Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2015 в 20:31, реферат
Қазақстан Республикасы қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етіп, демократиялық мемлекет құру жолында. Еліміздегі демографиялық жағдайдың объективті бейнесін айқындау қоғамдағы татулықты қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі болып табылады. Республика халқының демографиялық жағдайын нақтылауда аймақтық ерекшеліктерді анықтау тарихи процестердің негізгі желісін, оның елеулі құбылыстарын ғылыми тұрғыда дұрыс көрсетуге және көкейкесті мәселелерін белгілеп, зерделеу үшін тарихи таным тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан, осы уақытқа дейін қарастырылмаған Ақтөбе өңірінің этнодемографиялық дамуының ғасырлық тарихын нақтылайтын зерттеу қажет.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Реферат
«ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША
Орындаған: Баймурзина А.А.
М(б)-15қ
Петропавл қ, 2015ж.
Қазақстан Республикасы қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етіп, демократиялық мемлекет құру жолында. Еліміздегі демографиялық жағдайдың объективті бейнесін айқындау қоғамдағы татулықты қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі болып табылады. Республика халқының демографиялық жағдайын нақтылауда аймақтық ерекшеліктерді анықтау тарихи процестердің негізгі желісін, оның елеулі құбылыстарын ғылыми тұрғыда дұрыс көрсетуге және көкейкесті мәселелерін белгілеп, зерделеу үшін тарихи таным тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан, осы уақытқа дейін қарастырылмаған Ақтөбе өңірінің этнодемографиялық дамуының ғасырлық тарихын нақтылайтын зерттеу қажет.
Отан тарихының еліміздің егеменділігіне дейін аз зерттеліп, кенже қалған, бірақ күрделі де өзекті де салаларының бірі – тарихи демография. Еліміз егемендікке жеткеннен кейінгі уақытта, қазақ елінің жүріп өткен жолы мен тарихын жаңаша көзқарас тұрғысынан жазу уақыттың қойған талабы болды. Отандық тарихтың өткен кезеңдеріндегі шындығы бұрмаланып, ақиқаты айтылмай келген оқиғалары мен құбылыстарын ой елегінен өткізуге деген қажеттілік туындады. Қазақстан тарих ғылымының әр саласы бойынша шынайы зерттеулер жүргізіле бастады. Осындай тарих ғылымының бір саласы саналатын тарихи демография бағытында да, республика халқы жайында зерттеулер жүргізіліп, бірқатар еңбектер жарық көрді.
Республикамыздағы демографиялық ахуалдың астары өткен кезеңдермен тығыз байланыста жатқандығы жайында нақты мғліметтер мен тұжырымдамалар көпшілік назарына ұсыныла бастады. Қазақстан халқының даму белестері, өсу жолдары, әсіресе қазақ ұлтының басынан кешірген демографиялық апаттар мен қиыншылықтары, сырттан келген көші-қонның кері әсері, қазақтардың өз жерінде аз ұлтқа айналуы, оның себептері мен салдары және т.б. тарихи демографияның өзекті проблемалары тек кейінгі 20 жыл ішінде кеңінен зерттеліп, көптеген ақтаңдақтардың беті ашылуда.
Отан тарихының халықтану саласы туған жерімізді мекендеген елдің болашағын анықтау мақсатында, оның өткен тарихи жолын жалпылай және жекелей зерттеу арқылы жан-жақты талдаудан өткізуде. Соның нәтижесінде Қазақстан Республикасының демографиялық саясатын ғылыми негізде саралай түсіп, қазіргі жағдайға сай жаңа міндеттерді іске асыруға да арналған бағдарламаларға жол ашылатынын да айтқан жөн. Ғылыми зерттеулерге сүйенген демографиялық саясат Қазақстан Республикасындағы саяси тұрақтылық пен демократиялық реформалардың жетістіктерге жетуіне оң әсер тигізетіні де сөзсіз.
Тарихи демографияның өзекті бір проблемасы – Қазақстан Республикасының әр аймақтарындағы халықтың даму процестері, оның басқалардан өзгешеліктері, ұлттық құрамындағы, елдің орналасуындағы (қала, село және т.б.), өсу жолдарындағы, жынысы, жасы, білім деңгейі, көші-қон және т.б. сипаттарындағы ерекшеліктері және т.б., әсіресе Республикамыздың демографиялық дамуындағы орны мен маңызы, халқымыздың өсіп-өну процесіндегі үлесі мен келешегі және т.б. күрделі мәселелерді анықтап, ғылыми қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, бұл мәселелердің
ғылыми әдебиеттерде көрініс табу деңгейіне
тарихнамалық талдау да жасау қажет. Өйткені
мұндай талдау тарихи процестердің негізгі
желісін, оның елеулі құбылыстарын ғылыми
тұрғыда дұрыс көрсетуге және көкейкесті
проблемаларын белгілеп, зерделеу үшін
тарихи таным тәжірибесін пайдалануға
мүмкіндік береді.
