Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 12:22, реферат
Қазақстан Республикасында 1989 жылғы халық санағында 16199,2 мың адам тіркелді. 1999 жылғы санаққа дейінгі аралықта Қазақстан халқы 1246,1 мың адамға кеміген. Мұның басты себебі бұрын қуғын-сүргінге ұшырап, Қазақстан жеріне көшіріліп, қоныстандырылған өзге ұлт өкілдерінің, әсіресе, орыстардың, украиндардың, немістердің, кавказ халықтарының, т.б. өз ата мекендеріне көшіп кетуі болды. Өсу тек Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қ-ларында байқалды. Ерлердің саны 7201,8 мың болса, әйелдер 7751,8 мыңды құрады. Соңғы он жылда ұлттық құрамда да айтарлықтай өзгеріс болды.
Діні
Нұр-Астана мешіті
Қазақстан жұртында 75% мұсылмандар (этникалық мұсылмандармен қоса алғанда), 25% христиандар.
Елде дінге шек қоймаған. Бірақ діни еркіндікті шектейтін кейбір заңдар бар. Халқының негізгі бөлігі мұсылмандар болса да, Қазақстан Республикасы — зайырлы мемлекет.
Халықтың орналасуы
Халықтың қоныстануы әрқилы. Алтай, Тянь-Шань таулары өзен атыраптарында жиірек қоныстанған. Қазақстанның ірі қалалары немесе облыс орталықтарының көпшілігі (Астана, Қарағанды, Жезқазған қалаларынан басқасы) шекараларға айнала жақын орналасқан. Халық тығыздығы ең жоғары облыстыр Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстары, ең сирек қоныстанған облыстыр Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары.