Ботаника курсында экологиялық білімді қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2015 в 15:33, реферат

Описание работы

Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің тізімімен шектелмейді.Биота туралы түсінік алу үшін өсімдіктер жабынының алуантүрлілігі туралы білу керек.Өсімдіктер жабынын өсімдіктер кауымы ретінде инвентаризациялауга территорияның кен байтактыгына және табигаттын алуантурлілігіне байланысты өте күрделі. Биологиялық алуан түрлілік конвенциясы — биологиялық алуан түрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық келісім.1992 жылы 22 мамырда Найробиде өткен БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының конференциясында қабылданды.

Содержание работы

1.Өсімдіктердің биологиялық алуантүрлілігі.
1.1 Өсімдіктердің жер бетінде таралу ерекшеліктері.
2.Өсімдіктердің ғарыштық ролі
3. Абиотикалық және биотикалық факторлардың өсімдіктерге әсері.
4. Өсімдіктер экологиясы.
5. Антропогендік іс-әрекет.
7. Өсімдіктер дүниесін қорғау.

Файлы: 1 файл

Ботаника (2).docx

— 33.59 Кб (Скачать файл)

4.Өсімдіктердіктер экологиясы

Өсімдіктер экологиясы — өсімдіктердің өзара және ортамен қатынастарын зерттейтін экологияның және ботаниканың бөлімшесі.

Орман қоры.

Орманның адам мен жалпы биосфера үшін маңызы өте зор. Мамандардың есебі бойынша, 1 га орман жылына 10 т шамасындағы көмірқышқыл газын сіңіреді.

Қазақстанда орман қоры шамамен 21,8 млн га жерді алып жатыр, яғни республикамыздың барлық жерінен 3,35%-ын құрайды. Біздің өлкеміздің ормандар жүйесі, негізінен, солүстік және шығыс аймақтарда шоғырланган. Ормандардың бірнеше типтері бар. Олар - сексеуіл, қарағай, шырша, самырсын, қайың ормандары мен тоғайлар мен бұталар.

Орман қоры Жер шары бойынша жылдан-жылға қысқара түсуде. Қазақстан ормандарының да жағдайы нашар. Оның негізгі себептері - адамдардың іс-әрекеті, өрттер, ауа райының өзгеруі мен қоршаған ортаның ластануы.

Орманның ылғал сақтаудағы рөлі зор. Топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су теңгерімін тұрақтандырады. Ылғал мол жерде өсімдік жамылғысы жан-жануарлардың көбее түсуіне ықпал етеді. Ал орманды алқаптар, жерасты сулары мен өзендер мен көлдерді қоректендіреді. Орман аң мен құстың мекені, дәрі-дәрмек, жеміс-жидек алынатын өсімдіктердің панасы әрі қолайлы тіршілік ортасы болып табылады.

Ормандардың егістік алқаптарын қорғаудағы рөлі де зор. Орман бар жерлерде топырақтың су және жел эрозиясы болмайды. Ал ормансыз жерлердің топырағы кеуіп шөлге, тақырларға айнала бастайды. Ағаштарды қар тоқтату үшін де отырғызады. Орманның ауа алабын тазартатын қасиеті де бар. Мысалы, 1 га орман бір күнде 220-280 кг көмірқышқыл газын сіңіріп, 180-200кг оттекті бөліп шығарады. Яғни, ауаның газдық құрамын тұрақтандрып отырады.

Орман, сонымен бірге денсаулық сақтау орны. Сондықтан шипажайлар мен сауықтыру кешендерінің, т.б. демалыс орындарының тек қана ормандар бар жерлерде салынуы тектен-тек емес.

Орман ресурстары.

