Экологиялық құқықтың түсінігі және пәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2015 в 14:15, реферат

Описание работы

1. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының пәні, объектілері мен субъектілері
2. Экологиялық құқық ұғымы
3. Экологиялық құқықтың әдістері
4. Экологиялық құқықтың қағидалары
5. Экологиялық құқық жүйесі
Пайдаланылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

экология.docx

— 40.52 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

МӘНЖАЗБА

 

 

 

 

Орындаған:

Тексерген:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015жыл

 

Экологиялық құқықтың түсінігі және пәні

 

Жоспар:

 1. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының пәні, объектілері мен субъектілері

2. Экологиялық құқық ұғымы 

3. Экологиялық құқықтың  әдістері 

4. Экологиялық құқықтың қағидалары

5. Экологиялық құқық жүйесі 

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Қазақстан Республикасының  экологиялық құқығының пәні, объектілері  мен субъектілері Құқық саласының сипаттамасын реттеу экологиялық құқығының мәнін анықтаудан басталады. Құқық теориясынан біз мынаны білеміз: белгілі бір саланы реттеудің мәні қоғамдық қатынастар болып табылады, олар іштей бірлікпен, ерекшелігімен, жақындық белгісімен, кейбір басқа да қасиеттерімен сипатталады және адам қызметінің белгілі бір саласын реттеуге бағытталған. Осы қисынды ұстана отырып мынаны мойындау керек: экологиялық құқықтың мәні адамзат қоғамы мен табиғаттың, мемлекеттің және оның субьектілерінің табиғат ресурстарын пайдалану мен сақтау тұрғысында өзара әрекетінің саласында туындайтын экологиялық қатынастар болып табылады. Жалпы бұл анықтама дұрыс, бірақ ол қоғамдық қатынастардың басқа түрлерінен өзгеше, экологиялық құқық қатынастарының мәнін, олардың құқықтық ерекшеліктерін ашып көрсете алмайды. Экологиялық құқық мәнінің ұғымын іргелі ғалымдар ертеректе зерттеген. Ресей оқулықтарын ерекше атап көрсеткен жөн, олардан біз мынадай анықтамаларды ұшыратамыз: “Экологиялық құқықтың мәні қоғам мен табиғаттың өзара әрекеті саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады... олар тұтастай алғанда табиғи обьектілер мен қоршаған табиғи ортаны қорғау тұрғысында туындап, дамиды”1, “Экологиялық құқықтың мәні – бұл экология-лық-құқықтық нормалардың қолданылуы саласында  қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи обьектілерді (экологиялық жүйелерді)сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы”2. Бұл анықтамаларды қабылдауға болады, алайда олардың мәнінің ашылуына қарай аталған көзқарастар онша жетілмеген. Біздің көзқарасымыз бойынша, негізгі қателік мынада болып табылады: қоғам мен табиғат қатынастарының сан алуан болуынан ғалымдар тек табиғат қорғау қатынастарын ғана бөліп көрсетеді (В.В. Петров), экологиялық құқықты табиғат ресурсы құқығынан бөліп көрсетеді (Б.В. Ерофеев). Бұл мәселе өте күрделі болып табылады, оның үстіне оның сипаттамасына Қазақстандағы нарықтық қатынастардың дамуы, табиғат ресурстарын тауар айналымына таратуы ықпал етеді, осының салдары ретінде экологиялық қатынастарды зерттеуде азаматтық-құқықтық нормалардың қолданылуы күшейе түседі. Мынадай көзқарастар белең ала бастады: жерді пайдалану тұрғысындағы мүліктік қатынастар (ипотека, жалға беру, сатып алу-сату және т.