Экология тәрбиесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 11:45, реферат

Описание работы

Мектеп жасындағы балаларға қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын таныстыру арқылы олардың бір-бірімен байланысын ғылыми түрде түсіндіру барысында балаларда алғашқы табиғат туралы ұғым негіздері қаланады. Балалардың мұндай табиғат жайында алған қарапайым дүниетанымдық ұғымдары, олардың бастауыш сыныпта дүниетанымды оқыту барысында және жоғарғы сыныптарда биологиялық пәндер бойынша берілетін білім жүйесінің алғашқы баспалдағы болмақ. Сондай-ақ табиғат заңдылығын жеңіл түрде ұғындыра отырып, берілетін білімнің өзара байланысы мен сабақтастығын қамтамасыз етуде баланың дүниетанымы кеңейіп, тереңделіп, толықтырылады.

Содержание работы

1. Кіріспе
2. Экология және экологиялық тәрбие жайлы ұғым.
3. Экологиялық тәрбиенің мақсаты, міндеттері.
4. Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие.
5. Қорытынды.
6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Файлы: 1 файл

реферат.docx

— 43.49 Кб (Скачать файл)

Жоспар:

1. Кіріспе  
2. Экология және экологиялық тәрбие жайлы ұғым. 
3. Экологиялық тәрбиенің мақсаты, міндеттері. 
4. Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие.

5. Қорытынды.

6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 Қазіргі кезеңде қоғамның  даму бағыты бүкіл оқу-тәрбие  жұмысының алдына жас жеткіншектердің  тілін, ақыл-ойын, жалпы білім деңгейін, дүниетанымын дамыту мәселесін  қойып отыр. Қазақстан Республикасы  тұрақты дамудың жаңа жолына  түскен кезеңде жас ұрпақты  ізгілікке, эстетикаға, отансүйгіштікке  баулитын экологиялық білім мен  тәрбие берудің маңызы арта  түсуде. Себебі, «табиғат — қоғам - адам» жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен «Білім туралы» Заңы (1999), «Айналадағы ортаны қорғау туралы» Заңы (1997), «Қазақстан Республикасы стратегиялық тұрақты даму жолына арналған 2030 бағдарламасы» (1996) , «Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы» (1997), «Қазақстан Республикасы экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясы» (1998), «Экологиялық білім бағдарламасы» (1999), «Қазақстан Республикасы орта білім берудің мемлекеттік стандарттары» (1998), «Қазақстан Республикасы 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздікті сақтау тұжырымдамасы» (2004) және т.б. құжаттар қабылданды.

Мектеп жасындағы балаларға қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын таныстыру арқылы олардың бір-бірімен байланысын ғылыми түрде түсіндіру барысында балаларда алғашқы табиғат туралы ұғым негіздері қаланады. Балалардың мұндай табиғат жайында алған қарапайым дүниетанымдық ұғымдары, олардың бастауыш сыныпта дүниетанымды оқыту барысында және жоғарғы сыныптарда биологиялық пәндер бойынша берілетін білім жүйесінің алғашқы баспалдағы болмақ. Сондай-ақ табиғат заңдылығын жеңіл түрде ұғындыра отырып, берілетін білімнің өзара байланысы мен сабақтастығын қамтамасыз етуде баланың дүниетанымы кеңейіп, тереңделіп, толықтырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экологиялық тәрбие.

 Экология — 200 жылдық тарихы бар жас ғылым. Экология терминін неміс биологы Эрнест Геккель (1968ж.). "Естественная история происхождения" атты кітабында алғаш рет қолданған. Экология - "ойкос" деген грек сөзі, "үй, баспана" ұғымын білдіреді. Э.Геккельдің айтуы бойынша экология - зоологияның бір тармағы, жанды мақұлықтардың органикалық және анорганикалық ортамен өзара қатынасын зерттейді. Экология ғылымы жеке пән түрінде биология ішінде пайда болды. Экологияны ғылыми негіздеген эволюция туралы ілімнің негізін салушы ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин, оның анықтауы бойынша экология тірі ағзалардың ортадағы тіршілік әрекетін және өзара қатынасын зерттейтін биологиялық ғылым. "Экология" ғылымы теориялық және тәжірибелік маңызы бар барлық ғылымның кешенді негізінде тез дами бастаған салаға айналды.

