Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 20:25, реферат
Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералығқ қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.
Кіріспе 3
II. Негізгі бөлім 4
1. Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді........4
2. Рио-де-Жанейро қаласындағы мәселелер........................................................6
3. Киота хаттамасы...............................................................................................10
4. Йоханнесбург конференциясы........................................................................11
III. Қорытынды 13
IV. Қолданылған әдебиеттер 14
ЖОСПАР
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді........4
2. Рио-де-Жанейро қаласындағы
мәселелер.....................
3. Киота хаттамасы.....................
4. Йоханнесбург конференциясы.................
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ, өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді.
Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералығқ қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.
1 Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін «биосфералық» ойлаудың қалыптасуына маңызды роль атқарған бірнеше халықаралық ұйымдар пайда болды, олардың біріне 1945 жылы құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы жатады. 1946 жылы БҰҰ ұйымдастыруымен Парижде білім, ғылым және мәдениет сұрақтары бойынша (ЮНЕСКО) штаб-ұйымы құрылған. 1948 жылы ЮНЕСКО инициативі бойынша табиғат пен табиғи ресурстарды қорғаудың Халықаралық одағы (МСОП) пайда болды.
МСОП – Жердің табиғи байлығын сақтау мен оны тиімді пайдаланудың үкіметаралық ғылыми-кеңестік ұйымы.
1964-1974 жылдар аралығында ЮНЕСКО-мен Халықаралық биологиялық бағдарламаны (ХББ) жүзеге асырылған, оның мақсаты – негізгі экожүйелер түрлерінің құрылымы мен қызмет атқаруын, олардың өнімділігін танып білу, сирек кездесетін түрлерді сипаттау. 1970 жылы ЮНЕСКО-ның 16-шы сессиясының Бас конференциясында биосфераға антропогендік әсер және оның тұрақтылығы мәселесінде «Адам және биосфера» деген Халықаралық бағдарлама қабылданған. Осы жылдан бастап БҰҰ қамқорлығымен адамзаттың дамуындағы әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелерді ескеріп, ғылыми негізделген болжамдар жасалынуда.
Табиғат қорғау проблемаларына арналған І халықаралық жиналыс 1971 ж. көкек айында Чехияда өтті. Бұл БҰҰ Еуропаның эконмикалық комиссиясының симпозиумы болатын.
1972 ж. 5-маусымда Стокгольм
қаласында БҰҰ-ның қоршаған
• Халықаралық ғалымдар одағы (МСНС) барлық
елдердің дерлік академиялары мен ғылым
одақтарын біріктіреді. Ғарыштық кеңістік,
Антарктида, мұхиттар проблемаларымен
айналысып зерттейді;
• Қоршаған орта жөніндегі ғылыми комитет
биологиялық циклдарды, қоршаған ортаның
улануын зерттейді, табиғи ортаны бақылау
(мониторинг) мәселесімен айналысады;
• ЮНЕСКО-ның «Адам және табиғат» бағдарламасы адамдардың іс-әрекетінің тропиктік және субтропиктік орман және жайылым экологиялық жүйелеріне әсерінің күшеюін зерттейді;
• БҰҰ-ның Қоршаған орта
туралы бағдарламасы (ЮНЕП) топырақты
және су қорларын қорғау проблемаларын,
мұхиттарды ластанудан сақтау мәселелерін
зерттейді;
• Қоршаған орта мониторингісінің глобалды
жүйесі (ГСМОС) қоршаған ортаның жағдайын
арнаулы бақылау жүйелері, бақылау станциялары,
мониторинг, бақылау күзеттері, т.б. арқылы
біліп отыру үшін құрылған;
• Халықаралық табиғат қорғау одағы (МСОП)
табиғат байлықтарын ұтымды пайдалану
және қорғау мәселелерін зерттейді;
• Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ) қоршаған ортаны санитарлық тазалық жөнінен бағалайды және бақылайды;
• Дүниежүзілік метереологиялық ұйым (ВМО) жер шары ауасындағы құбылыстар мен өзгерістерді бақылайды;
• Халықаралық океанографиялық комитет (МОК) жер шары мұхиттарының жағдайын бақылайды;
• Халықаралық азық-түлік және ауыл шаруашылық жөніндегі ұйым (ФАО) топырақтың құнарлылығын, су қорларын үнемді пайдалану және қорғау, жануарлар дүниесін сақтау мәселелерін зерттейді,
• Дүниежүзілік білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйым (ЮНЕСКО) табиғат қорғау жөніндегі маман кадрлар оқыту, даярлау мәселелерімен айналысады.
1975 ж. шілде айында Хельсинки
қаласында еуропалық 35 мемлекет
және АҚШ пен Канада елдері
басшылары қорытынды актіге
1987жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды.Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды.
«Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалынан).
2 Рио-де-Жанейро қаласындағы мәселелер
1992жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Оның нәтижесі төмендегі кестеде көрсетілген.