Тарихи демография саласындағы өзекті
мәселелердің бірі – Кеңестік дәуірде
қазақ жеріндегі көші-қон процестері өзіндік
ерекшеліктерімен дараланған, ол биліктің
жүзеге асырған саяси, әлеуметтік-экономикалық
іс-шараларымен тығыз байланыста жүрді.
1917 ж. Қазан төңкерісінен кейін орын алған
азамат соғысы, жер-су реформасы, күштеп
ұжымдастыру, қуғын-сүргін, күштеп қоныс
аудару, Ұлы Отан соғысы кезіндегі мобилизация
мен эвакуация, депортация, соғыстан кейінгі
демобилизация, халық шаруашылығын қалпына
келтіру жолындағы шаралар, күштеп қоныс
аударғандарды кері қайтару, тың және
тыңайған жерлерді игеру секілді тағы
басқа оқиғалар мен ахуалдар ішкі және
сыртқы көші-қон процестеріне тікелей
ықпал етті. Өз кезегінде кеңестік дәуірдегі
көші-қон процестері Қазақстан халқының
ұлттық құрамындағы ара салмаққа күрделі
өзгеріс ала келді. Міне, осы мәселе отандық
тарих ғылымында ұлттық мүдде тұрғысынан
объективті тұрғыда зерттеуді қажет ететіндігі
ешқандай күмән туғызбайды.
Кеңестік дәуірде алғашқылардың бірі болып қазақ халқының саны, құрамы, орналасуы жайында М. Тынышпаев, кейін, Қазақстан демографиялық ахуалына байланысты Т. Шонанұлы, М. Есболұлы жазды. Сондай-ақ, бұл жөнінде М. Шоқайұлы, С. Асфендияров, Т. Рысқұлов, С. Сәдуақасов сияқты қазақ зиялылары да қалам тартқан. Олардың еңбектерінде ұлттық мүддені қорғау көзделгені аңғарылады. 1920-30 жж. мемлекеттік тапсырыспен А.Н. Донич пен Н.Д. Трублаевичтің халықтың саны, құрамы, орналасуы жайында еңбектері жарық көрді. А.Н. Донич зерттеуінде демографиялық шолу жасаса, Н.Д. Трублаевич республикадағы халықтың табиғи өсімі мен ұлттық құрамындағы өзгерістер жайын қарастырды. Бірақ, авторлар ұлттар арасындағы табиғи өсімнің ғркелкі көрсеткішке ие болу себептерін түсіндірмей, тек мғліметтер келтірумен шектелді. Одан кейінгі уақытта демография мғселесіне байланысты еңбектер жазылмады. Себебі, кеңестік тоталитарлық жүйе оған мүмкіндік бермей, 1937 ж. халық санағың қорытындысын жариялауға тыйым салып, оған қатынасқан адамдарды қудалады.
Демографияға байланысты зерттеулер тек 1960-жылдары ғана қайта қолға алына бастады. 1960-1970 жж. Қазақстанның демографиялық дамуының кейбір аспектілері қарастырылған, алайда негізінен еліміздің ғлеуметтік даму мғселелеріне арналған еңбектер шықты. Әсіресе жұмысшы табы, шаруалар мен интеллигенция тобының қалыптасуы мен даму процесі қарастырылды, ресми статистиканы қолданған зерттеушілер ғлеуметтік топтардың демографиялық сипаттамаларына, ғсіресе өнеркғсіптік және аграрлық көші-қон ерекшеліктеріне тоқталған. Жұмысшы табы мғселесін зерттеген ғалымдар, нақтылап айтсақ, А.Н. Нүсіпбеков, М.Х. Асылбеков, С.Б. Нұрмұхамедов, Б.Н. Ғбішева, шаруалар тарихын зерттеген А.Б. Балақаев, Г.Ф. Дахшлейгер, К.Н. Нұрпейіс, интеллигенция тобын зерттеген Ш.Ю. Тастанов, Х. Ғбжанов сияқты ғалымдар Қазақстандағы этно-демографиялық процестерді анықтайтын статистикалық мұрағат деректерін айналымға енгізді.
