Қазақстандық тарихи демография саласындағы өзекті мәселелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2014 в 03:48, реферат

Описание работы

Қазақстанның тарихи демографиясының өзекті мәселелері ХХ ғ. 80-жж. бері арнайы зерттеліп, қарастырылып келеді. Еліміздің егемендік алуымен тарихи демографияның тарих ғылымының саласы ретіндегі орны бекіді. Қазақстан тарихындағы оқиғалардың халықтану саласына тигізген әсерінің барысы біршама талданды. Тарихи демографияның аймақтық саласы да дамуда. Соған қарамастан, кеңес дәуірі тұсындағы идеологиялық ұстанымға байланысты елдің әлеуметтік-демографиялық ахуалының нақты бейнесінен хабар беретін некелік жағдай, ажырасқандар, туу мен өлім-жітім мәселелері, олардың өзгерістері, ең алдымен оның этностық ерекшеліктері мәселелері әлі де толыққанды зерттелмегенін айту керек

Файлы: 1 файл

Қазақстандық тарихи демография саласындағы өзекті мәселелер.docx

— 36.29 Кб (Скачать файл)

Нарықтық жағдайда жұмысшы табының жағдайы түп-тамырымен өзгерді, олар мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыс істейтін бұрынғы қоғам гегемонынан, коммунистер партиясының негізгі әлеуметтік базасынан елдің әлсіз және бөлектелген кәсіподақтары бар жеке және шетелдік кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыс істейтін, осыдан әлеуметтік қорғалуы әлсіз көптеген әлеуметтік топтарының біріне айналды, осы туралы Қарағанды көмір бассейнінде, Жаңа Өзен және Республиканың мұнай өндіретін батыс өңірлеріндегі бірнеше рет орын алған жағдайлар куәлендіреді.

Өкінішке орай, бізде Қазақстанның қазіргі кезеңдегі жұмысшы табының  жалпы құрамындағы біліктілігі жоғары, білікті, біліктілігі аз және қара жұмысшылардың саны мен үлестік салмағы туралы азды-көпті дұрыс мәліметтер жоқ.

Қызметкерлер табының әлеуметтік қарқынының ерекшелейтін белгісі тек қана санының азаюы ғана емес, жұмыспен қамтылған халық құрамында үлестік салмағының артуы болды.

Өзінің ішкі әлеуметтік құрылымында қызметкерлер бірнеше қабаттан тұрған. Ресми статистика бойынша, қызметкерлер үш топқа бөлінді: 1) басшылар; 2) мамандар; 3) басқалар (нақтысы – қатардағы) қызметкерлер.

Ауыл шаруашылығы еңбекшілеріне келсек, олар нарықтық қатынастарға көшу жағдайларында және совхоздар мен колхоздарды жою кезінде ауыр жағдайда қалып, өздерінің кеңес кезеңі үшін дәстүрлі шаруа – колхозшы немесе совхоз жұмысшысы не қызметкері әлеуметтік дәрежесінен айрылып қалды. Олардың көбі негізінде жалдамалы жұмыскерлердің санын толтырды, көбінесе жұмысшы және аз дәрежеде қатардағы қызметкерлердің, ішінара – жұмыс берушілердің, ал нашар жағдайда – жұмыссыздар қатарына қосылды.

Көптеген ауыл еңбекшілері ақша табу үшін жақын маңдағы қалалар мен елдің басқа өңірлеріне, сонымен қатар жақын және алыс шетелдерге тартты. Өкінішке орай, ауыл шаруашылығында өзін өзі жұмыспен қамтамасыз еткендерді сәйкесінше төрт әлеуметтік топқа бөлу туралы мәліметтер жоқ: жұмыс берушілер (меншік иелері), дербес еңбеккерлер, өндірістік кооперативтер мүшелері және отбасылық жұмыскерлер.

Сонымен бірге, Қазақстанда табыну қызметшілері, халық емшілері, т.б. сияқты кейбір әлеуметтік топтар дамып келе жатыр. Басында генералитет пен офицерлік отырған әскери қызметкерлер әлеуметтік қабаты ерекше назарға ие болуға лайықты.

Әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерді қысқаша талдау төмендегідей қорытындылар жасауға негіз береді:

1. Қазақстан Республикасы халқының осы жылдардағы әлеуметтік қабаттарға бөлінуі жылдам қарқынмен жүрді, қоғамның аса бай, ауқатты, орта ауқатты және кедей қабаттары пайда болды, халықтың бір бөлігі жұмыссыздар қатарында және кедейлік шегінің арғы жағында қалды.

2. Меншік иелері табы, яғни жұмыс берушілер табы қалыптасты, олар өз қатарларында оннан астам олигархтармен қатар бай бизнесмендердің, кәсіпкерлердің, банкирлердің, жер иелерінің және т.б. елеулі топтары бар.

3. Жұмысшы табы өзінің жетекші орнынан айрылып қалды, бөлектеніп кетті, кәсіподақтық қозғалыс әлсіз, оның өзінің жалақыны көтеру, еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсарту бойынша заңды құқықтары үшін күресі көптеген жағдайларда мақсаттарына жетпейді. Жергілікті жұмысшылар шетелден келгендерге қарағанда өте аз жалақы алады, ол әлеуметтік жанжалдарға әкеп соғады.