Экология дегеніміз - табиғатты пайдаланудық ғылыми-теориялық негізі. Экологиялық тәрбиенің көкейтестілігі - Қазақстандағы экологиялық апат аймақтарының болуымен тығыз байланысты. Батыс Қазақстан жұртшылығын әскери полигондар, экологиялық талаптарды өрескел бұзып отырған өндіріс орындары алаңдатып отыр.  
Қарашығанақ кен орнын игеруге 3000 га-ға жуық егіс, жайылым және орман жері пайдаланылады. Бұрғылайтын қондырғылар мен магистралды газ мұнай тасымалдайтын құбырлар кездейсоқ апатты жағдайға ұшыратуы мүмкін, осы кезде қоршаған ортаның әсіресе жер бетіндегі сулардың ластануы орын алады. Апаттық жағдайлардың тууының негізгі себебі - тасымалдау құбырларының коррозия процесіне ұшырап, жарылуы (90,5 %). 
Еділ мен Жайық өзенінің аралығында орналасқан аумағы 40 мың км2 құмды өңір орта есеппен теңіз деңгейінен 0,21м төмен жатыр. Жер астының тұщы су қоры мол екені анықталды. Облыс тұрғындары Азғыр мен Капустин Ярдағы әскери ядролық сынақ полигонын жабуды, сынақ аймақтарын өз иелеріне байырғы тұрғындарға қайтаруды, т.б. талап етіп, осы мақсатта бұқаралық саяси күрес шараларын жүзеге асыратын қоғамдық қозғалыс құруды ұсынды. 1990 жылғы мамыр 1992 жылғы мамыр аралығында "Нарын" қозғалысының орталығы Орда ауданында болды. Органикалық отынды жағу кезінде атмосфераға күкірттің қос тотығынан басқа азоттың қос тотығы да шығарылады. Күкірт пен азоттың қос тотықтары "Қышқылдық жаңбыр" деп аталатын жауын түсуіне себепші болады, олар топыраққа араласа отырып, оның қышқылдылығының жоғарылауына әкеп соқтырады. Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігіне әсерін тигізді. Қышқылдық жаңбырлар металды жабдықтар мен құбырлардың тоттануын туғызуы мүмкін. 
Әскери полигон Батыс Қазақстан облысы мен Астрахань облыстың шекарасында орналасқан. Адамдар мен тірі табиғатқа тигізген зияндары жөнінен "Азғыр", "Капустин Яр" белгілі Семей полигонынан асып түседі. Полигондар онкологиялық, жүрек тамыр және басқа ауруларды қоздырып, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне зиянын тигізді. Озон қабатының жұқаруы, қышқылды жаңбыр, жер ғаламшарларындағы климаттың жылына бастауы жер биосферасындағы тіршілікке тікелей қауіп төндіруде. Ойықтардың пайда болуына өнеркәсіптерден бөлінетін М, Си, Ғе, Мп, С1, Р оксидтері әсер етеді. Озон қабатының бұзылуы жер бетіндегі тіршілікке зиянды әсер етеді. 

Экология мәселесі – бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса ауқымды проблемаларының бірі болып отыр. Аталмыш проблеманың пайда болуының басты алғышарты қоршаған ортаға адамзат баласының антропогендік һәм техногендік ықпалдарының ұзақ жылдар бойы тигізіп келген әсері деп айтуға болады.

