Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2014 в 16:18, контрольная работа
Экология ( лат.оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Экология терминін ғылымға енгізген Э.Геккель (1866). Экологияғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды.
Жалғыздық немесе отбасылықта сол жер бөліктерін бір дараның немесе отбасының қолданады. Жалғыз тіршілік ету сипаты су түбіндегі тұрғылықты су жануарларына тән. Отбасының иемделген территориясы қорғалады - ол экскременттерімен, зәрімен, дене бездерінен бөлінетін өткір иісті сұйықтықтарымен, дыбыстарымен немесе айғайларымен «белгіленеді» (жыртқыш сүтқоректілер, тышқантекті кеміргіштер, құстар т.б.).
Популяцияның кеңістік құрылымы Особьтардың белгілі бір территорияда немесе акваторияда сандық және популяцияның құрамының сапалық таралуы оның кеңістіктік құрылымы деп аталады. Популяцияның кеңістіктік құрылымы тұрғындардың «әлеуметтік ұйымымен» сипатталады. 1. Жалғыз немесе отбасылық. 2.Топтық. Жалғыздық немесе отбасылықта сол жер бөліктерін бір дараның немесе отбасының қолданады. Жалғыз тіршілік ету сипаты су түбіндегі тұрғылықты су жануарларына тән. Отбасының иемделген территориясы қорғалады - ол экскременттерімен, зәрімен, дене бездерінен бөлінетін өткір иісті сұйықтықтарымен, дыбыстарымен немесе айғайларымен «белгіленеді» (жыртқыш сүтқоректілер, тышқантекті кеміргіштер, құстар т.б.). Кеңістікті топтық қолдану. Олар мына төмендегі негізгі формалар: 1.Жартылай колониялар. 2.Колониялар. 3.Отарлар.Үйірлер. Жартылай колониялар (кіші егеуқұйрықтар, гагалар және көптеген басқалар).Бұндай отбасында өз баспаналары болады (ұялар,індер). Жартылай колонияларда өздерінің шекаралары болады. Келген жаумен күресуге бірлесе шығады (сигналдық жүйе арқылы, беймаза қышқыруларен және т.б.). Колониялар – бұл тек территориядағы азық – түліктерді ғана емес, сонымен бірге мекен етуші баспаналарын да бірге қолданады (қоғамдық жәндіктер: аралар, құмырсқалар, ұшқыш мысықтар), ұя салушы шағалалар мен бакландар. Отарлар (үйірлер) – шегірткелер, балықтар. Құстардың миграциясы кезінді және көшу кезінде үйір құрады, ал тұяқтылар – отар құрады. Отарлар мен үйірлер қоректену ресурстары пайдалану барысында үнемі араласып жүреді.Олардың көлемі әртүрлі болады. Тұяқты жануарлардың отарлары көктем кезінде ұрпақ өрбіту үшін қажетті ұсақты топтарға – парцелдарға бөлінеді. Тышқантектес кемірушілерде мұндай топтар үлкен отбасы, ал жарқанаттарда – кландар (20 – 30 осбьқа дейін), ал арыстандарда – прайдтар (5 – 10) деп аталады.
Гомеостаз (гр.'homoios' - ұқсас, stasis - тепе-теңдік) - жүйенің қызмет ететін сыртқы ортасының өзгеруіне қатысты тұрақты қалыпта ұстау немесе реттеу үрдісі. Бұл термин әлеуметтік жүйелерге қатысты қолданылады. Әлеуметтік жүйелер өзін-өзі қолдайтындығы немесе езін тепе-теңдікте ұстайтындығы туралы қағида даулы болып табылады. Тепе-теңдігін бұзуға тырысатын ішкі және сыртқы факторларға қарсы күрес жолымен сақталатын, қандай да бір жүйенің қимылды тепе-теңдікті қалпы. [1]Гомеостаз ұғымы алғашында физиологияда ішкі ағзаның, өзін-өзі реттеу механизмі арқылы қол жететін оның негізгі физиологиялық қызметтерінің түрақтылығын түсіндіру мақсатында қолданылды. Бұл ұғымды 1929 жылы америкалық физиолог У. Кеннон енгізді. Ол биологиялық ағзалардағы бірқатар гомеостатикалық процестерді, ең алдымен өз түрақтылығын үздіксіз сақтайтын "тән даналығы жөніндегі" ілімдерінде ашық жүйе ретінде қарастырды. Жүйеге қатер төндіретін өзгерістер жайлы дабыл алған ағза бүрынғы қалыпты жағдайға қайтып оралғанша тынбай жүмыс істейтін құрылымды қосады. Әлеуметтік және саяси ғылымдарда гомеостазис принципі қоғамның әлеуметтік