Билогоиялық қару туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2015 в 18:10, доклад

Описание работы

Биологиялық қару – бұл биологиялық заттармен жабдықталған, жеткізіп беретін құралы бар, арнайы оқ-дәрі мен әскери құралдар. Ол қарсыластың жаппай тірі күшін, ауылшаруашылық малдары, ауылшаруашылық дәнді дақылдарын себуді, кейбір жағдайда материалдарды бұзу үшін, қарулануға, әскери техникаға және жабдықтауға арналған.

Содержание работы

1. Билогоиялық қару туралы түсінік
2. Инфекциялық аурулар(Жұқпалы аурулар)
3. Карантин
3.1. Карантиндик шаралар
3.2. Ветеринария саласы
3.3. Ауыл шаруашылығы
4. Эпифитотия
5. Жұқпалы аурулардың алдын алу(қырым қанды безгегі, сары ауру,
қышыма)

Файлы: 1 файл

Биологиялык кару.docx

— 35.66 Кб (Скачать файл)

  ЖОСПАР:

 

1. Билогоиялық қару туралы түсінік

2. Инфекциялық аурулар(Жұқпалы аурулар)

3. Карантин

   3.1. Карантиндик шаралар

   3.2. Ветеринария саласы

   3.3. Ауыл шаруашылығы

4. Эпифитотия

5. Жұқпалы аурулардың алдын алу(қырым қанды безгегі, сары ауру,

    қышыма)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРУ

 

Биологиялық қару – бұл биологиялық заттармен жабдықталған, жеткізіп беретін құралы бар, арнайы оқ-дәрі мен әскери құралдар. Ол қарсыластың жаппай тірі күшін, ауылшаруашылық малдары, ауылшаруашылық дәнді дақылдарын себуді, кейбір жағдайда материалдарды бұзу үшін, қарулануға, әскери техникаға және жабдықтауға арналған.  
Әскери іс - әрекетте биологиялық қаруды қолдану енгізілсе, оны биологиялық соғыс деп атауға болады.  
Биологиялық қарудың талқандағыш әрекеті, олардың тіршілігіне әрекет ететін патогенді микробтардың ауру таратқыш қасиетін және уытты азық түлікті қолдануға негізделген.  
Биологиялық қарудың негізгі талқандағыш іс-әрекетін, биологиялық құрал құрайды – адамдардың ағзасына, малдарға, өсімдіктерге енген жағдайда, ауыр жұқпалы ауруды (улану) тудыруға қабілетті, әскери пайдалану үшін, арнайы таңдап алынған биологиялық уәкілдер.  
Патогенді микроағзаға – жұқпалы ауруды қоздырғыштар, мөлшері аз, түсі, иісі, дәмі жоқ болғандықтан, адамның сезім мүшелерімен анықталмайды.  
Жұқпа ауруын қоздыратын микробтар: 
Бактерия – бұл бір клеткалы микроағзалар, ол тікелей түскен күн сәулесінен, жоғары температурадан, дезинфекциялық заттардан жылдам жойылады; 
Риккетсиялар – бұл бір клеткалы талшық тәріздес микроағзаға, олар тірі ұлпалардың ішінде ғана көбейеді. Олар құрғақшылыққа, үсікке төзімді.  
Вирустар – қарапайым микроскопқа түспейтін өте майда микроағзалар. Тек тірі ұлпада дамиды және көбейеді.  
Биологиялық заттарды қолдану тәсілі: аэрозольді, трансмиссивті, диверсиялық.  
Биологиялық, (биологиялық - әлеуметті) төтенше жагдай - белгілі бір аймақта биологиялық - әлеуметті төтенше жағдай көзі шығуы салдарынан адамдардың өмір сүру мен қызмет жағдайы, ауылшаруашылық малдарының тіршілік етуі мен өсімдіктердің өсу жағдайы өзгеретін қалып және бұл жағдайда адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнеді, инфекциялық аурулардың кеңінен таралып және ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің шығынға ұшырау қауіпі төнеді.  
Биологиялық (биологиялық - әлеуметті) төтенше жағдайдың шығу көздері - адамдардың, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктердің аса қауіпті немесе кең таралған ауруларға шалдығуы, соның салдарынан белгілі бір аймақта биологиялық - әлеуметтік төтенше жағдайдың тууы немесе пайда болу мүмкіндігі. 
Биологиялық қауіп – адамдардың, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің, қоршаған табиғи ортаның биологиялық төтенше жағдай көзі тудыратын немесе тудырған қауіптен қорғаныс жағдайы.