б.) азаматтық-құқықтық институтының мазмұны болып табылады. Сондай-ақ табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін және қоршаған ортаны ластағаны үшін экологиялық төлемдер мен салықтар салық құқығын реттеудің мәні болып табыла ма дейтін көзқарасты тым даулы көзқарас деп тануға да болар.   Біз бұл сұрақтарға қоғам мен табиғаттың өзара әрекеті туралы тұжырымдаманы әдістемелік база ретінде пайдалана отырып жауап береміз. Экологиялық қатынастар – бұл обьектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастар. Осының негізінде біз экологиялық бүкіл табиғи кешенге, сондай-ақ оның жекелеген бөлімдеріне бағытталған барлық қатынастарды жатқызамыз. Сондықтан жер, су, тау, орман, фауналық, атмосфералық ауа қатынастары біршама дербестікке ие болады және жер, су, тау, орман, фауналық, атмосфералық ауа құқығының мәні болып табылады, өзінің жалпы белгілері бойынша табиғат ресурстары қатынастарына жатады, олар экологиялық қатынастары құрамына кіреді. Сондай-ақ экологиялық қатынастарға обьектісі табиғат кешені, табиғи орта болып табылатын қатынастарды жатқызу керек, мұның өзі қорықтардың, экологиялық апат аймақтарының құқықтық режимін реттеу мысалынан ерекше айқын көрінеді. Алайда бұл орайда мынаны ескеру керек: “жер, жер қойнауы, су, ормандар, жануарлар дүниесі, ауа” ұғымы мен “табиғи ресурс” ұғымы арасында айырмашылық бар. Әрбір су экологиялық қатынастардың әрқашан да обьектісі бола бермейді, “орман” экологиялық құқықпен де әрқашан да реттеле бермейді. Мұның бәрі, егер аталған обьектілер табиғат ресурстары болып мына белгілерге сай келген жағдайда ғана мүмкін болады: а) шығу тегінің табиғи сипаты; Табиғи ресурс жасанды жолмен алынбауға тиіс, ол табиғат туындысының нәтижесі болып табылады; б) ол қоршаған ортамен табиғи байланысты болады; в) әлеуметтік-экологиялық құндылығы. Бұл белгі объектінің атқаратын қызметтерінен байқалады: экологиялық, экономикалық және мәдени-сауықтыру пайдасы бар. Егер белгілі бір қоғамдық қатынаста табиғат объектісі табиғи ортадан алынатын болса, онда ол экологиялық құқықтың болудан қалады. Ол мүліктік қатынастардың объектісі, яғни азаматтық-құқықтың объектісі болуға, тауар болуға тиіс. табиғаттан алынғанда оған адам еңбегі жұмсалады және ол «бағалану» қасиетіне ие болады, оның құны болады. Өзендегі «су» өзінің физикалық қасиеттері жағынан біртекті өнім болып табылады, бірақ әр алуан заңдармен реттелетін болады. «Өзендегі су» - бұл табиғи ресурс, оны пайдалану мен қорғау экологиялық қатынастардың объектісі болып табылады. «Құдықтағы су» - бұл объект табиғи ортадан алынған және бұл қоғамдық қатынастар санитариялық-гигиеналық және коммуналдық заңнамамен реттелетін болады. Сөйтіп, мынадай қорытынды жасауға болады: экологиялық қатынастарға объектісі табиғат пен табиғи ресурстар болатын, белгілі бір өлшемдерге сай келетін қоғамдық қатынастарды жатқызуға болады. Экологиялық құқық қатынастарьның азаматтық, салық және т.т. арақатынасы туралы мәселені мына тұрғыда карастырған жөн. Экологиялық құқықтың мәні болып табылатын белгілі бір экологиялық құқық қатынастарының тобы болады. Бұл құқықтың басқа салалары бұл қатынастарды реттей алмайды және олар жеке сала ауқымында "тұйықталып қалған" дегенді білдірмейді. Экологиялық құқық қатынастары (олардың объектісі табиғат пен табиғат ресурстары болып табылады) азаматтық кұқық нормаларымен реттеледі (мүліктік сипаты - жалға беру, табиғат ресурсын кепілге салу, залалды өтеу және т.