Экология пәні, оның негізгі мақсаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 13:49, лекция

Описание работы

Экология (грек oikos-үй, баспана logos-ілім ғылым) тірі организмдер мен қоршаған ортаның қарым қатынасының н\е тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын оргнизмдердің бір-бірімен өзара байланысын зерттейтін ғылым.Экология пәнінің негізгі мақсаты ғаламдық проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау.<<Адам -қоғам -табиғат>> арасындағы қарым қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануда негіздеу.

Файлы: 1 файл

Экология и.doc

— 300.50 Кб (Скачать файл)

Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералық  қызметі-биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық  мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан, тиімді, реттелген, табиғат  пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды-Тұрақты Даму д.а.1987ж. БҰҰ-ның  Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз атты есебінде» қоршаған орта үшін қауіпсіз жолда экономикалық дәуірге шақырады. Алғаш рет «Тұрақты даму концепциясы» ұсынылды. «Тұрақты даму» деген қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтар өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын Даму!1992ж.маусым  айында Рио-де-Жанейро қаласында БҰҰ-ның  қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму концепциясын» қабылдады. Бұл бағдарламада болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар, конференцияда 2 концепция-климаттың өзгеруінің алдын алу мен ормандарды қорғау және биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері қаралды. БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін Тұрақты дамудың Ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырды. Сол ретте, ҚР-ның Үкіметі ұсынған «ҚР-ның Тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.Тұрақты даму моделінің ұйғарымдары:1) Өндірістің материалдық және энергия сыйымдылығын төмендету, қалдықтарды азайту, улы заттар айналымын азайту.2)Ауыл шаруашылығын тиянақты жүргізуді және ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін көтеру арқылы аудандардың дамуына жәрдем беру, өсімдік пен жануар өнімдерінің нәрлі қасиеттерін жақсарту және т.б.

3) Бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету.

4) Энергия сақтау технологиясын пайдалануды ынталандыруды.

5) Биологиялық алуантүрлілікті сақтауға бағытталған үйлесімді іс-шараларды қабылдау.6) Барлық елдер үшін бірдей экологиялық стандарттарды қалыптастыру, Тұрақты дамудың біртұтас жаһандық бағытын анықтайтын халықаралық институттарды құру және т.б.

Бұл мәселелерді шешудің міндеттері мен мақсаттары «ҚР-ның экологиялық қауіпсіздік концепциясында» қарастырылған. (ҚР-ның Президентінің шешімімен бекітілген, 30 сәуір, 1996 ж.)

18.Экологиялық қуыс – экожүйеде популяциялардың тіршілігі үшін қажет экологиялық жағдайлардың (ресурстардың, кеңістіктің) жиынтығы, яғни түрдің тіршілік етуі үшін, қауымдастықтағы басқа түрлермен байланыстарын қоса алғанда, оның тіршілік етуіне қажетті факторлар комплексі.«Экологиялық қуыс» ұғымын ғылымға зоолог Дж.Гринелл биоценоздағы түрдің ролін анықтау үшін енгізді. Ю.Одумның айтуы бойынша, экологиялық қуыс ұғымы организмнің экожүйедегі атқаратын роліне жатады, яғни тіршілік ету ортасы түрдің «мекен-жайы», ал «қуыс»-түрдің «мамандығы». Мысалы, өсімдік қоректі антилопа мен кенгуру әртүрлі жерде тіршілік еткенімен, бір Экологиялық қуысты иеленеді. Керісінше, орман тиіні мен бұғысы да өсімдік қоректі болғанымен әртүрлі экологиялық қуысты иеленеді. Қорек түрлері әртүрлі болуына байланысты Экологиялық қуыс жануарлар арасында жақсы байқалады.

19.Ормандық  экожүйенің қоректік шөптесін өсімдіктердің еншісіне күн енергиясының қанша пайызы түседі.Ормандық экожүйенің қоректік шөптесін өсімдіктердің еншісіне күн енергиясыбір қалыпты түспейді.Мысалы: Күн энергисының шөптесін өсімдіктерге біркелкі түспеуі оның климаттық орнын, графикалық аймағына байланыста болады.Қарайым ормандық экожүйедегі қоректік шөптесін өсімдіктерне күн энергиясының түсу жолы.