 

 

 

 

 

Жұқпалы аурулар — зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардыңорганизмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды.

Жұқпалы аурулар инфекциялық аурулар (лат. іnfectіo–жұқтыру) – 1)тірі организмдерге ауру тудырушы микроорганизмдердің (бактерия, риккетсия, вирус, саңырауқұлақ) енуінен пайда болатын кесел; 2) осы аурулардың белгісі мен даму барысын зерттеп, оның дәл диагнозын қойып, емдейтін клиникалық медицинаның арнайы бір саласы. Жұқпалы аурулар туралы деректер ертеден белгілі болған. Ежелгі грек ғалымы Гиппократ, ортағасырлық ғалым Әбу Әли ибн Сина өз еңбектерінде кейбір аурулардың науқас адамнан, жануарлардан жұғып, тез таралатыны, оған көзге көрінбейтін “миазмалар” себепкер болатыны туралы айтқан. 15 ғасырда жазылған Ө. Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты еңбегінің қолжазбасында дерттің пайда болуын адам денесіне құрттардың (көзге көрінетін және көрінбейтін) енуімен түсіндірген. 19 ғасырда бактериология, микробиология және иммунология ғылымдарының дамуы Жұқпалы ауруларды толық зерттеуге мүмкіндік берді. Әсіресе, француз ғалымы Л.Пастер, неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910), орыс ғалымдары И.И. Мечников (1845 – 1916), Н.Ф. Гамалея (1859 – 1949), т.б. еңбектерінің маңызы зор болды. Жұқпалы аурулар пайда болуының үш факторы бар: ауру қоздырғышы (микроб), сыртқы орта және қабылдаушы сезімтал организм. Ауру қоздырғышына әр түрлі патогенді микроорганизмдер (мыс., бактерия, вирус, саңырауқұлақ, қарапайымдылар, риккетсия, микоплазма, хламидия, т.б.) жатады. Бұлар адам организміне әр түрлі жағдайда енеді. Мысалы, іш сүзегі, паратиф, дизентерия, т.б. – су, тағам, шыбындар арқылы; тұмау, қызылша, дифтерия, т.б. – ауру адамнан; әр түрлі тері дерттері – ауру адам мен жануарлардан; бөртпе сүзек, кене энцефалиті, безгек – сау адамға ауру адамнан (жануарлардан) қан сорғыш буынаяқтылар (мысалы, бит, безгек масасы, кене, т.б.) арқылы; сондай-ақ құрсақтағы анасының қанымен жұғады. Жұқпалы аурулар жасырын (инкубациялық), күмәнді (продромалдық), ауру дамуы және айығу (реконвалесцениттік) кезеңдерінен тұрады. Әрбір кезеңнің өту мерзімі аурудың түріне, организмнің жағдайына байланысты болады. Жалпы Жұқпалы ауруларға шалдыққан адамдарға ортақ белгі: селсоқтанып мазасы кетеді, дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, ұйқысы қашады. Бауыр мен талақтың ісінуі мүмкін. Осындай ерекше белгілеріне қарай іш сүзегін тырысқақтан, безгекті бөрте сүзектен, т.с.с. ажыратуға болады. 20 ғасырда диагноз қою, емдеу және одан сақтану әдістерінің жетілдіруіне байланысты Жұқпалы аурулардың кейбір түрлері жойылды. Бірақ микроорганизмдердің эвол. даму өзгергіштігінің, әлеуметтік, экология, ғұрып-дәстүрлік, т.б. себептердің нәтижесінде Жұқпалы аурулардың жаңа түрлері пайда болды. Мысалы, жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромы, гепатиттің ерекше түрлері, т.б. Жұқпалы аурулардың белгісі білінісімен-ақ санитарлық-эпидемиология стансаларға хабарлануы тиіс. Науқас адам ауруханаға алынып, аурудың түріне қарай емделеді. Жұқпалы аурулар клиникалық медицинаның арнайы бір зерттейтін саласы болғандықтан – бактериология, вирусология, иммунология, эпидемиология, паразитологиямен тығыз байланысты