1970-1980 жж. тарихи демография
саласында арнайы еңбектер шыға
бастады. Соның ішінде революцияға дейінгі
статистикалық мәліметтердің негізінде
әлеуметтік және ұлттық демографиялық
факторларды өзара байланыспен, өзара
шарттылықта қарастыру әдістері негізделді.
Қазақстанда көші-қонның тарихи мәнін,
оның халықтың әлеуметтік-ұлттық құрамына
тигізген әсерін ашқан, көші-қон мен ұлттық
құрылым өзгерістерінің өзара байланысты
тарихи құбылыс екендігін көрсеткен алғашқы
зерттеушілер – Е.Н. Гладышева, Н.Е. Бекмаханова,
В.М. Кабузан мен Н.В. Алексеенко болды,
ал Ф.Н. Базанованың монографиясында көші-қон
қозғалысының республика халқының көп
ұлтты құрамының қалыптасуына әсер еткен
күрделі де көп салалы процесс екендігі
көрсетілді. Алайда, бұл еңбекте кеңес
дғуіріндегі тыйым салынған Қазақстандағы
көші-қон процестерінің маңызды беттері:
репрессияланған халықтарды депортациялау,
таптық белгісіне байланысты жер аудару
тағы басқа мғселелері ашылған жоқ.
Дипломдық жұмыстың мақсаты — 1920-1930 жылдар аралығындағы Қазақстандағы демографиялық үрдісті, ұжымдастыру, индістрияландыру саясаттарының мәнін, нәтижелерін кешенді түрде зерттеу және бұл мәселенің тарихнамасын ғылыми талдау.
Мақсатқа жету үшін мынандай нақтылы міндеттерді шешуге талпыныс жасалды:
— индустрияландыру саясатының мәнін ашып, оның тарихнамасына қатысты зерттеу еңбектерін ғылыми тұрғыдан талдау;
— индустрияландыру туралы көзқарастарға талдау жасау;
— ұжымдастыру саясатының іске асырылуын талдап, оның зардаптары мен оған деген қарсылықтарды анықтау;
— ашаршылық жылдарындағы халықтың демографиялық үрдісін талдау.
Кез келген
мемлекеттің даму деңгейін анықтауда
сол мемлекеттің табиғи байлықтары, жер
асты ресурстары, ауыл шаруашылығына жарамды
жер алқабының көлемі сияқты негізгі экономикалық
көрсеткіштерімен қатар халқының жансаны
мен өндірістік қабілеті, білім деңгейі
мен денсаулығы да есепке алынады. Германия,
Жапония, Корея сияқты дамыған өндірістік
мемлекеттерге қарағанымызда адам ресурстарының
табиғат ресурстарынан маңыздырақ екені
аңғарылады. Қазақстан Республикасының
соңғы жылдардағы тұрақты экономикалық
даму қарқыны көңілді көншіткенімен, халықтың
саны мен денсаулығы, туу мөлшері, табиғи
өсуі және өлім мөлшері, әлеуметтік-мәдени
қажеттіліктерінің қамсыздандырылу деңгейі
сияқты көрсеткіштері әлде де жан түршіктірер
жағдайда. Аталмыш проблемалардың негізінде
әлеуметтік, экономикалық, экологиялық,
биологиялық себептердің болғаны белгілі.
Алдымен еліміздегі
демографиялық жағдайға шолу жасағанымыз
жөн болар. Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық
ЮНФПА қоры 1 тамыз 2001 жылы өткізген «Орта
мерзімді ел бағдарламасы» бойынша Қазақстан
1990 жылдан бері қарай 1 миллион 470 мың адамынан
айырылып, халықтың саны 2001 жылы 14 миллион
827 мың адамды құраған. 2001 жылы Қазақстан
халқының табиғи өсуі небары 73 мың адам
десек, осы өсу қарқыны бүгінгі деңгейде
сақталса алдымыздағы 10 жылда бар-жоғы
700 мың адам жансанымызға қосылмақ. Халықтың
санының азаюының көші-қон процесстеріне
байланысты обекътивті себептерімен қоса
туу мөлшерінің азайып, өлімнің көбеюі
сияқты субъективті себептері де бар.
Мәселен, 1991 жылы 1000 адамға 21,5 адам болған
туу мөлшері 2001 жылы 15 адамға кеміген.
