Биологиялық және ландшафттық түрлілік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2015 в 18:29, реферат

Описание работы

Жеке түрлер адамның кінәсінен жойыла бастағанда, алғашқыда оған көңіл аударылмады. Себебі палеонтология көрсеткендей, табиғаттағы көптеген түрлердің жойылып біту процестері байқалып отырған.
Бірақ қазіргі уақытта тіршіліктің алуантүрлілігінің кедейленуі адамзаттың іс-әрекеті нәтижесінде үлкен жылдамдықпен жүріп отыр. Орасан зор территорияларды таза тұқымды, тұқым қуалау қасиеттері біртекті аздаған мәдени өсімдіктер алып жатыр. Табиғи экожүйелер бұзылып, мәдени ландшафтпен ауыстырылуда, практикалық жағынан да биологиялық алуантүрліліктің биологиялық маңызын түсіндірудің маңызы зор.

Файлы: 1 файл

Биологиялық және ландшафттық түрлілік.docx

— 43.45 Кб (Скачать файл)

Қазақстан  Республикасының  білім және ғылым министірлігі

Қарағанды  мемлекеттік  техникалық  университеті

 

 

 

                                                          

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Биологиялық және ландшафттық түрлілік

 

 

 

 

 

 

 

Жетекшісі: Ауелбекова А.Ж.

Студент: Еримов С.Н.

 

 

Қарағанды 2015

 

 

Биологиялық түрлілік


 




Биоалуантүрлілік – тек маңызды шаруашылық ресурсы ғана емес, ол биосфераның тіршілік етуінің шарты болып табылады. рио-де-жанейрода өткен (1992 ж) бұұ конференциясында қабылданған үш арнайы мәлімдемелер мен конвенциялардың екеуі биологиялық ресурстар мен биологиялық алуантүрлілікті сақтаусыз тұрақты даму мүмкін емес екенін көрсетті. биоалуантүрлілік – адамзатты шексіз ұзақ уақыт энергетикалық, техникалық және басқа ресурстармен қамтамасыз етудің жалғыз көзі.жалпы алғанда жердің геологиялық тарихында бір түрлер жойылып, басқалар олардың орнын басып отырған. биосфераның жасы ұлғайған сайын түрлердің саны да артып отырады.адамның геологиялық күшке айналуынан бастап жеке түрлердің жойылу жылдамдығы экологиялық табиғи құбылыспен салыстыруға келмейтін жылдамдықпен жете бастады. егер ертеректе бір түр орташа алғанда 2000 жылда жойылып отырса, соңғы 300 жылда әр 10 жыл сайын жойылып отыр,1600 жылдан бастап омыртқалы жануарлардың 173 түрі (109 құс, 64 сүтқоректілер) және өсімдіктердің 20 түрі жойлып кетті. адамның барлық ірі ауқымды іс әрекеті биологиялық алуантүрліліктің кемуіне әкеледі. осының нәтижесінде бүкіл табиғи белдеулердің де жойылу фактілері белгілі. адам рельефті, өзен аркаларын өзгертеді, батпақтарды құрғатады, ағаштарды кеседі және т.б.экологиялық мәселелерді және биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың бір жолы – қызыл кітап. қызыл кітап – қауіптің жаршысы. қалпына келтірілген түрлер тізімнен шығарылады, нашарланған түрлермен толықтырылады.қазақстанның қызыл кітабінің бірінші томы 1978 ж. жарық көрді. онда сүтқоректілердің 24 түрі мен 7 түр тармағы, 43 құстардың, бауырымен жорғалаушылардың 8 түрі, қос мекенділердің 1 түрі, жыртқыш жануардың 15 түрі, балықтың 4 түрі енгізіліп толық сипатталған.халықаралық бірлестік адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін биосфераның биологиялық алуантүрлілігін сақтауға бағытталған іс әрекетін бір арнаға бағыттауы қажет.

Табиғатта абсолютті түрде ұқсас даралар, популяциялар, түрлер мен экожүйелер болмайды. Тіпті бір жұмыртқадан дамыған егіздердің өзі бір-бірінен ерекшеленеді. Сондықтан жер бетіндегі түрлердің саны өте көп, бұл алуантүрлілік адамзат ақылына сыйлайтын жұмбақ және еш уақытта таусылмайтындай көрінеді.

Жеке түрлер адамның кінәсінен жойыла бастағанда, алғашқыда оған көңіл аударылмады. Себебі палеонтология көрсеткендей, табиғаттағы көптеген түрлердің жойылып біту процестері байқалып отырған.