және саяси жүйелерінің, сондай-ақ бірқатар жүйелік үйымдардың (мемлекет, партиялар, кәсіподақтар) қызметі мен дамуын талдауға қолданылады. Саяси және әлеуметтік гомеостазис - саяси және әлеуметтік жүйелердің, оның қүрылымдарының, әлеуметтік топтарының, институттарының тепе-теңдігін бүзуға тырысатын ішкі және сыртқы факторларға қарсы күресетін жолымен сақталатын тепе-тең қозғалмалы қалпы. Макроэкономикада гомеостатикалық тәсіл қолданылатын жалпы экономикалықтепе-теңдік теориялары кеңінен тараған (кейнсиандық және неоклассикалық үлгілер). Гомеостазис принципі әртүрлі құрамдас бөліктері үйлесімді даму тепе-теңдігін сақтайтын, негізінде табиғи ортаны дифференцияланған жүйе ретінде талдау жасайтын әлеуметтік экологияда да қолданылады. 929 ж. Америка физиологі Уолтер Кэннон ішкі ортаның, организмнің басты – басты биологиялық көрсеткіштерінің (константалардың) тұрақтылық дәрежесін белгілеу үшін гомеостаз деген жаңа термин ұсынды. Гомеостаз деп қан көлемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығы, яғни барлық биологиялық константаларды (артериялық қан қысымы, дене температурасы т.т.) айтады.Жасушалардың тіршілігіне байланысты және олардың айналадағы табиғи құбылыстарымен ойдағыдай қарым қатынас жасауы әрдайым гомеостаздың сақталуына қауіп төндіретін жағдай болып саналады. Бірақ бүйрек, тер бездері, өкпе сияқты көптеген ағзалардың қызметі арқасында, сондай ақ денедегі арнайы механизмдердің қатысуымен гомеостаз әдетте бұзылмайды. Осыған орай ішкі орта үшін абсолюттік тұрақтылықтан гөрі салыстырмалы және динамикалық гомеостаз тән. Мұны гемокинез дейді.Қан - жан - жануарлардың тіршілік етуіне аса қажет сұйықтық. Жарақаттану салдарынан қанның 25-30% сыртқа ағып кетсе, тіршілікке қауіп төнеді, ал 50% ағып кетсе өледі. Қан тамырда жылжымай тоқтап қалса не қан ағысы тым баяуласа адам өлуі мүмкін. Мысалы, денедегі кейбір жасушалар, әсіресе ми қыртысының нейрондары уақытында келетін қан мөлшері азайса, 5-6 минуттан кейін бұзыла бастайды.
Синэкология- әр түрге жататын популяциялар
жиынтығын бір тұтас организмдер деңгейінде
зерттейтін ғылым.(жалпы экологияның 1
саласы)Синэкология (грекше syn
Биоценоз- (bios-өмір,koinos-жалпы)- табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін әр түрлі популяциялар жиынтығы. Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологі К.Мебиус (1877ж).
Биоценоз (био... және гр. koіns — жалпы) — тіршілік жағдайлары азды-көпті біркелкі
орта өңірін мекендейтін жануарлардың, өсім
Трофикалақ (қоректік) байланыстар - бір түр баска тірі особьтармен, өлекселермен немесе олардың соңғы өнімдерімен қоректену. Ұшып жүрген жәндіктермен қоректенетін құстар, көңмен қоректенетін қоңыздар, өсімдіктер шірнесін (нектар) жинайтын аралар өздеріне қорек болатын түрлермен тікелей байланысқа түседі. Қорегі үшін екі түр бәсекеге түскенде олардың арасында жанама қоректік байланыстар пайда болады. Өйткені біреуінің тіршілігі екіншісінің қорекпен қамтамасыз етілуіне әсер етеді. Бір түрдің тіршілігі әсерінен тіршілік ортасының физикалық немесе химиялық өзгеруін трофикалық байланыстар деп атайды. Бұл байланыстар алуан түрлі болады. Бір түрдің екінші түрді тіршілік ортасымен қамтамасыз етуі басқа түрлер қоныстанатын немесе басқа түрлер қоныстанудан қашатын субстрат құруы, қоршаған кеңістіктегі жарық қа, ортаның бөлінген соңғы өнімдермен қанығуына, судың, ауаның, температураның өзгеруіне әсері. Киттер терісіне қоныстанып тіршілік ететін теңіз организмдері (кейбір шаян түрлері), сиыр көңіндегі шыбын личинкалары, ағаш діңгегіндегі қыналар өздеріне тіршілік ортасы немесе субстрат болып табылатын организмдермен тікелей топикалық байланысқа түседі.
