор. Себебі, ландшафттық талдау арқылы ғана, аудандық жобалау жүргізіледі. Аудандық жоба құру кезінде бүкіл ауданның жағдайлары, аудандағы орналасқан барлық объектілер, ауданның табиғи жағдайы да үлкен рөл атқарады. Жоба құру жалпы алғанда кез-келген аумақты тұтастай қарастыруға мүмкіндік береді және аумақты зерттеуге біршама қолайлы боылп келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

1. Аудандық  жобалар құру

        Аудандық жоба құру деп – қандай да бір берілген ауданның барлық орналасқан объектілерін, барлық табиғи жағдайын және берілген ауданның геологиялық жағынан, топырақтық және биологиялық жағынан да қарастыра отырып, ауданның жобасын құру. Ауданның жобасын құруда негізгі аса мән берілетін нәрсе – ол ауданның объектілері. Ауданның жобасы ауданға қандай да бір ғимаратты салу мақсатында қолданылады. Жобада сонымен қатар, берілген объектілердің схемалары мен жер учаскелерінің шекаралары көрсетіледі. Аудандық жоба екі түрде болуы мүмкін. Жоба және бас жоба. Жобаны бас жоспардан ажырата білу керек. Себебі ол екеуі екі түрлі нәрселер. Бас жобада берілген аумақ жалпы түрде көрсетіледі. Ал жобада аудандағы берілген объектілердің барлығы неғұрлым нақты және шекаралары белгіленіп, көрсетіледі. Жобаның өзі бас жобаға қарап жасалынады. Жоба сонымен қатар, қандай да бір тақырыпқа арналуы мүмкін. Мысалы, кейбір жобаларда ауданның орналасқан халқының саны белгіленіп, жаңа құрылыстар салынуы да жоспарлы түрде көрсетіледі. Аудандық жоба – бұл жер учаскелеріне алдағы уақытта ғимарат салу үшін рұқсат алуға көмектеседі. Бас жоспардың жобадан айырмашылығы – қандай да бір құрылыстың салынуына бас жоспар арқылы бағалау жүргізіле алмайды. [1]

       Аудандық жобаны құрастыру үшін алдымен мына талаптарды және жұмыстарды орындау қажет:

- ауданға инженерлік – геологиялық сараптамалар жүргізу;

- ауданның геодезиялық  жағынан сипаттамасын алу;

- ауданды қауіптілігі  жағынан сипаттау;

- аудандағы салынатын  қандай да бір құрылысқа сараптама  жүргізу;

- ауданның климатын қарастыру;

4

- ауданның топырағын, жер  рельефін анықтау;

- ауданның инженерлік  және жер асты коммуникацияларын  қарастыру. [2]

       Ауданның жобасын құруда аудандағы салынғалы отырған қандай да бір құрылысты да белгілейді. Ол құрылыстың аумағы, шекарасы, құрылыстың пайдалану саласы, яғни аурухана, мектеп, балабақша немесе т.б. белгіленеді. Ауданның жобасында салынғалы отырған құрылыстың саны, үйлердің саны, ауданда тұратын халық саны белгіленсе, аудандық жобаның бұл – техникалық-экономикалық көрсеткіштері болып табылады. Ал әлеуметтік – мәдени көрсеткіштеріне аудандағы салынғалы отырған мектеп, балабақшалар, дәріхана, кафе немесе ойын-сауық орталықтары жатады. [2]

       

       Жер  учаскесін жобалау ұғымы алғаш  рет Ресейде осы мыңжылдықтың  басында құрылыстардың көптеп  салынуына байланысты тараған. Жобалаумен  қатар, ландшафтық жобасы да қарастырылады. Жобалау кезінде арнайы мамандар қызмет атқарады. Олар аудандағы салынғалы отырған қандай да бір үйді немесе объекттің иесінен тапсырыс алады. Мамандар алдымен жалпы

5

талдау жүргізеді. Жалпы талдау кезінде ауданның бас жоспары қолданылады. Бас жоспардан белгіленген жер учаскесін тауып, сол жер учаскесінің айналасындағы орналасқан барлық объектілерді қарастырады. Содан кейін ғана, сол жер учаскесіне қандай да бір ғимарат салуға қолайлылығын анықтайды.

