Қазіргі әлемдегі экологияның орны мен рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 15:32, реферат

Описание работы

Адамзат баласы өз басынан әр түлі қоғамдық өндіріс әдістерін өткізгені белгілі. Ғылыми-техникалық революцияның ықпалымен рыноктық қатынасқа байланысты адамдардың қоғам алдына қоятын талаптарының ауқымы өсті, түрлері көбейді. Қазір қарапайым адамдар еңбек және тұрмыс жағдайын жақсарту және сауықтыру, кәсіпорындарға жұмысшы бақылауын кең түрде қолдану, өндірісті басқару және әлеуметтік мәселелерді шешуге хақылы болуын, қоршаған ортаны аялау жөнінде өкіметтің, атқарушы органдардың батыл шешім қабылдауын, еңбекке деген құқықты іске асыру, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және соғыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, осы саладағы жетістіктердің бәрін де бейбіт мақсатқа пайдалану және осы сияқты басқа көптеген талаптарды өткір қойып отыр.

Содержание работы

1. Кіріспе .3
2. Негізгі бөлім:
2.1. “Экология” терминінің шығуы
2.2. Қазақстандағы экологиялық жағдай .
2.3. Экология – жаһандық мәселе
3. Қорытынды .
4. Қолданылған әдебиеттер .

Файлы: 1 файл

С Ө Ж экология.docx

— 26.01 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

               

 

                С Ө Ж

                                                                         Пәннің аты:   Экология және

                                                                           тұрақты даму                   

                                      Тақырыбы: Қазіргі әлемдегі 

                                                                           экологияның орны мен рөлі

                                        Орындаған: Турекулиев Т.И

                                        Тексерген: Садвакасова А.Т.

 

 

 

 

                                                Алматы 2013

 

 

Жоспар:

1. Кіріспе .3

2. Негізгі бөлім:

2.1. “Экология” терминінің шығуы

2.2. Қазақстандағы  экологиялық жағдай .

2.3. Экология –  жаһандық мәселе

3. Қорытынды .

4. Қолданылған  әдебиеттер .

Кіріспе:

Адамзат баласы өз басынан  әр түлі қоғамдық өндіріс әдістерін өткізгені белгілі. Ғылыми-техникалық революцияның ықпалымен рыноктық қатынасқа байланысты адамдардың қоғам алдына қоятын талаптарының ауқымы өсті, түрлері көбейді. Қазір қарапайым адамдар еңбек және тұрмыс жағдайын жақсарту және сауықтыру, кәсіпорындарға жұмысшы бақылауын кең түрде қолдану, өндірісті басқару және әлеуметтік мәселелерді шешуге хақылы болуын, қоршаған ортаны аялау жөнінде өкіметтің, атқарушы органдардың батыл шешім қабылдауын, еңбекке деген құқықты іске асыру, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және соғыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, осы саладағы жетістіктердің бәрін де бейбіт мақсатқа пайдалану және осы сияқты басқа көптеген талаптарды өткір қойып отыр.

Қазіргі технологияның дамуы  өндірістің табиғи фактордан тәуелсіздігін бәсеңдетсе, екінші жағынан, оның рөлі барған сайын күшейіп, әуе және космос кеңістігі, дүниежүзілік мұхит т.б. еніп отыр. Осылайша табиғат ресурстарын экономикалық айналымға қамту көлемі барған сайын арта түсуде. Бұдан бір тұтас экологиялық-экономикалық ұдайы өндірістік жүйе қалыптасты деп қорытынды жасауға болады. Заманымыздың ғұлама ғалымы академик Вернадскийдің сөзімен айтқанда, бұл – неосфера дәуірінің басталуы.

Ғылым мен практикада дәлелдегеніндей, интенсивтендіру қоршаған ортаны, табиғатты  әлсіретпейді, қайта оның сол қалпында сақталып, жетіліп отыруына, табиғи қалпында қоры таусылмай ұдайы өндіріліп тұруына ықпал етеді. Адамдардың табиғатқа ықпалы қай қоғамда да қандай шаралар қабылдап, оны ақылмен ойластырып, ұйымдастырып іске асыратындығына байланысты. Біздің еліміз жағдайында табиғатқа көзқарас, оны аялау, қорғау, сақтау мәселесіне жете көңіл бөлінбей келгені өкінерлік жағдай. Қандай мөлшерде, қаншаға түссе де ең алдымен өндірістік жоспарды орындау керек деген принцип табиғатқа, адам баласына орны толмас зиян келтіріп келгенін айтпасқа болмайды. Арал теңізі, Семей, Капустин Яр полигондарына байланысты жайлар, аймақтық мәселе дер едік. Өйткені республика халқына, табиғатына, оның болашағына тигізген қайғы-қасіретін бір мемлекет күшімен жою қиын, оған әлемдік деңгейде бірлескен шаралар жүйесі керек. Дүниежүзілік мұхит, теңіздер де олардың мұнай өндірумен ( бұл өндірудің 25 проценті) байланысты қатты ластанып отыр, тіпті ондағы өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесіне зор қауіп төнуде. Сондай-ақ егістік жерлерде минерал тыңайтқыштарын орынсыз енгізудің адамзат пен табиғатқа зиянды әсер- ықпалы қаншама десеңізші. Сондықтан экологиялық проблемалар қазір дүниежүзілік көлемде қатты шиеленіскен күйде. Табиғаттан алуды ғана білу жеткіліксіз, оны сақтап, қорғау туралы кең бағдарламалық шараларды тез арада іске асыру бүкіл адамзаттың, болашақтың ең басты міндеті.

Қорыта айтқанда, ғылыми – техникалық прогресс қоғамдық дамудың, оның әлеуметтік мәні мен мазмұнын жоя алмайтын, бірақ дүниеде болып  жатқан барлық құбылыстарға орасан зор ықпал ететін табиғи, обьективті процесс.

 2.1 Қазіргі кездегі экология ғылымы ғаламдық барлық ғылымдардың салаларына араласа отырып экономикалық, әлеуметтік, рухани мәселелердің негізін қамтитын, соның ішінде коғам мен адамның арақатынасының себептерін анықтайтын күрделі ғылым.

Әсіресе қоғам арасындағы саясаттың бағытына да араласатын, соның ішінде табиғатты қорғау, қалпына келтіру мәселелері жөнінен экологиялық сараптама, білім беру экологиялық шешімдерге негіз болатын ғылым.

Кез келген экологиялық мәселелерді  шешу үшін адамдардың әрекетімен болып  жатқан ғылыми жетістіктердің барлығына, болашақ ұрпақтың сақталуына, денсаулығына, болашағына тұжырымдама беретін адам экологиясы. Осыған байланысты адам экологиясының қалыптасуын айту үшін алдымен "экология" терминінің шығуына тоқталу керек.

Экология термині ғылымда XIX ғасырда қолданыла бастады. Алғаш  рет бұл терминді ғылымға 1866 ж. Э.Геккель  енгізді. Дәлірек айтсақ ғылымда  "Метрическая книга" еңбегі 14 қыркүйек күні енгізілді. Осы күні Э. Геккель "Жалпы морфологияға кіріспе" еңбегіне алғы сөз жазып, организмдердің қоршаған ортасы ғылымын "Экология" деп жазды. Грек тілінен аударсақ "эйкес" - үй, "логос" - ілім деген мағынаны білдіреді, яғни өз үйіңді тану.

Алғашқы кездерде экология термині тек қана өсімдіктер мен  жануар-лардың арасындағы байланысты білуге қолданылды, кейінірек Геккельдің өзі бұл терминді "биономия" деп өзгертті. Биономия түсінігі ғылымға 1802 ж. Ж. Ламмарк енгізген болатын Осы терминдердің нәтижесінде жаңа "биоэкология" термині пайда болды. Өз уақытында биоэкология термині ғылыми әдебиеттерде ғана қолданылып, бұл атау жан-жақты мағына беретіндігі ретінде ғана қалып қойды. Негізінен биоэкология жануар мен өсімдік арасындағы байланысты, олардың өмір сүру ортасын зерттеумен шектелді. Ол кезең үшін экология тар шеңберде биологиялық ұғымды тұжырымдаған.

 

2.2 Қазіргі таңда экология мөселесі атом қаруынан да қауіпті. Себебі экология қазір ғаламдық проблемалық сипат алып отыр. Кез келген өркениетті ел өзінің экологиялық мөселесін шешуде ең қауіпті деген экологиялық апатты аймақтарын БҰҰ-ның алдына мәселе етіп қояды. Біздің елімізден Елбасы БҰҰ-ға Арал мәселесін қойып отыр.

