Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 16:46, реферат
Азот түк зауыты – Ақтау қаласында орналасқан кәсіпорын. Қазақстандағы аммиакты және аммиак селитрасын өндіретін жалғыз өндіруші зауыт. 1969 жылы пайдалануға берілген. 73 ғимараттан тұратын алаңының аумағы 1,15 миллион. м2. Зауыт аммиакты, көмірқышқыл газын, жеңіл азот қышқылын, аммиакты селитра өнімдерін шығарады. Құрамына аммиак, азот қышқылы және күрделі минералды тыңайтқыштар өндірістері, сонымен қатар қосымша цехтар мен қызметтер (энергия цехы, бақылап-өлшейтін құралдар және автоматика цехы, жабдықтарды орталықтандырып жөндеу цехы, көлік жөндеу, су дайындайтын цехтар) кіреді. Аммиак цехы 1978 жылы іске қосылды.
Атырау мұнай және газ институты
Тақырыбы:
«Қазақстандағы өнеркәсіп орындары»
Орындаған: Алтай Т.
Тексерген: Қалауова А.
Группа: ТМО-13
Азот түк зауыты – Ақтау қаласында орналасқан кәсіпорын. Қазақстандағы аммиакты және аммиак селитрасын өндіретін жалғыз өндіруші зауыт. 1969 жылы пайдалануға берілген. 73 ғимараттан тұратын алаңының аумағы 1,15 миллион. м2. Зауыт аммиакты, көмірқышқыл газын, жеңіл азот қышқылын, аммиакты селитра өнімдерін шығарады. Құрамына аммиак, азот қышқылы және күрделі минералды тыңайтқыштар өндірістері, сонымен қатар қосымша цехтар мен қызметтер (энергия цехы, бақылап-өлшейтін құралдар және автоматика цехы, жабдықтарды орталықтандырып жөндеу цехы, көлік жөндеу, су дайындайтын цехтар) кіреді. Аммиак цехы 1978 жылы іске қосылды. 4,5, мың т сұйық аммиакты сақтауға арналған ыдыс бар. Цех жылына 200,0 мың т аммиак өндіре алады. Жеңіл азот қышқылы өндірісі нитрозды газды каталитикалық тотықтандыру әдісі арқылы жеңіл (47,5%) азот қышқылын шығарады. Оның жылдық өнімі 220,0 мың т-ға жетеді. Күрделі минералды тыңайтқыштар өндірісі негізінен түйіршікті минералды тыңайтқыштарды – аммиакты селитра, нитроальмофос, нитрофос, аммофос, диаммонийфосфат өндіреді. Энергетикалық цех алынған өнімдерді химиялық тазартылған сумен, айналмалы сумен, тазартылған газ конденсатымен, тұздалмаған дистиллятпен қамтамасыз етеді. Орталық зауыт зертханасы негізгі көрсеткіштердің сақталуына бақылау жүргізсе, бақылау-өлшеу құралдары мен автоматикалық цехы бақылау-өлшеу құралдары мен аппараттарын монтаждау, дайындау және жөндеумен айналысады.
Алматы ауыр машина жасау зауыты — металлургия кәсіпорындарына созу станы мен прокат жабдықтарын, көпшілік тұтынатын басқа да бұйым шығаратын ірі кәсіпорын. Зауыт 1941 ж. көшіріліп әкелінген Луганск паровоз жасау зауытының үш цехы негізінде құрылды. 1942 жылдың наурыз айынан майданға қажетті өнімдер, ал 1946 жылдан прокат жабдықтарын шығарды. Кәсіпорында кейін негізгі өндірістік және қосалқы цехтар салынды. Өндіріс тұйық технологиялық циклмен ұйымдасқан, ол металлургиялық құю жұмыстарынан басталып, құрастыру және өңдеумен аяқталады. Прокат жабдықтарын, созу стандарын және басқа да металл өнімдерін шығарады. Кәсіпорын 1951 жылдан өнімдерін Англия, Жапония, Франция, АҚШ, Болгария, Венгрия және басқа да елдерге шығарып, кезінде Қазақстан ауыр машина жасау кәсіпорындарының көшбасшысы атанды. Кәсіпорын шығарған құбыр және сым жасауға арналған стандар, детальпрокат стандары, құю-прокат агрегаттары, қара және түсті металлургия өнеркәсібі жабдықтарының қосалқы бөлшектері, сымды электротермик. және хим. жолмен өңдеу қондырғылары, шойын мен құрыш құймалары дүние жүзі мамандарының жоғары бағасын алды. 1992 ж. “Алматы ауыр машина жасау зауыты” акционерлік қоғамға айналып, ал 1997 ж. ашық түрдегі акционерлік қоғам болып қайта құрылды.