Топикалық немесе трофикалық (қоректік) байланыстар организмдер тіршілігінде үлкен роль атқарып биоценоз тіршілігінің негізін құрайды. Әр түрге жататын организмдерді бір-бірінің жанында болуын осы типтегі байланыстар қамтамасыз етеді.
Биогеоценоздағы зат айналымы тіршіліктің пайда болу процесінде қалыптасып, тірі табиғат эволюциясының дамуы нәтижесінде күрделене түседі. Сондай-ақ, биогеоценозда зат айналымы болу үшін экожүйеде анорганикалық заттардан органикалық заттар түзетін және Күн сәулесінің энергиясын басқа түрге өзгертіп, сол органикалық заттарды пайдаланып, оларды қайтадан анорганикалық қосылыстарға айналдыратын организмдер болады. Биогеоценоздың негізін продуценттер, консументтер, редуценттер құрайды. Консументтер (лат. consumo – тұтынамын), тұтынушылар – қоректік тізбекте фотосинтез немесе хемосинтез жүргізетін өндіргіштер (продуценттер) түзетін дайын органикалық заттарды пайдаланатын организмдер. Барлық гетеротрофты организмдер Консументтер болып табылады. Олар өздері пайдаланған органикалық заттарды ақырғы өнімдерге дейін ыдыратпайды. Консументтер тобына барлық адам, жануарлар түрі, микроорганизмдердің біраз тобы, паразит және жәндік жегіш өсімдіктер жатады. Консументтер алғашқы (бірінші реттік) және соңғы (екінші реттік) болып жіктеледі. Алдыңғы топқа өсімдік тектес азықпен қоректенетіндер (өсімдік қоректі жануарлар, паразит өсімдіктер, кейбір “өсімдік қоректі” микроорганизмдер), ал соңғысына – жануар текті тамақпен қоректенетіндер жатады. “Консументтер” деген түсінік гетеротрофтар деген ұғымға жақын, бірақ олардың айырмашылығы Консументтер редуценттерге (органикалық қалдықтардыбейорганикалық заттарға айналдыратын организмдерге) жатпайды. Сонымен қатар Консументтер ұғымы автотроф-гетеротроф организмдерін жіктеуде емес, продуцент – консумент – редуцент қатарларын жіктеуде қолданылады. Эколгиялық жүйеде Консументтер басқарушы, теңестіруші буын рөлін атқарады, сондықтан олар сан және түр жағынан продуценттерден де, редуценттерден де басым болады. Продуценттер - өз ағзаларын өздері қалыптастыратын организмдер. Редуценттер[1] (лат. reducentіs — қалпына келтіруші), ыдыратушылар — өлі органикалық заттарды (өлекселер мен организм қалдықтарын) ыдыратып, оларды органикалық емес заттарға айналдыратын организмдер (сапротрофтар). Оларды кейде деструкторлар, яғни ыдыратушылар деп те атайды. РРедуценттер табиғи бірлестіктердегі (биогеоценоздардағы), экожүйелердегі қоректік тізбектің соңғы кезеңін қамтиды, яғни қоректік тізбек Редуценттердің қызметімен аяқталады. Сондықтан Редуценттер кез келген қоректік тізбекте (заттар мен энергия айналымында) басты рөл атқарады. Редуценттер гетеротрофты организмдерге жатады. Редуценттердің қоректік тізбектегі атқаратын қызметінің сызба нұсқасы: Редуценттерге бактериялар, саңырауқұлақтар, кейбір балдырлар, өлексемен қоректенетін жәндіктер, шұбалшаң, өзен шаяны, т.б. тіршілік иелері жатады. Сулы ортада тіршілік ететін Редуценттер судың биол. тұрғыдан тазаруына септігін тигізеді. Ал топырақ құрамында кездесетін Редуценттер топырақтың құнарлылығын арттырады.