4. Қызметкерлер  арасында жұмыста ғана емес, қоғамда да артықшылық орын алатын басшылар түріндегі жоғары шенеуніктер элитасы, сонымен қатар біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі мамандар әлеуметтік тобы пайда болды. Қатардағы қызметкерлер, әсіресе біліктілігі жоқ жұмысшылар сияқты әлеуметтік қорғауды қажет етеді.

5. Дербес жұмыскерлердің саны көп әлеуметтік тобы өзін өзі жұмыспен қамтамасыз ететін халықтың табысы аз бөлігі болып табылады, олар ертеңгі күніне сенімді бола алмайды, себебі тұрақты жұмысы, жеке кәсіпкерлігі т.б. болмағандықтан қажетті табыс көзі жоқ.

Осының барлығын жоғары мемлекеттік органдар жалдамалы жұмыскерлердің төменгі қабаттарының, сонымен қатар дербес жұмыскерлердің, әсіресе ауылдық желерде жағдайын жақсарту, жұмыссыздар санын азайту, елдің әр түрлі қабаттары арасындағы әлеуметтік серіктестіктің нығаюы және Қазақстан Республикасы жұмыспен қамтылған халқының қатарында жанжалдық жағдайларды жою бойынша тиісті әлеуметтік саясатты әзірлеу мен жүргізу кезінде назарға алуда қажет.

Сонымен, Кеңес дәуіріндегі біркелкі (жұмысшы, колхозшы және интеллигенциядан тұратын) әлеуметтік құрылым орнына көптеген әлеуметтік топтар, страттар жүйесі қалыптасты. Міне, осы мәселенің тарихи демографиялық қырын анықтау өзекті мәселенің бірі болып табылады. Одан бөлек, халықтың денсаулығы, білім деңгейі, некеге тұру, ажырасу, табиғи өсім, еңбек ресурстары, оны пайдалану, жұмыссыздық көздері және т.б. жаңа көзқараспен зерттеуді қажет ететін өзекті мәселелер қатарында.

Сондай-ақ, ірі және кіші қалалардың даму ерекшеліктеріне келейік. Мысалы, кеңестік дәуірде қала тұрғындары табиғи өсімнен гөрі сырт көші-қон есебінен өсті. Алматы сияқты ірі-ірі мегаполистердің табиғи өсімінен сырт көші-қон есебінен өсуі ол табиғи құбылыс, дегенмен бұл көші-қон ауылдан келген қазақ жастарынан гөрі басқа республикалардан келген-келімсектер, яғни орыс, украин, беларус және т.б. ұлт өкілдері толқындарынан болғандығының қала халқының әлеуметтік топтарының ұлттық құрамын қалыптасуындағы, осы ұлттар өкілдерінің  эмиграциялануының да көптеген қиыншылықтар туғызғаны мәлім. Одан бөлек, сырттан жұмысшылар әкелуді шектеу, жаңа жұмыс орындарын ашу, қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру, техникалық мамандықтарға үйрету және басқа шаралар арқылы қазақ жастарының жұмыссыздықтан құтқару – өкімет үшін өте өзекті мәселе деп санау керек. Бір сөзбен айтқанда, тарих ғылымының тарихи демография саласының алдында зерттеуді қажет етіп тұрған өзекті мәселелер баршылық.  

Пайдаланылған әдебиеттер:

1 Статистический  ежегодник. 1990 г. – Алматы: Агентство РК по статистике, 1991. – 33 б.

2 Қазақ ССР-нде шаруашылық әрекет пен кәсіпкерлікті дамыту еркіндігі туралы. 1990 ж. 11 желтоқсанындағы ҚССР-ның Заңы // Қазақ КССР Жоғарғы Кеңесінің ведомостары. – 1990. – № 51. – 483 б.

3 Статистический  ежегодник. 2000. Статистический сборник. – Алматы: Агентство РК по статистике, 2000. – 466.

4 Регионы Казахстана. 2003. Статистический сборник. – Алматы: Агентство РК по статистике, 2003. – 496 с.

5 Статистический  ежегодник. 2006. – Алматы: Агентство РК по статистике, 2006. – 488 с. 

6 Асылбеков М.Х., Асылбекова Ж.М. О социальной структуре населения Республики Казахстан (1991-2007) // Современное состояние и перспективы развития исторической науки Казахстана и России. – Алматы: Тарих тағылымы, 2008. – С. 86-95.

7 Статистический  ежегодник. 1999. – Алматы: Агентство РК по статистике, 1999. – 392 с.; Статистический ежегодник. 2001.  – Алматы: Агентство РК по статистике, 2001. – 572 с.

8 Труд и занятость  населения в Республике Казахстан. Статистический сборник. – Алматы: Агентство РК по статистике, 1998. – С. 23, 233.; Асылбекова Ж.М. Национальные индустриальные кадры Казахстана в конце ХІХ – начале ХХІ вв. (социально-демографический аспект): автореф. ... д.и.н. – Алматы, 2007.

 


Информация о работе Қазақстандық тарихи демография саласындағы өзекті мәселелер