Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2015 в 17:18, реферат
Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдердің индустриалды дамуы табиғи ресурстарды пайдалануды еселеп арттырып, адамның табиғатқа әсерінің көлемін өсіре түсуде. Сонымен қатар, адамның денсаулығы мен оның материалдық жағдайы қоршаған ортаның жай-күйінің сапасына тәуелді. Сондықтан қоршаған орта туралы ілім пәнін меңгеру антропогенді және табиғи жағдайларды , адамдардың биосферадағы ролі және орны жайлы экологиялық көзқарастарын қалыптастыруда маңызды орын алады.
Кіріспе
1. Экологиялық ұғымға түсініктеме, мақсаты және міндеттері
2. Экология ғылымының даму кезеңдері:
3. Шығындардың жіктелуі
4. Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы
5. Өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асыру
6. Мониторингілік ұңғымаларды бұрғылау және жайғастыру
Қорытынды
Жоспар:
Кіріспе
1. Экологиялық ұғымға түсініктеме, мақсаты және міндеттері
2. Экология ғылымының даму кезеңдері:
3. Шығындардың жіктелуі
4. Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы
5. Өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асыру
6. Мониторингілік ұңғымаларды бұрғылау және жайғастыру
Қорытынды
Кіріспе
Адамзат пен табиғат арасындағы қарым-қатынастарының негізгі ұғымдар мен материалдық қажеттіліктерді өтеу барысындағы туындайтын қарама-қайшылықтармен және табиғи жүйелердің даму заңдылықтары, қоршаған орта ресурстарының және оларды пайдалану ерекшеліктерінен болатын құбылыстармен танысу.
Қазіргі кезде адамның
Ғаламат жаңалықтармен бірге өндірістің жедел дамуы, зауыттардың еселеніп салынуы, жер құнарының тас-талқанын шығарған 1953-1962 жылдардағы тың игеру , қазақ жеріндегі сынақ алаңдары күнделікті тіршілікке араласып, жетістігімен қатар апатын да ала келді. Қазіргі кездегі шаруашылық іс-әрекеттердің қоршаған ортамен қарым –қатынасының күрделене түсуі, атмосфераның , құрлық , су экожүйелерінің беткі қабаттарының , олардың сипаттарының өзгеріске ұшырауы, энтермиялық қаруланудың күшеюі, өндірісте қажетті материалдардың шамадан тыс өндірілуіне байланасты көптеген заттардың қалдық түрінде қоршаған ортаға бөлініп шығуы, яғни қатты, сұйық және газ тәріздес қалдық заттардың мөлшерінің жоғарылап кетуі және басқа да айтулы факторлардың әсер ықпалына тікелей байланысты. Бұл аталған проблемалардың негізі адамзаттың шаруашылық іс-әрекеттер кезінде, табиғи ресурстарды үнемі пайдалану қажеттіліктерінен туындап отыр.
АҚШ, Англия,Франция, Германия, Жапония сияқты бірқатар өркениетті елдерде ірі өндіріс орындарын салмастан бұрын оның қоршаған ортаға әкелетін экологиялық шығынын есептей отырып, сол жердегі халақтың денсаулығына тигізетін әсерін ғылыми түрде тұжырымдап барып жүзеге асырады. Біздің ірі өндіріс орындарының барлығында жоғарыда аталған экологиялық шарттар ескерілмеген. Ірі өндіріс орындарынан шығатын улы газдар, ауыр металдар өндіріс орындарынан шыққан лас су көздері, өндіріс орындарының айналасындағы халықтың денсаулығына , топырақтың, ауаның құрамының өзгеруіне үлкен әсер етуде.
Жалпы ірі өндіріс орындарын дамыту 3 факторға байланысты:
1. Шикізат көзі.
2.Адам күші.
3.Су ресурстары.
Осы үш фактордың арақатынасын сақтамай ірі енеркәсіп орындарын дамыту мүмкін емес.
1. Экологиялық ұғымға түсініктеме, мақсаты және міндеттері
Экология
тірі ағзалардың бір-бірімен
Экология ғылымының мақсаты – биосфера шегінде әлемдік жағдайларды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау, адам–қоғам–биосфера арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.
Экология ғылымының негізгі міндеті — популяция, биоценоз және экожүйені динамикалық зерттеу, экологиялық үрдістердің заңдылықтарын ашу, индустриализация және урбанизация жағдайындағы ғаламшар проблемаларын зерттеу.
Экология биологияның саласы ретінде ХІХ ғ. ортасында пайда болғанмен, жеке ғылым ретінде ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында қалыптасты. Жаратылыс туралы көптеген мәліметтер антика дәуірінің ғалымдары Гераклитттің, Гипократтың, Аристотельдің еңбектерінде келтіріледі. Мысалы, Аристотель «Жануарлар тарихы» деп аталатын еңбегінде өзі білетін 500-ден астам жануарларды зерттеп, мінез-құлығына талдау жасайды.
