Экология даму тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 22:33, реферат

Описание работы

"Экология" гректің oikos - үй (тұрақ, тұрғылықты жер, баспана) және logos - ғылым дсген сөздерінің қосындысынан құралған. Бұл сөздердің дәлме-дәл мағынасы экология - "өз үйіндегі" организмдер туралы ғылым дегенді білдіреді, яғни "организмдер мен қоршаған орта арасындағы жиынтықты" немесе олардың бір-бірімен байланысының сипаттамасына ерекше баса назар аударатын ғылым екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер экология - ол тірі организмдер мен қоршаған ортаның қатыстылығын оқып-үйрететін немесе тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын, бір-бірімсн өзара қарым-қатынастық байланысын зерттейтін ғылым деп санайды.

Файлы: 1 файл

экология даму тарихы реферат.doc

— 54.00 Кб (Скачать файл)

                                             Кіріспе

      "Экология" гректің oikos - үй (тұрақ,  тұрғылықты жер, баспана) және logos - ғылым дсген сөздерінің қосындысынан  құралған. Бұл сөздердің дәлме-дәл  мағынасы экология - "өз үйіндегі" организмдер туралы ғылым дегенді білдіреді, яғни "организмдер мен қоршаған орта арасындағы жиынтықты" немесе олардың бір-бірімен байланысының сипаттамасына ерекше баса назар аударатын ғылым екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер экология - ол тірі организмдер мен қоршаған ортаның қатыстылығын оқып-үйрететін немесе тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын, бір-бірімсн өзара қарым-қатынастық байланысын зерттейтін ғылым деп санайды.

    Қоршаған ортаны танып-білуге деген құштарлық сонау адамзат дамуының ақ таңы атқан кезден басталды деуге болады. Алғашқы қауымдастык қоғамының өзінде-ақ адамдар өздерімен бірге қатар өмір сүріп келе жатқан кейбір аңдардың қарсылығына тап келгені белгілі. Оларды адамдар жеке-жеке емес, бірлесіп, қауымдасып күрескенде ғана жеңе алатындығына, сөйтіп өздеріне азық етуіне болатындығына көздері жетті. Осылай қай аңды қай кезде, қандай жерде, қандай қару колданғанда колдарына түсіре алатындығын сезіне бастады. Олардың бұл әрекеттерін біз бүгінде тас бетіне түсірген суреттерінен және археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында тастан, ағаштан т. б. жасаған қаруларын табу арқылы көзімізді жеткізіп отырмыз. Сондай-ақ мұндай деректер ежелгі египет, үнді, тибет, тағы басқа да мәдениет ескерткіштерінде сақталғаны мәлім. Экологияның элементтері сонымен қатар көнедсн келе жатқан халықтардың эпикалық шығармаларында да кездеседі. Мәселен, үнділердің "Махабхарата" жырында (б. д. д. VI - II ғғ.) табиғаттың дүлей күштері - су тасқыны мен жер сілкінісі туралы деректер келтіріледі, 50-ден астам жан-жануарлардың аттары аталып, олардың өмір сүру белгілері сипатталады, тіпті қайсыбірінің санының артуы және кемуі туралы мәліметтср де беріледі

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

  а) Экологияның  даму тарихы мен қалыптасу кезеңдері.

Білімнің барлық салалары сияқты экология да бірқалыпты емес, бірақ үздіксіз дамиды.

Жануарлар мен  өсімдіктердің таралу сипаты, өмір салты, қоршаған ортамен байланысы  туралы мәліметтердің жиналуы адамның  табиғатты терең меңгеруінен  басталды. Ертедегі философтардың еңбектерінде бұл мәліметтерді қорытындылау мен жүйеге келтіруде алғашқы қадамдар жасала бастады. Аристотель (б.з.б.384-322ж.) жануарлардың 500-ден астам түрлерінің мінез-құлқын сипаттап жазды. Аристотельдің шәкірті, ботаниканың әкесі Теофраст (б.з.б.372-287ж.) әр түрлі жағдайдағы өсімдіктердің ерекшкліктері, олардың пішінімен өсуінің топырақ пен ауа райына тәуелділігі туралы мәліметтер келтірген.