Атырау машина жасау зауыты - Петровский атынд. — мұнай кәсіпшілігіне және геологиялық барлау жұмыстарына қажетті аспаптар мен қосалқы бөлшектерді, насостар, балшық араластыратын машиналар, тракторлардың қосалқы бөлшектерін т.б. шығаратын ірі кәсіпорын. Зауыт 1921 ж. “Ембімұнай” тресінің мех. шеберханасы негізінде мех. зауыт болып құрылған. 1941 ж. қазан айында Донбастан көшірілген Петровский атынд. зауытпен біріктірілді. Зауытта токарлық станоктар, 8 шпиндельді оймалауыш, жартылай автоматты станоктар, сегментті араларды қайрайтын жартылай автоматтар, жоғары өнімді престер т.б. жабдықтар өндіру игерілген. 1985 жылдан бастап автоматтандырылған желілер, металл өңдеудің қазіргі заманғы технологиялары (престеу, қалыптау, автоматты түрде пісіру, металдарды дайындау мен дәл пішу тәсілі) енгізілді. Зауытта 1995 ж-дан бастап еліміздің мұнай өнеркәсібіне қажетті құрал-саймандарды шығару қолға алынды.
Ақсу Ферроқорытпа Зауыты– кремний, марганец, хромды темір қорытпасын өндіретін кәсіпорын, акционерлік қоғам (1997). Ақсу қорығында (Павлодар облысы) орналасқан. Бірінші кезегі 1967 жылы іске қосылды. Зауытта хромит кенінен металлургия, химия, отқа төзімді заттар өнеркәсібіне аса қажетті шикізат асыл құрыш өндіруге пайдаланылатын хром қорытпалары алынады. Бұл хромит қоспалары сан алуан химиялық препараттарды, химия реакцияларының катализаторларын алуға, тігін, былғары, шыны өнеркәсібінде кеңінен пайдаланылады. Зауыт өнімдерінің 60%-і Еуропа және Азия елдеріне жөнелтіледі. Жыл сайын 100 млн. АҚШ доллары көлемінде пайда береді. Зауыт жаңа технологиялық жабдықтармен жарақтандырылған. Қазақстан үкіметінің 1994 жылғы қарашадағы кәсіпорындарды шетел фирмаларына белгілі мерзімге басқаруға беру туралы шешіміне сай “Ақсу Ферроқорытпа Зауыты” АҚ-ын басқару “Джапан хром корпорейшн” компаниясына тапсырылды. Бұл компания зауыт акциясының 55%-тен астамына ие.
Ақтау пластикалық масса зауыты – мұнай-химия өнімдерін шығаратын ірі кәсіпорын. Ақтау қ-нда орналасқан. ]]Зауыт]] 243 га аумақты алып жатыр. Өндірістік-өнеркәсіптік қызметкерлерінің саны 836 адам. Негізі 1981 ж. қаланды. Пластмасса зауыты аз уақыт ішінде жобада белгіленген қуаттылығы игеріліп, КСРО-дағы полистирал өндіретін ірі кәсіпорынға айналды. Негізгі өнім – стирол мен полистирол өндіріс құрылымының кешені шетелдік «Литвин» (Франция) фирмасымен өтемақылық келісім негізінде жүзеге асты. 1982 жылдан бастап экспортқа жылына 240 мың т полистирол шығара бастады. 1992 ж. зауыт «Ақтау кешенді өндірістік бірлестік» АҚ болып қайта құрылды. 2004 ж. зауыттың мүліктік кешенін жедел басқару үшін Алматы қаласындағы «SAT Companі» ЖШС сатып алды. Зауыт құрылымы 10 цех және бір орталық зертханадан тұрады. Этилен цехының жылдық қуаты 100 мың т этилен, отандық технология бойынша көмірсутек шикізатын шығаратын термиялық әдіспен ыдырау мен газ пиролизінің төм. темп-рада бөліну тазалығы 99,9% этилен алу жобаланған. Алынған этилен толықтай ішкі тұтынуға – этилбензол алынуға жұмсалады. Стирол цехының жылдық қуаты 346,3 мың т және 300 мың т бір технол. агрегаттағы этилбензол мен