Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 10:48, лекция
Қазақстандағы туристік ресурстарға – туристік қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың күш-жігерін қалпына келтіріп сергітуге жәрдемдесетін өзге де нысандар жатады. Олар мәдени-танымдық, экологиялық, спорттық, әлеуметтік, діни, т.б. туризм түрлеріне бөлінеді.
Тақырып 2.2. Казақстанның туристік ресурстары
Қазақстандағы туристік ресурстарға – туристік қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың күш-жігерін қалпына келтіріп сергітуге жәрдемдесетін өзге де нысандар жатады. Олар мәдени-танымдық, экологиялық, спорттық, әлеуметтік, діни, т.б. туризм түрлеріне бөлінеді.
Қазақстандағы туристік нысандар бірнеше
топтарға бөлінеді:
"Алтынемел тау жоталары"
Табиғи-рекреациялық нысандарға Солтүстік Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығыс Қазақстан аумағындағы Зайсан, Марқакөл, қазақстандық Алтай, Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетісу алабы, Батыс Қазақстандағы Үстірт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңірі, Орталық Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай, Бектауата, Ұлытау, т.б. табиғи нысандар жатады. Сонымен бірге Алматы облысындағы ұлттық саябақтар мен қорықтардың туризмді дамытуда маңызы зор. Оларға Іле-Алатауы ұлттық саябағы, Түрген-Шамалған өзендері аралығындағы шатқалдар, Түрген, Есік, Талғар, Алматы, Қаскелең, Шамалған елді мекендері жатады. Алтынемел, Көкшетау, Бурабай ұлттық саябақтарында туризмді дамыту мемлекет тарапынан қолдау тауып, дамып келеді. Қазақстан аумағындағы 9 мемлекеттік қорықта да ғылыми-экологиялық туризмді дамытудың алғы шарттары қалыптасқан. Алтынемел — Жетісу Алатауының оңтүстік-батыс сілемдерінің бірі, Іле мен Қаратал өзендері аралығындағы суайрық жота. Ол шығыстағы Қояндытау жотасын бөліп тұратын Үйгентас асуынан Іле аңғарындағы Шолақ тауына дейін (Алтынемел асуы) доғаша иіліп жатыр. Ұзындығы 65 км, ені 6 – 15 км, ең биік жері 2931 м. Жота палеозойдың қатпарлы шөгінділерінен түзілген. Жотаның солтүстік беткейі тік, оңтүстігі көлбеу келген. Топырақ пен өсімдік жамылғысы биіктік белдеу бойынша орналасқан. Етегінде әр түрлі бидайық тұқымдас шөптер өседі.
Алтынемел асуы – Жоңғар Алатауының оңтүстік-батыс сілемдері – Алтынемел жотасы (2928 м) мен Матай тауының (2880 м) арасында, теңізі деңгейінен 1711 м биіктікте орналасқан асу. Алтынемел асуы өтетін орталық қырқа палеозой және пермь дәуірлерінің гранитті, эффузивті, базальтті, андезитті, туфты жыныс шөгінділерінен құралған. Асу қызғылт-қоңыр, қара топырақты және бұталар араласқан бозды, бетегелі, шалғынды болып келеді. Асу үсті жылына 4 – 5 ай салқын болады. Бірақ соған қарамастан ол қолайлы өткел саналады. Шоқан Уәлиханов 1858 ж. Қашқарияға сапарында осы асу арқылы құрамында 43 адам, 101 түйе, 65 салт және жүк тиеген аты бар керуенмен өткен. Асудың солтүстік-батыстағы Қоғалы тауаралық ойысынан оңтүстік-шығыстағы Қоңырөлең тауаралық ойысына қарай Алматы-Сарыөзек-Жаркент автомобиль жолы өтеді.