Орта ғасырларда қоғам өміріндегі діннің маңызының  артуына байланысты табиғатты зерттеу  әлсіреді.

Қайта өрлеу  дәуірінде, географиялық жаңалықтар мен жаңа елдердіотарлауға, өзіне тән өсімдіктер мен жануарлар дүниесі баржаңа жерлердің ашылуына байланыств сипатталған өсімдіктер мен жануарлардың саны артты. Мұның өзі оларды жүйелендіруге жаңа негіз болды.

XVIII ғасырда  француз жартылыс зерттеушісі Ж. Бюффон алғаш рет сыртқы орта жағдайларының жануырлардың құрылысына тікелей әсерін зерттей бастады. Ол бір түр басқа түрге температура, ауа райы, тамақтың сапасына байланысты өзгере алады деді. Бірінші эволюциялық ілімнің авторы — Ж. Б. Ламарк «сыртқы орта әсері ағзалардың бейімделуі, және өсімдіктер мен жануарлардың эволюциясының негізгі себептерінің бірі», -деп есептеді.

Эволюциялық ойлаудың одан әрі дамуына XIX ғасырдың басында  биогеографияның пайда болуы  әсер етеді. А. Гумбольд және т.б. ғалымдардың еңбектері өсімдіктер географиясындағы жаңа бағытты анықтады.

Ч. Дарвин «Түрлердің табиғи сұрыпталу жолымен шығу тегі немесе тіршілік үшін күресте оған қолайлы қолтұқымдардың сақталуы»  деген еңбегінде (1859) табиғаттағы  «тіршілік үшін күресті» теория жүзінде тұжырымдады. Күрес түсінігіне Ч. Дарвин табиғи сұрыптауға алып келетін және эволюцияның өозғаушы факторы болып табылатын түрдің мекен ететін ортасымен қарама-қайшылықты әсерінің барлық формаларын енгізді. Ч. Дарвиннің осы еңбегі тірі ағзалардың қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын жан-жақты зерттеу мәселесін көтерді.

    Экология ғылымының калыптасуы тарихи дәуірлердегі коғамның және ондағы өндіргіш күштердің даму деңгейлерімен тығыз байланысты. Экология ғылымының тарихи дамуын, негізінен, үш кезеңге бөледі.

    Бірінші кезеңде — экология ғылымы туралы деректер жеке организмдерге сипаттама беру арқылы жинақтала бастады. Бұл кезең адамның пайда болған күнінен бастап XIX ғасырдың 60-жылдарына дейінгі уақыт аралығын қамтиды.

    Алғашқы экологиялық түсініктер, ұғымдар мен тұжырымдар кез келген халықтың аңыз-әңгімелерінде, мақал-мәтелдерінде және басқа да ауыз әдебиет үлгілерінде жиі кездеседі. Мысалы, халқымыздың "құндыз — суда, құлан — қырда" деген мәтелі әрбір жануардың тіршілік ортасын нақты аңғартып тұр. Ал "Жылқының жауы — бөгелек, жыланның жауы — дегелек" деген мақал жануарлар арасындағы қоректік тізбекке нақты дәлел бола алады.

    Экология ғылымы туралы кейбір ұғымдар мен түсініктер өте ерте кездерден басталды. Бастапқы экологиялық көзқарастар, негізінен, ботаника және зоология ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде калыптасты.

    Организмдердің тіршілік етуі өздері тіршілік ететін табиғи орта жағдайларымен тығыз байланысты болатындығы ертедегі ойшыл ғалымдар Эмпедоклдің (б.з.д. 490—430 жж.), Теофрасттың (б.з.д. 372—287 жж.), Аристотельдің (б.з.д. 384—322 жж.) еңбектерінде атап көрсетілген.

    Экологиялық көзқарастардың дамуына орыс ғалымдары П.С.Паллас (1741—181 Іжж.), И.И. Лепехин (1740—1802 жж.), И.Г.Гмелин (1709—1755 жж.), С.П. Крашенинников (1711—1755 ЖЖ<) және т.б. үлкен үлес қосты.