Аристотель шәкірті Т.Эрезийский қазіргі Жерорта теңізінің жағалауындағы өсімдіктерге топырақтың және ауа райының әсерін баяндады. XV ғ. аяғы мен XVI ғ. басы Ұлы географиялық ашылулар дәуірі деп аталады. 1492 ж. итальян теңіз жүзушісі Христофор Колумб Американы ашты. 1498 ж. португалдық Васко до Гамма Африканы айналып, теңіз жолымен Индияға жетті. Ал 1519-1521 жж. Фернан Магеллан бастаған испандықтар тұңғыш рет жер шарын айналып шықты. Бұл саяхаттар жер туралы білімнің кеңеюіне септігін тигізді.
XVІІІ ғ. соңы мен XІX ғ. басында қоршаған ортаны зерттеушілер саны арта түсті. 1807 ж. Гумболдь Орталық және Оңтүстік Америкада жүргізген көптеген зерттеулері негізінде «Өсімдіктер географиясы туралы ойлар» еңбегін жарыққа шығарды. Онда ғалым өсімдіктердің өсуі мен өркен жаюы ауа-райы жағдайына, температураға байланысты екенін ашып көрсетті.
2. Экология ғылымының даму кезеңдері:
І кезеңде (1707–1924 жж.) экология ғылымының алғышарттары қалыптасты;
ІІ кезеңде (1924–1980 жж.) экология ғылымы дара ғылым деңгейіне көтеріліп, өзінің зерттеу салаларын, мақсат-міндеттерін жетілдіре түсті;
ІІІ кезеңде (1980–2000 жж.) экология әлеуметтік, саяси-экономикалық, нарықтық жағдайлар мен мәселелерді зерттейтін деңгейіне жетті.
Экологияның дербес ғылым болып қалыптасуы 19 ғ. 2-ші жартысына сәйкес келеді.
«Экология» гректің oicos — үй және logos – ғылым сөзінен шыққан, яғни дәлме-дәл мағынасы экология – «өз үйіңдегі ағзалар» туралы ғылым.
«Экономика» сөзі де (гректің oiconomike) oicos түбірінен шыққан, яғни үй шаруасын жүргізу. Бұл екі пән өте тығыз байланысты, бірақ соңғы кезде бұл көзқарас мағынасын жойған.
Экологияның зерттеу әдістері:
1. Негізгі теоретикалық әдістерге сипаттама, жүйелік анализ, моделдеу жатады.
2. Негізгі эмпирикалық әдістерге бақылау, салыстырмалы талдау, эксперимент (лабораториялық, далалық) және мониторинг жатады.
3. Шығындардың жіктелуі
Өндіріс шығындары – бұл өнімді өндіруге кететін шығындар. Экономист пен бухгалтер оларды әртүрлі есептейді. Бухгалтер – шығындарды фирманың өндіріс факторларын сатып алуға кететін нақты шығындары ретінде анықтайды. Олар бухгалтерлік құжаттарда көрсетіліп айқын түрге ие болады.
Айқын шығындар (бухгалтерлік немесе сыртқы) – бұл сырттан алынған ресурстар үшін төленетін ақшалай төлемдер. Бұған кіретіндер: жалдамалы жұмысшыларға төленетін еңбекақы, шикізаттар мен материалдарды төлеу, көліктік, қаржылық және заң қызметтері үшін төлемдер. Экономист өндіріс шығындарының құрамын ресурстарды сатып алуға кеткен айқын шығындарды ғана қосып қоймайды, сонымен қатар, фирманың өз меншігіндегі ресурстарын пайдаланумен байланысты ішкі шығындарды, яғни айқын емес шығындарды қосады. Бұлардың айқын шығындардан өзгешелігі – бұл шығындар төленбейді және бухгалтерлік есеп беруде көрсетілмейді.
Айқын емес шығындар шамасы берілген ресурстарды балама нұсқада тиімдірек қолданғанда олардың әкелетін түсімімен анықталады. Бұған жататындар: кәсіпкердің меншігіндегі капиталға түсетін пайыз, жалгерлік төлемдер, кәсіпкердің өзінің менеджерлік жұмысының төлемақысы. Сонымен:
Сэк. = Сбухг. + Сайқын емес.
Экономикалық тұрғы – фирманың шығындаған өндіріс факторларын балама нұсқаларда қолданған кезде ең жоғарғы деңгейдегі түсімділікті қандай шамада алуға болатынын анықтауға негізделген.
Пайда – фирманың тауарлар мен қызметтерді сатудан түсетін жалпы түсімдері мен оның жалпы шығындарының арасындағы айырма:
π = TR – TC.
Бухгалтерлік пайда – жалпы түсім мен фирманың айқын шығындарының арасындағы айырма түрінде анықталады:
πбух. = TR – TCбух.
Экономикалық пайда – бұл жалпы түсім мен фирманың барлық шығындарының арасындағы айырма түрінде анықталады:
πэк. = TR – TCэк.
