«Экология» пәнінің анықтамасы, мақсаттары, міндеттері және әдістері. Экология дамуының тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2013 в 15:51, реферат

Описание работы

Экология – биология ғылымының бір саласы. Негізінде экологиялық зерттеулер ХІХ ғасырда Чарлз Дарвин еңбектерінде сипат алғанымен, кейіннен экология өз бетінше жеке ғылым саласына айналды. «Экология» терминін ғылымға алғаш рет неміс биологі Э. Геккель енгізді (1866). Экология дегеніміз – тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын оларды қоршаған ортасымен байланыстырып зерттейтін ғылым.

Файлы: 1 файл

ЭКОЛОГИЯ.docx

— 32.11 Кб (Скачать файл)

Балқаш  өңірі де күрделі өзгерістерге ұшырады. 1970 жылы Балқаш көліне құятын Іле өзенінің орта ағысы тұсынан Қапшағай су электр станциясының салынуы Іле-Балқаш су алыбының экологиялық жағдайын шиеленістіріп  жіберді. Ғасырлар бойы қалыптасқан  табиғат кешені бұзылды. Қапшағай суқоймасы  өзінің ауқымын кеңейте түсіп, мыңдаған гектар табиғи жайылымдар мен тоғайлар су астында қалды. Ол аз болғандай, Іле  өзенінің орта және төменгі ағысы  тұстарын Шарын, Шеңгелді, Ақдала сілемдері  игеріле бастады. Бұл суармалы жерлерде суды көп қажет ететін күріш, бау-бақша  дақылдарын өсіру жоспарланып, Іле  суының Балқашқа құю мүмкіндігі азая түсті. Оның үстіне, Шарын өзенінің бойында Бестөбе бөгенінің, Үлкен  Алматы тоғанының салынуы ол жерлерде табиғаттың тепе-теңдік қалпын бұзып, соның нәтижесінде Іле өзенінің қайталанбас сұлу табиғаты, «Қызыл кітапқа» енген тораңғы, үйеңкі ағаштарынан  тұратын жиделі ну-тоғайлары жойыла бастады. Іле өзенінің тоғайындағы  елік, доңыз, мәлін, қамыс мысығы, қырғауыл, т.б. көптеген аңдар мен әнші құстардың  саны азайып кетті. «Әнші құм», «Таңбалы тастар», «Шарын саябағы» сияқты белгілі  табиғат ескерткіштеріне толы Ілі  бойы экологиялық апатты аймаққа  айналды.

Қазақстандағы басқа  да өзен-көлдердің экологиялық  жағдайы жақсы емес. Әсіресе Ертіс, Жайық, Сырдария, Іле, Шу, Нұра, Тобыл, Көксу  өзендері өндіріс қалдықтары мен  тұрмыстық лас сулар, ауыр металдар, химиялық зиянды заттармен ластануда. Ал Каспий теңізінің мұнай өнімдерінен ластанғаны сонша, судағы балықтар мен жағалаудағы құстардың, итбалықтардың жаппай қырылып қалу фактілері жиі кездеседі.

Елімізде  су айдындары мәселелерімен қатар  топырақтың құнарсыздануы, шөлейттену, жайылымдардың, табиғат ландшафтылардың  өзгеруі табиғи ортаға кері ықпалын  тигізуде.

Қазақстанның  экологиялық жағдайы табиғатты  тиімді пайдалану, көркейту және қорғау мен қайта қалпына келтіру  жұмыстарын жүйелі әрі ғылыми негізде, кешенді тұрғыда жүргізуді қажет  етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданған әдебиеттер

 

1. Ж. Шілдебаев

2.Ж.Қожантаева

3.Л.Аманжолова

4. Жамалбеков Е. Ү., Білдебаев Р. М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. А. Қазақ университеті 2001 ж.

5.Г.К. Сагимбаев. Экология и экономика. Алматы. 1997ж. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе «Экология» пәнінің анықтамасы, мақсаттары, міндеттері және әдістері. Экология дамуының тарихы