       Жобаны  құрастыру бірнеше кезеңдерге  бөлінеді:

  • Дайындық жұмыстары;
  • Белгіленген жер учаскесінің иесіне тиісті құжаттарды ұсынады;
  • Қосымша жобаларды да құрастырады;
  • Берілген аумақты инженерлік дайындық жұмыстарын жүргізеді;

       Дайындық  жұмыстарына жоба алды жұмыстары  және эскиздік жоба жатады. Дайындық  жұмыстары кезінде аумақты жалпы  қарастыру жүргізіледі. Салынғалы  отырған құрылыс иесінен оның  жоспарлап отырған жобасын анықтайды. Дизайнерлер жер учаскесіне шығып, ол жердің жарық өлшемін, құрылыс  орналасқан жерін, рельефін анықтайды. Топырақ ерекшеліктеріне, табиғи  және экологиялық, климаттық шарттарын  қарастырады. [3]

6

2. Аудандық  жобаларға ландшафттық тұрғыдан  баға беру

        Ландшафттық  талдау дегеніміз – белгілі  бір аймақтың құрылысы, ландшафтық  дизайны, архитектурасы, жобасы, өсімдіктер  өсіруі, бақша және саябақ өнері  және т.б. жағдайлары бойынша аймақтың  жалпы көрінісін немесе жағдайын  талду. Қазіргі кезде ландшафтық  талдау аймақтық жобалауда өте  маңызды орынға ие. Себебі ландшафтық  талдау арқылы аймақтың жобасы  жүргізіледі. Ландшафтық талдауды  жүргізетін арнайы мамандар бар. Олардың негізгі атқаратын міндеттері: зерттеулердің нақты нәтижесі, аймақты  жан-жақты қарастыру және т.б. Ландшафтық талдау өзінің өызметіне  қоса жобаның нормативтік-құқықтық  актілерін дайындау, ландшафтық  дизайнның жобасын дайындау, басқа  да көптеген талдаулар (құрылыс-техникалық, химиялық, жерге орналастырулық, топырақтық  және ботаникалық ) жүргізу сияқты  қызметтерді де атқарады. [4]

       Аудандық жобаларға ландшафттық тұрғыдан баға беру – ауданның жобасын ландшафттық, яғни ауданның құрылысын, аудандағы орналасқан ландшафттық дизайнын, архитектурасын, биологиялық және геологиялық сараптамаларын жүргізу болып табылады. Ауданның жобаларына ландшафттық баға беру кезінде ауданның жалпы табиғи жағдайы қарастырылады. Сонымен қатар, ауданның адам өмір сүруіне қолайлылығы, ауданда орналасқан объектілердің табиғатқа әсері, адам өміріне әсері анықталады. Баға беру кезінде ауданның алдағы уақытта тиімді пайдаланылуы да анықталады. Баға беру мынадай көрсеткіштер бойынша жүргізіледі: эстетикалық, санитарлық-эпидемиологиялық, функциональдық, технологиялық және табиғат қорғаушылық. Бұл көрсеткіштердің барлығы ауданның артықшылықтарын анықтайды. Эстетикалық көрсеткіш ауданның әдемілігін, санитарлық-гигиеналық – ауданның адамға қолайлылығын, функциональдық – аудандағы орналасатын обьъекттің сәйкестігі, демалу орындарының дұрыс орналасуы, қоршаған ортаның транспорттық байланысы,

7

табиғатты қорғаушылық – жер учаскелерінің антропогендік әсерін анықтайды. Технологиялық – ауданға бейімделу көрсеткішін анықтайды. Осы берілген факторлар бойынша баға беру жүргізіледі. Әр көрсеткіш өзінің бағалау критерийлерінен және бағалау көрсеткіштерінен тұрады. [5] 

Ландшафттық жобалау

 

 

 

 

 

 

8

Қорытынды

        Қазіргі  кезде ландшафтық талдау аудандық жобалауда өте маңызды орынға ие. Себебі ландшафтық талдау арқылы аймақтың жобасы жүргізіледі. Ландшафтық талдауды жүргізетін арнайы мамандар бар. Олардың негізгі атқаратын міндеттері: зерттеулердің нақты нәтижесі, аймақты жан-жақты қарастыру және т.б. Ландшафтық талдау өзінің қызметіне қоса жобаның нормативтік-құқықтық актілерін дайындау, ландшафтық дизайнның жобасын дайындау, басқа да көптеген талдаулар (құрылыс-техникалық, химиялық, жерге орналастырулық, топырақтық және ботаникалық ) жүргізу сияқты қызметтерді де атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9

                                               Пайдаланылған әдебиет

1) https://ru.wikipedia.org/wiki/Проект_планировки_территории Материал из Википедии — свободной энциклопедии.

2) http://www.pandia.ru/text/77/193/31902.php Показания в проекте.

3) http://1landscapedesign.ru/dizajn/landshaftnoe-proektirovanie-uchastka.html

4) http://sudmk.ru/ekspertizy/landshaftnaya. Экспертиза ландшафтных проектов.

5) http://landscape.totalarch.com/node/118 Предпроектная оценка территории по факторам.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10


Информация о работе Аудандық жобалар құру, оған ландшафттық тұрғыдан баға беру