Шығу тегіне қарай органикалық және бейорганикалық тыңайтқыштар деп, ал агрегаттық күйіне қарай тыңайтқыштар қатты (селитра, фосфор тұздары) және сұйық (аммиак суы) болып бөлінеді (3-сызбанұсқа). Тыңайтқыштар — өсімдіктердің топырақтан қоректенуін жақсарту үшін қолданылатын органикалық және минералдық заттар. Тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланғанда ауыл шаруашылық дақылдарының түсімі артады, өнім сапасы жақсарады. Елімізде өсірілетін алуан түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол, тұрақты, әрі сапалы өнім алуда басқа да агротехникалық шаралармен қатар, тыңайтуды дұрыс ұйымдастырудың маңызы орасан зор. Ауыл шаруашылығы практикасында егіншілікті химияландыру, оны жедел дамытудың куатты факторы екенін сенімді дәлелдеп берді. Мысалы, азотты тыңайтқыш астық дәніндегі белок мөлшерін арттырады, фосфорлы тыңайтқыш зығыр талшығының сапасын жақсартады, зығыр, күнбағыс тағы басқа дақылдар тұқымындағы май мөлшерін көбейтеді. Калий тыңайтқышы кант қызылшасы тамырының қант, картоптың крахмал мөлшерін арттыра¬ды. Топырақтағы өсімдікке қоректік элементтердің көпшілігі өсімдік сіңіре алмайтын қосылыс түрінде, мәселен, 1 гектар күлгін және қара топырақта 3...100 тонна азот қоры бар, осының 1 проценттейі ғана өсімдікке сіңімді түрде болады. Еліміздің әр түрлі топырақтары өзінің физикалық, химиялық қасиеттері, құнарлығы және жалпы энергиясы жағынан үш класқа бөлінеді: бірінші, екінші класқа қара топырақтар, үшінші класқа сұр топырақтар жатады. Түрлі аймақтардағы климаттың, топырақ түзілген аналық тау жынысының, өсімдіктердің ерекшеліктеріне байланысты әрбір топырақтарда қарашірік мөлшері де түрліше болады. Бір гектар қара топырақтың 0—20 см қабатында қарашірік қоры 90...140 тонна, 0—100-см қабатында 250...550 тонна болса, сұр топырақтардың жоғарыда аталған қабаттарында қарашірік қоры 30...80 тоннадай болады. Сұр топырақ құрамындағы қарашіріктің қоры жағынан қара топырақтарға қарағанда кедей болуына қарамастан, құрамындағы микроорганизмдердің саны жағынан қара топырақтағы микроорганизмдерден анағұрлым артық болады. Мәселен, 1 грамм сұр топырақтарда — 218,5 млн микроорганизм болса, қара топырақ¬тарда тек қана 57,4 млн микроорганизмдер бар. Мұның өзі сұр топырақтардағы әртүрлі биологиялық, физикалық және химиялық жұмыстарының белсенділігінің артуына және дақылдардың өнімін молайтуға жағдай жасайды. Жүргізілген зерттеулердін нәтижесінде топырақтағы негізгі минералдық қоректік заттар — азот, фосфор, калий т. б. тыңайтқыштардың өсімдікке әсер етуі арасында белгілі бір байланыс бар екені анықталады. Егер топырақта өсімдікке сіңімді фосфор көп болса, фосфор тыңайтқыштарын енгізуден егіннің түсімі онша артпайды. Мәселен, күздік қара бидай мен күздік бидай көктемде қыстан әлсіреп шығады. Осы кезде өсімдікке қоректік элементтер өте қажет, бірақ топырақта өсімдікке сіңімді азот жетіспейді, өйткені күзде жаңбыр суы нитраттарды топырақтың терең қабатына жуып әкетеді, ал нитрлеуші бактериялар әрекеті ерте көктемдегі салқын әсерінен баяулайды. Жаздық дәнді дақылдарды себу кезінде және олардың өсуінің алғашқы кезеңінде де топырақта өсімдікке сіңімді азот мөлшері жеткіліксіз болады, сондықтан осы кезде тынайтқыш, әсіресе, азот тыңайтқыштарын енгізгенде (күздік дақылдарды көктемде үстеп қоректендіру, жаздық дақылдар тұқымын тыңайтқыш қосып себу) өсімдік тез және жақсы өседі. Егер топырақта қажетті элементтердің біреуі жетіспесе, өсімдікке екінші элементті тиімді пайдалануға мүмкіндік болмайды, соның салдарынан өсімдік нашар жетіледі және егін түсімі кемиді. Дақылдардың қоректік заттарды пайдалануы екі топқа бөлінеді. Олар: 1) минералдық тыңайтқыштарды аз мөлшерде кажет ететін масақты дәнді дақылдар — жаздық және күздік бидай, арпа, сұлы т. б. 2) минералдық тыңайтқыштарды көп кажет ететін техникалық дакылдар — мақта, қант қызылшасы, картоп, көкөніс және жоғары өнімді дәнді дақылдар — күріш, жүгері. Құрамына қарай тыңайтқыштар органикалық, минералдық, органикалық-минералдық және бактериялық тыңайтқыштар болып жіктеледі.