Мәселе |
Мәселенің қысқаша мәні |
1 |
2 |
Кедейлікпен күрес |
Дүние
жүзінде 157 миллиардер, шамамен 2 мың
миллионерлер және 1,1 миллиардтан астам
күндік табысы 1 АҚШ долларынан кем
адамдар бар. Кедейлікті болдырмау
жолдары: еңбек ақыны қамтамасыз
ету; кедейлердің өзін-өзі |
Тұтынудың құрылымын өзгерту |
Адамзаттың
бай бөлігінің шектен тыс ысырап
етуі – қоршаған ортаның бұзылуы
мен табиғат ресурстарының |
Халық және тұрақтылық |
1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны шамамен 5,5 миллиардтан астам болды. Ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы адам саны 8 миллиардқа жетеді. |
Адамдардың денсаулығын сақтау мен жақсарту |
Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады. 2000 жылға қарай денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық міндеттер: - СПИД-пен күреске жұмылдыру; - туберкулезбен және басқа - бала өлімін кеміту; - халық денсаулығын бақылайтын тиімді ұйымдар құру; - еркектер мен әйелдердің - халықты ауыз су және таза азық-түлікпен қамтамасыз ету; - балалардың денсаулығын қорғау; - қоршаған ортаны денсаулыққа
зиян қалдықтардан тазарту |
Тұрақты тұрғын жерлер (урбанизация) |
2000жылға
қарай дүниежүзінің халқының
жартысы қалаларда тұруы тиіс.
Қоғамның урбанизациясы |
Атмосфераны қорғау |
Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі – энергияны тұтыну мен өндіру. |
Жер ресурстарын тиімді пайдалану |
Топырақтардың
құнарлылығы су және жел эрозиясы
мен химиялық, физикалық деградация
нәтижесінде төмендейді. Топырақтың
деградациясының себептері |
Ормандарды жоюмен күрес |
Ормандар
топырақ пен суды, атмосфераны
қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың
биологиялық алуантүрлілігін |
Шөлденумен және құрғақшылықпен күрес |
Шөлдену
– бұл ауа райының өзгеруі
мен адам қызметінің нәтижесінде
топырақтың деградациялану процесі. Бұл
процеске көбіне құрғақ жерлер ұшырайды.
Шөлдену мал жайылымдарының деградациясы
мен азық-түлік өнімдерінің |
Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану |
Теңіз суының ластануының шамамен 70%-ын құрлықтағы үлкен және кіші қалалар, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен туризм құрайды. Мұхиттар шектен тыс балықтар мен былқылдақденелілерді (жылына 90 млн. тоннаға дейін) аулаудан, жағалаулар мен маржан рифтерінің жағдайының нашарлауынан зардап шегеді. |
Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану |
Бүгін
тұщы су мәселесі маңызды экологиялық
мәселелердің бірі болып табылады.
2000 жылға қарай төмендегі - қалалардың әрбір тұрғынын
бір адамға шаққанда ең - өнеркәсіптік, тұрмыстық шайынды
суларды залалсыздандыру - барлық ауылдық аудандардың
тұрғындарын экологиялық |
Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру |
Химиялық
заттар бүкіл дүние жүзінде |
Қатты қалдықтар мен шайынды суларды жою. |
Тұрмыстық қалдықтар мен шайынды сулардың мөлшерінің жылдам артуы қала халқының денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп тудырады. Жыл сайын 5,2 млн адам, оның ішінде 4млн балалар шайынды сулар мен қатты қалдықтарды дұрыс тазартпау нәтижесінде ауырып, қайтыс болады. 2025 жылға қарай қалдықтардың мөлшері 4-5 есе артуы мүмкін. |
Радиоактивті қалдықтарды жою |
Радиоактивті
қалдықтар туғызатын қауіп |
Балалар мен жастардың тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі рөлі |
Даму бағдарламалары жастарға қауіпсіз болашақты және оның ішінде денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаға жоғары өмір сүру жағдайына, білім алу мен жұмысқа кепілдік беруі керек. Жастар планета халқының 1/3-не жақын бөлігін, ал көптеген дамушы елдерде - жартысын құрайды. Білім беру дәрежесін арттыру қажет. Жастарға білім беруде қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелеріне көп көңіл бөлінуі қажет. |
Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру |
Қазіргі
кездегі ғылыми зерттеулер адамзаттың
тіршілігін сақтау мақсатында жұмыс
істейді. ХХІ ғасырда биосферада
қауіпті өзгерістер болуы мүмкін.
Ғалымдар төмендегі мәселелерді
зерттеуде: ауа райының өзгеруі,
ресурстарды тұтынудың артуы, демографиялық
тенденциялар, ортаның деградациясы,
энергия мен ресурстарды |
Сонымен қатар конференцияда Мәлімдеме мен екі концепция- климаттың өзгеруінің алдын алу, ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды.
Бұл мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін экология, экономика және әлуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен түрінде қарастыру қажет.
БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырады.
Қазақстан Республикасының
Үкіметі ұсынған «Қазақстан Республикасының
тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді.
Республиканың экологиялық
Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтің БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірді. 1992-1998 жылдар аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты, Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы болды.
