Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 10:44, реферат
Экологиялық пирамидалар (Экологические пирамиды) — экожүйедегі продуценттер, консументтер (бірінші және екінші реттік) және редуценттер арасындағы олардың массасымен өрнектелген арақатынас (санмен өрнектелуі — Элтон сандарының пирамидасы, құрамындағы энергияға қатысты — энергиялар пирамидасы).Сандар пирамидасы немесе дарақтардың қоректік деңгейлер бойынша бөлінуі мынадай факторларға байланысты: 1) Кез келген экожүйеде ұсақ жануарлар саны жағынан ірі жануарлардан басым болады және тезірек көбейеді; 2) Жыртқыштардың әр түріне оңтайлы көлемді жемтіктер азық болады.
Экологиялық пирамидалар (Экологические пирамиды) — экожүйедегі продуценттер, конс
Биомасса пирамидасы экожүйедегі коректік қарым-қатынасты
сипаттайды. Бұл пирамиданың нысаны санпирамидасының нысанына
ұқсас үш бұрышты болады. Тұтынушылардың биомассасы |
Экологиялық пирамида
ережесі – экожүйедегі консументтер,
Экологиялық сукцессия (экология және сукцессия) – бір биоценоздың басқа биоценозбен ауысып отыруы. Экологиялық сукцессия бірнеше кезеңдерден өтеді, солардың барысында биоталық қауымдастықтар бірінен соң бірі алмасып жатады. Экологиялық сукцессия кезінде түрлер алмасуының себебі, популяциялар қоршаған ортаны өзгерте отырып, өзге популяция үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Мұндай жағдай жүйенің биоталық және абиоталық құрауыштарының арасында тепе-теңдік орнағанша жалғаса береді. Экологиялық сукцессия өсу, тұрақтану және климакс сатыларынан тұрады. Өнімділік критериін негізге ала отырып, оларды бір-бірінен былай ажыратады: бірінші сатыда өнім өзінің ең жоғары дәрежесіне дейін өседі; екінші сатыда өнім тұрақты болып қалады; үшіншісінде – жүйенің бұзылуына қарай ең төмен деңгейіне жетеді. Экологиялық сукцессияның автотрофты, гетеротрофты, аутогенді, аллогенді, фитогенді, зоогенді, ландшафты, антропогенді түрлері бар. Мысалы, аутогенді Экологиялық сукцессия ішкі байланыс арқылы жүрсе, ал аллогенді Экологиялық сукцессия сыртқы әсердің нәтижесінде пайда болады. Қорыта айтқанда, Экологиялық сукцессия биоталық қа-уымдастық пен физикалық орта арасында тепе-теңдік орнайтын, экожүйенің бағытталған дамуы болып саналады. Экологиялық сукцессия барысында организмдердің түрлік популяциялары және олардың арасындағы функциялық байланыстардың түрлері бірін-бірі белгілі заңдылыққа сәйкес кезеңді түрде және қайталап алмастырып отырады.
Сукцессия (лат. successio — мұрагерлік) — табиғи немесе антропогендік факторлардың әсерлері нәтижесінде бір аумақта пайда болатын биоценоздардың қайтымсыз жуйелі ауысуы. Бұл жердегі бірін-бірі ауыстыратын қауымдастық жүйелілігі даму сатысы деп аталады. Сукцессия ның фитогендік, зоогендік, ландшафтық, антропогендік, пирогендік, апаттық және т.б. турлері сараланады. Ыңғайлы жағдайда кез келген сукцессия бәсең дамитын климакстық қауымдастықтың пайда болуымен аяқталады. Сукцессия бірінші реттік және екінші реттік болып бөлінеді. "Сукцессия" терминін алғаш рет Г.Каулсон ұсынған