Қоршаған ортаға зиянды әсер ететiн қызметке байланысты лауазымды адамдар мен мамандардың қажеттi экологиялық даярлығы болуға және олар қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар негiздерiн бiлуге мiндеттi. Басшылар мен мамандардың кәсiби экологиялық даярлығы оларды қызметке тағайындау, аттестациялау және қайта аттестациялау кезiнде ескерiледi. Қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негiздерiн әзiрлеу және жасау мақсатында заңдарда белгiленген тәртiппен ғылыми зерттеулер жүргiзiледi. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және енгiзу жұмыстары, олар ұлттық (мемлекеттiк) бағдарламаларға енгiзiлген жағдайда, бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады. Елiмiздiң табиғаты мен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмiрi мен қызметiнiң, олардың тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негiзi болып табылады десек, бүгiнге дейiн адамзат баласы табиғат байлықтарына таусылмайтын пайда көзi деп қарап келгенi де рас. Алайда, экологиялық проблемалар мойындалған тұста табиғат пен қоғам үйлесiмдiлiгiн сақтау мақсатында табиғи ресурстарды пайдалану құқығын мақсатына қарай төмендегiше екiге бөлiп қарау маңызы айқындала түсуде:

-  табиғи ресурстарды экономикалық, экологиялық сауықтыру, өнегелi-эстетикалық қажеттiлiктер үшiн шектеулi пайдалану құқығы.

-  табиғи ресурстарды адамның өмiрi мен тiршiлiгi үшiн шектi пайдалану құқығы.

Экологиялық тәрбиенің мақсаты, міндеттері.

Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты:  
֎  қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу;  
֎    жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру;  
֎  қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту;  
֎   экологиялық білімді насихаттау.  
Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты - жастардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым-қатынасын қалыптастыру. Осы тәрбие арқылы адамның мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы қалыптасады.  
Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері:  
              ֎  өмірде және нақты іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу;  
              ֎ табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу;  
              ֎   мектепте экологиялық білім және тәрбие қорамын ұйымдастыру;  Ең басты міндеттердің бірі - оқушыларды табиғатты қорғау мәселелері туралы ғылыми теориялық және тәжірибелік біліммен қаруландыру. 
Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты, өйткені өндірістік іс-әрекеттің барысында адам жерді пайдалану негіздерін, топырақты эрозиядан қорғауды игеру, дақылдарды суару мөлшерін, минералдық тықайтқыштарды, улы химиялық заттарды беру мөлшерінің мерзімін технологиялық талаптарға спйкес есепке алып отырады.  Оқушылардың экологиялық білімнің белгілі жүйесін игеруі, табиғатты қорғауы, жер байлығын тиімді пайдалануы экологиялық мәдениетті жетілдіріп, дүние тану көзқарасын қалыптастырады. 
Бұдан шығар негiзгi түйiн, ғылымда “экология” ұғымының негiзiн алғаш қалыптастырған немiс ғалымы Эрнест Геккель айтқанындай: “қоғам мен табиғаттың қатар өмiр сүруi бiр-бiрiне тығыз байланысты заңдылық.    Қоршаған табиғи орта — адам тiршiлiгiне, шаруашылығына қатысты әлеуметтiк және экономикалық қажеттiлiктердi өтейдi, оның байлығын дұрыс пайдалана бiлсе, ол сарқылмайтын игiлiк көзi” болмақ. Бiрақ мыңдаған жылдар бойы өсiп тұрған орман-тоғай, таза сулы бұлақ пен өзендер, құнарлы топырақты аймақтар қазақ жерiнде адамдар жиi қоныстанған аумақтарда бей-берекет пайдалану салдарынан бүлiнiп, кейбiреулерi пайдалануға жарамай қалды. Табиғат байлықтарын жоспарсыз және кең көлемде кешендi пайдалану табиғи қорлардың тез азаюына әкеп соқты. Осылайша, табиғи шикiзатты пайдаланатын өнеркәсiп өндiрiсiнiң дамуы табиғи байлық қорларының азаюына ғана емес, ол сондай-ақ табиғи ортаның ластануына әкеп соқтырды. Өнеркәсiп орындарынан шығатын керексiз қалдық заттар қоршаған табиғи ортаның топырағын, суын және ауа кеңiстiгiн ластады. Экология проблемасы апатқа апарып соқтырары хақ. Осы орайда, экологиялық бiлiм берудiң мақсаты — жеке адамның бойында табиғатқа деген iзгiлiк қатынастарды қалыптастыра отырып, “адам-қоғам-табиғат” арасындағы толық үйлесiмдiлiк рухында тәрбиелеу турасында айқындалып, бiлiм жүйесiнде экологиялық бiлiм мен тәрбие беру тұжырымдамасының жобасы да жасалып қойылған. Соның нәтижесiнде жеке адам мен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын, экологиялық мәдениетiн қалыптастыру үшiн кейбiр әлеуметтiк және экономикалық мәселелердi шешу қажеттiгi экологиялық бiлiм берудiң басты мiндеттерi болып табылатындығы нақты танылған.

