Биосфера тұрақсыздығының шығыуындағы антропогендік фактордың әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 09:50, реферат

Описание работы

Биосфера (гр. биос—тіршілік, өмір, гр. сфера — шар) — бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады. Биосфера — құрамы, құрылымы және энергетикасы, негізінен, тірі ағзалардың қарекетімен байланысты Жер қабығының (сферасының) бірі. Биосфера ұғымы "географиялық қабық" ұғымына жақын. Заттар мен энергия алмасуының курделі биохимиялық циклондарымен өзара байланыстағы атмосфераның жер беті бөлігін, гидросфераны және литосфераның үстіңгі бөлігін қамтиды. Биосфераның жоғарғы шекарасы атмосферада 30 км биіктікке дейін, төменгі шекарасы құрлықта жер бетінен 4— 5 км терендікте,

Файлы: 1 файл

11-СӨЖ.docx

— 65.51 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым Министрлігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

 

 

 

 

 

СӨЖ

 

Тақырып: Биосфера тұрақсыздығының шығыуындағы антропогендік фактордың әсері .

 

 

 

 

 

Орындаған:Исина Б.Гг-21

Тексерген:Нұрғалиева З.Ж.

 

 

 

 

Астана қаласы 2013 жыл

 

   Биосфера (гр. биос—тіршілік, өмір, гр. сфера — шар) — бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады. Биосфера — құрамы, құрылымы және энергетикасы, негізінен, тірі ағзалардың қарекетімен байланысты Жер қабығының (сферасының) бірі. Биосфера ұғымы "географиялық қабық" ұғымына жақын. Заттар мен энергия алмасуының курделі биохимиялық циклондарымен өзара байланыстағы атмосфераның жер беті бөлігін, гидросфераны және литосфераның үстіңгі бөлігін қамтиды. Биосфераның жоғарғы шекарасы атмосферада 30 км биіктікке дейін, төменгі шекарасы құрлықта жер бетінен 4— 5 км терендікте, Дүниежүзілік мұхитта ең терең ойыстың түбімен өтеді. Биосфераның негізгі функциясы — Күн энергиясын фотосинтездейтін ағзалардың пайдалануын және бүкіл тіршілік процестерінің динамикасын қамтамасыз ететін энергия мен заттардың биологиялық айналысы. Биосфера терминді  1875 жылы бірінші рет Аустрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50% -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады

 

 

Биосфера.

 

 

Биосфера  негізінен үш қабаттан құрылады:

1.атмосфера (газ күйіндегі);

2.гидросфера (су);

3.литосфера (қатты) қабаттар.

Биосфераның бөлімдері:

1.Тропосфера

2.Гидросфера

3.Литосфера

4.Ноосфера

 

Биосфера  және адамзат.

  1926 жылы орыс ғалымы В. И. Вернадский биосфера туралы ілімді негіздеп, оның анықтамасын ұсынды. В. И. Вернадский бойынша биосфера деп ғаламшарымыздағы барлық тіршілік дүнниесі мен олардың арасындағы өзара зат және энергия айналымы тұрақты жүзеге асатын жердің ерекше қабығын атайды. Биосфера атмосфераның төменгі бөлігін, гидросфераны жаие литосфераның жоғарғы қабаттарын қамтиды. Тіршілік дүниесінің өнімдері олардың тіршілік ортасы шеңберінен шығып, кеңістік бойынша мейлінше емін-еркін таралады. Сондықтан тіршіліктің таралу аймағы мен биосфераның шекарасымен берлық жерде бірдей сәйкес келе бермейді. Тірі азғалар атмосфераның төменгі бөлігінде, әсіресе 100 м биіктікке дейін өте тығыз орналасады. Бірақ жыртқыш құстар биікке еркін көтеріледі, мәселен, кондор 7 км биіктікке көтеріле алады. Ал жоғары көтерілген ауа толқыны микроағзаларды, бактериялар мен әртүрлі спораларды 10 км биіктікке дейін көтереді. Тірі органикалық таралу мүмкіндігін ескере отырып, биосфераның жоғарғы шекарасын озон қабаты (25—30 км), төменгі шекарасын Дүниежүзілік мұхиттағы ең терең мұхит шұңғымаларының табаны арқылы жүргізеді.

Литосфера, гидросфера, атмосфераны көрсететін Жердегі белгілі сурет.

 

 

 

Биосферадағы алғашқы шегіністер.