Бірақ қазіргі уақытта тіршіліктің алуантүрлілігінің кедейленуі адамзаттың іс-әрекеті нәтижесінде үлкен жылдамдықпен жүріп отыр. Орасан зор территорияларды таза тұқымды, тұқым қуалау қасиеттері біртекті аздаған мәдени өсімдіктер алып жатыр. Табиғи экожүйелер бұзылып, мәдени ландшафтпен ауыстырылуда, практикалық жағынан да биологиялық алуантүрліліктің биологиялық маңызын түсіндірудің маңызы зор.

Табиғи бірлестіктер бактериялардан бастап ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан ағаштар мен тірі жануарларға дейін жүздеген және мыңдаған түрлерден құралуы мүмкін. Түрлік алуантүрліліктің жоғары болуы осы күрделі жүйелердің төмендегі қасиеттерін қамтамасыз етеді.

1. Бөліктерінің өзара бір-бірін толықтыруы. Бірлестіктерде қоршаған орта ресурстарын пайдалануда бір-бірін толықтыратын түрлер бірігіп тіршілік етеді. Мысалы, жалпақ жапырақты орманда бірінші белдеудің өсімдіктері жарық ағының 70-80%-ын сіңіріп алады. Екінші белдеуде толық жарықтың 10-20%-ы жеткілікті болатын ағаштар мен бұталар өседі, ал шөптесін өсімдіктер мен мүктер жарық ағының бар болғаны жүздеген 1-2 үлесінің өзінде фотосинтез жүргізуге қабілетті. Бір-бірін толықтыра отырып, өсімдіктер күн энергиясын толық пайдаланады.

Осындай толықтырулар әр түрдің өсімдіктерінің топырақ бетінде таралуы, олардың тамыр жүйелерінің орналасуы, минералдық заттарды толық пайдалануы және т.б. көрінеді.

Жануарлардағы «еңбек бөлінісін» әр түрлердің тамақты, тәуліктік және маусымдық белсенділікті, кеңістікте орналасуды пайдалануынан көруге болады.

Түрлердің өзара бір-бірін толықтыруы, яғни органикалық затты жасушалар мен ыдыратушылар, биологиялық зат алмасулардың негізінде жатыр.

2. Түрлердің бір-бірін ауыстыруы. Биоценоздың кез-келген түрін басқа экологиялық талаптары мен функциялары ұқсас түрлермен алмастыруға болады. Мысалы, қылқан жапырақты ормандағы шыршаның және самырсынның әр түрлі түрлері немесе әр түрлі шалғындықтағы тозаңдандырушы – бунақденелілер.

 
 

Көптеген түрлердің экологиялық орны ұқсас болғандықтан қандай да бір түрдің кемуі немесе жойылуы экожүйе үшін қауіпті емес.

Түрлердің бір-бірін ауыстыруы табиғат жағдайларының үнемі өзгеріп отыруынан болады. Мысалы, шалғындықтарда ылғалды жылдары қысқа, ал құрғақшылық жылы – ұзын тамырлы өсімдіктер басым болады.

3. Реттеушілік қасиеті. өздігінен реттелуге қабілеттілік – күрделі жүйелердің өмір сүруінің негізгі шарты. Өдігінен реттелу кері байланыстар негізінде пайда болады. Теріс кері байланыс принципі дегеніміз – жүйенің қалыпты күйден ауытқуы, оны қалыпты күйге қайтаруға бағытталған күштерді іске қосады. Бұл принцип биоценоздардағы популяция ішілік және түраралық қарым-қатынастардан көрінеді. Жемістердің санының артуы жыртқыштар мен паразиттердің санының артуына алып келеді. Популяцияның тығыздығының бәлгілі бір деңгейден артып кетуі, түрдің ішкі байланыстарын өзгертеді, яғни көбею қабілеті төмендейді немесе кеңістікте даралардың таралуы күшейеді.

Биоценозда түрлердің алуантүрлілігі артқан сайын популяциялар құрылымы күрделенген сайын олардың өздігінен реттелуі жақсы жүреді.

4. Функцияларды қамтамасыз етудің сенімділігі.

Биоценоздың экожүйедегі негізгі қызметі – органикалық затты жасау, оны ыдырату және түрлердің санын реттеу болып табылады. Бұл функцияны көптеген бір-бірін сақтандырушы түрлер қамтамасыз етеді. Мысалы, бунақденелілердің санын көптеген әр түрлі тамақпен қоректенетін жыртқыштар, одан артып кеткенде – арнайы паразиттер, өте жоғары болғанда – инфекциялық ауруларды туғызушылар немесе бәсекелестік қатынастар мен популяция ішілік өзара әсерлердің күшеюі реттеп отырады.

