Экология құқығының түсінігі, пәні және әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 13:15, реферат

Описание работы

Құқық саласының сипаттамасын реттеу экологиялық құқықтың мәнін анықтаудан басталады. Құқық теориясынан біз мынаны білеміз: белгілі бір саланы реттеудің мәні қоғамдық қатынастар болып табылады, олар іштей бірлікпен, ерекшелігімен, жақындық белгісімен, кейбір басқа да қасиеттерімен сипатталады және адам қызметінің белгілі бір саласын реттеуге бағытталған.Осы қисынды ұстана отырып мынаны мойындау керек: экологиялық құқықтың адамзат қоғамы мен табиғаттың, мемлекеттің және оның субъектілерінің табиғат ресурстарын пайдалану мен сақтау тұрғысындағы өзара әрекетінің саласында туындайтын экологиялық қатынастар болып табылады.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (2).docx

— 21.81 Кб (Скачать файл)

Экология құқығының түсінігі, пәні және әдістері

 

Құқық саласының сипаттамасын реттеу экологиялық құқықтың мәнін анықтаудан басталады. Құқық теориясынан біз мынаны білеміз: белгілі бір саланы реттеудің мәні қоғамдық қатынастар болып табылады, олар іштей бірлікпен, ерекшелігімен, жақындық белгісімен, кейбір басқа да қасиеттерімен сипатталады және адам қызметінің белгілі бір саласын реттеуге бағытталған.Осы қисынды ұстана отырып мынаны мойындау керек: экологиялық құқықтың адамзат қоғамы мен табиғаттың, мемлекеттің және оның субъектілерінің табиғат ресурстарын пайдалану мен сақтау тұрғысындағы өзара әрекетінің саласында туындайтын экологиялық қатынастар болып табылады.

Экологиялық құқық мәнінің ұғымын ғалымдар ертеректе зерттеген. Ресей оқулықтарын ерекше атап көрсеткен жөн, олардан біз мынадай анықтамаларды ұшыратамыз: «Экологиялық құқықтың мәні қоғам мен табиғаттың өзара әрекеті саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады, олар тұтастай алғанда табиғи объектілер мен қоршаған табиғи ортаны қорғау тұрғысында туындап, дамиды», «Экологиялық құқықтың мәні — бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылуы саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қәзіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді (экологиялық жүйелерді) сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы».

Сонымен ҚР-ның экологиялық құқығы дегеніміз — айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласын айтамыз.

Экологиялық құқықтың белгісі экологиялық қатынастарды құқықтық реттеуі әдістерінің болуы. Құқық теориясынан мына жайт т белгілі: құқық саласының әдісі ретінде қоғамдық қатынастарға қатысушыларға ықпал ету тәсілдері, осы қатынастарды реттеу тәсілдері танылады. Экологиялық құқық біршама  жуықта ғана дербес ала ретінде танылуымен байланысты экологиялық құқық әдісін анықтау тұрғысында әлі де болса бірегей пікір болмай отыр.

Экологиялық құқық әдісі туралы мәселе елеулі ғылыми проблема болып табылады және ол жеке зерттелуі тиіс. Әдістің ерекшелігі құқық саласы мен реттеу мәні сипаттамасынан бастау алумен анықталады. Экологиялық құқықтың анықтауыш белгісі саланың кешенділігі ұғымынан, табиғат ресурстарын пайдаланудың ішкі салалық процесстерін ортақ мақсатқа — адамның тіршілігі үшін жарамды табиғат сапасын сақтаудан бастау алады. Ғалымдар мынаны дәлелдеп отыр. экологиялық құқық құрамына жататын жекелеген салалардың (жер, су, тау және т.б.) өз жүйесі, өз мәні мен өз әдісі болады. Алайда экологиялық құқық әдісі — бұл неғұрлым күрделі құбылыс.Экологиялық құқықтың әдістеріне мыналар жатады:      

