Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2014 в 20:30, реферат

Описание работы

Азаматтық қорғаныс – бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі мен бейбіт уақытта және соғыс уақытында халықты, шаруашылық жүргізу объектілері мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдау (қирату) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы;

Файлы: 1 файл

АҚ күштері.docx

— 14.82 Кб (Скачать файл)

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімі


Азаматтық қорғаныс – бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі мен бейбіт уақытта және соғыс уақытында халықты, шаруашылық жүргізу объектілері мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдау (қирату) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы;

Азаматтық қорғаныстың басты міндеті халықты (адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау), шаруашылық жүргiзу объектiлерi мен ел аумағын қорғау болып табылады.

Азаматтық қорғаныстың негізгі күштері Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, аумақтық, объектілік құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерінің құрамалары; жедел-құтқару отрядтары – жол қатынасы қиын аудандарда және аса күрделі объектілерде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған республикалық, облыстық, қалалық, аудандық ұйымдар болып табылады.

Азаматтық қорғаныстың басқару органдары – бейбіт уақытта және соғыс уақытында Азаматтық қорғаныс іс-шараларына басшылық жасайтын және олардың орындалуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары.

Азаматтық қорғанысты жүргізу және қызметкерлер мен студенттерді ТЖ салдарларынан қорғау үшін КИМЭП Университеті АҚ президентінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 52 бұйрығымен келесі АҚ және ТЖ басқару органдары құрылды:

  • Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар штабы (АҚ және ТЖ штабы);

  • Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия (ТЖК);

  • Эвакуациялық комиссия (ЭК).

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар штабы – Азаматтық қорғаныс және қызметкерлер мен студенттерді қорғау мәселелері жөніндегі негізгі ұйымдастырушы және үйлестіруші орган. Оның құрамына АҚ және ТЖ штабының бастығы, АҚ және ТЖ жөніндегі маман кірді.

Өзінің күнделікті қызметінде штаб Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру, халықты және ел аумағын төтенше жағдайлардан қорғау, Азаматтық қорғаныс органдарын, құрамалар күші мен құралдарын дайындау, қызметкерлер мен студенттерді Азаматтық қорғаныс саласы бойынша оқыту және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің бұйрықтары мен жарлықтарын басшылыққа алады.

 


Информация о работе Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімі