Экологиялық менеджмент жүйесі және сапа менеджмент жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2015 в 13:55, реферат

Описание работы

Табиғатты қорғау - табиғаттың өзіндік болмысын сақтау немесе оны қалпына келтіру арқылы табиғи ресустарды ысырапсыз пайдалану үшін құрылған мемлекеттік жүйедегі қоғамдық шара. Ол әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Соның бірі - айналадағы табиғи ортаны құқықтық қорғау. Республикада айналадағы табиғи ортаны қорғау жөніндегі қатынастар еліміздегі табиғи ортаны жер, жер қойнауы, су, орман, атмосфералық ауаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау туралы заңдары мен ол заңдарды қолдану жөніндегі өзге де Қазақстан Республикасының құқықты актілерімен реттеледі.

Содержание работы

Кіріспе .................................................................................................................3

І ТАРАУ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ ТҮСІНІГІ............................5
Экологиялық менеджмент стандарты.............................................................5
Экологиялық аспектілер...................................................................................8
Экологиялық саясат.........................................................................................10
Экологиялық аудит..........................................................................................16

ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТ...................20
2.1 Қазақстанның экологиялық жағдайы...........................................................20
2.2 Экологиялық зардапты қалпына келтіру.......................................................22

Қорытынды....................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................27

Файлы: 1 файл

кайп.docx

— 62.85 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Т.РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ  ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ  УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедра: «Табиғатты пайдалану экономикасы»

 

«САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕЛЕРІ ПӘНІНЕН»

 

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Экологиялық менеджмент жүйесі және сапа менеджмент жүйесі

 

 

 

 

                                                                                                             Орындаған: Қайпов Н. 
                                                                                                             Тобы: СМиС – 442 
                                                                                                              Тексерген: Джумабеков К.У.

 

 

 

Алматы-2015 ж

 

Мазмұны

 

Кіріспе .................................................................................................................3

 

І ТАРАУ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ ТҮСІНІГІ............................5

    1. Экологиялық менеджмент стандарты.............................................................5
    2. Экологиялық аспектілер...................................................................................8
    3. Экологиялық саясат.........................................................................................10
    4. Экологиялық аудит..........................................................................................16

 

ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТ...................20

2.1 Қазақстанның экологиялық жағдайы...........................................................20

2.2 Экологиялық зардапты қалпына келтіру.......................................................22

 

Қорытынды....................................................................................................26

Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Табиғатты  қорғау  - табиғаттың  өзіндік болмысын  сақтау немесе оны  қалпына  келтіру  арқылы  табиғи  ресустарды  ысырапсыз   пайдалану  үшін  құрылған  мемлекеттік  жүйедегі қоғамдық шара.  Ол әр  түрлі   тәсілдермен   жүзеге  асырылады.  Соның  бірі  -  айналадағы табиғи  ортаны  құқықтық    қорғау.  Республикада   айналадағы  табиғи  ортаны  қорғау  жөніндегі   қатынастар   еліміздегі  табиғи  ортаны    жер,  жер қойнауы, су, орман,  атмосфералық ауаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін   қорғау  туралы  заңдары  мен  ол  заңдарды  қолдану  жөніндегі  өзге  де  Қазақстан  Республикасының  құқықты  актілерімен   реттеледі.

Əр түрлі ұйымдар өзінің экологиялық саясаты мен экологиялық мақсаттарын  есепке  ала  отырып  қоршаған  ортаға  қызметінің, өнімінің жəне қызмет көрсетуінің нəтижелерінің əсер етуін бақылау арқылы экологиялық тиімділікке қол жеткізуге жəне оны көрсетуге барынша  мүдделі  бола  бастады.  Бұл  заңнаманы  қатаңдандыру, экономикалық  саясат  пен  қоршаған  ортаны  қорғауға  бағытталған басқа да шараларды дамыту, сондай-ақ қоршаған орта мəселелеріне мүдделі тараптардың назарының көтеріңкі болу жəне тұрақты даму шарттарымен жүзеге асырылады. Көптеген ұйымдар экологиялық тиімділігін бағалау үшін экологиялық талдау»  немесе «аудиттер»  жүргізеді.  Дегенмен  өздігінен  оталдаулар»  мен «аудиттер»  ұйымның  өзінің  экологиялық  тиімділігі  қарастырылған  талаптар  мен  экологиялық  саясатына  жауап беріп  қана  қоймай,  болашақта  оларға  сəйкес  келетініне  сенімділікпен қамтамасыз  ету  үшін  жеткіліксіз.  Тиімділігін  қамтамасыз  ету  үшін талдаулар» мен «аудиттер» менеджмент жүйесі аясында жүргізілуі жəне ұйымның жалпы əкімшілік қызметімен біртұтас бірігуі тиіс. 

Экологиялық  менеджментке  таратылатын  халықаралық  стандартта экологиялық  жəне  экономикалық  мақсаттарға  қол  жеткізуде  ұйымдарға көмектесу үшін менеджменттің басқа элементтерімен біріктіріле алатын экологиялық менеджменттің тиімді жүйесінің элементтерімен ұйымдарды қамтамасыз етуге арналған. 

Осы  стандарт  ұйымның  заңнамалық  талаптарды  жəне  маңызды экологиялық аспектілер туралы ақпаратты ескеретін экологиялық саясат пен мақсаттарды əзірлей жəне енгізе алуы үшін экологиялық менеджмент жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейді. Оны географиялық жағдайы, мəдени  жəне  əлеуметтік  ерекшеліктері  əр  түрлі,  барлық  түрдегі  жəне көлемдегі ұйымдар қолдана алады.

Жүйенің  табысты  болуы  барлық  деңгейдегі  жəне  ұйымның  барлық бөлімдері,  əсіресе,  жоғарғы  басшылық  өзіне  алған  міндеттемелеріне байланысты.  Осы  типті  жүйе  ұйымға  экологиялық  саясатты қалыптастыруға,  экологиялық  саясатта  қарастырылған  міндеттемелерді орындау  үшін  мақсаттар  мен  процестерді  белгілеуге,  сондай-ақ экологиялық  менеджмент  жүйесінің  тиімділігін  жақсарту  үшін  қажетті əрекеттерді қабылдауға жəне аталған жүйенің осы стандарт талаптарына сəйкестігін көрсетуге мүмкіндік береді. Осы стандарттың негізгі мақсаты –  қоршаған  ортаны  қорғауды  қамтамасыз  ету  жəне  əлеуметтік- экономикалық  қажеттіліктермен  балансты  сақтау  кезінде  оның ласталуының  алдын  алу.  Осы  стандарт  талаптарының  көпшілігін  кез келген уақытта қарауға немесе қайта қарауға болатыны еске сақтау керек. Стандарттың  жаңа  нұсқасында  бірінші  басылымның  түсіндірілуіне көңіл аударылды жəне пайдаланушылардың мүдделеріне байланысты екі стандарттың  үйлесімділігін  арттыру  үшін  Исо  9001 ережелеріне  ерекше көңіл аударылады. 

Экологиялық  менеджмент  жүйесіне  қойылатын  талаптар  жазылған жəне  ұйымның  экологиялық  менеджмент  жүйесін  сертификаттау/тіркеу жəне/немесе өзі декларациялау үшін қолданыла алатын осы стандарт пен сертификаттау  мақсатына  жарамсыз  жəне  ұйымдарға  экологиялық менеджмент  жүйесін  əзірлеу,  енгізу  немесе  жетілдіру  кезінде  көмек көрсетуге  арналған  басшылық  нұсқамалары  арасында  маңызды айырмашылық  бар.  Экологиялық  менеджмент  стратегия  мен  бəсекеге қабілеттілікке  қатысты  мəселелерді  қоса,  мəселелердің  тұтас  спектрін қамтиды.  Осы  стандарттың  табысты  енгізілуін  көрсетуді  мүдделі тараптардың ұйымда тиісті экологиялық жүйенің бар екеніне сенуі үшін ұйымның өзі пайдалана алады. 

Экологиялық  менеджмент  əдістерін  қамтамасыз  ету  жөніндегі басшылық  басқа  стандарттарда,  əсіресе  ИСО/ТК  207  шығарылған экологиялық  менеджмент  жөніндегі  құжаттарда  жазылған.  Басқа стандарттарға  берілген  кез  келген  сілтеме  ақпараттық  қана  болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

І ТАРАУ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ ТҮСІНІГІ

1.1 Экологиялық менеджмент стандарты

 

Осы  стандарт  Plan-Do-Check-Act  (PDCA)  ретінде  белгілі методологияға  негізделеді.  PDCA циклін  мынадай  тəсілмен  қысқаша  сипаттауға болады:

  • Жоспарлау:  тұтынушылардың  талаптары  мен  ұйым  саясатына  сəйкес нəтижелерге қол жеткізуге қажетті мақсаттар мен процестерді əзірлеңіздер.
  • Жүзеге асыру: процестерді енгізіңіздер.
  • Тексеру:  саясатпен,  мақсаттармен  жəне  өнімге  арналған  талаптармен салыстыруда процестерді жəне өнімді үнемі бақылаңыздар жəне өлшеңіздер.
  • Іс-əрекет: процестердің көрсеткіштерін үнемі жақсарту жөнінде іс-əрекеттер қабылдаңыздар.

Көптеген ұйымдар процестер жүйесін жəне олардың «процестік тəсіл» ретінде қарастырылатын өзара əрекеттесуін қолдана отырып, өз жұмысын жүзеге асырады. Өйткені PDCA циклін барлық процестерге қолдануға болады, осы екі методология бірлестірілген методологиялар ретінде қарастырылады.

Экологиялық  менеджмент  жүйесіне  қойылатын  талаптар  қатарын қабылдау жəне жүйелі орындау барлық мүдделі тараптар үшін оңтайлы нəтижелермен  қамтамасыз  етеді.  Дегенмен  осы  стандартты  қолдану қоршаған  ортаны  қорғаумен  байланысты  оңтайлы  нəтижелерге  жетуге кепілдік  бермейді.  Экологиялық  мақсаттарға  қол  жеткізу  үшін экологиялық  менеджмент  жүйесі  ұйымды  бір  тұтастыққа,  экономиялық жəне  экологиялық  тиімділікке  сүйене  отырып,  прогрессивті технологияның енгізілуіне ынталандыруы тиіс.

Осы стандарт экологиялық менеджмент жүйесінің элементтері басқа жүйелердің элементтерімен қиюласа немесе біріге алатынына қарамастан, сапа  менеджментінің,  еңбекті,  қаржыны  жəне  қауіп-қатерден  қорғау жүйесі сияқты басқа да менеджмент жүйелері үшін талаптар белгілемейді. Ұйым осы стандарт талаптарына сəйкес келетін экологиялық менеджмент жүйесін  құру  үшін  өзінде  бар  менеджмент  жүйесін(лерін)  пайдалана алады.  Сонда  да  менеджмент  жүйесінің  əр  түлі  элементтерін  қолдану қойылған  мақсаттар  мен  тартылған  мүдделі  тараптарға  байланысты айрықшалана алатынын ескеру керек.

Экологиялық  менеджмент  жүйесінің  күрделілігі  жəне  оны бөлшектеу  деңгейі,  құжаттама  мен  жұмсалатын  ресурстардың  көлемі жүйені  қолдану  саласы,  ұйымның  өлшемі  жəне  оның  қызметінің, өнімінің жəне қызмет көрсетуінің сипаты сияқты факторлар қатарына байланысты. Бұны, əсіресе, шағын жəне орта кəсіпорындарға қолдануға болады.

Осы стандарт ұйымға таратылатын заңнамалық талаптар мен басқа да талаптарды жəне  маңызды  экологиялық  аспектілер  туралы  ақпараттарды  есепке  ала  отырып, ұйымдарға экологиялық саясаты мен мақсаттарын əзірлеуде жəне іске асыруда көмек көрсету  мақсатында  экологиялық  менеджмент  жүйесіне  қойылатын  талаптарды белгілейді. Ол ұйымның өзі бақылай алатын жəне оларға əсер ете алатын аспектілер ретінде  анықтайтын  экологиялық  аспектілерге  қолданылады.  Стандарт  экологиялық тиімділігінің нақты критерийлерін белгілемейді.

Осы стандартты:

  • экологиялық  менеджмент  жүйесін  əзірлегісі,  енгізгісі,  жұмыс  жағдайында ұстағысы жəне жақсартқысы;
  • белгіленген экологиялық саясатқа өзінің сəйкестігін растағысы; 
  • осы стандартқа сəйкестігін:
  • өзін-өзі бағалау жəне өз-өзін декларациялау жүргізу;
  • берілген  ұйымның  қызметіне  мүдделі  тараптардың,  мысалы,  тапсырыс берушілердің оның сəйкестігін растауын алу, немесе сыртқы тараптың оның өзін-өзі декларациялағанын растауы алу;
  • сыртқы  тараптың  оның  экологиялық  менеджмент  жүйесін сертификатауы/тіркеуі арқылы көрсеткісі келетін кез келген ұйым қолдануға болады.

Экологиялық менеджмент жүйесін жетілдіру экологиялық тиімділіктің қосымша арттырылуына əкелуі тиіс. 

Осы стандарт ұйымға мынадай талаптар:

а) тиісті экологиялық саясатты əзірлеу;

b)қоршаған ортаға тиетін  маңызды экологиялық əсерлерді  анықтау мақсатында, қызметтің, өнімнің  немесе қызмет көрсетудің өткен, қазір бар немесе жоспарланған  түрлерінің нəтижелерінен шығатын  экологиялық аспектілерді сəйкестендіру;

c)  қолданылатын  заңнамалық  талаптарды  жəне  ұйымның  келіскен  басқа  да талаптарын сəйкестендіру;

d)  басымдылықтарды  сəйкестендіру  жəне  тиісті  экологиялық  мақсаттар  мен міндеттерді белгілеу;

e) саясатты іске асыруға  жəне мақсаттар мен міндеттерге  қол жеткізуге арналған ұйымдастырушылық  құрылымы мен бағдарламасын(ларын) əзірлеу;

f)  экологиялық саясат  орындалуын, ал экологиялық менеджмент  жүйесі тиімді болып  қалуын  қамтамасыз  ету  үшін  аудит  пен  талдау  жөніндегі  жұмыстарды жоспарлауға,  бақылауға,  мониторинг  жасауға,  алдын  алу  жəне  түзету  əрекеттеріне жағдай жасау;

g)  өзгермелі жағдайларға  қалыптасу қабілетін қамтамасыз  ету талаптарын қояды.

Экологиялық  менеджмент  жүйесі  жоқ  ұйым  талдау  арқылы  бірінші  қоршаған ортаға  қатысты  өзінің  осы  ережесін  анықтап  алуы  тиіс.  Осы  талдаудың  мақсаты ұйымның барлық экологиялық аспектілерін экологиялық менеджмент жүйесін əзірлеу үшін негіз ретінде қарау болып табылады. 

Талдау мынадай төрт негізгі саланы:

- өндіруді, апаттық жағдайлар  мен оқиғаларды іске қосуды  жəне тоқтатуды қоса, қалыпты  жұмыс  жағдайларымен,  қалыптан  ауытқитын  жағдайлармен  байланысты  аспектілерді қоса, экологиялық  аспектілерді сəйкестендіру;

-  қолданыстағы  заңнамалық  талаптарды  жəне  ұйымның  келіскен  басқа  да талаптарын сəйкестендіру;

- экологиялық менеджменттің  бар əдістерін жəне процедураларын  сатып алу жəне келісім-шарттық  қызметпен байланыстыларын қоса  зерттеу;

- бұрын өткен жағдайлар  мен оқиғаларды бағалау салаларын  қамтуы тиіс.

Талдау  жүргізу  аспаптары  мен  əдістеріне  бақылау  парақтары,  əңгіме  жүргізу, тікелей тексеру жəне өлшеу, өткен аудиттердің нəтижелері немесе қызмет сипатына байланысты талдаудың басқа да түрлері кіре алады. 

Ұйым өз қызметінің шектерін анықтау кезінде толық еркіндікте жəне орамды болады жəне осы стандартты бүкіл ұйымда сияқты жеке құрылымдық бөлімшелерде де қолдана  алады.  Ұйым  өзінің  экологиялық  менеджменті  жүйесін  қолдану  саласын анықтауы  жəне  құжаттамада  көрсетуі  тиіс.  Қолданылу  саласын  анықтау  ұйымның экологиялық менеджмент жүйесін қолдана алатын шегін анықтау үшін, əсіресе егер осы  ұйым  өте  ірі  ұйымның  бір  бөлігі  болып  табылса,  қажет.  Қолдынылу  саласы анықталғаннан кейін осы қолданылу саласының аясындағы ұйым қызметінің, өнімінің жəне  қызмет  көрсетуінің  барлық  түрлерін  экологиялық  менеджмент  жүйесіне  қосу қажет. Қолданылу саласын белгілеу кезінде экологиялық менеджмент жүйесіне сену ұйымның  шектерін  таңдауға  байланысты  болады.  Егер  ұйымның  бір  бөлігі экологиялық менеджмент жүйесінің қолданылу саласынан алынып тасталатын болса, онда ұйым осы алып тастауды түсіндіруге қабілетті болуы тиіс. Егер стандарт жеке құрылымдық бөлімдерге не қызметтің жеке түрлері үшін енгізілсе, ұйымның басқа құрылымдық бөлімдері əзірлеген саясат пен процедуралар осы стандарттың талаптарын орындау  үшін,  олар  құрылымдық  бөлімге  не  стандарттың  таратылатын  қызметтер түріне қолдануға жарамды болған жағдайда пайдаланыла алады. 

Информация о работе Экологиялық менеджмент жүйесі және сапа менеджмент жүйесі