б. көрініс табатын қатынастарда), салық құқығының нормаларымен - (мемлекет табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін ақы мөлшерін белгілейтін қатынастарда), қылмыстық құқық нормаларымен — (мемлекет экологиялық талаптарды сақтамағаны үшін жазалау шараларын белгілейтін қатынастарда) реттеледі. Құқықтың қылмыстық, азаматтық, қаржы, әкімшілік салалары құқық қатынастарын реттеудің жалпы ережелерін белгілейді және құқықтың әртүрлі салаларында (мысалы, экологиялық) олар өзінің айрықша көрінісін табады. Экологиялық құқық қатынастарының субьектілері заңды және жеке тұлғалардың кең ауқы-мы болып табылады, оларды жіктеу субьектілердің құқықтары мен міндеттерінің көлеміне, нақты құқық қатынасының түріне, өзге де жағдайларға байланысты болады. Экологиялық қатынастар субьектілеріне мыналарды жатқызуға болады:  Қазақстан Республикасы – біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының меншік иесі бола отырып, экологиялық қатынастардың субьектісі болып табылады және табиғат пайдалану мен табиғатты қорғау мәселелері бойынша құқық қатынастарында міндетті тарап ретінде қатысады; шетелдік мемлекеттер – Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субьектілері болып табылады, республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді (“Байқоңыр” кешенін жалға беру, шекаралық су обьектілері бойынша бірлесіп су пайдалану); халықаралық ұйымдар – экологиялық қатынастардың субьектілері ретінде халықаралық ұйымдарға мамандандырылған экологиялық ұйымдарды (ЮНЕП, МСОП, Грин Пис), сондай-ақ экологиялық проблеманы шешуде белгілі бір қызметті орындайтын ұйымдарды (ХВҚ, БҰҰ, Сорос қоры, Эберта және т.б.) жатқызуға болады; заңды тұлғалар – бұл топта тұлғалардың кең ауқымын атауға болады. Бұл кез келген меншік нысанының заңды тұлғалары – мемлекеттік кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер; шетелдік кәсіпорындар, бірлескен кәсіпорындар, олар Қазақстанның пайдалы қазыналарын игеруге маманданған және т.б.; жеке тұлғалар – бұл арада Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдік азаматтарды, азаматтығы жоқ адамдарды атауға болады. Олар әлеуетті табиғат пайдаланушылар, экологиялық құқықтарға ие бола алады және экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапты болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Экологиялық  құқық ұғымы Біздің зерттеулеріміз мынаны көрсетіп отыр: экологиялық құқықта құқық саласы дербес деп танылуы үшін қажетті белгілері болады – экологиялық қағидалардың өз мәні, өзінің әдістері, жүйесі болады. Бұдан басқа, бүгінгі кезде Қазақстан Республикасында дамыған экологиялық заңнама бар, мемлекет қызметтерінің арасында дербес ретінде экологиялық қызмет көрініс тапқан және арнайы өкілетті мемлекеттік органдар арқылы мемлекеттік экологиялық-құқықтық тетік құрылған. Экологиялық құқықтың ерекшелігі мынада болып табылады: дербес сала ретінде ол біршама жуықта ғана ресімделді, бірақ оны дамыту үшін алғышарттар бұдан көп бұрын қалыптасқан болатын. Тарихи тұрғыда бастапқы салалардың бірінен “жер құқығы” қалыптасқан болатын. Жер құқығы қатынастары қоғам мен табиғат ортасы арасында туындаған “алғашқы” қатынастардың бірі болды. Жер құқығының құрамына су, тау, орман қатынастарын реттейтін нормалар кіре бастады. Кейінннен бұл нормалар мынадай деңгейге дейін дамыды: мұның өзі құқықтың