Қалыпты (қарапайым немесе нөлдік) пайда – бұл өзінің жеке меншік кәсібін жүргізуге ынтасы болу үшін кәсіпкерге қажет ең төменгі деңгейдегі түсім. Егер πэк. = 0 болса, онда бұл кәсіпкердің өзінің іс-әрекетінің аумағында ұстанып қалуына септігін тигізетін, тек қана қалыпты пайда алатынын көрсетеді.
Шығындар шамасы мен шығарылатын өнім көлемі арасындағы өзара байланысты зерттеп талдағанда фирманың қысқа мерзімдегі өндіріс шығындарын мынадай түрлерге бөліп көрсетуге болады:
Тұрақты шығындар (FC) – өнім шығару көлеміне байланысты емес тәуелсіз шығындар.
Өзгермелі шығындар (VC) – өнім көлемі өзгергенде өзгеріп отыратын шығындар.
Жалпы шығындар (TC) – фирманың өнімді өндіруге және оны сатуға жұмсайтын барлық шығындарының жиынтығы: TC = FC + VC. Осындай шығындардың динамикасы мен өзара байланыстарын мына төмендегі суреттен көруге болады.
Өндірушілер көбінесе орташа шығындар (АС — өнімнің 1 бірлігіне шаққандағы шығындар) шамасына көп көңіл бөледі. Оның үш түрі болады:
1) орташа тұрақты шығындар: AFC = FC / Q;
2) орташа өзгермелі шығындар: AVC = VC / Q;
3) орташа жалпы шығындар: AТC = AFC + AVC.
Өнімнің қосымша 1 бірлігін өндіргенде жұмсалатын қосымша шығындарды шекті шығындар деп атайды: МС = ∆TC / ∆Q = ∆VC / ∆Q, яғни ∆TC = FC + ∆VC, ал FC – const.
Ал орташа және шекті шығындардың өзара байланысын мына график түрінде көрсетуге болады
— шекті шығындар (МС) орташа өзгермелі шығындар (AVC) мен орташа жалпы шығындардан (ATC) төмен болған уақытта, AVC пен AТC азаяды;
— егер MC > AVC және MC > ATC болса, онда орташа шығындар өседі;
— орташа жалпы және орташа өзгермелі шығындардың ең төменгі (минимум) нүктелерінде MC = ATC = AVC болады.
Фирма ұзақ
мерзімді кезеңде өзінің
— масштабтың оң тиімділігі LRAC қисығының теріс көлбеулі кесіндісінде орын алады;
— масштабтың тұрақты тиімділігі LRAC қисығының көлденең бөлігіне сәйкес келеді;
— масштабтың әсері теріс болған жағдайда өндіріс шығындары жоғарылайды және LRAC қисығы жоғары қарай өседі.
Шекті шығындардың
ұзақ мерзімдегі қисығы (LRMC) қысқа
уақыт мерзіміндегі шекті
— егер LRMC < LRAC болса, онда LRAC азаяды;
— егер LRMC > LRAC болса, онда LRAC көбейеді;
— егер LRMC = LRAC болса, онда LRAC = min. болады.
Шығындар деңгейі
туралы ақпараттар изокосталард
Изокоста (тең шығындар сызығы) – бұл барлық нүктелерінде жалпы шығындары тең болатын өндіріс факторларының тіркестерін көрсететін сызық. Изокостаның график түріндегі көрінісі: PL – еңбектің бағасы; PK – капиталдың бағасы (сурет 5.5).
Изокостаның бұрыштық коэффициенті өндіріс факторлары бағаларының қатынасына тең болады (-PL / PK). Бұл изокоста теңдеуінен туындайды:
TC = PL . L + PK . K; K = TC / PK – (PL / PK) . L.
Берілген өнім көлемін өндіруді өндіріс факторларының қандай жиынтығы ең төменгі жалпы шығындармен (ТС) қамтамасыз ететінін анықтау үшін изокостаны пайдаланады. Жоғарыдағы 5.6 суретінен көріп отырғанымыздай, өндірушінің тепе-теңдігі изокоста мен изоквантаның жанасу нүктесінде (Е) орын алады, ал осы нүктеде изокванта мен изокостаның көлбеу бұрыштары тең болады, яғни MRTSLK = -PL / PK немесе ∆K / ∆L = PL / PK. ∆K / ∆L = MPK / MPL болғандықтан оны былай жазуға да болады: MPL / MPK = PL / PK немесе MPL / PL = MPK / PK. Бұл теңдестік – өндіріс факторларының 1 теңгеге шаққандағы шекті шығындары Е нүктесінде тең болуы керек екендігін білдіреді.
4. Өндірістік
экологиялық бақылау
Қазақстан
Республикасының Экологиялық
ӨЭБ Бағдарламасының
шеңберінде өндірістік
Информация о работе Экологиялық ұғымға түсініктеме, мақсаты және міндеттері