 

Тіршіліктің биосферада пайда болғанына ғалымдардың есебі бойынша 5-6 миллиардтай жыл өтті. Ұзақ созылған бұл жылдар ішінде бір клеткалы қарапайым ағзалардан құрылысы да, түр өзгешілігі де сан алуан өсімдіктер мен жануарлардың таңғажайып түрлері пайда болды. Биосфера тармақ жайған тіршілік атырабына қожа болғандықтан иені жаратуға асыққан жоқ. Ақыры ол да пайда болды. Оның пайда болғанынан 1,5 млн жыл уақыт өтті. Бұл кезде оның үлесіне биосфера жануар әлемінің 4 миллионынан астам, өсімдіктердің 500 мыңнан астам түрлерін сый еткен. Биосферада тіршілік пайда болғаннан бері қалыптасқан соншама бай түр иелерінің бәріне ортақ заң ережелері тым қатал еді.

Адам өз биосферасына сай қоғам құра бастағанына 10 мың жылдай ғана темір мен пайдалы қазбалардың пайдалана бастағанына 4-5 мың жыл өтті. Биосфераның шексіз емес, шар тәріздес екенінің дәлелдегенінен 5 ғасыр, биосфералық өзгертуге техникалық құралдардың пайдалана бастағанына 3-4 ғасырдай, реактивті двигательді игергеніне 40-50 жылдай уақыт, ол биосфераның планетасының көлемін алыстан алақанға салып қарағанда үлкен емес екендігі байқалды. Мұндай құбылысты тек 1958 жылдан бері қарай біле бастады. Бірінші рет жер бетінен ұзап шыққан адамзат баласы бірінші рет Гагарин Космоста «Біздің жеріміз қандай әсем» - деп айқайлады. Әрине алыстан сұлу көрінген жеріміз өз ортасында тым көркем.

 

   Биосфераның ластануы — адамның іс-әрекетінің нәтижесінде биосферада зиянды заттар мөлшерінің көбеюі, жаңа химиялық қосылыстардың пайда болуы, температураның көтерілуінен климаттың өзгеруі. Негізгі себептері: өнеркәсіптің (энергетика, транспорт, т.б.) тез қарқынмен дамуы, ауыл шаруашылығы мен күнделікті тұрмыста химиялық жетістіктерін кеңінен пайдалану, халық санының өсуі және урбанизациялану (қалалардың өсуі).Кен қазындыларын өндіру кезінде жер қойнауынан жылына 100 млрд. т тау жыныстары алынады. Оның 10%-і ғана іске асады да, 90%-і жарамсыз қалдықтарға айналып жер бетін ластайды. Жыл сайын шартты түрдегі 1 млрд. т отын жағылады, атмосфераға 20 млрд. т СО2, 300 млн. т СО, 50 млн. т NO,150 млн. т SO2, 5 млн. т H2S, 400 млн. т-ға жуық күл, түтін, шаң-тозаң түседі. Ал гидросфераны 600 млрд. т-дай өндірістік және тұрмыстық ағын сулар ластайды. Мұнай өндіру және мұнай өнімдерін тасымалдау кезінде әлемдік мұхитқа 10 млн. т-ға жуық мұнай өнімдері төгіледі. Бұл ондағы тіршілікке үлкен зиян келтіреді. Жыл сайын топыраққа 100 млн. т-дай минералды тыңайтқыштар сіңіріледі.Биосферада жыл сайын түзілетін жүздеген мың т әр түрлі жаңа химиялық қосылыстардың көпшілігі биологиялық және физиологиялық жолмен ыдырамайды. Биосферада ыдырамайтын заттардың шамадан артық жинақталуынан (мысалы, пестицидтер, полихлордифенилдер, т.б.) және табиғи ыдырау механизмдері немесе сіңіру қабілеті бар заттардың әсерінен (тыңайтқыштар, ауыр металдар, т.б.) табиғи жүйелер мен олардың биосферадағы байланыстары бұзылады. Биосферадағы зат айналымына бірнеше млн. т хлорорганикалық қосылыстарды енгізу, бір жағынан, жануарлардың (әсіресе, балықтар мен құстардың) көптеген түрлерінің жойылуына, ежелден қалыптасқан трофикалық тізбектердің үзілуіне, соның нәтижесінде биоценоздардың бұзылуына әкелсе, екінші жағынан, ұсақ жәндіктер мен микроорганизмдердің (космополит организмдердің) шамадан тыс көбеюіне соқтырды. Ағаш және қазба отындарды (тас көмір, мұнай) негізгі қуат көзі ретінде пайдалану атмосфераның зиянды газдармен және шаң-тозаңмен ластануының басты көзі болып табылады.Соңғы жылдары атмосферадағы қорғаныштық рөл атқаратын озон қабаты жұқарып, кейбір аймақтарда (мысалы, полюстерде) “озон ойықтары пайда бола бастады. Олардың пайда болуына өндірістерден бөлінетін N, Cu, Fe, Mn, Cl, F, Br оксидтері мен ғарыш кемелерін ұшыру әсер етеді. Әсіресе, метан, этан, пропанның хлорлы және фторлы туындыларын (фреондар) өнеркәсіпте кеңінен пайдалану — озон қабатының жұқара түсуіне үлкен әсерін тигізіп отыр. Ал озон қабатының бұзылуы — Жер бетіндегі бүкіл тіршілікке үлкен зиян. Азот тотықтары мен күкірттің сумен қосылыстары “қышқылды жаңбыр” жаудырып, биосфераға орасан зор қауіп төндіруде. Биосфера ластануының тағы бір қауіпті де қатерлі көзі — қоршаған ортада радиоактивті қалдықтардың жинақталуы және АЭС апаттары.