жекелеген салалары ретінде жер құқығының бөлінуінің себебі болды. Кейіннен оларға “фауналық құқық” (жануарлар дүниесін пайдалану және қорғау құқығы) және “атмосфералық ауа құқығы” қосылды. Жоғарыда аталған құұқық саласының бәрі уақыттың ұзақ кезеңінде дербес дамыды, өзінің құқықтық реттеу пәні, қағидаларының әдісі мен жүйесі болады. Осы салалардың ішінде табиғат ресурстарын пайдалану жөніндегі қатынастар және табиғат ресурстарын қорғау жөніндегі қатынастар қалыптаса бастады. Мұндай бөліну “табиғат ресурстары құқығының” және “табиғат қорғау құқығының” дербес салаларын құруды жақтаған кейбір ғалымдар үшін себеп болды. Бұл көзқарас әділ сынға ұшырады және көптеген ғалымдар оны әдіснамалық тұрғыдан дұрыс емес деп таныды. Тек соңғы кезеңдерде ғана табиғаттың жеке обьектісіне емес, бүкіл табиғи ортаға бағытталған қатынастар қалыптаса бастады, мынаны пайымдауға мүмкіндік туды: бір саланың ауқымында барлық белгілі табиғат ресурстары саласын біріктірген құқықтың жаңа саласы (жер, су, орман, тау, фауналық, атмосфералық-ауа құқығы) – экологиялық құқық пайда болды.   Біз талай рет бұрын мынаны атап көрсеткенбіз: экологиялық құқықты реттеудің пәні табиғат болып табылады, ол өзара байланысты табиғи ресурстардың кешені болып табылады. Осы ерекшелікті ескере отырып, біз мынадай қорытынды жасаймыз: экологиялық құқық – бұл кешенді сала, бұл етене біріккен сала, бұл бірқатар дербес салаларды біріктіретін сала. Заң ғылымында экологиялық құқықтың түсінігіне мейлінше тәнті көзқарас ретінде ғылым-экологтардың төрт негізгі анықтамаларын келтірген жөн. Олардың елеулі талдау мен құрметке лайықты көзқарастары экологиялық ойдың дамуы тарихын көрсетеді және мейлінше сипатты болып табылады.   Н.Д. Казанцев (1967 жылы) айтқан бірінші анықтаманың мәні мынада болып табылады: құқықтың барлық салалары (жер, су, орман, тау және т.б.) дербес институттар ретінде табиғат ресурстары құқығының құрамына жатуға тиіс. Бұл орайда табиғат ресурстарын қорғау жөніндегі қатынастар жеке институт ретінде бөлінеді.   Н.Б. Мұхитдинов (1981 жылы) құқық жүйесінде аграрлық-құқықтық топтың болуын бөліп көрсетті, онда дербес салалар ретінде жер, су, орман, тау, фауналық құқық қызмет атқарды. Бүкіл табиғатты қорғау мен пайдалануға бағытталған қатынастарды ол жеке саланың мәні деп есептейді, ол қалыптаса қойған жоқ, бірақ жеке сала ретінде ресімдеу үшін барлық алғышарттар бар.   Д.Л. Байділдиновтың (1995 жылы) айқындамасының мәні мынада: табиғат қорғау құқығы және жер, су, орман, тау, фауналық, атмосфералық-ауа құқығы құқықтың дербес салалары болып табылады және кешенді, құқықтың етене кіріккен саласы құрамына жатады – экологиялық құқық. Табиғат ресурстарын пайдалану жөніндегі қатынастар жеке саланың – жер, су, және т.б. ішінде, бірақ экологиялық құқықтың ортақ мақсаттары тұрғысынан реттелетін болады3. Соңғысы В.В. Васильевтің құқықтың жаңа саласының – “қоршаған орта құқығының” тууы туралы көзқарас болып табылады (1996 жыл). Оның құрамына, автордың пікірі бойынша, адамды қоршаған ортаның сапалық жай-күйіне ықпал ететін қатынастарды реттейтін барлық нормалар кіруге тиіс. Яғни, бұған санитариялық- гигиеналық, сәулет, еңбек және т.б. нормалар кіреді. Әрине, уақыт өте келе, реттеу обьектісі адамның тіршілік ету ортасы болып табылатын сала да болуы мүмкін, бірақ бұл бізге алыс болашақта болатындай көрінеді. Сөйтіп, жоғарыда айтылғандардың негізінде экологиялық құқықтың мынадай анықтамасын беруге болады. Бұл осы замандағы құқықтың етене кіріккен, кешенді саласы, ол оған табиғатпен және жекелеген табиғат ресурстарымен өзара әрекет тұрғысындағы мемлекет пен оның субьектілері арасында туындайтын экологиялық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Экологиялық  құқықтың әдістері Экологиялық құқықтың келесі белгісі экологиялық қатынастарды құқықтық реттеу әдісінің болуы. Құқық теориясынан мына жайт та белгілі: құқық саласының әдісі ретінде қоғамдық қатынастарға қатысушыларға ықпал ету тәсілдері, осы қатынастарды реттеу тәсілдері танылады. Экологиялық құқық жуық арада ғана дербес сала ретінде танылуымен байланысты экологиялық құқық әдісін анықтау тұрғысында әлі де болса бірегей пікір болмай отыр. Қазіргі көзқарастар арасында әдіс ретінде ұсынымдар мен міндетті нұсқамалар әдісі деп аталатыны да белгілі, басқа бір көзқараста – экологиялық құқықта дербес әдістің болуын жалпы теріске шығарады, үшінші көзқараста – экологиялық қатынастарды реттеу үшін осы заманғы құқықтың белгілі әдістерінің бәрі тартылады делінген. Экологиялық құқық әдісі туралы мәселе елеулі ғылыми проблема болып табылады және ол жеке зерттелуге тиіс. Әдістің ерекшелігі құқық саласы мен реттеу пәні сипаттамасынан бастау алуымен анықталады. Экологиялық құқықтың анықтауыш белгісі саланың кешенділігі ұғымынан, табиғат ресурстарын пайдаланудың ішкі салалық процестерін ортақ мақсатқа – адамның тіршілігі үшін жарамды табиғат сапасын сақтаудан бастау алады. Ғалымдар мынаны дәлелдеп отыр: экологиялық құқық құрамына жататын жекелеген салалардың (жер, су, тау және т.б.) өз жүйесі, өз мәні мен өз әдісі болады. Алайда экологиялық құқық әдісі – бұл неғұрлым күрделі құбылыс. Біздің көзқарасымызда, экологиялық қатынастарды реттеуде осы заманғы заң ғылымында белгілі көптеген әдістер, құқықтық тәсілдер қатысады. Солардан экологияландыру әдісі «орталық» орын алады. Оның мазмұнынан экологиялық құқық қатынастарын құқықтық реттеу тәсілін ұғынған жөн, бұл ретте қоршаған табиғи ортаға немесе оның жекелеген ресурсын пайдалану немесе кез келген шаруашылық және өзге де ықпал ету бүкіл табиғат сапасын сақтау мақсатына бағындырылуына тиіс. Пайдалы қазыналарды өндіру, өнеркәсіп обьектілерін салу кезінде, республика аумағына шетелдік өнеркәсіп технологияларын әкелу кезінде, ғарыш обьектілерін пайдаланған кезде және т.б. кезінде барлық жерде экологияландыру әдісі қолданылады. «Басты» мәртебесі бар осы әдістен басқа экологиялық қатынастарды реттеуде азаматтық-құқықтық әдісі – тараптардың теңдігі әдісі қатысады. Бұл әдіс, егер экологиялық құқық қатынасының мазмұны азаматтық-құқықтық мәмілелер, залалдың орның толтыру болып табылатын жағдайларда, қолданылады. Бұл қатынастардың субьектілері, әдетте, тең құқылық жағдайда болады, бір-біріне тәуелсіз құқықтар мен міндеттердің бірдей көлеміне ие болады. Оларды тек шарт қана байланыстырады (мысалы, жер учаскесін жалға алу, шарттың талаптарын сақтамаған жағдайда дау тек сот тәртібінде ғана шешілуі мүмкін). Экологиялық құқық қатынастарының елеулі саны биліктің ықпал етуімен реттеледі. Бұл әдіс субьектілер бағынышты, тәуелді болған, олардың құқықтары мен міндеттерінің көлемін жоғары тұрған субьекті анықтаған жағдайдағы экологиялық құқық қатынастарында қолданылады. Айталық, Қазақстан Республикасының