Оларға:

 

1) экологиялық және табиғат  қорғау заңдарын жетiлдiру және  оларды бұлжытпай орындау;

2) табиғи ресурстарды  тиiмдi пайдалануда жауапкершiлiктi күшейту;

3) қоршаған ортаның тазалығы  мен адам денсаулығының үйлестiгiн  сәйкестендiрудi;

4) үздiксiз экологиялық  бiлiм берудi ұйымдастыруды тездетудi;

5) елдегi экологиялық жағдайлар  мәлiметтерiнiң көпшiлiкке жетуiн  қамтамасыз етудi жатқызуға болады.

Бастауыш сыныпта экологиялық тәрбие беру негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық негіздері. атты бiрiншi бөлiмiнде проблеманың философия, психология, педагогика, экология саласында зерттеу деңгейi салыстырылып, бастауыш сыныптарда экологиялық тербие берудiң педагогикальқ шарттары, мазмұны баяндалып оқушыларға экологиялық, бiлiм мен тәрбие беру бағытында сұрыпталып, проблеманың бүгiнгi таңдағы жағдайы сипатталады.

Бастауыш сыныпта экологиялық тәрбие беру негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда мектептегі адамгершілік тәрбиесінің мән-мазмұны туралы қазіргі кезде қалыптасқан көзқарастар талданады; оқушыға экологиялық тәрбие беру негізінде олардың дүниетанымын қалыптастыруда Экологиялық сана ұғымының мазмұны, құрылымы және адамгершілік тәрбиесінде алар орны ашып көрсетіледі; оқушылардың адамгершілігін қалыптастыру мәселесі талданып, соның негізінде экологиялық іс-әрекет процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу теориясына сипаттама беріледі.

Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің бастапқы күйі анықталып, мүмкіндіктері ашып көрсетіледі; экологиялық іс-әрекет процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу бойынша жүргізілген тәжірибелік-педагогикалық жұмыстардың мазмұны мен нәтижелері баяндалады.

 

 

 

Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие.

Экологиялық білімнің  негізгі көздері: химия, физика, биология, география, астроиомия пәндері, олардың бағдарламаларындағы оқу материалдарын дәрістерде терең түсіндіріп, сыныптан және мектептен тыс экологиялық жұмыстарда тиімді қолдана білуге оқушыларды үйрету және дағдыландыру - мұғалімнің міндеті.