стиролдың кешенді қондырғысынан тұрады. Соққыға төзімді полистирол өндірісінің жылдық қуаты 110 мың т болатын 4 технол. жүйеден тұрады. Көбікті полистирол өндірісінің жылдық қуаты 100 мың т болатын 3 технологиялық цехы бар. Халық тұтынатын тауарлар цехы 1982 жылдан істеп келеді. Су буымен қамту цехы зауыттың негізгі өндірістік цехтарын энергия көздерімен қамту үшін қызмет етеді. Азот ауа салқынмен қамту цехы негізгі цехтарды азот, сығылған ауа салқынмен қамтуға арналса, тазарту құрылғылары цехы негізгі өндірістерден келіп түсетін ағын суларды тазартуға арналған. Бұлардан басқа, зауытта электр энергиясымен қамту, механикалық жөндеу және құрылыс-жөндеу цехтары да бар. Зауыттың технол. процестері тұрақты жүруі үшін өндіріске бақылау жүргізуге арналған аналитикалық цех жұмыс істейді. Ақтау пластикалық масса зауытытының алғашқы басшылары: Г.Дуничев, Д.Бражник, Ю.Карев, В.Передереев, Е.Усов, И.Лебедев. Қазіргі «Sat Opezeіtіng Aktau» ЖШС-нің Бас директоры – Жусанбаев Ғалымжан Омарұлы. Жауапкершілігі шектеулі серіктстік қазіргі уақытта үкіметтің «2004 – 10 жылдарға арналған мұнай-химия өнеркәсібін дамыту» бағдарламасында көрсетілген міндеттерді орындауда. Зауыт өнімдері Беларусь, Польша, Түркия, т.б. елдерге жөнелтіледі және ішкі сұранысты да қанағаттандырады.
Орал «Зенит» зауыты – қорғаныс және шаруашылық мақсатындағы өнімдер шығаратын кәсіпорын. 1941 жылы салынған. Бастапқы кезде бұл құпия қорғаныс кәсіпорны “231-зауыт”, “38-пошта жәшігі”, 1966 – 1991 жылы “К.Е. Ворошилов атындағы машина жасау зауыты” деп аталды. 1996 жылдан ашық акционерлік қоғам. Зауыт жанында “Зенит” мәдениет сарайы жұмыс істейді. Кәсіпорын 1 дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталып, бірнеше мәрте Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болған.
«Орал механикалық зауыты» – ауыл шаруашылық техникасына қосалқы бөлшек, тұрмыстық электр техникасын шығаратын, металл бұйымдарды ыстық және салқын күйінде қалыптайтын, бейстандарт жабдықтарды жасайтын кәсіпорын. 1933 жылы Орал трактор жөндеу зауыты ретінде құрылған. 1946 жылдан осы атпен аталады. 1993 жылы акционерлік қоғам, 1996 жылы ашық акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Кәсіпорын аумағында темір жол тармағы мен автомобиль жолы тартылған. Құрылған кезден бері зауыттың кәсіби бағдары бірнеше рет өзгерді, бастапқыда кәсіпорында трактор, автомобиль қозғалтқыштары жөнделіп, астық тиегіш машиналар, жел қозғалтқыштары, т.б. шығарылды. 1965 жылы трактор қозғалтқыштарына иінді біліктер мен шатундар шығаруға мамандана бастады. Сонымен қатар электрлі құралдар (су қайнатқыш, үтік, т.б.) жасау қолға алынды. Қазіргі кезде зауытта ірі көлемді бөлшектер қалыптау, ағаштан әр түрлі бұйым (есік, терезе, жиһаз түрлері, т.б.) жасау, пішінді тротуар плиталарын құю кәсібі меңгерілген. Кәсіпорында механика, аспап, көлік, жөндеу-құрылыс цехтары жұмыс істейді. Оларда 300-ге жуық адам еңбек етеді.
Павлодар Алюминий Зауыты– түсті металлургия кәсіпорны. 1963 жылы қорыту-мех. цехы өнім бере бастады. 1996 жылғы наурыздан Қазақстаналюминий ААҚ-ның құрамында.