аумағында табиғат ресурстарын пайдалану жөніндегі барлық құқық қатынастары іс жүзінде мемлекеттік орган беретін рұқсаттың (лицензияның) негізінде жүзеге асырылады, бұл орган осы қатынастың туындауына, өзгеруіне және тоқтатылуына ықпал етеді. Биліктің ықпал етуінің (императивтік) әдісі табиғат ресурстарын пайдалану жағдайында, кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту жөнінде министрліктер мен ведомстволар басқаруды жүзеге асыру кезінде, бекітілетін табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру кезінде қолданылады. Мәжбүрлеу әдісі кінәлі адамды жауапкершілікке тарту жөніндегі қатынастарды реттеу кезінде қолданылады. Бұл әдіс биліктің ықпал ету әдісінің құрамдас бөлігі ретінде толық заңды түрде қарастырылады, өйткені кінәлі адам мемлекет белгілеген тәртіп ережесін бұзған кезде құқық қатынасын реттеу болып табылады.  Экологиялық құқықта келесі әдістің пайда болуы республикада нарықтық қатынастардың қалыптасуымен, басқарудың әкімшілік әдістерінен экономикалық әдісіне көшуімен байланысты болады. Экологиялық қүұқықтың бұл әдісі экономикалық әдіс деп аталады. Осы әдістің көмегімен табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін, қоршаған табиғатты ластағаны үшін төлемдерді алу жөніндегі құқық қатынастары реттеледі. Осы әдістің негізінде табиғат қорғау шараларын материалдық ынталандыру жөніндегі құқық қатынастары қалыптастырылады, ал бұл кең ауқымды кешенді іс – экологиялық жағынан таза өндірістерді ұйымдастыруға кредит беру, жеңілдікті жәрдем ақшалар, экологиялық банктерді құру. Экономикалық әдіс қаржы құқығына жатады және экологиялық құқық үшін пайдалану әдісі болып табылады. Экологиялық қатынастарды реттеудің халықаралық-құқықтық әдісі қажет әдіс, өйткені экологиялық құқықпен табиғат ресурстары қорғалады және пайдаланылады, олар бірнеше мемлекеттің аумағы бойынша көшіп отырады. Обьективті құрылым ретінде табиғат кешені мемлекеттерге, құқықтық режимге тәуелді болмайды, бірақ ол табиғат процестеріне тәуелді болады, олар әр алуан мемлекеттердің аумағы арқылы өтеді. Бір мемлекеттің меншігі болмайтын табиғат обьектілері бар, қайта бүкіл адамзатқа тиесілі болады (әлемдік мұхит, ауа, озон қабаты және т.б.). Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы бұл жағдайларда қазіргі халықаралық экологиялық конвенциялар мен шарттарға бағынады. Атап айтқанда осы жағдайларда халықаралық әдіс қолданылатын болады. Сөйтіп, экологиялық құқықта негізгі әдіс ретінде экологияландыру әдісі танылады, қалған әдістер ілеспелі, қосымша әдістер болып табылады.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.Экологиялық  құқықтың қағидалары Құқық саласының қағидалары ретінде негізгі басшылыққа алатын ережелер танылады, оларға сәйкес белгілі бір қоғамдық қатынастар реттеледі. Егемен Қазақстанның қазіргі осы заманғы құқығында құқықтың әрбір саласы үшін құқықтық қағидалардың өз жүйесінің болуы сипатты болады. Бұл Қазақстанның жалпы құқықтық қағидаларының қолданылуын теріске шығармайды, бұл қағидалар республика Конститутциясында баянды етілген – бұл ізгілікшілдік, құқықтық мемлекеттің, халық билігінің, заңдылықтың, жариялылықтың, азаматтардың тең құқылығы және т.