Табиғи ресурстардың маңызды түрлерінің бірі – орман ресурстары. Орман ағаштарын кесіп, отынға, құрылыс материалы үшін пайдалануды тежеу керек. Қазірдің өзінде Іле Алатауы шыршасы, самырсын, шетен, ырғай , тораңғы, долина, шырғанақ , емен, т.б. ағаштар қорғауды қажет етіп отыр. Әсіресе орман ағаштарын кесу қауіп туғызуда. Орманды қорғаудың ең маңызды саласы – жасанды жолмен орман қорын көбейту. Жыл сайын орман шаруашылығы мыңдаған түп ағаштар отырғызады. Осылайша ормандарды қалпына келтіру жүзеге асырылады. Орманды қорғау мен қалпына келтіруге көпшілік араласуы керек.

Ораманды жерлерге саяхат жасағандағы ең қауіпті нәрсе – өрт. Өрт көбінесе адамдардың отты шала сөндіру , сіріңкені, темекіні сөндірмей тастау және т.б. ағат істерінен болады. Орман өрті – өте қауіпті. Әсіресе қылқын жапырақты орман өртін сөндіру қиынға соғады. Өйткені орман ағаштарының шымтезекке айналған қалдықтарының өртенуі айларға созылып кетеді. Жыл сайын көптеген ормандар, тоғайлар өрт құшағына оралады. Дүние жүзінде болып жататын өрттердің 97%-ына адам кінәлі. Кейбір тропиктік ормандардағы өрттер 2-3 айға созылып ұлттық қауіп-қатерге айналады. Сондықтан орманды сақтау – баршаның міндеті. Орманның өрттен басқа да жаулары бар. Олар – орман зиянкестерімен химиялық және биологиялық күрес жолдары, түрлі зиянкестер үшін улы химиялық заттарды қарсы қолдану. Бұл, әрине, қоршаған орта үшін, барлық тірі организмдер үшін қауіпті. Химиялық заттарды қолдану тәртібін қатаң сақтау керек. Ал биологиялық күрес дегеніміз – орман зиянкестерінің табиғи жауларын өзіне қарсы қойып, оларды жойып жіберу. Бұл күрес жолының болашағы зор. Зиянкестердің табиғи жаулары, негізінен, құстар, жыртқыш жәндіктер, ауру туғызатын паразиттер, т.б. көзге көріне бермейтін пайдалы жәндіктер болып табылады.

Табиғи жайылымдар.

Қазақстан орманға ғана емес, табиғи жайылымдарға да бай ел. Өсімдіктің біздің жерімізде 5700-дей түрі өседі. Оның 500-ден астам түрі қорғауды қажет етеді. Сирек кездесетін өсімдіктерді сақтап қалу үшін 1981 жылы Қызыл кітап ұйымдастырылды. Оның мақсаты - жойылып бара жатқан өсімдіктерді есепке алып, оларды сақтап қалу. Ол үшін көптеген мемлекеттік шаралар жүргізілді. Солардың бірі- сиреп бара жатқан өсімдіктер ( таушымылдық, аққызғалдақ т.б.) өскен жерлерді адам қамқорлығына алып, қорықтар ұйымдастырылды.

Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға көп көңіл бөліне бастады. Қазірдің өзінде 10 мемлекеттік табиғи қорық, 9 ұлттық саябақ, 49 табиғи қорықша, 26 табиғат ескерткіші бар. Ал Алматы, Шымкент, Қарағанды, т.б. ірі қалаларда ботаникалық бақтар жұмыс істейді. Осының бәрі сирек кездесетін өсімдіктерді қалпына келтіру жұмыстарына жатады. Көптеген аймақтарда жастардың белсенділігі нәтижесінде "Жас орманшылар", "Жасыл ел", "Жас эколог", "Жас натуралистер" ұйымдары жұмыс істейді. Олар- еліміздегі орман шаруашылығының белді көмекшілері.

Сирек кездесетін және дәрілік өсімдіктер.