 

 

  Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негізі болып табылады.

    Осы Заң қазіргі  және болашақ ұрпақтардың мүдделері  үшін қоршаған ортаны қорғаудың  құқықтық, экономикалық және әлеуметтік  негіздерін белгілейді, сонымен  бірге экологиялық қауіпсіздікті  қамтамасыз етуге, шаруашылық  және өзге де қызметтің табиғи  экологиялық жүйелерге зиянды  әсері болғызбауға, алуан түрлілікті  сақтау мен табиғатты ұтымды  пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.

        ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

    1-бап. Негізгі терминдер мен анықтамалар.

    Осы заңда мынадай  негізгі терминдер мен анықтамалар  пайдаланылады:

    қоршаған орта - табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сондай-ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды әрі жансыз жиынтығы;

    қоршаған ортаны қорғау - табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды үтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдык шаралар жүйесі;

    қоршаған ортаны қорғау объектілері - қоршаған ортаның заңдармен корғалатын құрамдас бөліктері;

    табиғи ресурстар - қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық т.б. қызмет процесінде пайдаланылатын құрамдас

бөліктері;

    табиғат пайдалану - адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы;

    қоршаған ортаның сапасы - қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерінің сипаттамасы;

    қоршаған ортаның мониторингі - адамды қоршаған табиғи ортаның жай-күйін бақылау және адамдардың денсаулығы мен өзге де тірі организмдерге зиянды немесе қауіп туғызатын қатерлі ахуалдары туралы ескерту;

    қоршаған ортаның сапасын номалау - адамның өмір сүруі үшін қоршаған ортаның жарамдылығын айқындайтын және биологиялық алуан түрліліктің сақталуы мен экологиялық жүйелердің тұрақты пайдаланылуын қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін белгілеу;

    қоршаған ортаны ластау - қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялык және биологиялық заттардың, радиоактивті материалдардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай-ақ қоршаған шудың, тербелістің, магнитті өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері;

    экологиялық талаптар - Қазақстан Республикасының заңдық, өзге де заңға қосымша нормативтік құқықтык және нормативтік-техникалық актілерінде қамтылған қоршаған ортаға теріс әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметті орындауға міндетті шектеулер мен ондай қызметке тыйым салу;

    экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын

қатерден қорғалуының жай - күйі;

    экологиялың жүйе - организмдердің және олар мекендейтін жансыз ортаның өзара байланысты біртұтас функционалдық жиынтығы.

Экология қазақ үшін тың  нәрсе емес, ол біздің салт-дәстүрімізде бар, бұл ананың ақ сүтімен беріліп  келген, туған табиғатыңды қорғап қастерлеуге негізделген ғылым. Сәкеннің "Көкшетауын" алыңыз. Қалай мадақтайды тау-тасын, жер-суын, міне, "көк шөпті баспа", "суға түкірме" деп үйреткен, "ботам", "құлыншағым", "қошақаным" деп еркелеткен. Жерін жұтатпас үшін әр маусымға орай жайлау, күзеу, қыстауға көшіп-қонып жүрген. Көшкен жұртында бір түйір көлденең зат тастамай, ошағын тегістеп, қазығын қалдырмай кеткен. Мұның бәрі табиғатпен етене өскеннің арқасы. Мұны мен жаңа бағыттағы ғылымда этноэкология деп атадым.

 

    3-бап. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері

    Олар:

    - адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдылығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;

    - экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;

    - биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми, мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;

    - халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демографиялық жолмен қатысуы;

    - жер, оның қойнауы, су, атмосфералық ауа, ормандар мен өзге де өсімдіктер, жануарлар дүниесі;

    - табиғи экологиялық жүйелер, климат және Жердің озонды қабаты қорғалуға тиіс.

    Экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектілері, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ерекше қорғалуға тиіс.