б. қағидалары. Ал біздің зерделеуіміздің мәні экологиялық құқықтың айрықша қағидалары болып табылады. Құқық саласының қағидаларының заңнамада баянды етілуі заңды құбылыс немесе экологиялық құқықтың тәжірибені талдау нәтижесінде анықталуы да мүмкін. Экологиялық құқықтың қағидалары жүйесін анықтаудың күрделілігі олардың сан алуандығында болып табылады. Қандай да бір нақты экологиялық құқық қатынасынан (мысалы, көмірсутегі пайдалы қазыналарын өндіру кезінде) біз жалпы экологиялық құқық қағидаларының жер мен тау құқығының қағидаларымен байланысын ұшыратамыз. Ал экологиялық құқықтың әрбір кіші саласында (жер, тау, су және т.б. салаларына) құқықтық қағидалардың өз жүйесі мен экологиялық-құқықтық қағидаларының жалпы жүйесі сәйкес келеді. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің4 5-бабында былай делінген: Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының негiзгi қағидалары: 1) Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету; 2) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; 3) экологиялық қатынастарды реттеу кезiндегi экожүйелi көзқарас; 4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқару; 5) қоршаған ортаны ластаудың және оған кез келген басқа түрде залал келтiрудi болдырмау жөнiнде алдын алу шараларының мiндеттiлiгi; 6) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылықтан бұлтартпау; 7) қоршаған ортаға келтiрiлген залалды өтеу мiндеттiлiгi; 8) қоршаған ортаға әсер етудiң ақылы болу және оған рұқсат алу тәртiбi; 9) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезiнде неғұрлым экологиялық таза және ресурс үнемдеушi технологияларды қолдану; 10) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органдар қызметiнiң өзара әрекеттестiгi, үйлесiмдiлiгi мен жариялылығы; 11) табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаны ластауды болдырмауға, азайтуға және оны жоюға, қалдықтарды кемiтуге ынталандыру; 12) экологиялық ақпараттың қолжетiмдiлiгi; 13) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезiнде ұлттық мүдделердi қамтамасыз ету; 14) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының халықаралық құқық қағидаларымен және нормаларымен үйлесуi; 15) жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптiлiгi презумпциясы және оны жүзеге асыру туралы шешiмдер қабылдаған кезде қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерiн бағалау мiндеттiлiгi болып табылады.   Жоғарыда келтірілген қағидалардың мазмұнын қарастыралық. Адамның өмірі мен денсаулығын қорғау қағидасы, оның өмірі үшін қолайлы қоршаған табиғи ортаны қамтамасыз ету экологиялық заңнаманың өзекті мәні, табиғат пен қоғамның арасындағы қоғамдық қатынастардың бүкіл кешенін құқықтық реттеу үшін негіз болып табылады. Бұл қағида мынаны білдіреді: мемлекет өзінің табиғатпен қатынасын адам қызметі адамның өзінің денсаулығы мен өміріне зиян келтірмеуі үшін, бұл өзара қатынас адам үшін қолайлы жағдайлар жасайтындай етіп құруға тиіс, сондықтан, атап айтқанда, осы мақсатқа барлық экологиялық қатынастар бағындырылуға тиіс. Өз кезегінде, қазіргі шындық қоршаған табиғи ортаның ластануы нәтижесінде экологиялық апаттардың, жаппай уланулардың, биологиялық жаңа белгілердің пайда болуының және қырылудың талай мысалдарын келтіреді, бұл адам денсаулығы мен өміріне төнген қатер фактісін толық растайды. Әлеуметтік-экономикалық міндеттер мен қоршаған орта проблемаларын теңдестіре отырып шешу қағидасы экологиялық мүдделердің басымдығы жағдайында ғылыми негізделген қоғамның экономикалық мүдделерін экологиялық мүдделермен ұштастыруды орындаумен