Өсімдік ұлпаларындағы күрделі және берік компонент – целлюлозаны ыдыратуды маманданған бактериялар, әр түрлі зең саңырауқұлақтары, ұсақ топырақ кенелері – сапрофагтар, бунақденелілердің дернәсілдері, жауынқұрттары және басқа да ішінде бұл процеске қажет ферменттері бар жануарлар да жүзеге асыра алады.

Экожүйелердегі түрлердің алуантүрлілігі олардың тіршілік қызметінің сенімділігін қамтамасыз етеді.

Биологиялық алуантүрлілік – Жердегі тіршіліктің тұрақтылығының басты шарты. Осы алуантүрлілікке байланысты Жердегі тіршілік миллиардтаған жылдар бойы сақталып келеді.

Геологиялық тарихтың қиын кезеңдерінде көптеген түрлер жойылып, алуан түрлілік төмендеген, бірақ материктер мен мұхиттардың экожүйелері бұл апаттарды басынан өткізді. өмір жалғасып отырды. Жаңа түрлер пайда болды және олар энергия айналымдағы жойылған түрлердің орнын басып отырды.

Сондықтан табиғи антропогенді жүйелердің тұрақтылығына нұқсан келтіретін биологиялық алуантүрліліктің төмендеуіне жол бермеу керек.

 


Ландшафттық түрлілік

Ландшафт (нем. land — жер, schaft — өзара байланысты білдіретін жұрнақ) терминін орыс ғалымы Л.С. Берг енгізген. Географиялык ландшафтқа тән негізгі көрсеткіштер қатарына аумақтың біркелкі сипаты, құраушыларының біртекті ұштасуы, құрылымының кешенді сипаты мен біртұтастығы, тұрақтылығы, зат және энергия алмасуының біртектестігі жатады. Географиялык ландшафт терминінің “тарихи қалыптасып, біртұтастығын сақтай отырып, ұдайы дамитын табиғат кешені” немесе “табиғи геожүйе” деген де анықтамасы бар. Ландшафтар типке, тип тармағына және түрге жіктеледі. Ландшафтарды жіктеуде жылу және ылғалмен қамтамасыз етілу жағдайлары, геоботан. белгілері ескеріледі. Жер шарындағы барлық ландшафтардың жиынтығын ландшафтық сфера деп атайды. Ландшафтық түсірімдер нәтижесінде әр түрлі масштабтағы ландшафтық карталар жасалынады. Қазіргі кезде Географиялық ландшафттардың матем. моделі жасалынып, олар жайлы мәліметтер компьютерлік өңдеуден өткізіледі. Адам әрекетінен өзгерген ландшафт антропогендік (жасанды) ландшафт деп аталады.

Географиялық ландшафт - геожүйе түрлерінің бірі. Барлық негізгі құрамбөліктері: бедер, климат, су, топырақ, өсімдіктер менжануарлар дүниесі өзара күрделі әрекетте және өзара шарттылықта болып, біртұтас үздіксіз жүйе құрайтын табиғи географиялық кешен. Ландшафттануда географиялық ландшафтының бірнеше топтық анықтамалары қалыптасты. Қоғамдық іс-әрекетте географиялық ландшафтының жүйенің ресурс өндіруші, орта құрушы және генетикалық қорды сақтаушы жүйе ретінде және табиғи ресурстарды жайғасты пайдалану мен қоршаған органы қорғаудың ең басты нысандарының бірі ретінде көрінеді.

