Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы (ДДСҰ)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2015 в 19:29, реферат

Описание работы

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы(ДДСҰ) – 1946 жылы БҰҰ-ның жанынан құрылған халықаралық медициналық мекеме. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жарғысында бекітілген негізгі мақсаты — жер бетіндегі барлық халықтардың денсаулығын жақсартуға қол жеткізу. ДДСҰ-ның жарғысы қабылданған күн (1948, 7 сәуір) Дүниежүзілік денсаулық қорғау күні болып аталады.Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жоғары органы — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы.

Файлы: 1 файл

ㅓ조ㅗㄹ.docx

— 26.29 Кб (Скачать файл)

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРІП ТІЛДІК ДАЙЫНДЫҚ ЖОҒАРҒЫ МЕКТЕБІ

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:  Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы (ДДСҰ).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған : Қалжанов О Е

Қабылдаған : Джалмаханбетов Р Е

 

 

 

 

Астана 2015 

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы(ДДСҰ) – 1946 жылы БҰҰ-ның жанынан құрылған халықаралық медициналық мекеме. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жарғысында бекітілген негізгі мақсаты — жер бетіндегі барлық халықтардың денсаулығын жақсартуға қол жеткізу. ДДСҰ-ның жарғысы қабылданған күн (1948, 7 сәуір) Дүниежүзілік денсаулық қорғау күні болып аталады.Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жоғары органы — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы. Ассамблея Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жұмыс бағытын анықтап, Бас директорын (5 жылға) тағайындайды. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының орта әкімшілік органы — Хатшылық (штаб пәтері Женева қаласы; Швейцария). Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымына 192 мемлекет мүше (2000). Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымына 1992 жылы 19 тамызда мүше болып қабылданды (Еуропа аймақтық ұйымына кіреді). Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы 6 аймақтық ұйымнан (олардың атқару органдары — аймақтық бюро) тұрады: [Еуропа] (аймақтық бюросы — Копенгаген қаласында, Дания); Африкалық(Браззавиль қаласы; Конго); Жерорта теңізінің шығыс бөлігі (Александрия қаласы, Египет); Оңтүстік-Шығыс Азиялық (Нью-Делиқаласы, Үндістан); Тынық мұхит жағалауының батыс бөлігі (Манила қаласы, Филиппин) және америкалық (Вашингтон қаласы, АҚШ). Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жұмысының негізгі бағыттары: жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен күрес жүргізу, оғанмүше елдердің денсаулық сақтау жүйесі мен қызметін дамыту, маман дәрігерлер дайындау, медицина статистика есеп жүргізу (мысалы, ауру түрлері мен одан қайтыс болу себептерін халықаралық деңгейде саралап жүйелеу, адамдардың денсаулығы туралы мәліметті тарату, т.б.), дәрілік препараттардың дайындалуын жіті қадағалау, медицинаның маңызды мәселелерін шешуде ғылымзерттеулер жүргізуді қолдау, т.б. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының сәтті аяқталған халықараралық жобаларына дүние жүзінде безгек және шешек ауруларын жою бағдарламасы жатады. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы, сондай-ақ, туберкулезбен, жыныстық қатынас арқылы берілетін аурулармен, паразиттік, жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен (мысалы, жүрек-қантамыр, қатерлі ісік, психикалық аурулар, т.б.) күрес жүргізу бағдарламаларын іске асыруда. 1978 жылы Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы мен БҰҰ-ның балалар қоры (ЮНИСЕФ) ұйымдастырған Алматы халықараралық конференциясында 20 ғасырдағы Денсаулық сақтау ісінің хартиясы аталған “Алматы декларациясы” қабылданды. 1979 жылы Өлкелік патология ғылым-зерттеу институты (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғылым-зерттеу ортлық) жанынан Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымымен бірлесіп жұмыс істейтін алғашқы медицина-санитариялық көмек жөніндегі Халықараралық орта ашылды. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы бюджетінің негізін оған мүше елдерден жүйелі түрде жиналатын жарналары құрайды.