Сирек кездесетін және дәрілік өсімдіктерді де қорғау – баршаның ісі. Біздің жеріміз дәрілік өсімдіктерге өте бай. Олар көбінесе Іле Алатауы, Жетісу (Жоңғар ) Алатауы, Алтай таулары мен Қаратау жоталарында көп шоғырланған. Әсіресе алтынтамыр, маралоты, дәрмене жусан, қылша , шайқурай, жалбыз, тартар жапырақ , түймедақ, мыңжапырақ, тау жуасы, сарымсақ, тасжарған, Алтай рауғашы, қызыл жидек, орамалы сасыр, т.б. өсімдіктердің медицинадағы рөлі өте зор. Олар дәрі дәрмек жасайды. Елімізде Шымкент қаласында дәрі – дәрмек жасайтын зауыт бар.

Қазақстанда дәрілік өсімдіктермен қатар сирек кездесетін сәндік мәні бар өсімдіктердің де түрлері көп. Олардың саны да азайып барады. Мысалы, Қаратау аймағында өсімдіктердің 1500-дей түрі өседі екен. Сондықтар болар Қаратау өсімдіктердің «Меккесі» деп аталады. Осындай табиғаттың тамаша жерлері көп-ақ. Бірақ та табиғи ортаның ластануы, жайылымдардың тозуы сирек кездесетін өсімдіктерді де ығыстыруда. Қазір кең-байтақ даламыздан қызғалдақтардың көптеген түрлері, қызыл адыраспан, сөгеті сасыры, Іле бөріқарақаты, Іле ұшқаты, жаған шырша, Алтай қасқыржидегі, кәдімгі пісте, жіңішке көкнәр, алмұртшөп, сарытұңғиық, шықшөп, меруертгүл, жабайы жүзім, т.б. бірте-бірте жойылып барады. Оларды қорғау да біздің міндетіміз.

Республикамыздың шөл-шөлейтті аймақтарында орналасқан Мойынқұм, Тауқұм, Сарыесікатырау, Жалппаққұм, Қызылқұм сияқты ерекше құм жоталары бар. Олардың бәрі тұнып тұрған өсімдіктер ортасы болса, екіншіден жайылым қоры болып саналады. Бірақ сынақ полигондары мен жел эрозиясына ұшыраған жердің аумағы 25 млн га-ға жетіп отыр. Осыған орай біз шұрайлы жайылымдар қорын сақтап қалу үшін осы жерлерді ерекше қорғалатын аумақтарға жатқызып, қамқорлыққа алуымыз керек.

5.Антроплгендік  фактор.

Антропогендік фактор (грек. anthropos – адам, genos – тегі, пайда болуы, лат. factor – іс-әрекет) – адамның барлық тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері. Антропогендік факторға қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде атмосфера, өзен-көл және мұхит құрамының өзгеруі, сондай-ақ технология қалдықтар мен радиоактивтік заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп, жалпы экожүйенің құрамы мен құрылысының бұзылуы жатады. Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда. Бүкіләлемдік бақылау институтының (АҚШ, Вашингтон қ.) мәліметтері бойынша табиғи орта жылдан-жылға нашарлап барады. Интернет жариялаған негізгі мәліметтерде жыл сайын 16,8 млн. га тропиктік ылғалды орман жойылатыны, жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан жыл сайын 6 млн. га шөл пайда болатыны, қышқыл жаңбырдан 50 млн. га орманның зақымдалғаны, жыл сайын біздің планетамызда жыртылатын жердің 26 млрд. т құнарлы қабаты жойылатыны, өсімдіктердің 25 – 30 мың түрі жойылып кету қаупінде тұрғаны атап көрсетілген. Кейінгі кезде атмосфераға жыл сайын 400 млн. т күкірт диоксиді, азот және көміртек оксид|оксидтері, қатты бөлшектер шығарылатыны анықталды. Қазақстанда Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқаш маңының, Каспий алқабының экол. апатты аймақтарға айналуына Антропогендік факторлар негіз болып отыр.

Өсімдіктерді қорғау.