Қазақстан жеріне орманды дала зонасының тек оңтүстік шеткі жазықтары сүйірленіп кіреді. Жазық далада шоқ – шоқ болып ормандар өседі. Қазақстанда орманды дала зонасы Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының азғана бөлігін алып жатыр. Орманды дала зонасының ландшафтылары Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Көкшетау, Павлодар облыстарында тараған, оңтүстік шекарасы Қостанай және Көкшетау қалаларының ендіктері бойынша өтеді, жалпы көлемі 1 млн га, Қазақстан территориясының 0,4 проценті. Бұл жердің тектоникалық құрылымы жер қыртысының мезозойға дейінгі қатпарлану кезінде түзілген, мезокайнозойлық тарихы жас платформалық жазықты жағдайда өтуде. Қазіргі жер бедері тегіс, жазық, ал оңтүстігінде ежелгі таулардың ұсақ шоқылы жұрнақтары сақталған қырат. Жер бедері кешендерінің пішіндері мен топырақ қабатын түзуші жыныстары аллювилі мен көлтабанды – аллювилі саздақтан ұсақ құмнан тұрады. Топырақ пен грунт қабаты ылғалға көп мөлшерде қаныққан, көбіне гидроморфты болып келеді. Бұл зонаның климаты қоңыржай континентті, 10 С- тан жоғары ауа температурасының жылдық қосындысы 1950-2200 С, жылдық жауын – шашынның орташа мөлшері 300 – 350 мм, ылғалдану коэффициенті 0,77 – 0,56. Өніп - өсу кезеңінің ұзақтығы 120 – 145 күн, қуаңшылық жылдардың қайталануы 20 – 30 процент. Мұнда Батыс Сібірдің орманды дала ландшафтысының қазақстандық нұсқасы дамыған. Ол суффузиялық немесе ежелгі көлтабандық дала ойыстарында өсетін орман шоқтары тегіс және жазықтағы дәнді шөптесін мен әр түрлі шөптесіннен тұрады.24 Өзендері түгелдей дерлік еріген қар суымен толығады. Ертістің, Еділдің, Тобылдың және басқа бірқатар ірі өзендердің суы халықтың тұрмыс қажеті үшін ғана емес, өнеркәсіп мақсаты үшін де пайдаланылады.

Дала зонасы Қазақстанның біраз территориясын, яғни республика жер көлемінің 26 процентінен астамын алып жатыр. Дала зонасы орманды дала зонасының оңтүстігінен басталып, батыстан шығысқа қарай 2200 км – ге созылған кең алқапты қамтиды, шамамен 540 - 500 с.е. аралығында орналасқан. Дала зонасы Батыс Сібір жазығының оңтүстік шеті, Торғай үстіртінің солтүстігі, Мұғалжар тауы бүтіндей дерлік, Жалпы Сырттың сілемдері, Каспий маңы ойпатының солтүстік шеті, орал етегі, Жем үстірті, Сарыарқаның солтүстігі және орталық аудандары жатады.Бұл жердің тектоникалық құрылымы мен геологиялық құрылысы әр түрлі болыа келеді.Орал, Мұғалжар тауларына дейінгі батыс бөлігі ежелгі платформаның плиталық жазығынан тұрады.Мұнда дала ландшафтысын теңіз табанды саз балшықты, борлы жыныстардың негізінде қалыптасқан. Орал,Мұғалжар тауларының шығысында жатқан далалар жас платформаның шитті және плиталы жазықтарында дамыған. Олар теңіздік және құрлықтық жағдайда қабаттасып, қаттасқан лесс тәрізді саздақтан, қиыршық тасты саздақтан және сазды жыныстан түзілген. Жер бедері әр түрлі болып келеді.Тектоникалық құрылымына қарай жер бедері ойпатты, қыратты, үстіртті болып ажыратылады. Сарыарқада ежелгі таулардың ұсақ шоқылыжұрнақтары кездеседі. Жер бедерінің барлық деңгейінде де қуаң және құрғақ континентті климат қалыптасқан. Жазы ыстық және құрғақ келеді, ал қысы қатаң, қары аз болады. Қаңтардың орташа температурасы 160 – 180 , шілде айында солтүстігінде +18 –тан, оңтүстігінде +23 0 – қа дейін жетеді.Жылына 300 мм- ге дейін жауын – шашын түседі, бірақ мұның мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай азая береді. Климат жағдайлары егін шаруашылығымен шұғылдануға толық мүмкіндік береді. Дала зонасы өзендерінің суы аз болады. Зонаны Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Нұра және бірнеше шағын өзендер кесіп өтеді. Олардың жылдық ағысының 80 проценті көктемгі су тасу кезінде ағып өтеді. Егін шаруашылығы мен өнеркәсібі дамыған бұл аудандарда су әлі де болса жеткіліксіз. Сондықтан да бөгендерде су жинап, оны су құбырлары мен каналдар арқылы пайдаланады.