 

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының қазіргі таңдағы жұмыстары – Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жарияланған жылдық есебінде дамыған елдер мен дамушы елдердің денсаулық саласында кейінгілерінің алдыңғыларынан едәуір артта қалғандығы атап көрсетіліп, оны жақсартып, жетілдіру үшін көп жәйттарды өзгерту қажеттігі айтылады. 
     Сонымен қатар   Шығыс Европа мен  бұрынғы Совет одағының елдерінде иммунитет тапшылығы ВИЧ /СПИД  індеті  кең   етек алып барады деген ескерту жасайды. Және Ауғанстан мен Ирақтың денсаулық сақтау жүйесін қалпына келтіру керек деп  есептейді.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзінің жыл қорытындысына арналған есебінде денсаулық жүйесінің әлемдік маңызды мәселелерін күн тәртібіне шығарып отыр. Аталған хабарламада айтылар негізгі ой ең алдымен әлемдегі бай деген дәулетті елдер мен кедей елдердің денсаулық саласындағы жер мен көктей айырмашылық пен алшақтықты жоюға бағытталуы керек дегенге саяды.Жақын күндері Женевада осы орайда басталған зерттеулерде әлемдік денсаулық сақтау жүйесін қайта құрудың басты кілті- жер бетінде 3 миллионға жетіп қалған ВИЧ/СПИД дертіне шалдыққандарды емдеу мен түрлі жүқпалы аурулардың таралуына тұсау салу, сондай-ақ ана мен баланың өлімін азайту мақсатына бағытталуы керек деп атап көрсетілген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2000 жылы қыркүйек айында БҰҰ-ң мыңжылдық саммитінде қабылданған "Мыңжылдық даму мақсаттары" деген арнайы бағдарламаның толықтай орындалмай отырғандығын да еске салады. Жылдық есептің бас редакторы Роберт Биглхоул былай деп түсіндіреді. 
   - Бұнда біз әлемнің кейбір бөліктерінде көзделген мақсаттардың бірқатарына жақын екендігіміз айтылады. Алайда басқа да біршама маңызды мәселелерде, атап айтқанда 5 жасқа дейінгі балалар өлімін қысқарту мақсатына біз келер жүзжылдықтың ортасына дейін жете алмайтындығымыз жазылған , ал біз әрине бұлай қалдыруға болмайтындығын айттық. 
       Жылдық есепте адамдардың өмір жасының ұзақтығының ең төменгі көрсеткіші Африка елінде орын алып отырғандығы айтылады. Мұнда ондаған жылдарға созылған жанжалдар мен ВИЧ/СПИД індетінің кең таралуы өткен ғасырда адамның орташа жасының ұзақтығын 20 жылға бірақ қысқартқан. Жер бетінде тұрғындарының орташа өмір жасы ең қысқа болатын 34 жас қана жасайтын ел – Сьера-Леоне деп аталса, 81 жастан аса ең ұзақ ғұмыр жасайтын адамдар елі –Жапония екен. Роберт Биглхоул терроризм мен оған қарсы жүргізілген соғыс Ирақтың да денсаулық сақтау саласын күйретіп, оны дамытуға кедергі келтірді деген пікір айтады. 
 