Павлодар Машина Жасау Зауыты– машина жасау кәсіпорны.Жөндеу-механикалық зауыттың негізінде 1991 жылы құрылған.1994 жылы АҚ-ға айналды. Зауыт 16 тонналық жүк көтергіш авто крандар, төрт тұрықты крандар, көпірлі крандар, арқалық крандар шығаруға мамандандырылған. Кәсіпорын, сондай-ақ жел агрегаттары, жел-су көтергіш қондырғылар, бетон ерітіндісін араластырғыштар, редукторлар сияқты қосымша машина жасау өнімдерін шығаруды да игерді. Сонымен қатар 20-дан астам көпшілік қолды тауар түрлерін: жиһаз, ыстауыштар, металл есіктер, сейфтер, контейнерлер, гантельдер, т.б. шығарады. Зауыт өнімін негізінен Қазақстан Республикасының кәсіпорындары тұтынады. Сонымен қатар Ресей кәсіпорындарының да тапсырыстары орындалады. Кәсіпорында 682 адам еңбек етеді.
Павлодар Мұнай-Химия Зауыты– мұнай өңдеу кәсіпорны. 1978 жылы іске қосылған. Технологиясы жағынан Қазақстанда ғана емес, ТМД елдеріндегі соңғы үлгімен жабдықталған кәсіпорындардың бірі. 2000 жылдан ЖАҚ. Зауыт отындық нұсқа бойынша мұнай өндіреді, өңдеу тереңдігін 85%-ға дейін қамтамасыз етеді, мұның өзі мұнай өнімдерін өндірушілердің әлемдік таңдаулы деңгейіне сай келеді. Мұнай өңдеудің жобалық қуаты бойынша зауыт еліміздегі аса ірі кәсіпорын болып табылады: жылына 7,5 т мұнай өндіреді. Өнімінің негізгі түрлері: этилдендірілмеген бензиндер: А-76, АИ-80, АИ-92, АИ-93, АИ-95, АИ-98; реактивтік қозғалтқыштар үшін отын; жазғы және қысқы дизельді отын; мазут М-40, М-100; құрылыс, жол, төбелік битумдар; мұнай кокстары; техникалық көміртек үшін шикізат; сұйытылған газ. Кәсіпорында 2700-ден астам адам еңбек етеді.
Петропавл атқарушы тетіктер зауыты — машина жасау кәсіпорны. 1941 жылы КСРО-ның батыс ауданынан көшірілген кәсіпорын негізінде құрылған. Соғыс жылдары ғ347 кәсіпорын атауымен қорғаныс өнімін шығарды. 1958 жылдан приборлар, негізінен магнитофондар шығаруға маманданды. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы техникасы үшін бөлшектер мен тораптар шығарды. Зауыт цифрлық бағдарламалық басқару қондырғысы бар станоктармен, термопластавтоматтармен, жартылай автоматты құйма машиналармен және роботты техникамен жарақтандырылған. Кәсіпорында бөлшектерді ұнтақ металлургия әдісімен дайындау игерілді. Кейін зауыт “Мұнаймаш” ААІ болып қайта құрылды. Кәсіпорын өндіретін негізгі тауарлардың тізбесі: піскілеуіш және қамыр илеуіш машиналар, кернеуді реттеуіш, бензин сорғыштар, электрлі тұтатқыштар, шығырлар, шұралар, гараж, пәтер, пошта құлыптарын, май қысымын бергіштер, әмбебап шырағдандар, тереңнен су тартатын ЭЦВ 6/8/10 сорғыштар, штангалы ПНН мұнай сорғыштары, НШ сор-ғыштары, топтық жылу есептеуіштер, су өлшеуіштер, бекітпелер, резина-техникалық бұйымдар, әуезді қоңыраулар.
Петропавлдағы машина жасау зауыты — кәсіпорын. Мәскеу қаласының Симонов слободасында 1895 жылдан жұмыс істеп келе жатқан “Парострой” зауытының 2-дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін Петропавл қаласына көшірілген бөлімшесі ретінде құрылып, 1941 жылы қарашада өз өнімінің алғашқы топтамасын майданға жөнелтті. Желтоқсанда бөлімше ғ239 зауытқа айналдырылды. Осы жылдары трактордың жаңа тіркемесі игерілді, жеңіл автомоб-дердің тіркемелерін, тұтас металды термостар, мотоқопсытқыштар, балалардың мотороллерлерін, шкафтар мен басқа да өнім түрлерін жаппай өндіру жолға қойылды. 1994 жылы кәсіпорын “ЗИКСТО” ААІ деп аталды. Қазіргі кезде зауыт Қазақстанның жетекші кәсіпорындарының біріне айналды. Ол республиканың қорғаныс-өнеркәсіптік кешеніне жатады және “Қазақстан инжиниринг” ұлттық компаниясының құрамына кіреді. Кәсіпорын арнаулы өнімнен басқа өндірістік-азаматтық мақсаттағы бұйымдар шығаруға да бағдарланған, олардың негізгі түрлері: мұнай кешені үшін арнаулы техника (мұнай-бензин цистерналары), агр. салаға арналған өнім, отын-энергет. кешен жабдығы, жылжымалы құрамды жөндеу, темір жол үшін қосалқы бөлшектер мен жабдықтар дайындау.