Қазақстанның шөлейт жерлері дала мен шөл зоналары аралығында орналасып, Жайық жағасынан Алтай тауларына дейін 2900 км – ге созылған.Ол республиканың барлық территориясының 14 процентін алып жатыр.Зонаның оңтүстік шекарасы 48 0 с.е. бойымен өтеді. Негізінен Каспий маңы ойпатының солтүстігінде, Орал алды үстіртінің, Торғай төрткүлді жазығының және Сарыарқаның оңтүстігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Торғай, Қостанай, Жезқазған, Қарағанды, Семей облыстарының территориясында тараған. Жер бедерінің кешендерін теңізтабанды, көлтабанды, аллювийлі, эолды, пролювийлі, денудациялы жазықтар мен ұсақ шоқылы тау жұрнақтары түзеді. Шөлейттің климаты құрғақ,тым континентті.Жауын – шашын аз,жылдық жауын – шашынның мөлшері 180 мм – ден 300 мм аралығында.Көктемнің аяғы мен жаздың басында жауын – шашын мол түседі,қысқы жауын – шашын өте аз. Жаз барлық жерде ыстық.Шілденің орташа температурасы -15 – 17 0,ең төменгі температура зонаның шығысында (-50 0)байқалады.Шөлейт зонасында жазда өзендердің көбінің суы тартылып,кеуіп кетеді.Тұрақты ағатын ең ірі өзендері – Ойыл, Жем, Торғай, Сарысу, Аягөз. 3 мыңнан астам көл бар.Олардың көпшілігінің суы кермек немесе ащы болады. Шөл дала зонасында даланың,әрі шөлдің өсімдіктері таралған.Өсімдік жамылғысы негізінен бетеге,жусан,түймедақ,боздан құралады.Кейде жусан көлемді жерлерді алып жатады.Мұндай жерлердің түсі біркелкі ақшыл болып көрінеді.Кей жерлерде жусанның арасында изен, ебелек,теріскен,көкпек өседі.Еспе суы жер бетіне таяу жатқан сортаңды жерлерде ши өседі. Ұлытау, Шыңғыстау және тағы басқа жоталардың аңғары арасында долана,мойыл,итмұрын,қарақат,таңқурай өседі. Таулы – төбелі гранитті Қызыларай сілемі – шөлейттегі әсем жазираның бірі.Осы жерде қарағай ормандары өседі. Жазықтар мен ұсақ шоқылардың аралықтарында сортаң және сор жерлерде кездеседі.Сор жерлерде өсімдік өспейді,тек оның шет жағалауларында ғана сортаң өсімдіктер өседі.

Шөлді ландшафтылары Қазақстандағы жазықты аймақтардың оңтүстігіндегі Каспий маңы ойпатында, Маңғыстауда,Үстіртте, Арал маңында, Қызылқұмда, Мойынқұмда, Бетпақдалада, Балқаш маңында тараған.Жалпы көлемі 117 млн. га немесе республика территориясының 44%. Бұл жердің тектоникалық құрылымы мен геологиялық құрылысы өте күрделі болып келеді.Батыс бөлігі палеозойға дейінгі плиталық платфрормада , орталық бөлігі жас эпигерциндік плиталық платфоамада, шығыс бөлігі палеозойлық қатпарлы – жақпарлы орогендік құрылымда орналасқан.Жер беті түгелдей мезокайнозойлық шөгінді жауып жатыр. Қазіргі жер бедері мен ландшафт түзуші жыныстарының литогендік құрамдары әр түрлі болып келеді.Жер бедері теңізтабанды, көлтабанды, аллювийлі тегіс ойпаттан, эолды, аридті – денудациялық қат – қабатты және тұғырлық жазықтан тұрады.Жер бедерінің пішіні мен топырақ қабатын түзуші жыныс саз балшықты, саздақты, құмды, кесек тасты және қиыршық тасты болып келеді.Саз балшықты теңізтабанды жазықтар Каспий маңы ойпатында, Үстіртте, Бетпақдалада тараған.Бұл жерде топырақ пен өсімдік жамылғысы нашар дамыған.Тақыр жер көп кездеседі.Тастақты шөл Бетпақдаланың шығысында, Маңғыстауда тараған.Жер бетіне жар тастар мен өорым тастар шығып жатады.Шөлді ландшафтыларында климат құрғақ континентті болып қалыптасқан.Жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері 200 мм – ден 100 м – ге дейін ауытқиды.Ылғалдану коэффициенті 0,22 – 0,10. Экологиялық жағдайдың маусымдық ырғағы жануарлар тіршілігінің негізгі факторы болып саналады.Олардың көптеген түрлері қыс және жаз айларында ұйқыға кетеді.Қазақстан шөлдерінде тіршілік ететін жануарлардың ландшафтты түрлеріне кіші сарытышқан, зорман, түлкі, қарсақ, қарақұйрық, шағыл мысығы, қара құс, қаршыға, тасбақа, шұбар жылан, қарақұрт тағы басқалары жатады.

Информация о работе Биологиялық және ландшафттық түрлілік