"Қарқаралы ұлттық паркі"
Тарихи-археологиялық ескерткіштердің туристік-экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше. Археологиялық ескерткіштердің кез-келген нысандары туристік-экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. Соның ішінде Жетісудағы Сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, т.б. көне қалалардың орнына туристердің қызығушылығы мол. Археологиялық-тарихи ескерткіштердің қазірге дейін жеткен нысандарының ішінде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор. Қола дәуір ескерткіштеріне жартастағы петроглифтерді атауға болады. Оларға әйгілі бірегей ғибадатханалар: Аңырақай тауының Таңбалы сайындағы, Көксу өзеніндегі Ешкіөлмес ғибадатханасы, сондай-ақ Шолақ, Кіндіктас, Баянжүрек тауларындағы тастағы суреттер жатады. Біздің дәуірімізге дейінгі 6 – 3 ғасырлардан қалған сақ қорғандары, Бесшатыр қорымындағы жерлеу камерасы және сақ әскері киімін киген “Алтын адам”, 2001 – 2002 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының Бергіел (Берел) қорғанында табылған “Сақ патшайымы” археол туристік нысандарға жатады. Ортағасырлық Түркістан, Отырар, Тұрбай, Құлан, Мерке, Талхиз, Жаркент қалалары, т.б. елді мекендер қазіргі туристік нысандар болып табылады.
Қарқаралы ұлттық паркі | |
IUCN II санаты (Ұлттық парк) | |
Орналасқан жері |
Қазақстан, Қарағанды облысы |
Координаттары |
49°25′00″ с. е. 75°25′00″ ш. б. (G) (O) |
Көлемі |
112 120 га |
Құрылған |
1998 жылдың желтоқсанның 1 |
Уәкілетті орган |
Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті |
Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі — Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 желтоқсандағы № 212 арнаулы қаулысына сәйкес ұйымдастырылған.
Мақсаты Қарқаралы және Кент кешендеріндегі өте сирек кездесетін және экологиялық, тарихи, ғылыми, әсемдік жағынан ерекше құнды тау сілемдері мен орман алабын сақтау және қалпына келтіру.
Ұлттық парктің жалпы көлемі — 112,12 мың га.
Қарқаралының ауа райы оны қоршаған аймақтарға қарағанда әлде қайда біркелкі, қоңыр салқын. Ауа райының жылдық орташа көрсеткіші 2 °C жылы. Шілде айында орта есеппен +18, +20 °C болса, қаңтар айында −12, −15 °C суықтықты көрсетеді. Жауын-шашынның ең көп түсетін кезі шілде айына келеді, жалпы жаздағы ылғал мөлшері 200 мм дейін болады.
Тау баурайлары шатқал-шатқал болып тілініп кеткендіктен одан бұлақтар мен өзендер ағып жатады. Олардың ең бастылары: Каркаралинка, Керала, Кендала, Аяноға және Қарасу. Бұлардың барлығы да даладағы тұзды өзендер қоймасына жатады.
Қарқаралының көгалды табиғатына ерекше сұлулық беретін Шайтанкөл, Бассейн, Пашенный және Үлкен Көл сияқты бірнеше көлдер бар. Сол сияқты тауларда жауын суы жиналған шағын-шағын бірнеше суаттар кездеседі.
Қарқаралы жерінде сүтқоректілердің 40-қа тарта түрлері бар. Олар негізінен бедерсіз бір түсті: бұлан, елік, тиін, борсық, суыр, сілеусін, қасқыр, түлкі, қоян сияқты т.б. жануарлар. Сирек кездесетін жануар — арқар Қызыл кітапқа енгізілген.
Құстардың — 114 түрі бар. Олар негізінен құр, тоқылдақ, құзғын сол сияқты бүркіт, қарабайқұс, сұңқар, үкі сияқты сирек кездесетін құстар да Қызыл кітапқа енгізілген.
