Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2015 в 16:50, реферат
Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын , өзара және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан оны биогеноценологиялық экология деп те атайды.
Табиғатта әртүрлі популяциялар бірігіп ірі бірлестіктерді немесе қауымдастықтарды құрайды. Синэкологиядағы «син» деген сөздің өзі «бірге», яғни бірлесіп, қауымдасып тіршілік ету деген мағынаны білдіреді. Қауымдастық дегеніміз белгілі ареалда мекендейтін , әртүрлі түрлерден құралған, тірі организмдер жиынтығы.
Ірі балық пен жабысқақ балық - комменсализм мысалы
Бірге тіршілік ететін түрлердің біріне басқа түрдің әсері теріс (ол қысым көреді), ал тап осы уақытта қысым көрсетуші зиян да шекпейді, пайда да көрмейтін қарым қатынас түрі аменсализм деп аталады, яғни аменсализм деп бір популяцияның өсуі мен көбеюі тежеліп, ал ингибитор аталатын екінші популяция бұндай қысым көрмейтін жағдайды атайды. Аменсализм тек өсімдіктер, саңырауқүлақтар мен бактериялар әлемінде кездеседі. Мысалы, көптеген саңырауқұлақтар мен бактериялар басқа бактериялардың өсуін тежейтін антибиотиктер синтездейді; шырша көлеңкесінде өсетін жарық сүйгіш шөптердің қатты көлеңкеленуден зардап шегуі, ал шырша ағашына бәрі бір.
Жыртқыштық
Жыртқыштық деп бір популяция екіншісіне жағымсыз ықпал ете отырып, сол әрекетінен пайда болатын популяция аралық қатынастарды атайды. Әдетте, жемтік өлтірілгеннен кейін оны жыртқыш бүтіндей немесе жартылай жейді.
Жыртқыштық жануарлар арасында ғана емес, өсімдіктер мен жануарлар арасында да кеңінен таралған байланыс. Мысалы, жануарлардың өсімдіктермен қоректенуі, сол сияқты насекомқоректі өсімдіктерді де (непентес, шық өсімдігі) жыртқыштарға жатқызуға болады.
Паразиттілік- бір түрдің (паразиттің) организмдерінің басқа түрдің (қожайынның) организмінің ұлпалары немесе қоректік заттардың есебінен тіршілік етеді.
Паразитизм немесе тоғышарлық - бұл жыртқыштық болып табылады, бірақ иеленушісі бірден опат болмай, паразит оны белгілі бір уақытқа дейін пайдаланылады. Демек паразитизмді жыртқыштық жұмсарған формасы ретінде қарастыруға болады.
Түр ішіндегі бәсекелестік түр аралық бәсекелестікке қарағанда қатаңдау; мұнда екі түрдің мұқтаждары неғұрлым жақын болса, олардың арасындағы бәсекелестік соғұрлым күшті болады.
Осындай мұқтаждықтары бүтіндей ұқсас екі түр бірдей жағдайда тіршілік ете алмайды, олардың біреуі белгілі бір уақыттан соң міндетті түрде ығыстырылып шығарылады. Осы қағида бәсекелестік құбылыстарын алғаш рет инфузориялармен жүргізген эксперименттері арқылы айқын көрсеткен Г.Ф.Гаузенің құрметіне "Бәсекелестік арқылы жою немесе Гаузе принципі" деп аталып, заң дәрежесіне ие болады.
3. Бәсекелестік арқылы жою принципі. Экологиялық қуыс
Кейде азықтық мұқтаждықтары әртүрлі болатын екі түр ортақ территорияда бір-бірімен бәсекелеспей тіршілік етеді. Мысалы, Англияда үлкен суқұзғын мен айдарлы суқұзғын жартастарға ұясын аралас салады және қорек аулайтын сулары да ортақ, бірақ олардың ұстайтын азықтары әртүрлі.
Бір жерде кобею кезінде тіршілік ететін екі жақын туысты теңіз балықтарының қорек құрамы. Организмдердің әртүрлі қоректік қатынасы пішінінің мөлшерімен көрсетілген
Үлкен суқұзғын тереңге сүңгіп, көбіне бентостық жануарлармен қоректенсе, айдарлы суқұзғын судың беткі қабатынан майшабақ тұқымдас балықтарды аулайды. Осы сияқты көптеген фактілер бізді 1927 жылы Элтон ұсынған экологиялық қуыс ұғымына әкеледі.