    XVII—XVIII ғасырларда жарық көрген биологиялық еңбектерде нақты ғылыми экологиялық мәліметтердің үлесі мол болды. Көптеген саяхатшылардың еңбектерінде экологиялық бағыттағы зерттеулерге ерекше көңіл бөлінді. Тіпті кейбір ғалымдар (Ж.Ламарк, Т.Мальтус және т.б.) алғаш рет адамның табиғатқа әсер етуінен болатын жағымсыз жағдайлардан сақтану кажеттігін де ерекше ескертті.

    Екінші кезеңде — экология ғылымы өз алдына жеке ғылым саласы болып қалыптасты. Бұл кезең XIX ғасырдың 60-жылдары мен XX ғасырдың 50-жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңде орыс ғалымдары К.Ф.Рулье (1814—1858 жж.), Н.А.Северцов (1827—1885 жж.) және В.В.Докучаев (1846—1903 жж.) еңбектерінде алғаш рет көптеген экологиялық ұғымдар мен қағидаларга ғылыми тұрғыдан дәлелді қорытындылар жасалды.

    К.Ф.Рулье органикалық дүниенің дамуы үнемі өзгеріп тұратын орта жағдайларының әсерлеріне тікелей байланысты деп қорытынды жасады. Сонымен катар ол жануарлар экологиясы ғылымының негізін салды.

    Н.А.Северцов 1855жылы "Воронеж губерниясындағы аңдардың, құстардың, қосмекенділер мен жорғалаушылардың тіршілігіндегі маусымдық құбылыстар" деген еңбегін жариялады. Бұл еңбек сол кездегі зоология ғылымындағы жан-жақты жүргізілген теңдесі жоқ экологиялық зерттеу деп бағаланды.

    Топырақтану ғылымының негізін салған В.В.Докучаевтың табиғат белдемдері жайлы ілімі экология ғылымының дамуына зор ықпал етті. Ғалым өз еңбектерінде өсімдіктер мен топырақ арасында болатын өзара қарым-қатынастарға жан-жақты талдау жасады.

    Экология ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ағылшын ғалымы Чарлз Дарвин (1809—1882 жж.) болды. Оның "тіршілік үшін күрес" және "табиғи сұрыпталу" туралы түйінді тұжырымдары тікелей тірі организмдердің өзара және олардың орта жағдайларымен байланыстарына негізделді.

    Неміс ғалымы Эрнст Геккель алғаш рет экологияны өз алдына жеке ғылым саласы деп, оған ғылыми анықтама берді. Сондықтан да Э.Геккель экология ғылымының негізін салған ғалым деп өте орынды аталады.

    Атақты орыс ғалымы В.И.Вернадскийдің (1864—1945 жж.) дүние жүзі ғалымдары мойындаған биосфера туралы ілімі қазіргі экология ғылымының ғылыми теориялық негізі болып есептелінеді.        

    Үшінші кезең — XX ғасырдың 50-жылдарынан басталып қазіргі уакытқа дейінгі аралықты қамтиды. бұл кезеңде экология ғылымы өз алдына көптеген жаңа салалар мен бағыттарға бөлінді. Сонымен бірге экология жаратылыстану және қоғамтану ғылымдарының басын қосып отырған кешенді ғылымға айналды. Осы кезде – экология бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, саяси-экономикалық, нарықтық жағдайлар мен мәселелер зерттейтін деңгейге жетті. Осыған байланысты, экология ғылымының қолданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсуде. Экологияның жаңа қағидалары мен бөлімдерін ерекше түрде ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, аса ірі эколог-биолог А. М. Гильяров "Популяциялық экологияны" жазып оны 1990 жылы жарыққа шығарды. Сонымен бірге М. Захарченконың "Экологияның қазіргі проблемалары", Н. Реймерстің "Экология", В. В. Глуховеың "Экологтяның экономикалық негіздері", С. Боголюбовичтың "Экология және құқық", Ю. А. Израельдің "Экологиялық мониторингі", Н. Реймерстің "Экологияландыру", Г. Стдоренконың "Экологияның қазіргі заманғы проблемалары", М. Бионың "Экология",С. Тлеубергеновтың "Адам экологиясы", С. Дрябо мен В. Ясвиннің "Экологиялық педагогика жәнепсихология", В. Хесленің "философия және экологтя",Ж. Шілдебаевтың  "Қызықты экология", Ж. Жатқанбаевтың "экология терминдерінің түсіндірме сөздігі" және тағы басқа эколог, химик-биолог ғалымдардың еңбектерін атауға болады.