Алайда, 1991 жылы 0,8 пайыз болған өлім мөлшері
2001 жылы 1 пайызға өскен. Туу мөлшері коэффицентінің
азаюы қарттардың санының көбеюімен қатар
аналар өлімінің күрт өсуімен де тікелей
байланысты. Бұл Орталық Азия және Еуропа
елдері бойынша ең жоғары көрсеткіш екенін
атап кетуге мәжбүрмін. Елімізде 100 мың
нәрестенің 61-і анасынан айырылып жатса,
бұл көрсеткіш Өзбекстанда 20, Британияда
17 ғана. Еуропа Одағы бойынша орташа көрсеткіш
– 15 ана. ҚР Денсаулықты сақтау министрлігінің
мәліметі бойынша еліміздегі әйелдер
денсаулығы индексі 20-ақ пайызды құрайды,
кейбір аймақтарда бұл көрсеткіш 10 пайызға
шейін төмендеуде. Әйелдердің 60 пайызы
бала босану кезінде әртүрлі қиыншылықтарға
душар болуда. Әдеттегі салмақпен туған
балалардың мөлшері 35 пайыз, кей жерлерде
25 пайыз. Денсаулығы жақсы деуге жарайтын
балалы әйелдердің мөлшері Республика
бойынша небары 11,4 пайыз. Әр үшінші нәресте
денсаулық ақаулықтарымен дүниеге келуде.
Халықтың табиғи өсуіне
кері әсерін тигізіп отырған келесі фактор
ауылдық аймақтардағы кедейлік проблемасы.
Мұның салдарынан ең ауыр азапты зейнеткерлер
мен мүгедектер, аналар мен балалар шегуде.
Облыстардағы кедейлік көрсеткіштері
де әр түрлі. Кедейлік кең таралған облыстарымыз
– Оңтстік Қазақстан облысы – (55,5 пайыз),
Павлодар облысы - (48 пайыз), Жамбыл облысы
- (46 пайыз), Алматы облысы - (44 пайыз). Бұл
халқымыздың тең жартысы кедей өмір кешуде
деген сөз. Қалалардың жағдайы ауылға
қарағанда бір сәрі жақсы. Мәселен, Алматыдағы
кедейлік көрсеткіші 13,7 пайыз болса, Астанада
– 15,1 пайыз. Жұмыссыздар армиясының 57
пайызын әйелдер құрайтының да ескерген
жөн. Мемлекет есебінен қаржыландыру деңгейінің
жетіспеуінен денсаулықты сақтау, әлеуметтік
көмек және білім беру жүйесі зардап шегуде.
Міне, осының бәрі де
ұлан-байтақ территориясы бар Қазақстанның
демографиялық проблемаларын дабыл қақтырарлық
халге жеткізіп отырған факторлардың
бастылары. Еліміздің болашағы, ішкі және
сыртқы қауіпсіздігіміз, экономикалық
динамикаларымыздың артуы тікелей халықтың
санының өсуіне байланысты. Бүгінгі күні
Қазақстан мемлекетінің алдында тұрған
ең маңызды проблеманың демографиялық
проблема екенін ерекше атап айтқым келеді.
Сол себепті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің
30 қазан 2001 жылғы №1380 «Қазақстан Республикасының
2001-2005 жылдарға арналған демографиялық
даму Бағдарламасы» жөніндегі қаулысында
көрсетілген кейбір мақсаттардың жүзеге
асуына күмәнім бар деп айтуға мәжбүрмін.
Мәселен, аталмыш қаулы бойынша Қазақстан
халқының санын 2030 жылы 20 миллионға жеткізу
көзделген. Алайда, Біріккен Ұлттар Ұйымы,
Дүниежүзілік Банк және АҚШ Санақ Бюросының
болжамы бойынша халқымыздың саны 2025 жылы
14,7 миллион, ал 2050 жылы небары 14 миллион
болмақ. Орны келген соң халықтың санын
екі есеге көбейту мерзімі туралы айтайын.
Аталмыш ұйымдардың тәжірибесі бойынша
жансанының өсуі 3 пайыз болған жағдайда
халықтың саны 23 жылда, ал 2 пайыз болғанда
35 жылда екі есеге өседі екен. Мисалға,
өсу мөлшері орташа 2,2 пайызға жеткен 25
миллион халқы бар Өзбекстанның жансаны
халықаралық ұйымдардың болжамы бойынша
2025 жылы 34,1 миллион, ал 2050 жылы 40,4 миллионға
жетпек. Біздің есебіміз бойынша Қазақстан
халқының санын екі есеге өсіру үшін дегенде
140 жыл керек (қосымшадағы Кесте-1 қараңыз).