Өсімдіктер биосферадағы заттар мен энергия алмасуында басты рөл атқарады. Басқа тірі организмдердің тіршілік әрекеттері өсімдіктерде түзілетін органикалық заттарға тікелей байланысты. Биосферадағы заттардың биологиялық айналымы өсімдіктер арқылы ғана жүріп отырады. Жер атмосферасындағы оттектің қазіргі мөлшері де жасыл өсімдіктер тіршілігінің жемісі. Сондықтан да жасыл өсімдіктерді бейнелі түрде Жер ғаламшарының "өкпесі" деп атайды. Сонымен бірге өсімдіктердің адам өмірінде де алатын орны ерекше. Әсіресе адам денсаулығы үшін қажетті таза ауаның болуы да жасыл өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесіне тәуелді. Адам күнделікті өзіне қажетті тамағын, киімін және тұрмысына қажетті бұйымдар мен заттарды да өсімдіктерден алады.

Әрбір халықтың өсімдіктерді аялауға және корғай білуге қатысты тарихи дәуірлерде қалыптасқан салт-дәстүрлері, даналық қағидалары бар. Мысалы, наурыз мейрамының негізгі қағидасы табиғаттың тепе-теңдігін сақтауға арналған. "Атаңнан мал қалғанша тал қалсын", "бір ағаш кессең он ағаш отырғыз" және т.б. нақыл сөздер наурыз мейрамының басты ережесі. Наурыз мейрамы кезінде бұлақтардың көзі ашылып, жағалауына жасыл көшеттер егіледі. Бұл мыңдаған жылдар жалғасып келе жатқан халықтық экология үлгі-өнегелік дәстүр. Тіпті халықтық экологиялық тыйым сөздердің көпшілігі өсімдіктерді аялай білуге арналған. Мысалы, "жалғыз ағашты кеспе", "орманды отама", "орманды өртеме", "құракка орақ салма" "көкті таптама", "көкті жүлма", "бұтақты сындырма", "гүлді жұлма" және т.б. бұлардан басқа өсімдіктерді қорғай білуге арналған қаншама мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер, даналық нақыл сөздер бар. "Бабалар еккен шынарды балалары саялайды", "бағбан болсаң бақ өсір, балама деп тағы өсір" және т.б. көптеген өсиетті сөздердің әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор.

Қазақстан табиғаты өсімдіктерге де бай. Маман ғалымдардың деректері бойынша елімізде өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар. Оның ішінде балдырлардың 2 мыңнан астам, қыналардың 600-ге жуық, мүктектестердің 500-ге жуық, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 6 мыңнан астам және саңырауқұлақтардың 5 мыңдай түрі кездеседі. Қазақстанда өсімдіктердің геологиялық замандардан сақталып келе жатқан реликті және дүние жүзінің басқа ешбір аймақтарында өспейтін эндемик түрлері де кездеседі. Қазақстанда мұндай эндемик түрлер 730-дан асады. Тек, Қазақстанның оңтүстігіндегі Қаратау жотасында ғана осындай 165—170 түрлі эндемик түрлер өседі. Өсімдіктердің мұндай реликті және эндемикті түрлерін сақтап қалудың және қорғаудың ғылыми маңызы зор.

Қазақстандағы өсімдіктер әлемінің жалпы түр санының 84,5%- ын шөптесін өсімдіктер, 15,3%-ын бұталар мен шала бұталар, ал 1,2%- ын ағаштар құрайды. Еліміздің далалы аймағында өсімдіктердің 2000-нан астам түрі өседі, олардың 175-і эндемик түрлер. Шөлейтті, шөлді аймақтарда өсімдіктердің — 2500—2800 түрі өседі, олардың да 210— 215-і энедемик түрлер. Сондай-ак өлкеміздің таулы алқаптарында өсетін өсімдіктердің 3400—3600 түрінің — 540—570 түрі де эндемик өсімдіктер.

 


Информация о работе Ботаника курсында экологиялық білімді қалыптастыру