 Климаты ыстық құрғақ. Бұндай аймақтарда күн энергиясы сол жердің қоректік шөптесін өсімдіктерне күн энергиясы шамадан тыс түседі. Соған байланысты ол жердің организімдері құрғаққа бейім келеді. Бір организіммен екінші организімге энергияның өтуін энергия өту механизімі деп аталады.

20.Биоценоз, Биогеоценоз, Экожүйе түсінігі.Биоценоз (грекше bios - өмір, koinos – жалпы, ортақ) – бірдей ортақ жағдайларында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизімдер популяциялардың жиынтығы.Биоценоз ұғымын қолдануды 1877 жылы неміс зоологы Карл Мебиус ұсынды. Биоцнеоз тірі организімдердің жай жиынтығы емес, ретті, бір-бірімен байланысқан. Фитоденозден (өсімдіктер жиынтығы), зооценоздан (жануарлар жиынтығы), микоценоздан (саңырауқұлақтар жиынтығы) және микробоценоздан (микроорганизімдер жиынтығы) тұратын жүйе.Ешқандай биоценоз қоршаған ортадан тәуелсіз не одан тыс өздігінен дами алмайды. Нәтижесінде жеке бөліктерінің күрделі өзара қалыптасқан тірі және өлі бөліктердің жиынтығынан тұратын кешендер түзіледі. Біртекті жағдайлармен сипатталатын организімдердің белгілі бір бірлестіктерінен қоныстанған кеңістік биотоп деп аталады. Биогеоценоз – тіршілік ететін жер бетімен қоса (биотоп) тірі организімдер (биоценоз) мен обиотикалық ортаның тарихи қалыптасқан жиынтығы. “Биогеоценоз” ұғымын 1944 жылы академик В.Н. Сукачев ұсынды.Табиғатта әртүрлі түрлердің популяциялары биценозға бірігеді. Орта жағдайлары ұқсас кеңістікте тіршілік ететін организімдер қауымдастықтарын биотоп (биоценоз) деп атайды. Биотоп – биоценоздың тіршілік ету ортасы. Сондықтан биоценозды белгілі бір биотопқа тән тарихи қалыптасқан организімдер тобы ретінде қарастыруға болады. Кез-келген биоценоз биотоппен бірге жоғары дәрежедегі биологиялық жүйе – Биогеоценозды құрайды.Биогеоценоздар әртүрлі мөлшерде, көлемде болуы мүмкін. Мысалы, орман көл шалғындық және т.б. Мөлшері мен күрделілігіне қарамастан кез-келген биогеоценоз мынадай құрамдардан тұрады:- продукценттер - өндірушілер (жасыл өсімдіктер), күн энергиясын пайдалана отырып денесін бейорганикалық заттардан түзетін автотрофты организімдер. Бұлар қоректік тізбектің бірінші буыны;- консументтер – тұтунышылар, продукценттер арқылы дайын органикалық заттармен бірге ондағы энергияныпайдаланатын гетеретрофты организімдер (бірнші дәрежелі - өсімдік қоректік жануарлар, екінші дәрежелі – ет қоректілер және үшінші дәрежелі- жыртқыштар);- редуценттер – ыдыратушылар, органикалық қалдықтарды ыдырататын, биологиялық зат айналымын аяқтайтын (шартты түрде) организімдер (бактериялар, саңырауқұлақтар, микроорганизімдер); Экожүйе – зат айналымы жүре алатын организімдермен бейорганикалық компоненттер жиынтығы.Экожүйелер арасында биогеоценоздар арасындағы сияқты анық шекара жоқ, бір экожүйе біртіндеп экожүйеге ауысады. Үлкен экожүйелер кіші экожүйелерден құралады. Мысалы, құмырсқа илеуі, томар, жануарлардың салған іні ішіндегі тіршілік ететін организімдерімен (микрожүйе) бірге орман экожүйелерінің (мезоэкожүйе) құрамына кіреді.Ал оның өнімділігін айтатын болсақ мысалы Биологиялық өнімділігі.Биологиялық өнімділік дегеніміз биогеоценоз құрамына енетін микроорганизімдер, өсімдіктер және жнуарлар дүниесінің өндіретін биомассасы. Бұл процесс табиғатта әр түрлі жылдамдықпен жүреді. Сондықтан оны уақытпен шектей отырып, маусымдық, жылдық немесе бірнеше жылдық өніммен өлшейді. Ол құрлықтағы организімдер үшін 1м2, 10м2 , 100м2, ал судың организімдер үшін 1м3, 10м3, т.б., өлшеніп ондағы құрғақ органикалық заттың салағымен анықталады.