 

 

КАРАНТИН

Карантин — ауру ошағын толық оңашалау және ондағы ауруды толық жоюды қарастыратын шаралар жүйесі.[1]

Карантин (итал. quarantena, quaranta gіornі – қырық күн), уақытша тыйым салу – жұқпалы ауруларға шалдыққан немесе сол індеттер бойынша күдікті адамдар мен жануарларды жұқпалы аурулардан сақтауға, сол аурулардың жан-жаққа таралмауы үшін алдын ала жүргізілетін әкімшілік, медициналық-санитариялық, ветеринариялық-санитариялық кешенді шаралар жүйесі.

 

Карантиндик шаралар

Көптеген жұқпалы аурулардың қоздырғыштары мен жасырын кезеңі (инкубациялық кезеңі) әлі толық анықталмаған жағдайда кез келген жұқпалы аурулар бойынша 40 күнге шектеу қойылады. Карантиндік шаралар халықаралық медициналық-санитариялық ережелерге сай ДДҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) мүшесі ретіндеҚазақстан Республикасында да жүргізіледі. Әсіресе, елдің өз территориясында немесе шекаралас елдерде аса қатерлі індеттер (оба, тырысқақ, т.б.) пайда болғанда карантин жүргізудің маңызы арта түседі. Мұндай жағдайда әкімшілік шара ретінде мемлекет шекараны жабуға тура келеді. Карантин жарияланған елдермен байланыс жасауға тыйым салынады. Медициналық-санитариялық шараларға:

  • барлық жолаушылардың және экипаждың денсаулығы туралы анықтама алу;
  • тасымалданатын жабдықтарды, жүктерді тексеріп, қажет болған жағдайда дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау;
  • ауырған адамдарды және олармен жанасқандарды дәрігерлік тексеруден өткізу;
  • диагнозын анықтағанша науқастар мен күдікті адамдарды оқшаулау;

Жұқпалы аурумен ауырған адамдарды шағын топтарға бөліп обсервациялау кезінде немесе Карантин жарияланған жерден келгендерге дәрігерлік бақылау жүргізу мерзімі ауру түріне байланысты болады. Мысалы, оба және тырысқақ ауруында – 6 күн, нағыз шешек кезінде – 14 күн. Бұл мерзім сол аурулардың ең ұзақ жасырын кезеңінен аз болмауы тиісті. Оқшаулау әскери бөлімшелерде жаңадан келген сарбаздар үшін де қолданылады. Карантин жарияланған елден (жерден) кетушілер мен келушілерге сол ауруға қарсы егілгені, яғни вакцинацияланғаны туралы тиісті куәлік (сертификат) берілуі керек. Аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша карантин жарияланған жерде адамдардың бір-бірімен араласуына шек қойылады, жатақхана тұрғындары шағын топтарға бөлініп орналастырылады, дәрігердің рұқсатынсыз карантиндік аумақтан шығып кетуіне немесе оған басқа жақтан адамдар келуіне тыйым салынады, азық-түлікпен және сапалы сумен қамтамасыз ету ұйымдастырылады. Қажет болған жағдайда карантиндік шаралар оқта-текте кездесетін, аса қауіпті емес жұқпалы аурулар бойынша мектептерде, перзентхана,балабақша, емхана, ауруханаларда жүргізіліп тұрады. Барлық атқарылатын шаралар қауіпсіздік техникасы сақтала отырып, микробиологиялық бақылауға және эпидемиол. қадағалауға алынуы қажет.