Организмдердің экологиялық қуысы оның қай жерде тұратынына ғана емес, оның не істеуіне (энергияны ол қалай өзгертеді, оның мінез-құлқы қалай, ол ортаның физикалық және биотикалық жағдайларға қалай жауап береді және өзгертеді) және басқа түрлермен қалай қарым-қатынас жасауына байланысты.
Шымшықтардың әртүрлі түрлерінің қоректік аймақтары
Егер адам қоғамында біз біреумен танысқымыз келсе, бізге міндетті түрде ол адамның адресін білуіміз қажет, яғни оны қайдан табатынын, мекен орнын білуіміз керек, бірақ адамды жақсы білу үшін, бізге оның қайда тұратыны жөніндегі мәлімет жеткіліксіз, сондықтан онымен жете танысу үшін ол адамның қоғамдағы атқаратын ролі және таныстарымен қарым – қатынасы жеке оның өміріндегі іс-әрекетін білуіміз қажет. Осы сияқты басқа организмдер зерттенгенде де осындай мәліметтер қажет.
Тіршілік орнын білу – қуысты зерттеудің басы ғана. Табиғи ортада организмдердің жағдайын анықтау үшін, біз олардың белсенділігі туралы, қорегі мен энергия көздері туралы, өсу мен метаболизм жылдамдығы туралы, қарым – қатынасқа түсетін басқа организмдерге оның әсері туралы, экожүйедегі маңызды процестерге оның тигізетін әсерлерін анықтауымыз қажет.
Түр аралық бәсекелекстік нәтижесінде экологиялық қуыстың бөлінуі құбылысы «экологиялық диверсификация» деп аталады.
Бірге тіршілік етіп жүретін түрлер арасындағы диверсификация көпшілік жағдайда мынадай үш параметр: кеңістіктік орналасу, азықтық мамандану, белсенділік мезгілі бойынша жүзеге асады.
Кеңістіктік орналасудағы айырмашылықтың мәні- түрлердің әртүрлі стацияларды таңдап алуында. Үлкен ала тоқылдақ азығын ағаштардың діңінен, орташа тоқылдақ – ірі бұтақтардан, ал кіші тоқылдақ - бөрік басынан ұсақ бұтақтарынан іздейді.
Азықтық мамандану бойынша -экологиялық диверсификация кең таралған құбылыс. Жануарлардың жақын туыстас түрлерінен қоректік мұқтаждықтары әртүрлі болатындығы көптеген мысалдардан дәлелденген. Мысалы, бірнеше симпатриялық түрлерге жататын шөл кесірткелерінің біреулерінің азықтық рационы- құмырсқадан, екінші біреулерінікі- термиттерден, үшіншілерінің - кесірткенің өзге түрлерінен немесе өсімдіктерден ғана құрылады.
Қуыстың бөлінуі көп жағдайда түрлер белсенділігінің уақыт бойынша сәйкес келмеуімен сабақтасады. Тәуліктің немесе маусымдық белсенділіктің әртүрлі типтері осыған мысал болады. Мысалы, қоңыржай белдеулерде бау шымшығы мен қарабас шымшықтың жұмыртқалау мерзімдерінде екі аптадай айырмашылық бар. Тропиктерде бұл түрлер жыл он екі ай балапандар басады, себебі олардың қоректенуі үшін қажет жәндіктердің үнемі мол болуы бәсекелестікті бәсеңдетеді.
Бірге тіршілік ететін түрлердің экологиялық қуыстардың бір параметрлері бойынша сәйкес келсе де, ешуақытта толығымен сәйкес келмейді, өйткені бұл жағдайда бәсекелестікті жою заңы әсер етеді және осы биоценоздан бір түрді екіншісі ығыстырып шығарады. 1910 жылы экологиялық қуыс түсінігін Ф.Джонсон ұсынған. Американ зоологы Одумның анықтамасы бойынша: тіршілік ортасы - организмнің адресі болса, экологиялық қуыс —оның жалпы іс-әрекеттерінің түрі.
Экологиялық қуыс түсінігін пайдаланып, Гаузе принципін былай нақтылауға болады: екі түр бір экологиялық қуыста қатар тіршілік ете алмайды.
Сонымен, организмдердің кеңістіктегі орны, бірлестіктегі қызметтік ролі және ортаның факторларына төзімділігі сияқты тіршілік шарттарына организмнің барлық талаптарының жиынтығы - экологиялық қуыс деп аталады.
Бақылау сұрақтары:
1.Биоценоз деген не?
2.Гомотипті
реакциялар туралы не
3.Гетертипті
реакцияларға қандай қарым-
4.Гаузе принципінің мәні неде?
5.Экологиялық қуыс деген не, оның қандай түрлері бар?