21.Үш буыннан туратын коректік тізбектің схемасы

Біріншісі – продукцентер немесе өндірушілер мұнда автотрофты жасыл өсімдіктер органикалық заттар түсіп, алғашқы биологиялық өнімділікті түзеді және күн энергиясын жұмсайды (сіңіреді). Екіншісі – консументтер. Бұған жануарлар жатады.Үшіншісі – редукценттер немесе қайта қалпына келтірушілер. Олардың рөлі ерекше, яғни заттарды ыдыратып, қайта қалпына келтіріп зат айналымын жалғастырып отырады.Әрбір қоректік тізбектің қатарында белгілі бір трофикалық (қоректік) деңгей қалыптасады. Ол өзінен өтетін зат және энергия ағымының белсенділігімен сипатталады. Мәселен, жасыл өсімдіктер – бірінші деңгейлік трофикалық деңгейді түзсе, фитографтар – екінші, ал жануарлар тектес қоректілер – үшінші, т.с.с. деңгейлерді түзіп жалғаса береді.Барлық қоректік тізбектер бір-бірімен байланысты және бір-біріне тәуелді болып отырады. Әрбір деңгейден екіншіге, үшіншіге өткен сайын зат немесе энергия беру жүзеге асады. Осының бәрі биоценоздағы қоректік тізбектің күрделілігін және біртұтас жүйе ретінде әрекет ететіндігін көрсетеді.

22.Қазіргі уақытта экономикалық және әлеуметтік тенденцияларға экологияның рөлі. Қазіргі нарықтық заманда экогомиканың жындану кезінде, әлеуметтік саланың жетік даму барысында экологиялық мәселелер артып отыр. Осы айтылған тенденцияларда экологияның оөлі өте зор.Экологиялық тенденциядағы рөлі: Қазір шикізат қорын алу мақсатында экономикамыз жандануда. Ал енді осы шикізатты алуда біз экологияға зиян келтіріп жатырмызба? Әрине біз мұнай өндірісінде жылына 45%-ын, көмірдің 36%-ын мақсатсыз жерге төгеміз. Осы жағдайларды ескерсек біз еліміздің экологтясын  азайтар едік.  Экологиялық тенденциядағы экологияның рөлі: XXғасырда әлемде халқы жөнінен 1-ші орынды Үндістан алыпты.Кейін Үндістанда жұқпалы аурулардың салдарынан және өздерінің отбасы стратегиясын қолданып халқының өсуі бірден төмендеді. Халықтың ұдайы өсуін Демографиялық жарылыс, халықтың әлеуметтік саласының хошендеуінен көптеген жұқпалы аурулардың туындауы әлеуметтік тенденциядығы экологияның рөлі деп ойлаймын.Осы айтылған әлеуметтік және экологиялық тенденциядағы экологияның рөлі өте зор.