1. Экологияландыру әдісі. Бұл әдістің мазмұнынан экологиялық құқық қатынастарын құқықтық реттеу тәсілін ұғынған жөн, бұл ретте қоршаған табиғи ортаға немесе оның жекелеген ресурсын пайдалану немесе кез келген шаруашылық және өзге де ықпал ету бүкіл табиғат сапасын сақтау мақсатына бағындырылуға тиіс. Пайдалы қазындыларды өндіру, өнеркәсіп объектілерін салу кезінде, республика аумағына шетелдік өнеркәсіп технологияларын әкелу кезінде, ғарыш объектілерін пайдаланған кезде және т.б. кездерде барлық жерде экологияландыру әдісі қолданылады.      

2. Тараптардың теңдігі әдісі. Бұл әдіс, егер экологиялық құқық қатынасының мазмұны азаматтық құқықтық мәмілелер, заладың орнын толтыру болып табылатын жағдайларда қолданылады. Бұл қатынастардың субъектілері, әдетте бірдей жағдайда болады, бір-біріне тәуелсіз құқықтар мен міндеттердің бірдей көлеміне ие болады. Оларды тек шарт қана байланыстырады.     

3. Биліктің ықпал ету әдісі. Бұл әдіс субъектілер бағынышты, тәуелді болған, олардың құқықтары мен міндеттерінің көлемі жоғары тұрған субъекті анықтаған жағдайда экологиялық құқық қатынастарында қолданылады. Айталық, ҚР-сы аумағында табиғат ресурстарын пайдалану жөніндегі барлық құқық қатынастары іс жүзінде мемлекеттік орган беретін рұқсаттың (лицензияның) негізінде жүзеге асырылады, бұл орган осы қатынастың туындауына, өзгеруіне және тоқтатылуына ықпал етеді. Биліктің ықпал ету әдісі табиғат ресурстарын пайдалану жағдайында, кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту жөнінде министрліктер мен ведомстволар басқаруды жүзеге асыру кезінде, бекітілген табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру кезінде қолданылады.      

4. Мәжбүрлеу әдісі. Бұл әдіс кінәлі адамды жауапкершілікке тарту жөніндегі қатынастарды реттеу кезінде қолданылады. Бұл әдіс биліктің ықпал ету әдісінің құрамдас бөлігі ретінде толық заңды түрде қарастырылады, себебі кінәлі адам мемлекет белгілеген тәртіп ережесін бұзған кезде құқық қатынасын реттеу болып табылады.     

5. Экономикалық әдіс. Бұл әдістің көмегімен табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін, қоршаған табиғи ортаны ластағаны үшін төлемдерді алу жөніндегі құқық қатынастары реттеледі.     

6. Халықаралық-құқықтық әдіс.Экологиялық қатынастарды реттеудің халықаралық-құқықтық әдісі қажет әдіс, себебі экологиялық құқықпен табиғат ресурстары қорғалады және пайдаланылады, олар бірнеше мемлекеттің аумағы бойынша көшіп отырады. Объектиті құрылым ретінде табиғат кешені мемлекеттерге, құқықтық режимге тәуелді болмайды, бірақ ол табиғат процесстеріне тәуелді болады, олар әр алуан мемлекеттердің аумағы арқылы өтеді. Бір мемлекеттің меншігі болмайтын табиғат объектілері бар, қайта бүкіл адамзатқа тиесілі болады (әлемдік мұхит, ауа, озон қабаты және т.б.). Қазақстан Республикасының заңнамасы бұл жағдайларда қәзіргі халықаралық экологиялық конвенциялар мен шарттарға бағынады. Атап айтқанда осы жағдайларда халықаралық әдіс қолданылатын болады.

Сөйтіп экологиялық құқықта негізгі әдіс ретінде экологияландыру әдісі танылады, қалған әдістер қосымша әдістер болып табылады.


Информация о работе Экология құқығының түсінігі, пәні және әдістері