Ветеринария саласы

Карантиндік шаралар ветеринария саласында да қолданылады. Ол кезде:

  • карантинге қойылған малды бөлек ұстап, сау малмен жанастырмау;
  • індет шыққан шаруашылықтан бірде бір мал басын, малдан алынған шикізат өнімдерін, азықтарды, құрал-саймандарды, т.б. сыртқа шығармау;
  • карантиндегі малды күтіп бағу үшін арнаулы адамдар тағайындау шаралары жүргізіледі.

Карантиндегі малдың ыстығы күніне екі рет өлшеніп отырады. Оларға арналған қора-жай сау мал тұратын қоралардан кемінде жарты шақырым қашықтықта болуға тиіс. Шаруашылыққа сырттан әкелінген әрбір мал басы туралы куәлікте келіп түскен малдың жұқпалы аурудан сау екендігі көрсетіледі. Ветеринарлық жарғыға сәйкес ондай малдар 30 күн бойы бақылауда болуы керек. Мал күтіміндегі адамдар жұмысқа керекті киім-кешекпен (таза халат, кебіс, алжапқыш, қолғап, т.б.) қамтамасыз етіледі. Бұл жабдықтар жұмыс аяқталған соң изоляторда қалдырылады. Карантиндегі малдың қиын өртеп жібереді немесе белгілі тәртіппен мал қорымына апарып көміп тастайды. Өлексені ит-құсқа тастауға болмайды. Ауру мал жатқан жер, қоралар карантин мерзімі аяқталысымен мұқият зарарсыздандырылады.

 

Ауыл шаруашылығы

Карантиндік шаралар ауыл шаруашылығындағы дақылдары бойынша да жүргізіледі. Кейбір аймақтарда өсетін карантиндік өсімдіктер (мысалы, жусан жапырақтыойраншөп, кекіре, арамсояу, т.б.) болады, сондай-ақ, басқа жерден немесе басқа елден астық, түрлі дақылдар тұқымы арқылы өсімдіктерде ауру қоздыратын немесе оларды зақымдайтын әр түрлі микробтар, жәндіктер, зиянды құрттар, саңырауқұлақтар таралуы мүмкін. Сондықтан көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда да карантиндік өсімдіктер туралы арнайы Заң қабылданған. Басқа елден әкелінген астық, тұқым мұқият тексеруден өткізілуі тиісті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЭПИФИТОТИЯ

Эпифитотия (эпи... және грек. phyton – өсімдік) – өсімдіктегі жұқпалы аурулардың белгілі бір мерзім мен үлкен аймақта кең таралуы. Астық таты мен қаракүйесі, картоп фитофторозы, жүзім мильдасы, алманың таз ауруы, мақта солмасы, қант қызылшасының тамыр жегісі мен церкоспорозы, т.б. – Эпифитотия түрінде пайда болатын инфекциялы аурулар. Эпифитотия әдетте көктемде немесе жаз басында байқалады. Эпифитотия ауру қоздыратын организм санының көбеюі нәтижесінде індеттің таралу ареалы мен өсімдіктердің індетке шалдығу мөлшері күрт көбейетін динам. процесс. Эпифитотия белгілі бір жағдайларда дамиды. Мыс.: а) инокулюмнің (кеселді бастама) – спора, мицелий, склероций, т.б. көп болуы; ә) ауруға бейім өсімдік сорттарының егілуі; б) кеселді бастаманың таралуы мен өсімдіктердің ауруға төзімсіз мерзімінің дәл келуі; в) кеселді бастаманың таралуы мен оның өсімдікке жұғуына қолайлы жағдай тууы, сондай-ақ егілген сұрыптарға вирулентті немесе авирулентті ауру қоздырғышы нәсілдері, биотиптері болу тән. Эпифитотия жергілікті жерден немесе көрші, сондай-ақ алыс аймақтан жел, т.б. жолдармен таралуы мүмкін. Белгілі бір аурудың Эпифитотиясы ауа райы жағдайына, агротех., шаруашылық-ұйымдастыру шараларына байланысты әр түрлі жиілікпен қайталанып отырады. Эпифитотияге қарсы күресте белгілі бір ауруға қарсы тағайындалған шаралар қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ (ҚЫРЫМ ҚАНДЫ БЕЗГЕГІ, САРЫ АУРУ, ТУБЕРКУЛЕЗ, ҚЫШЫМА)