Сирек кездесетін өсімдіктер түрі — 66, негізінен орман тұқымдас: қарағай, қайың көктерек, тал, арша және т.б. ағашты-бұта тектес түрлері өседі. Ал қарқаралы бөріқарақаты (барбарис), мүк сияқты өсімдіктің түрлері де Қызыл кітапқа енгізілген
"Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесі"
Түркістан – қазақ хандығының алғашқы астанасы. Онда Қожа Ахмет Иасауи кесенесі салынған, кесене іші мен айналасына қазақ мемлекетінің негізін қалаған Тәуке, Тәуекел, Жәңгір, Есім, Абылай, Қазыбек би жерленген.
Қазақстанда Отырар, Сарайшық, Сайрам, т.б. ортағасырлық көне қалалар туристер үшін тартымды нысандар.
"Арыстан баб кесенесі"
Тәуеп ету (діни) туризм нысандары республика
аумағында көптеп кездеседі. Оларға түркі
әлеміндегі қасиетті Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Абаб-Араб мешіті, Гауһар-ана
зираты, Әли-Қожа бейіті, т.б. жатады. Адамдар
бұл қасиетті жерлерге тәуеп етіп, Аллаға
сиыну үшін келеді. Одан басқа Қоғам а.
маңында (Отырар ауданы) Арыстан баб
кесенесі, Ибраһим-ата бейіті, Қарашаш ана кесенесі,
Тұраба ауданыннда – Ысмайыл-ата мазары
орналасқан. Жамбыл облысында
– Айша бибі кесенесі мен
Қарахан кесенесі, Қызылорда облысында
– Артық, Айтман кесенелері, Балқаш көлі маңында – Тектау ата, Әуез бақсы,
т.б. киелі орындар бар. Қазақ халқының
азаттық күресі жолындағы батырларға,
қолбасшыларға деген құрмет белгісі мемориалдар
мен ескерткіштерде көрсетілді. Бұларға
Райымбек пен Қарасай батыр ескерткіштері
(Алматы облысы) Қордайдағы (Жамбыл облысы)
Өтеген батыр, Ақтөбедегі Есет батыр, Солтүстік Қазақстандағы
Ағынтай мен Қарасай ескерткіштері, Астанадағы Қаракерей Қабанбай ескерткіштері,
т.б. жатады. Ордабасы мен Аңырақай сағасының жазығы, Ұлытаудағы үш жүздің
басын қосқан жер, тарихи орындар ретінде
Жошы және Алаша хан кесенелері,
Алматыдағы тәуелсіздік монументі, Астанадағы
үш би ескерткіштері қастерлі орындар
санатында туристік нысандарға қосылады.
Қазақ тарихындағы құнды мәдени ескерткіштер
қатарына: Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Еңлік-Кебек
кесенелері, Ш.Уәлиханов, Қ.Мұңайтпасұлы
мемориалдары, Сұлтан Бейбарыс, Құрманғазы
және Д.Нұрпейісова, Абай, Абылайхан, Әлия
мен Мәншүк, А.Иманов, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин,
М.Әуезов, т.б. көптеген естелік орындар
жатады.Республиканың әсем де әдемі жерлерінде
бірнеше туристік базалар орналасқан.