 

 

2.3 Адам тарихи дамудың жемісі, барлық қоғамдық-экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ол ғажайып құдіретті күш, табиғаттың алып тұлғасы. Адам өндіргіш күштің басты элементі, өндірістің субьективті жеке факторы. Қоғамдық өндіріс адамсыз іске аспайды, оның нәтижесі адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға, солардың мүддесі үшін қызмет етеді. Игіліктерді өндіруші бір ғана күш бар. Ол да адам. Қоғамды өркендетушіде адам. Адам қоғамнан тыс өмір сүрмейді, қоғамның аясында болады, соның өрісінде дамиды. Адам барлық өндіріс түрлерінің шешуші факторы. Сондықтан қоғам дамуының сатыларына байланысты ол үнемі даму үстінде болады. Адамның өндірістегі орны, рөлі, адамға қойылатын өндірістік, әлеуметтік және т. б. талаптар күшейді

 

 

Қазіргі әлемде экологиялық  проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан  алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналады, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс - әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай – ақ, топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр; іс жүзінде тез өндіріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.

Адамды құтқару дегеніміз  – ең алдымен табиғатты сақтау. Табиғи процестердің негізінде жатқан заңдылықтарды ескермеу табиғат  пен адам арасындағы елеулі қайшылықтарға  әкеліп соқтырғанын айта кеткен жөн. Американ экологы Риклерс: Табиғатқа келтірілген нұсқанды түзетудің ешқандай көпе – көрнеу жатқан әдістері жоқ екені айдан анық, сонымен қатар қоршаған ортаға деген келеңсіз көзқарасы үшін адамға танылатын кінә да, өзендерге шайынды суларды төгу, егістіктерге пестицидтер бүрку, аңшылардың найзасы мен мылтығы автомашиналардан шыатын түтін қала іргесінің шексі кеңеюісияқты белгілі фактілерден құралмауы тиіс.

Адамға табиғат экономикасы - ауыл, елді пунктер, село, қала тұрғындарымен жер жүзінің халықтарының қарым – қатынастарын, сандық және сапалық құрылымын зерттеу және реттеу, көпшілікке үздіксіз экология саласынан білім мен тәрбие беру жұмыстарын зерттейді.

Адам әрекеті тек жер  бетіндегі суды ғана емес ауаны да ластап келеді. Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге адам мен жер бетіне. Кейде оларды жел алғашқы шыққан орнына мыңдаған километр жерге айдап апарады.

Жалпы табиғатты қорғау деген  мәселе қолыңа мылтық алып, орманды қорғау емес. Табиғатты қорғау деген-қазақтың байырғы өзінің ұлттық дәстүріндегі табиғатты аялау, оны сүю, жастарды табиғаттың болмысына, заңдылығына үйрете отырып, табиғат байлығын қорғауға жөне оны тиімді пайдалануға үйрету. Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты да сол - жеке адамның бойында табиғатқа деген ізгілік пен ұлттық әдет-ғұрыптарды қалыптастыра отырып адам-қоғам-табиғат арасындағы толық үйлесімділікті қалыптастыру және дамыту. Экологиялық білімді оқушылардың санасына, ой-өрісіне, дүниеге деген көзқарасына қоршаған табиғи ортаның өзі мен қоғам үшін қажеттілігін сезіндіре отырып қана сіңіру керек. Экологиялық білім берудің түп негізі отбасынан басталады. Өкінішке карай, аға ұрпақтың санасезімінде табиғат ресурстарына деген көзқарас мүлдем басқаша болып келді. Ол олардың табиғатқа "байлық көзі немесе табыс көзі" ретінде қарауы. Осы кері әдеттен жас ұрпақтың бойы ада-күде болуға тиіс. Қысқасы, экология ғылымы табиғатты тиімді пайдалана отырып, оның заңдылығын бұзбауға үйретеді. Заңдылығы деген не? Ол-жердің беткі қабаты-литосфера, оның үстіндегі гидросфсра, оның жоғарғы қабатын құрайтын - атмосфера, осы үшеуінің ара қатынасындағы биосфера - тіршілік қабаты. Осы үшеуі бір-бірімен үйлесімді ұштасып жатқан уақытта ғана жер тозып, ауа ластанбайды. Мен мысалы, Финляндияда болдым, онда тал тұрмақ бір бұтақ кестірмейді. Базардың өзін олар тазалық үшін уақытша пайдаланады. Яғни біздегідей тұрақты орны жоқ.

 


Информация о работе Қазіргі әлемдегі экологияның орны мен рөлі