  Биосфераның радиоактивтік ластануы— қоршаған табиғи ортадағы радиоактивтік заттектер құрамының қалыпты деңгейден асып кетуі. Бұл табиғи және антропогеңдік факторлардан болады.

  Антропогендік ластану — адамның шаруашылық іс-әрекеті салдарынан болатын ластану; мұндайда табиғи ластанудың құрамы мен қарқындылығына оның тікелей де, жанама да ықпалы қосылады. Соғыс өнеркәсібіне байланысты антропогендік ластану өте апатты болып келеді. Атом қаруы қолданылатын соғыстың зардаптары "ядролық қыс" апокалипсисіне апарып соғуы мүмкін. Ол да шектен асқан антропогендік ластану салдары болып шығады. Биосфераның радиоактивтік ластануының табиғи факторларына ғарыштық сәулелену, литосфераның радиоактивті элементтері; антропогендік факторларына радиоактивтік кендерді өндеу, радионуклидтерді шаруашылықтың әр түрлі салаларында қолдану, АЭС-тегі және кәсіпорындардағы апаттар, ядролық-техникалық қондырғылар, бейбіт мақсаттағы ядролық жарылыстар, ядролық қаружарақты сынау және т.б. жатады. Мысалы, АЭС-те апат кезінде ортаның радионуклидтермен (стронций-90, цезий-137, церий-141, йод-131, рутений-106, т.б.) ластануы бірден артады.

 

1940—1980 жылдар аралығында дүние жүзінде ядролық қару 1349 рет сыналып, соның салдарынан қоршаған ортаға радионуклидтердің едәуір мөлшері түсті. Арктиканың Жаңа Жер топаралында 1950 жылдардың соңында атмосферада және су астында 90 ядролық жарылыс болды. Бұл топарал маңында радиоактивтік қалдықтары бар 11 мың контейнер суға батырылды. 1960 жылдардан бастап Каспий маңында бейбіт мақсатта (мұнай өңдіруді арттыру, тұзды күмбездерде жер асты қуысын жасау, т.б.) 50-ге жуық жер асты ядролық жарылысы. болды. Қазіргі кезде АТЭНХА моліметтері бойынша дүние жүзінде 430-ға жуық АЭС бар, олардың электрлік қуаты 320 гВт-ты құрайды. Жұмыс жасап тұрған реакторлар саны Америкада 110. бұрынғы Кеңестер Одағында — 46, Францияда — 55, Англияда — 39, т.б. Алайда атом энергетикасын дамытуда Франция жетекші орын алады. 1986 жылы Чернобыль АЭС-інде болған апат өзінің жалпы зардабы жағынан адамзат тарихында ең ірі экологиялық апат болды. Атмосфераға шығарылған радиоактивтік заттектердің жалпы қосындысы 77 кг .Шығарылған радиоактивтік заттектердін 70%-ы Беларусь аумағына таралды,ластанған аудан 160 мың км² болды. Радиациядан 9 млн-ға жуық адам зардап шекті. Радионуклидтермен Дунай, Днепр, Днестр, Дон, Еділ өзендерінің алаптары және Киев, Каневск, Каховск су бөгендері ластанды.

Сонғы он жыл ішінде биосфераға    адам    қолымен жасалған  бұрын белгісіз болып келген    жаңа    заттар барған сайын кәптеп түсуде.  Олардың көпшілігі   өте тұрақты және биосфера заттарының табиғи айналысынан келіп түседі. Мұндай заттардың жиналуы    табири процестердің барысын бұзады, экологиялық жағдайларды нашарлатып, бірқатар жағдайда территориялык жэне аквальдық   кешендердің   бұзылуьша   септігін   тигізеді. Осының бәрі адамды ойландырады, табиғатқа деген срекше көзқарасты қажет етеді. Нәтижесінде табиғатты корғау қажет деген орынды сұрақ туады.


Информация о работе Биосфера тұрақсыздығының шығыуындағы антропогендік фактордың әсері