Полипропилен (Атырау химия зауыты) - мұнай химиясы саласындағы кәсіпорын, акционерлік қоғам. Құрылысы 1950 ж. басталып, 1966 ж. алғашқы полиэтилен шығара бастады. Негізгі шығаратын өнімдері: полиэтилен мен төменгі қысымды полипропилен, халық тұтыну тауарлары, пиролиз шайыры т.б. 1977 ж. тұңғыш рет полипропилен өндіру жүзеге асырылды. 1966-95 ж.ж. өндіріске полимерлі композицияның жаңа 30 түрі енгізілді.
Өскемен Конденсатор Зауыты– электрлендіру саласының кәсіпорны. 1959 жылы сәуірде іске қосылған. Қуат конденсаторларын, жиынтықты конденсатор қондырғыларын, халық тұтынатын тауарлар (электр каминдерін, электр духовкалары мен пештерін) өндіреді.. 1960 жылы синтетикалық диэлектрикті конденсаторлар, 1961 жылы түрлі үлгідегі габаритті стабилизаторлар үшін конденсатор, 1962 жылы әр түрлі жиынтықты конденсатор қондырғылары мен байланыс конденсаторларын сериялап шығару, 1966 жылы бір тектес сериялы конденсаторлар шығару игерілді. 1972 жылы зауытта қағаз-пленка конденсаторының үлгілерін шығару қолға алынды. 1994 жылдан АҚ.
Атырау мұнай өңдеу зауыты .
Атырау мұнай өңдеу зауыты - мұнай
өнімдерін шығаратын кәсіпорын.
Қазақстандағы мұнай өңдеу
Иманқара мұнайтаушайырланған жыныстар кеніші — Атырау облысы Жылыой ауданында, аудан орталығы Құлсары поселкесінен солтүстік-шығысқа қарай 56 шақырым қашықтықта орналасқан. Алынған деректер бойынша кеніштегі пайдалы қазбаның мөлшері 1 миллион тонна шамасында.
Мартыши газмұнай кеніші — Атырау облысының Исатай ауданында, Атырау қаласынан батыста 76 шақырым қашықтықта орналасқан. Газмұнай кеніші тұзкүмбез құрылымында жинақталған. Мартыши газмұнай кеніші 1962 жылы ашылып, 1968 жылы «Жайықмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасына пайдалануға берілді.
Орталық және Шығыс
Прорва мұнайгазконденсат
Теңіз мұнай кеніші — Әлемдегі алып мұнай кен орындарының бірі. Атырау облысының Жылыой ауданында, Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 160 шақырым қашықтықта, Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығысында орналасқан. Теңіз мұнай кеніші 1979 жылғы 18 желтоқсанда ашылып, 1991 жылы сәуір айында пайдалануға берілді. Кеніш төбесі жайпақ антиклинальдан тұрады. Мұнайы күкіртті. Геологиялық құрылымы әлі толығымен зерттеліп біткен жоқ. Еркін газы 603 м3/т. Мұнайдың тығызд. 0,817 г/см3, күкірті 0,5%, парафині 22%, күкірт қышқылды шайыры 4%.
Қарамұрат мұнайтаушайырланған жыныстар кеніші — Атырау облысының Жылыой ауданында, Иманқара тауынан солтүстік-шығысқа қарай 20 шақырым қашықтықта орналасқан кеніш. 1927-1981 жылдары зерттеу жұмыстары жүргізілген, бірақ құрылымы әлі толық анықталып біткен жоқ. Кеніштегі таушайырланған жыныстардың жалпы көлемі 1,2 миллион тоннаны құрайды.
Қарашүңгіл мұнай кеніші — Атырау қаласының оңтүстік-шығысында 310 шақырым қашықтықта орналасқан. Жылыой ауданының орталығы Құлсарыдан 70 шақырым жерде. Алғашқы геологиялық зерттеулер 1860 жылдары жүргізілген. Қазақстан мұнай өнеркәсібінің тарихы осы Қарашүңгілден бастау алады.