Жоғарыда келтірілген
деректер негізінде Қазақстанның демографиялық
проблемаларын шешу үшін төмендегі ұсыныстар
ескеріліп, тиісті заң актілері мен бағдарламаларға
өзгертулер мен толықтырулар енгізілсе
дұрыс болар еді:
А. Халықтың санын ішкі
адам ресурстары арқылы көбейту;
1. Босанатын және босанған
әйелдерге төленетін демалыс ақысын батыс
елдеріндегі деңгейге жақындату (босанардан
3 ай бұрын және босанған соң 18 ай бойынша
орташа жалақы мөлшерінде).
2. Кейбір Еуропа елдерінде
(мәселен, Германиядағыдай) босанған әйелдерге
бір мәртелік көрімдік (сүйінші) ақысын
төлеу.
3. Босануға байланысты
барлық медициналық қызметтерді мемлекет
есебінен жасау.
4. Туу мөлшерін көбейту
үшін әр жанұядағы үшінші баланы мемлекет
есебінен кәмелеттік жасқа дейін асырау,
оқыту.
5. Көп балалы жанұяларға
әлеуметтік және салықтық жеңілдіктерді
беру.
6. Жер учаскелерін
меншікке бергенде көп балалы жанұяларды
ерекше ескеру.
7. Ішкі миграциялық
процесстерді реттеу арқылы халықтың
бірнеше аймақта ғана шоғырланбауын қамтамасыз
ету және ауыл мен қала тұрғындарының
арақатынасын тұрақты өсуге ыңғайлы деңгейге
келтіру.
8. Соңғы жылдары шырқау
шегіне жеткен және қыздарымыз бен әйелдеріміздің
ден саулығына, халықтың геноқорына үлкен
зиян тигізіп отырған аборт індетінің
алдын алу және азайту үшін қажетті шараларды
қолдану.
9. Халқымыздың геноқорының
сапасын арттыру үшін әйелдеріміз бен
қыздарымызды ауыр жұмыстардан босату
және олардың денсаулыққа зиянсыз ортада
істеуіне жағдай жасау.
10. Көптеген мұсылман
елдерінде қолданылып келе жатқан және
ата-бабаларымыз ғасырлар бойы ұстанған
дәстүрлі қазақ жанұясын жаңғырту – көп
әйел алуға заңды түрде рұқсат ету. Көп
некелі жанұялардағы әйелдер мен еркектің
құқықтары мен бостандықтарын «Неке және
отбасы туралы заң», «Азаматтық Кодекс»
сияқты заң актілеріне өзгертулер енгізіп
қамсыздандыру.
Б. Халықтың санын сыртқы
адам ресурстарын пайдалану арқылы көбейту.
1. Шетелдердегі 5 миллионнан
астам қандастарымыздың отандарына көшіп
келуіне мемлекет және басқа ресурстар
есебінен жағдай жасау.
2. Біріккен Ұлттар
Ұйымы, Халықаралық Көші-қон Ұйымы сияқты
ұйымдар мен қайырымдылық қорларынан
қайтарымсыз қаржылай және заттай көмек
алу. Мисалға, Халықаралық көші-қон ұйымының
көшіп келген оралмандар мен босқындар
үшін арнайы жәрдемақы беретінін айтсақ
жеткілікті.
В. Халықтың көбеюіне
септігін тигізетін қосымша шаралар:
1. Халықтың санын көбейту
үшін алдымен экономикалық қиындықтар
және саяси тұрақсыздық жылдарында көп
балаға қарсы қалыптасқан психологиялық
барьерді жоюымыз керек. Еліміздің келешегі
мен қауіпсіздігінің халқымыздың санының
өсуімен тікелей байланысты екенін халыққа
түсіндіру керек.
2. Баспасөзде, оқу бағдарламаларында
көп балалы дәстүрлі қазақ жанұясын қызықтырушы
шараларды жүзеге асыру. Мұндай шараларды
халықтың өсімі кері кеткен немесе территориясы
үлкен, бірақ халқының саны аз Голландия,
Швеция, АҚШ, Канада, Австралия, Германия
сияқты елдердің тұрақты түрде жүзеге
асырып келе жатқаны белгілі.