Бастауыш сынып оқушылары табиғат байлығын ауыл шаруашылығында пайдалану жайлы алғашқы ұғымды еңбек сабақтарында алады. Олар үй мүліктерін, киім-кешек, тағам, т.б. жаасайтын табиғат заттарын пайдалану жолдарымен танысады. Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасындағы оқушылардың экологиялық іскерлік дағдысын қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлері: өсімдіктердің даму кезеңіне фенологиялық бақылау жүргізу, мектеп және қоғамдық мүлікті ұқыптылықпен күту, тұрмыста электроэнергияны, газды, суды үнемді пайдалану. Орта және жоғары сыныптар оқушыларын кең көлемде экологиялық біліммен қаруландыру қажет. 
 Қазіргі жағдайда өндіріс табиғатқа күшті әсер етуші фактор болып отыр. Осыған орай табиғатты ұтымды пайдаланудық ғылыми білімге негізделетінін оқушылардың түсінуі керек. Өндірістік іс-әрекеттің нәтижесінде ортада әр түрлі өзгерістер болып жатыр.  
Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлері:  
1. Ауыл мектептерінің оқу-тәжірибе алақын бағалы ағаштар тұқымының көшеттерін өсіріп, көгалдандыруға пайдалану.  
2. Мектеп оқушылары мемлекеттік орман шаруашылығына үнемі көмек көрсетіп отырады. Олардың негізгі атқаратын жұмыстарының түрлері: көшет материалдарын өсіру, ағаштар отырғызу, оларды күту, өрттен, ұрылардан қорғау, орман-тоғай зиянды жәндіктермен күресу.  
- дәрі өсімдіктерін дайындау, жидек, саңырау-құлақ, т.б. жемістерді жинау;  
- пайдалы жануарларды қорғау және есебін алып отыру;   
- фенологиялық бақылау жүргізу.  
3.  Оқушылар ауылшаруашылық тәжірибе жұмысымен айналысады. Тәжірибе жұмысы биология, химия мұғалімдерінің, жергілікті ғалымдарының басшылығымен жүргізіледі.  
4. Оқушылар табиғатқа зиян келтіретін адамдармен күреседі, қорықтағы ережені бұзушыларды анықтайды, химиялық улы заттарды, минералдық тықайтқыштарды сақтау және қолдану ережелерін бұзушыларды әшкерлейді. 
5. Экологиялық тәрбиеге айланысты мектепте жаппай шаралар ұйымдастырылады. Олар: кештер, дәрістер, баяндамалар, т.б.  
6. Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие әр түрлі сыныптардағы оқу пәндерінің мазмұны, қоғамға пайдалы жұмыс және өндірістік еңбек арқылы іске асырылады.  
Экологиялық қоғамның мақсаты: қоғам мүшелерін өздері тұрған аймақтың табиғатын қорғауға, күтуге тәрбиелеу, зерттеу жұмысына тарту, зерттеуді жүргізудің әдістері мен тәсілдеріне үйрету, мектепті экологиялық жұмыстың орталығына айналдыру.  
Қоғам мүшелері мектептегі жастар ұйымымен ынтымақтасып, тұрғылықты жерде экологиялық штабтар құрады, жорықтар, саяхаттар ұйымдастырады. Экологиялық деректерді, ғылыми мағлұматтарды білім және тәрбие процесінде пайдалану мұғалімнің білімділігіне, педагогикалық шеберлігіне, жоғары мәдениеттілігіне байланысты.  
Экологиялық тәрбие оқушылардың - табиғатқа жаңаша көзқарасын қалыптастырып, әр түрлі нысандарда жүргізіліп, жеке тұлғаның эмоциялық сезімдік әлемін қалыптастыруға бағытталып, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін жетілдіреді.  
             Экологиялық білім мен тәрбие беру 1970 жылы БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО) «Адам және биосфера» деп аталған бағдарламаны қабылдаудан басталады. Онда алғаш рет халықаралық деңгейде табиғат ресурстарын қорғау және оны тиімді пайдалану туралы бағдарлама жасалып, кең экологиялық сипатталған болатын. Ал 1971 жылы Швейцарияда Еуропалық конференция өткізіліп, онда айнала қорщаған табиғи орта және табиғат қорғау мәселелер көтерілді. 1972 жылы Стокгольмде қоршаған ортаны қорғау туралы көпшілікке білім беру конференциясы болды. 1977 жылы Тбилиси қаласында өткен БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО және ЮНЕП ұйымдары экологиялық білім беру туралы 40-тан астам шешімдер қабылдап, оның ғаламдық стратегиялық жоспарларын бекітті. Экологиялық білім берудің одан әрі даму кезеңдері атақты Найроби (1982 ж), Беч (1983 ж), Мәскеу (1987 ж), т.б. қалаларда өткен конференцияларда жалғасын тапқаны мәлім.  
Экологиялық білім берудің теориялық негіздері орыстың табиғат зерттеушілері әрі көрнекті педагог ағартушылары В.Белинский, А.Герцен, Н.Чернышевскийдің есімдерімен тығыз байланысты. Одан соң А.Бекетов, К.Тимирязев, Д.Кайгородов т.б. ғалымдар табиғатты зерттеу мен қорғау.