Жұқпалы аурулар — жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте заманда-ак олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды (індет, жаппай аурулар). Бұл аурулар ерекше «миазма» — ауаның улы булануымен байланыстырылады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында өр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. «Іnfесіо» деген латын сөзі «ластану» дегенді білдіреді. Жұкпалы аурулар адам ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады. Қоздырғыш-микробтар ауру адамнан сау адамға беріле алады. Белгілі бір жағдайларда ауру жаппай таралады (індет). 
Ауру туғызатын микробтар бактериялар, вирустар, спирохетар, саңырауқұлақтар болуы мүмкін. 
Қырым қанды безгегі

Халық арасында «қырым қанды безгегі» аталып кеткен конго-қырым геморрагиялық қызбасы дерті бойынша елімізде эпидемиологиялық ахуал алаң тудырып отырғаны белгілі. Ағымдағы жылдың алғашқы төрт айында Оңтүстік-Қазақстан облысында аталған ауруға 8 адам шалдығып, екеуі көз жұмды. Осыған орай, еліміздің өзге өңірлері аурудың алдын алуға шұғыл кірісті. Қанды безгек — екі толқынды қызбамен, жалпы уыттанумен және айқын білінетін тромбогемморрагиялық белгісімен, өлім-жітімінің жоғарылығымен сипатталатын жіті вирусты ауру. Ол ауру жұқтырған кенелер шаққанда, құрамында вирус бар материал теріге және сілемейлі мүшеге түскенде жұғады. Мал қырқу және оларды қолмен кенелерден тазарту кезінде кенелердегі жұқпаның терінің ашық бөліктеріне түсуі, сырқаттың қаны мен қанды шығындылары арқылы да жұғуы мүмкін. Сондай-ақ, адам бұл ауруды сырқаттарды күту және оларға медициналық көмек көрсету немесе аталған вируспен зертханалық жағдайда жұмыс істеу барысында да жұқтырады. Қанды безгектің жұғу жолдары әртүрлі жүретін, кенет көтерілген қызу мен интоксикацияның үстіне барлық денеге тараған капилляротоксиноз бен геморрагиялық синдромның дамуымен сипатталады. 
Негізгі қоздырғыш тасымалдаушы — вирусты сақтайтын және вирустың көзі болып табылатын кенелердің белгілі бір түрлері. Ал, вирустың негізгі тіршілік ететін ортасы — биологиялық организм — кенелер, бүргелер және олардың табиғи демдеушілері, жабайы не үй жануарлары. Сондықтан да кенеге қарсы дезинсекциялық жұмыстардың көлемін анықтау және оны ұйымдастыру үшін тиісті аумақтағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары мен ұйымдары кенелердің түрлік құрамын, таралуын, олардың санының мау-сымдық өсімін және вирустың табиғи резервуарларын зерделеуі керек. Табиғи ошақ аумағында шөл, шөлейт және жылы климатты далалық жерлерде зоологиялық-паразитотоло-гиялық тексеру жүргізілуі тиіс. 
ры ауру немесе вирусты гепатит –бауырдың кең тараған ауруларының бірі. Оcы сыртқы ортада тұрақты өмірге бейімділігі жоғары кішкентай (майда) тірі организм вирус тудырады. Ол аурудың қаны мен зәрінде болады. Вирус тұрмыстағы ластанған заттар, қол, су, тағам өнімдері арқылы айналадағыларға беріледі.

Информация о работе Билогоиялық қару туралы түсінік