     - Менің ойымша террормен күрес және Ирақтағы соғыс Ирақтың онсыз да әлсіз денсаулық саласының инфрақұрылымын қиратып кетті. Міне сол себепті де біз соңғы екі-үш жылдағы дау жанжалдар мыңжылдықтың мақсаттарының орындалуын біршама кейін шегеріп тастады деп айта аламыз. Бірақта бұның бәрі маңызды деген міндеттер тұрғысында бірінші қатардан түспейді, - деген ол, соғыс пен дау-жанжалдарға қарамастан, денсаулық жүйесін дамыту барысында белсенді жұмыс жүргізіп, көптеген шаралар атқарған елдердің бар екендігін атап айтады.Сөз болып отырған жылдық есепте 2003 жылы әлемде ең көп өлім жағдайына ұшыратқан қатерлі дерттің СПИД екендігі жазылған. Бұл індеттен жер бетінде 2,3 миллион адам көз жұмған. Ал Африкада СПИД-тен күніне 5 мың ересек адам, 1000 мың бала құрбан болады деген деректер келтіріледі.Дүниежүзілік сақтау ұйымының жылдық есебін жазуға қатысқан авторлардың бірі Алек Ирвин ВИЧ/СПИД індетінің Шығыс Европа мен бұрынғы Совет одағының елдерінде кең таралып бара жатқаны да аса қауіпті жане оған қарсы шұғыл шаралар қолданбаса болмайды дейді. 
    - Мәселен Украина сияқты елде иммунитет тапшылығының жайылуы 15 пен 49 жас аралығындағы адамдар арасында 1 процентке жеткен. Бұл әрине үлкен алаңдаушылық туғызатыны белгілі. Ал Ресей Федерациясында бұл эпидемия қаулап өсіп келеді. Эстония да осы індет өртіне шалдыққан елдің қатарында. Жалпы бүтіндей Шығыс Европа мен бұрынғы Совет одағының барлық елдерінде ВИЧ кең етек алып, үлкен қатер тудырып отыр.  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүкіл әлемде денсаулық жүйесін жақсартып, ынтымақтастық шараларын дамыту үшін жауапкершілікті еселеп арттыру керек деген қорытынды жасайды. 
       Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Газа секторында зардап шеккендерге жылу жинады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) қарашаның 18-і күні Газа секторының тұрғындары үшін дәрі-дәрмекке 10 млн доллар мөлшерінде қаражат жиналғанын жария етті, деп хабарлады Agence France-Presse. ДДҰ есебінше бұл қаражат палестиналық тұрғындарды дәрі-дәрмекпен үш ай бойы қамтамасыз етуге жеткілікті.

ЦАХАЛ басылымының ресми сайты хабарлағандай, Израиль палестиналықтарға гуманитарлық көмек жеткізілетін дәлізді ашуға рұқсат берген көрінеді. Қарашаның 18-і күні «Керем Шалом» өткізу бекетінен азық-түлік, дәрі-дәрмек тиелген 124 жүк көлігі өтті.

Палестиналық содырларға қарсы Израильдің әскери операциясы сәрсенбіде, қарашаның 14-і күні басталған болатын. Осы уақыт аралығында Газа секторында 60-қа жуық адам қаза тауып, 600-ден аса адам зардап шеккен. Нақтырақ айтқанда, қарашаның 18-і күні Газа секторындағы бір тұрғын үйге зымыран құлап, 9 адам тіл тартпай кетті. Қаза тапқандардың арасында бір жасқа толуына бір-ақ ай қалған нәресте де бар. Associated Press хабарлағандай, Газа секторындағы тағы бір тұрғын үйдің үстіне құлаған зымыраннан әлі буыны бекіп, бұғанасы қатпаған 3-жастағы қыз бала мен 5-жастағы ұл бала көктей солды.

Осы қайғылы жағдай болған күні Құдыс Газа секторындағы БАҚ кеңсесіне оқ жаудыра бастайды. Сегіз тілші жарақат алып, Russia Today телекомпаниясының кеңсесі бүлінді. Израиль армиясының ресми твиттерінде айтылғандай, Израиль әскері ХАМАС байланыс желісін нысанаға алған көрінеді, алайда, ғимарат шатырындағы антенна ғана зардап шеккен.

ХАМАС содырлары соққыға соққымен жауап берді.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху қажет болған жағдайда ХАМАС-қа қарсы әскери операцияны кеңейтуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлады «Едиот Ахронот». Басылым «Сарбаздар қажет болған жағдайда кез келген әрекетке дайын» деген премьердің сөзін келтірген. АҚШ президенті Барак Обама Израильдің қорғануға құқы бар екенін мәлімдеді, деп атап көрсетті Reuters. Ал Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Уильям Хейг Құдыстың Газа секторына қатысты ұрыс қимылдарына құрлық әскерін тартуы халықаралық деңгейде қолдауға тұрады, деп мәлімдеді.

Осы уақыт аралығында Каирде Израиль мен Мысыр қауіпсіздік күштерінің өкілдері татуласудың жолдарын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды «әл-Масри әл-Яум» газетінің тілшісі. Мысыр үкіметі екі жақпен де қатынасын үзген жоқ, жуықта ғана ел перзиденті Мұхаммед Мурси «жақын арада» татуласуымыз мүмкін, деп мәлімдеді.

 

 


Информация о работе Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы (ДДСҰ)