23.Көміртегі, азот, оттегі және баска да хим.элем.айналымы,су айнКөміртегі айн - көмірсулардың, майлардың, белоктардың, нуклеин қышқылдарының (ДНҚ,РНҚ) және тіршілікке қажет басқа органикалық қосылыстардың негізгі «құрылыс материалдарына» жататын көміртегі биологиялық айналымның негізгі қатысушысы.Көмір қышқыл газының Жер биосферасындағы жылжуы екі бағытта жүреді: 1)фотосинтез процесі кезінде өсімдіктер көмір қышқыл газын сіңіріп, өсім. Массасын құрайды, ары қарай бұл масса көмір, шымтезек, мұнай, шөгінді тау жыныстары түрінде литосфераға ауысады. 2)Әлемдік мұхитта еріп,көмір қышқыл газы тірі организмдер н/е хим. реакциялар көмегімен кальциймен қосылып қуатты карбоннатты жанастар түзеді.Бұл жағдайда көміртегі фотосинтез өнімдермен салыстарғанда 4есе көп жиналады.Азот айн атмосфералық ауаның78% азот құрайды.Бірақ азот хим. Жағынан белсенділігі төмен элемент.Азот барлық белоктардың құрамына енеді. Табиғатта байланысқан азот түрінің бос молекулық азоттық жалпы қатынасы 1:100000. молекулық түрін құратын азот атомдар арасындағы хим байланыс энергиясы жоғарғы болғандықтан азоттың басқа элементтермен оттегімен н\е сутегімен (азотфикация) қосылу процесі көп мөлшерде энергияны қажет етеді.өнеркәсіпте азотты алуға катализаторлармен қатар 500%С шамасындағы темп мен 30 атм қысым қолданылады.биосферада азот айналымы анаэробты бактериялардың және көк жасыл балдырлардың бірнеше топтары жүргізіледі. Бұршақ тұқымдас өсім гі түйнек бактерияларында азотты сіңіру процесі оттегінің артық мөлшеріңің арнайы өсімдік гемоглобинімен қорғалған күрделі ферментті жүйенің көмегімен жүреді. Биологиялық азот сіңіру процесінің тікелей өнімі болып саналатын амин тобы бүкіл организмдер қатысатын айналымға қосылады. Бірақ негізгі рольді топырақ пен су бактерия-ның үш тобы: азоттандырушылар,нитрат түзушілер және азотсыздандырушы бактериялар жүргізеді.бактериялардың алғашқы екі түрі атмосферадағы молекулалық азотты байланыстырып оларды өсімдіктердің азотты қоректенуіне қажетті түрлерге нитрит нитрат аммоний тұздары  ацйналдырып  сондай ақ органикалық азотты қосылыстарды амин қышқылдары, пептидтер, белоктар түзеді. Оттегі айн фотосинтез процесіне басталады. Оның биологиялық айнл 250 т\жыл, ал биосферадағы оның жалпы массасы 1014т.Оттегі жер бетінде ең көп таралған элемент; оның атмосферадағы (салмақтық %) мөлшері 23.1% (288 мг\л) литосфера -47,2% гидросфера- 86,9%.Гидросферадағы бос оттегінің мөлшері шамамен 4.5 мг\л осы оттегіні су оргаизмдері өздерінің тіршілігіне жұмсайды.Оттегі айналымы мен азоның түзілуі де тығыз байланысты. Атмның жоғарғы қабаттарында ультракулгін сәулелерінің қатысуымен оттегімалекуласында иондау мен диссоциациялану жүріп және оттегі молекулаларымен қосылып оттегінің 3атомынан тұратын озон түзіледі: h—O 2O;O+O2  O3Су айн. Күн энергиясы,тартылу күші, тірі организмдердің тіршілігі және адамның шаруашылық қызметінің әсерімен жер бетінде судың үздіксіз жүретін бір бірімен байланысты процесс. Су анл табиғат жағдайында былай жүреді: жауын шашын атмосферадан жер бетіне түсіп топыраққа сіңіріледі н\е су қоймаларына ағады. Мұхиттардың өзендердің, құрылықтардың бетінен буланған су булары арқ тасымданып, жауын шашынмен бірге н\е шық ретінде жер бетіне кайта түседі. Осылардан басқа су айнл процесіне өсім ң ауамен жанасатын барлық сыртқы және ішкі беттеріндегі  судың (транспирациялық су, жылына 1030мм) булануы ж\е жердің өте терең қабаттарындаңы магмадан бөлінетін оттегі мен сутегіден түзілген жер асты суы жатады.

24.Қоректік тізбекте органикалық зат өндіруші, тұтынушы, ыдыратушы орг.орналасуын схема т.к.