Психологиялық, педагогикалық ғылыми — әлістемелік әдебиеттерге теориялық талдау, экологиялық тәрбие туралы заң, қаулы қаралып өткен жылдардағы табиғаттану материалдары орын алған «Дүниетану» оқулықтары мен оқу — әдістемелік құралдарында табиғат жайында берілген білім мазмұны мен көлеміне талдау жасау, бастауыш сынып мұғалімдерімен семинар-кеңестер, әдістемелік сұхбат, сауалнама жүргізу, балалардың дүниетанымын қалыптастырудың кіші жастағы сынып оқушыларымен педагогикалық эксперимент жүргізу және оның нәтижелері.

Зерттеу жаңалығы:

· Экологиялық тәрбие беру арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыру жолдары, мүмкіндіктері ғылыми — әдістемелік тұрғыдан негізделді.

· Экологиялық сана, экологиялық сауаттылық, экологиялық мәдениет ұғымының мәні нақтыланып, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың мазмұны мен көлемі талданып, меңгеру жолдарына сипаттама берілді.

· Бастауыш сынып балаларының дүниетанымын қалыптастырудың формалары жүйеленіп, тиімді әдістері іріктелді.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

· Экологиялық сана, табиғат — оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың негізі ретінде таным теориясына талдау, оларға ғылыми әдістемелік педагогикалық тұрғыдағы сипаттамасы.

· Экологиялық тәрбие беру арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастырудың тиімді жолдары, формалары мен әдістері.

· Оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруда мұғалімдер мен ата-аналарға арналған ұсыныстар.

құралы ретінде орын алып, оған ерекше көңіл бөлінген

Оған дәлел адам, қоғам, табиғаттың арасындағы сабақтастықты түсіндіруде пайда болған Әл-Фараби, Қашқари, Баласағұнидің философиялық ой-пікірлері. Шетел классик ағартушылары Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Пестолоццидің еңбектері мен Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың таным туралы ілімдері.

Табиғатты тәрбие құралы деп қараған К.Д.Ушинский, Н.К.Крупская, Е.Н.Водовозова, Е.И.Тихеева, Л.К.Шлегердің еңбектерінің орны ерекше. Балаларға өздерін қоршаған дүние туралы білім беру оқу үрдісінде қойылатын негізгі талаптардың бірі. Осы мәселе жайында құнды пікірлер білдірген, ой толғап, нақты ұсыныстар берген ағартушы демократ қаламгерлер С.Көбеев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Торайғыровтардың еңбегі зор.

XXI ғасырда қоғамымыз нарықтық  кезеңнен тұрақты даму парадигмасына  ойысып барады. Осы жаңа бағыттағы  тенденциялар, жаңа концепциялардың  мәні де, мақсаты да адамның  экологиялық санасын, мінез-құлқын, табиғатпен қарым-қатынасын жақсарту, яғни жалпы адамзат ізгілігінің  құндылығын биік деңгейге жеткізу. Ал, бұл болса тәлім-тәрбиенің  ауқымды мақсаттарының бірі болып  табылады. Соңғы жылдары көптеген  зерттеушілер, Қазақстанның эколог-педагог  ғалымдары экологиялық білім, экологиялық  тәрбие мәселелерімен шұғылданып, бұл жалпы білім беретін мектептердің  алдында тұрған күрделі міндеттерді  шешуге атсалысуда.

Информация о работе Экология тәрбиесі