Қазіргі уақытта экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси іс-шараларды анықтау жолдары іздестіруліде. Олар:
2-сурет Рио-де-Жанейро
қаласында өткен
3 Киота Хаттамасы
Киота хаттамасы - халықаралық-құқықтық акт, БҰҰ-ның Рио-де-Жанейрода (1992) өткен.Қоршаған ортаны қорғау мен даму конференциясында қабылданған климаттың өзгеруі жөніндегі Конвенцияға қол қойған елдер арасындағы келісім. Ол 1994 жылы 21 наурызда БҰҰ-на мүше 50 елдің бекітуінен кейін күшіне енді. РККӨ жоғарғы органы тараптардың Конференциясы, 1997 жылы 10 желтоқсанда өткен үшінші сессиясында Киото (Жапония) қаласында Киота хаттамасы қабылданды. Климаттың өзгеруінің алдын алу стратегиясы атмосферадағы газдардың булануы қарқынын баяулатуға негізделеді. Бұл мақсатқа жетудің екі жолы көрсетіледі: буланған газдардың топтануын азайту және оларды атмосферадан шығаруды үлғайту. Бірінші жолға қазба жанармайды (көмір, мұнай, газ және оның өнделген өнімдерін) энергетикалық қолдануды азайту арқылы қол жеткізуге болады. Бүгінгі таңда буланған газдың ағынын ұлғайтудың жалғыз тиімді жолы - жас ормандардың көбеюі. Конвенцияда көрсетілген ортақ міндет - буланған газдардың антропогендік қалдықтарының санын шектеу. Шектелуі және қысқартылуы тиіс буланған газдар "корзинасына" мыналар кірді: көміртегі диоксиді (С02), метан (СН4), азоттың шала тотығы (N,0), гидрофторкөміртегі (ГФУ),перфтор-көміртегі (ПФУ), сондай-ақ алюминий балқытудағы негізгі қосымша өнім және барлық буланған газдардың ішіндегі ең қауіптісі болып табылатын күкірт гексафториді (SP6). Киота хаттамасы бойынша өндірісі дамыған елдер және әтпелі экономикалы елдер 2008-2012 жылы аралығында буланған газдарды шектеу және азайту мақсатында бірқатар міндеттемелер қабылдады. Киота хаттамасы 27 баптан, оның ажырамасы бөлігі болып табылатын А және В екі қосымшадан тұрады. Киота хаттамасына сипаты жағынан әркелкі құқықтық ережелер кіреді: мемлекеттердің нақтылы әрі қатаң міндеттемелерімен қатар, онда, ұсыныс, тілек түріндегі біршама жұмсақ міндеттемелер де бар. Құжатта шешімі келесі конференцияларға қалдырылған реттелмеген мәселелер де баршылық. Бұл реттелетін жағдайдың жаңалығымен, келіссөзге қатысушы елдердің көзқарастарының тоқайласпайтындығымен түсіндіріледі. Киота хаттамасының күшіне ену процедурасы екі кезеңді қарастырады - БҰҰ елдерінің оған қол қоюы ( 2002 жылы басында Киота хаттамасына 84 мемлекет қол қойды) және Киота хаттамасына қол қойған елдер парламенттерінің бекітуі шарт.
4 Йоханнесбург Конференциясы
2002 жылы Йоханнесбургте (ОАР) тұрақты даму жөніндегі өткізілген Бүкіләлемдік самитте (кездесуде) бүгінгі күні биологиялық әртүрлілік жылдам қарқынмен қысқарып бара жатқандығы атап айтылды. Адамның әрекеті нәтижесінде теңіздердегі балық коры 75 пайызға дейін азайды, маржан рифтерінін 70 пайызы жойылу каупінде түр. Табиғат тозуда, сонымен бірге адамзат та тозып барады, қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде халықтың денсаулығы да нашарлап келеді, ал мұның соңы адам тегінің бұзылуына әкеп соқтырады, тұқым қуалайтын аурулар, оның ішінде, ең алдымен, психикалық және туа біткен аурулар санының өсуіне, маскүнемдік, нашақорлық, СПИД, ақ қан ауыруы, қатерлі ісік, жұқпалы және вирусты аурулар таралуына әкелуде.Кедейшілікті жою, медицинаны дамыту әсіресе санитария соның ішінде таза сумен қамтамасыз ету туралы талқыланды. Бүгінгі таңда барлық мемлекеттер зиян шеккен экологиялық ахуалды қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар қолдануда. Алайда қоршаған ортаға төнген қатердің қауіптілік дәрежесінің жоғарылығы соншалық, бүгінде ол тек мемлекеттің ішкі шаралары ғана емес, сонымен бірге мемлекетаралық шараларды да қолдануды талап етіп отыр.
3-сурет Йоханнесбург конференциясы
ҚОРЫТЫНДЫ
Болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін биосферада тіршілік сақтап қалу үшін бірнеше ұйымдар пайда болды. Олардың қабылдаған шешімдері табиғаттың экологиясының нашарлауын баяулатты. Бірақ әлі де табиғат тозуда және де мен сенемін адамзат бұны тоқтататын шешім қабылдайды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау. Алматы, 2007.
Информация о работе БҰҰ конференциялары қабылдаған шешімдері