Құрамына энергия ағыны  ж\е заттар айналымның екі щеңбері: қатты заттар мен газ тәрізді  экожуйе құрамы. Продуценттер күн  энергиясын тұтып, оны химиялық байланыстар  энергиясына айналдырады.Консументтер продуценттерді жеп, бұл байланыстарды  үзеді. Босанған энергияны консументтер өз денесін құруға пайдаланады. Ақырында, редуценттер іріп шіріп жатқан органикалық заттардың химиялық байланыстарын үзіп өз денесін құрайды. Нәтижесінде, продуценттер жинақтаған барлық энергия пайдаланып бітеді. Органикалық заттар органикалық емес заттарға ыдыратылып, продуценттерге қайтып келеді. Сонымен, экологиялық жүйенің құрылымын энергияны трансформациялаудың үш деңгейі мен заттар айналымының екі щеңбері қатты заттар ж\е газ тәрізді заттар айналымы құрайды. Продуценттер 1ші ретті өндірушілер автотрофты организмдер планетаның бүкіл тірі дүниесін оргникалық затпен қамтамасыз ететін жасыл өсімдіктер.Автотрофтар (грек autos өзім trophe қорек) қорек ретінде бейорганикалық заттарды пайдаланатын орг. (жасыл өсім, балдырлар.) Консументтер гетеротрофты ағзалар, өндірушілер түзген органикалық заттармен қоректенеді (жануар,микроорганиз) Консументтер органикалық зат түзбейді бірақ бір орг.Затты басқа затқа айналдырады.Гетеретрофтар (грек heteros басқа trophe қорек) қорек ретінде автотрофтар синтездеген орг заттарды пайдаланады.

(жан,саңырауқұлақтар,микроорг.) Редуценттер (лат қалпына келтіруші,деструкторлар) орг заттарды ыдыратушы ж\е оларды бейорганикалық заттарға айналдырушы.Р-тер арқ өлі организдердің денесіндегі маңызды биогенді элементтер биологиялық айналымға қайта түседі ж\е бірнеше рет қатысады.

25.Халық саның өсуі.Қазіргі кездегі жердегі халық күніне 250 мыңға көбейсе, аптасына 1млн 750мыңға, айына 7,5млн,ал жылына 90млн көбеюде,1650ж 500млн халық 1987ж 5млрд,ал 2000ж 6 млрд-тан асты. Халық санының екі еселенуі  100ж созылса, 2млрд-тан 4млрд-қа жетуі ү\н 70ж, ал келесі екі еселенуі ү\н 50ждан аз уықытты керек етті. Мұны Демографиялық жарылыс депті. БҰҰ мәліметтері б\ша негізгі халықтың өсуі дамушы елдер үлесіне тиеді. Дамушы елдердегі халықтар саны планета халқының  3\4 түзеп, жалпы әлемдік өнімдердің тек1\3 өлігін тұтынады. Американдықтар барлық планетаны 6 млрд халықты 100 адам етіп сыйдырып, олардың қазіргі жағдайдағы адамдық қарым қатынастарын көрсеткен.Сонда: 57 азиат,21 еуропалык,14 терістік, орталық ж\е оң. Америка мен 8 Африка халық өкілдері болған. 50% барлық байлық 6 адамның қолында, олардың барлығы АҚШ азаматтары. 70 адам оқи алмайды,50 адам тойып тамақ ішпейді,80 адам тқруға ыңғайсыз жайларда тұрып жатыр, тек қана 1 адамның университеттік білімі бар. Жер бетінде адам санының көбеюі әр адам қажетті ресурстардан өз үлесін ала алмаған жағдайда тоқталуы қажет. Соның бірі тамақ. Күн сайын әлемде аштықтан 12мың адам өледі, 10млн баланың дұрыс тамақтанбаудан өмірлері қауіпті жағдайда. Үнді еленде толық тамақтанбағандықтан жыл сайын 1млн бала өледі. Гектарынан әр адамға 1 тонна астық жинаған жағдайда аштық проблемасы болмайды. Халықтың өсуі біршама процестерге әкеп соғады: тұтынудың көбеюі, қала халқының өсуі, қоршаған ортаның ыластануы, өмір сүрудің өзгеруі, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, халықтың құрылымының өзгеруі, тығыздануы.

