Экология пәні, бағыттары мен міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2013 в 14:29, реферат

Описание работы

Осыған байланысты табиғи қорларды қорғаудың бүгінгі таңда дүниежүзілік маңызы бар проблемаға айналуы заңды мәселе. Табиғи қорларға зиянды әсер тигізетін литосфера, гидросфера, атмосфераның ластануымен ойдағыдай күресу көптеген елдермен бірлесе отырып, бұл күрделі мәселені шешуді талап етеді. Қазақстандағы тектоникалық құрылымдардың ерекшелігі, геологиялық даму тарихының күрделілігі, аумағының кең көлемді болуы мүнда сан алуан табиғи қорларының шоғырлануына жағдай жасайды. Республика аумағынан табиғатта кездесетін пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табылған, бұған қоса климаттық және минералдық, отын-энергетикалық т. б. қорлар жөнінен де республикамыз дүниежүзінде көрнекті орын алады.

Файлы: 1 файл

4- Табиғи қорлар және табиғатты тиімді пайдалану.docx

— 21.43 Кб (Скачать файл)

Табиғи қорлар және табиғатты тиімді пайдалану

Табиғи қорлар

Осыған байланысты табиғи қорларды қорғаудың бүгінгі таңда  дүниежүзілік маңызы бар проблемаға айналуы заңды мәселе. Табиғи қорларға зиянды әсер тигізетін литосфера, гидросфера, атмосфераның ластануымен ойдағыдай күресу көптеген елдермен бірлесе отырып, бұл күрделі мәселені шешуді талап етеді.

Қазақстандағы тектоникалық құрылымдардың ерекшелігі, геологиялық даму тарихының күрделілігі, аумағының кең көлемді болуы мүнда сан алуан табиғи қорларының шоғырлануына жағдай жасайды. Республика аумағынан табиғатта кездесетін пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табылған, бұған қоса климаттық және минералдық, отын-энергетикалық т. б. қорлар жөнінен де республикамыз дүниежүзінде көрнекті орын алады

Табиғатты тиімді пайдалану 
Табиғатты пайдалану мен қоршаған табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік басқару қоғамдық әлеуметтік басқарудың бір саласы болып табылады. Басқарудың мақсаты - экологиялық бағдарламалардың, жоспарлардың және шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалануды және салалардағы заң ережелерінің бұзылмауын қамтамасыз ету, адам өмірі мен денсаулығына табиғи ортаның қолайлы болуына жағдай жасау.  
Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған табиғи ортаны басқаратын органдардың қатарына Қазақстан Республикасы Министірлер Кабинеті, Ораталық атқарушы органдар және жергілікті өкілді органдар жатады. Қазақстан Республикасының Үкіметі қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқаратын қызметіне жататындар:  
• мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзірлейді;  
• табиғат пайдаланудың әр түрлі бағыттары бойынша ұлттық (мемлекеттік) экологиялық бағдарламалар әзірлейді, оларды Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады;  
• қоршаған ортаның сапасының нормативтері мен шаруашылық және өзге де қызметтерге қойылатын экологиялық талаптарды әзірлеу мен бекіту тәртібін белгілейді;  
• міндетті экологиялық сақтандыруды жүргізу тәртібі мен ережесін белгілейді;  
• табиғат пайдаланушыларға рұқсат алу қажет болатын табиғат пайдалану түрлерінің тізбесін және осы рұқсатты беру тәртібін белгілейді;  
• қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мотарингінің құрылымын, мазмұнын және оны жүргізу тәртібін белгілейді;  
• қоршаған ортаны қорғау, табиғат пайдалануды басқару және бұл салада мемлекеттік бақылау жасау міндеттерін жүзеге асыратын арнаулы уәкілетті органдардың тізбесін айқындайды;  
• халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады т.б.  
Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстарды министірлігінің, сондай-ақ оны жергілікті органдардың (облыстық, қалалық және аудандар) атқаратын қызметтеріне мына төмендегілер жатады:  
• қоршаған табиғи ортаны қорғау мен табиғитты пайдалануды басқарудың экономикалық тетігін іске асыру;  
• қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында біртұтас мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат жүргізу;  
• мемлекеттік экономикалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу;  
қоршаған табиғи ортаны пайдалану мен қорғауға және табиғи ...

Табиғи қорларды тиімді пайдалану

Қазақстандағы табиғи қорларды тиімді пайдалану республиканың  даму болашағы үшін маңызы зор. Алайда аумақты игеруге қатаң табиғат  жағдайлары кедергі келтіреді. Табиғи қорларды игеру мәселесі табиғатты  қорғаудың түйінді мәселелерін  де туғызады. Табиғи қорларды игерудегі  жіберілген қателіктер табиғаттың қай  қоры болмасын таусылмайды деген  жаңсақ үғымның үстем болуына  байланысты болды. Осының салдарынан табиғаттағы  тепе-теңдік бұзылды. Мұны су қорын  пайдалану мысалынан айқын көруге болады.

Республика үшін су қорын  тиімді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені  дамып келе жатқан өнеркәсіп пен  суармалы егіншілік алқаптарының ұлғаюы суды көп қажет етеді. Еліміздегі қазір қалыптасқан экологиялық  жағдайда өзен суының ластанып немесе құмға сіңіп, ысырап болып жатқаны  белгілі. Су қорларының дұрыс пайдаланылмауы, адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде  су режимінің өзгеруі өз кезегінде  табиғаттың басқа компоненттерінің өзгеруіне әкеп соқты. Оңтүстік Қазақстанның күріш егістіктерінде осындай қателіктер әсерінен топырақ құнарлы қабатынан  айырылып, сортаңданды. Топырақтағы  өзгерістер өсімдік жамылғысының түрлік құрамына, таралуына кері әсерін тигізді. Бұл тізбектегі өзгерістер тұтас  бір аймақты экологиялық апат аймағына айналдырды. Сонымен табиғат  ерекшеліктерін ескермегендіктен, су қорларын халық шаруашылығына пайдалану  мәселелері әзірше дұрыс шешілмей отыр. Тың және тыңайған жерлерді игеру  барысында мыңдаған гектар жер топырақ, су және жел эрозияларына ұшырады. Алғашқы  жылдары өнім біршама мол болғанымен, кейінгі жылдары бұл керсеткіш  төмендеп кетті. Жыртылған жердің борпылдақ  топырағы желдің әрекетінен құнарлы  қабатын ұшырып әкетіп, сол жердің топырағы жел эрозиясына ұшырады. Өйткені  топырақтардың құрылымдық ерекшеліктері ескерілмеді. Мысалы, құмайт және саздақ топырақты аудандар 4-5 жыл пайдаланғаннан кейін жері сортаңданып, егістік көлемнен шығып қалады. Жел топырақтың құнарлы қабатын ұшырып әкетеді.

Республикадағы шөлейттер  мен шөлдер 167 млн га жерді алып жатыр. Суарылған жағдайда бұл алқапты  тек мал жайылымы ретінде ғана пайдалануға болады. Кейінгі жылдары  көлдетіп суландыру жолымен тиісті нәтижеге жету мүмкіншілігі белгілі  болып отыр. Жайылымдарды суландыруға артезиан суын пайдаланудың болашағы зор

  


Информация о работе Экология пәні, бағыттары мен міндеттері