Оларға Іле Алатауындағы “Шымбұлақ” шаңғы базасы, Павлодар облысы Жасыбай көлі жағасындағы “Баянауыл”, Қарағанды облысындағы
таулы-орманды “Қарқаралы”, Шығыс Қазақстан
облысындағы Бұқтырма бөгені жағасындағы “Алтай мүйісі”, Орал қаласы Жайық өзені маңындағы
“Орал”, Қостанай облысындағы орманды-тоғайлы
Наурызым алқабы, Оңтүстік Қазақстан облысы Бадам
жазығындағы “Оңтүстік”, Көкшетау таулы
аймағындағы “Золотой бор” базалары
жатады. Қазақстанда белгілі туристік
маңызы бар зоологиялық, ботаникалық қорықтар
да жеткілікті. Оларға Алматы қорығы (кешенді), Іле атырауы (зоологиялық), Тарбағатай (зоологиялық), Жалтыркөл (зоологиялық), Ұлытау (зоологиялық), Бетпақдала (зоологиялық), Қарақия-Қаракөл (зоологиялық),
Зеренді (зоологиялық) қорықшалары, Шарын каньоны (ландшафты – палеонтолық) және
Шарын
өзеніндегі “Шетен тоғайы” (ботаникалық), Күміс қылқанды орман (ботаникалық), Жаманшық тауы (геморфологиялық), Айғайқұм, Әншіқұм (геоморфологиялық), Жаңғақ тоғайы (ботаникалық), Бүркіттау шоқысы және Тұма бастаулар (гидрологиялық), т.б.Бурабай – Көкшетау қыратындағы тұйық көл. Ақмола облысының Бурабай ауданында, Көкше тауының шығыс баурайында, теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте орналасқан. Ұзындығы 4,5 км, ені 3,9 км, орташа тереңдігі 4,5 м, ең терең жері 7 м, жағалауының ұзындығы 13,6 км, су жиналатын алабы 164 км².
Тектоникалық ойыста жатқан көл дөңгелек пішінді, табаны тегіс, солтүстікке қарай еңістеу келген. Солтүстік, батыс және оңтүстік жағалаулары граниттен түзілген, шығысы – құмдауытты. Бурабайдың суы жұмсақ және мөлдір, түбіне дейін айқын көрінеді. Жақын жатқан көлдерден (Үлкен және Кіші Шабақты, Шортанды, Қотыркөл, Жөкей, т.б.) аласа жоталармен бөлінген. Көлдің солтүстік-батыс бөлігінде жартасты-жарқабақты келген кішігірім «Жұмбақтас» аралы орналасқан. Оның шоқтығы айдын бетінен 20 м көтерілген. Солтүстік, батыс және оңтүстік жағалауларын айнала қоршаған әр түрлі пішіндегі жартастар мен жарқабақтар, көлге сұғына енген әсем мүйістер (Қызылтас, т.б.), сыңсыған қарағайлы-қайыңды ормандар Бурабайға ерекше көрік береді. Төңірегінде Бурабай курорты, «Оқжетпес» және «Голубой залив» демалыс үйлері орналасқан. Көл суында алабұға, шабақ, сазан, шортан, табан балық бар. Бурабай табиғатының ерекше сұлулығы көптеген әдебиет және көркемсурет шығармаларына арқау болған.
Ал бұл ОҚЖЕТПЕС тауы, бұл туралы аңыз
бар.Ертеде осы таудың жиегінде Қазақ
Сұлтандары қоныстаныпты, оларды Оқжетпес
тауының басындағы
ы қыран
құс ұнатпапты күнде Оқжетпес тауының
үстінде отырып қарқылдай береді екен
оның көзін құртқысы келгендер оны атпақшы
болады бірақ оқ таудың төбесіне жетпей
қала береді екен содан бері ОҚЖЕТПЕС
тауы атаныпты…
Жәнеде
бір қызық бұл МЫСТАНКЕМПІР тасы…
Тағы
бір ерекше тас ол ЖҰМБАҚТАС ол Бурабай
көлінің ортасында орналасқан.
Ол туралы аңыз… Ертеде ханның қызы кедей
жігітті ұнатыпты, бірақ әкесі оны бай
баласына тұрмысқа бермекші болады.Оған қыз келіспей кедей
жігітпен қашып осы көлден қайықпен өтіп
бара жатқанда әкесі екі ғашықты атып
өлтіреді.Сол кезде қос ғашық қайығымен
бірге үлкен тасқа айналыпты…
Тағы
бір кереметтің бірі ол ШАЙТАНКӨЛ.Бір
қызығы ол көлге келген туристтер көлді
көріп келесі күні қарауға тағы келсе
көлді таба алмай кетеді екен, және көлдің
жалпы көрінісі қорқыныщты бұл көлге ешкім
түсіп көрмепті сондықтан бұл көл ШАЙТАНКӨЛ деп аталыпты…