26.Биоценоздың трофтық құрылымы (қоректік тізбек, продуценттер, консументтер, редуценттер)

Қоректік тізбектер биоценоздың әртүрлі трофикалық деңгейлердегі мүшелерінің алдыңғыларының соңғыларымен қоректенуі арқ заттар мен энергиянын тасымалдануы. Биоценоз белгілі бір жерде тіршілік ететін өсім (фитоценоз), жануарлар (зооценоз) және микроорганиздер (микробоценоз ) топтарының жиынтығы. Продуценттер 1ші ретті өндірушілер автотрофты организмдер планетаның бүкіл тірі дүниесін оргникалық затпен қамтамасыз ететін жасыл өсімдіктер.Автотрофтар (грек autos өзім trophe қорек) қорек ретінде бейорганикалық заттарды пайдаланатын орг. (жасыл өсім, балдырлар.) Консументтер гетеротрофты ағзалар, өндірушілер түзген органикалық заттармен қоректенеді (жануар,микроорганиз) Консументтер органикалық зат түзбейді бірақ бір орг.Затты басқа затқа айналдырады.Гетеретрофтар (грек heteros басқа trophe қорек) қорек ретінде автотрофтар синтездеген орг заттарды пайдаланады. (жан,саңырауқұлақтар,микроорг.) Редуценттер (лат қалпына келтіруші,деструкторлар) орг заттарды ыдыратушы ж\е оларды бейорганикалық заттарға айналдырушы.Р-тер арқ өлі организдердің денесіндегі маңызды биогенді элементтер биологиялық айналымға қайта түседі ж\е бірнеше рет қатысады.

27.Биосферадағы көміртегі айналымын схема т.к.

Продуценттер атмосферадағы көмірқышқыл  газды сіңіп, түрлі органикалық  қосылыстарға алмастырады, консументтер органикалық затты қорек ретінде пайдаланып, қоректік тізбектер түзеді. Редуценттер органикалық қосылыстарды минералдап, атмосфераға көміркышкылгаз түрінде қайтарады. Ал дүниежүзілік мұхиттардағы көміртегі айналымы қиындау ондағы өлі организмдердің құрамындағы көміртегі мұхиттың түбінде шөгенді де, шөгінді де жыныстар түрінде жиналады. Бұл көміртегі биологиялық айналымнан шығып, геологиялық зат айналымына ауысады. Көміртегінің биологиялық негізгі резервуары ормандар. Көміртегінің айналымына адамдардың араласуы атмосферадағы СО2 мөлшерінің жоғарлауына алып келеді, ол парникті эфекттің алып келуіне әкеліп соғады. СО айналымның жылдамдығы, яғни атмосферадағы барлық көмірқышқылгазы тірі зат арқ өтеді, оған шамамен 300 жыл кетеді.

 

28.Биоценоздардың өнімділігі (1,2 реттік)

Бірлестіктерге тән қасиет-олардың жаңа биомасса түзу қабілеті болып табылады. Бұл қасиет өнімділік ұғымының негізі. Экожүйедегі органикалық заттардың түзілу жылдамдығын биологиялық өнімділік деп аталады. Тірі организмдердің денесінің массасы биомасса деп аталады. Экожүйенің биологиялық өнімділігі – ондағы биомассаның түзілу жылдамдығы. Биоценоздардың бірінші және екінші өнімділігін ажыратады. Бірінші реттік өнімділік деп, бірінші реттік өндірушілердің биомассасының түзілу жылдамдығын айтады. Бұл маңызды көрсеткіш. Себебі ол экожүйенің биотикалық компоненті арқылы өтетін жалпы энергия ағынын, яғни экожүйеде мүмкін болатын тірі организмдердің санын анықтайды. Өсімдіктердің энергияны жинау жылдамдығын жалпы бірінші реттік өнімділік деп атайды. Бұл энергияның  20 пайыздай бөлігін өсімдіктер тыныс алуға және басқа да тіршілік қызметіне жұмсайды. Тыныс алу мен басқа да тіршілік процестеріне жұмсалатын энергияны алып тастағанда органикалық заттың жиналу жылдамдығын таза бірінші реттік өнімділік деп атайды. Жануарлар да өсімдіктер сияқты энергияның біраз бөлігін тыныс алу мен басқа тіршілік процестеріне жұмсайды. Гетеротрофты организмдердің органикалық заттарды жинау жылдамдығын екінші реттік өнімділік деп атайды.

Информация о работе Экология пәні, оның негізгі мақсаты