    б)Экология бөлімдері.

    Экология 3 негізгі бағытты зертейді.

    1.Аутэкология-особьтар экологиясы.

    Аутэкология бір түрдің  өкілінің қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді.Басқаша айтқанда,осы организмге қоршаған орта факторларының әсерін және оларға осы особьтың  табиғи реакцияларын зерттейді.

    2.Демэкология-популяциялық  экология.

   Популяция дегеніміз белгілі бір арел бөлігінде ұзақ тіршілік етіп,еркін будандаса алатын бір түр особьтарының жиынтығы.

   Демэкология  популяцияның қалыптасу жағдайларын,құрылымы мен динамикасын зерттейді.Ол популяция санының өзгеруін,бұл құбылыстың себептерін зерттейді.

   3.Синэкология-қауымдастық  экологиясы.

   Қауымдастық  дегеніміз белгілі ареалда мекендейтін,әртүрлі  түрлерден құралған,тірі организмдер  жиынтығы.

   Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын,өзара және қоршаған ортамен өзара қарым қатынасын эерттейді.Синэкология экожүйелердің шекараларын  салумен айналысады.

 

Қорытынды

   Экология жеке ағзалардың және олардың бірлестіктерінің арасындағы өзара әсерді, оларға тіршілік орта факторларының ықпалын оқытып үйретеді. Ағзаның құрылысы мен тіршілік әрекетіне, оның мінез-қылығына қоршаған ортаның әсерін зерттейді. Белгілі аумақта әр алуан агзалар бірлестіктері арасындағы заңдылықтарды анықтайды. Ғаламшарымызда әрбір тірі ағза белгілі аумақта өмір сүріп, үнемі коршаған ортаның сан алуан факторларының әсерін бастан кешіреді. Мұнымен бірге ағза туыстас және туыстас емес тіршілік иесі ретінде және тіршілік ортасына әсер етеді. Сан алуан ағзалардың орасан көп мөлшері өмір сүретін болғандықтан, тірі табиғат күрделі де тірі ағзалардың өзара және олардың коршаған ортамен байланысты үйлесімді жүйесі болып саналады. Тірі ағзалардың өзара әсерінің және коршаған тіршілік ортасымен өзара әсерінің заңдылықтарын биологиялық ерекше бөлімі - экология зерттейді. Экология сөзі гректің «оіkоs» - үй-жай және «lоgos» - ілім деген сөзінен шыққан. Бұдан басқа мұнда белгілі аумақта тіршілік ететін ағзалар жиынтығы зерттеледі. Экология термині ең алғаш Эрнст Геккельдің «Ағзалардың жалпыға бірдей морфологиясы» (1866) жөнө «Әлем жаратылысының табиғи тарихы» (1868) еңбектерінен ғылымға енді. Экологиялық зерттеу обьектісіне биологиялық макрожүйелер (популяция, биоценоз, экожүйе) және олардың кеңістіктегі динамикалық өзгерістері жатады.

    Экология ғылымының  мақсаты – биосфера шегінде  әлемдік жағдайларды бақылай  отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын  сақтау, адам–қоғам–биосфера арасындағы  қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.

    Экология ғылымының  негізгі міндеті - популяция, биоценоз  және экожүйені динамикалық зерттеу,  экологиялық үрдістердің заңдылықтарын  ашу, индустриализация және урбанизация  жағдайындағы ғаламшар проблемаларын зерттеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақ энциклопедиясы, 10 том;

2.О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова. Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.

3.Ү.И.Кенесариев,Н.Ж.Жақашов.Экология  және халық денсаулығы.Алматы 2003

4.Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспары

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

     a)Экологияның  даму тарихы мен қалыптасу кезеңдері.

 б) Экология бөлімдері.

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер


Информация о работе Экология даму тарихы