қамтамасыз етіледі. Мысалы, қоғамның экономикалық мүдделері табиғи ресурстарды пайдалану саласында анықталады, сондықтан бұл арада біз қоғамның табиғатқа пәрменді ықпалын көреміз. Сонымен бірге табиғат та адамның ықпалына да пәрменді түрде жауап береді, бұл ретте осы табиғатты оны өмір жағдайларына айырады. Біз адамзат табиғатты, демек өзін де қорғай отырып, өзінің экологиялық мүдделерін қалай құратынын көреміз. Бұл орайда оның қызметі біз зерттеген адамның тіршілік ету жағдайларын сақтау қағидасыне негізделеді. Дамзаттың табиғатқа енжар қарау жай-күйінде болуға мүмкіндігі жоқ.. Сондықтан қоғам өзінің экономикалық және экологиялық мүдделерін ұштастыруы керек, бұл орайда соңғысы басым рөл атқаруға тиіс. Сонымен бірге экологиялық заңнама осы қағиданы көрсете отырып, табиғат ресурстарын қорғау жөніндегі нормаларға бағындырып, осы ресурстарды пайдалану жөніндегі өз нормасына ие болады, сөйтіп оларды тәуелділік жағдайына қояды. Қолайсыз экологиялық жағдайдағы аумақтарда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидасы, біздің ойымызша, неғұрлым мәлімдемелі сипат алады. Әрине, экологиялық қатынастар субьектілерінің қызметі осы қағидаға сәйкес құрылуға тиіс, мемлекет өзінің бақылаушылық рөлін жүзеге асырады. Экологиялық заңнама жүйесінде осы қағиданы орындауды қамтамасыз ететін нормалар бар. Алайда, осыған қармастан, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидасы мәлімдемелі, өйткені тек осы қағидаға тән құқықтық жүзеге асыру тетігі жоқ. Сондықтан да бұл қағиданы экологиялық заңдылық қағидаларының жалпы жүйесінен бөлек қарастырады. Табиғатты пайдаланғаны үшін ақы төлеуді кезең-кезеңімен енгізу қағидасы мен қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыруды енгізу республикада нарықтық қатынастарды қалыптастыруға сәйкес келеді. Бүгінгі таңда біз мынаны көріп отырмыз: Қазақстан Республикасындағы қазіргі экономикалық қатынастар табиғат ресурстарын пайдалану жөнінде тұтас бірқатар қатынастардың өмірге келуін туғызып отыр, олардың негізгі тауар-ақша сипаттамаларына құрылған. Табиғат ресурстарын жалға алу шарттары, жер иеленуді өмір бойы мұраға алу заң шығарушыны табиғат пайдаланудың тегіндігі мәселесіне өзінің көзқарасын қайта құруға мәжбүр етті. Мынаны атап көрсету керек: заң әдебиетінде ғалымдар табиғатты ұтымды пайдалану қағидасын сақтаудың елеулі кепілі ретінде ақылы табиғат пайдалануды енгізуді жақтаған пікірді барған сайын жиі айта бастады. Осыдан 20 жыл бұрын айтылған бұл ғалымдардың ұсыныстары қазіргі кезде тамаша шешімін тапты, жерді, жер қойнауы мен ормандарды пайдалануға салықты енгізген кезде табиғат пайдаланушыларды табиғат ресурстарын аздап жалға алуға мәжбүр етеді. Бұл арада мынаны атап кеткен жөн: су, жер қойнауы, ормандар бұрынғысынша тек мемлекеттік меншік болып қалады және азаматтық айналымнан алынатын болады. Жалпы табиғат пайдаланудың тегіндігі Қазақстан Республикасы азаматтарының табиғатты пайдалануға құқықтарының кепілі, салауатты қоршаған табиғи орта адамның конституциялық құқығын баянды ету болып табылады.  Табиғатты қорғау тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды көтермелеу қағидасы дегеніміз табиғат сапасын сақтау жөніндегі табиғатты пайдаланушылардың қызметін көтермелеу тетігін құру деген сөз. Мынаны атап көрсеткен жөн: заң шығарушының осы қағиданы жариялауына қарамастан бүгінгі таңда табиғат қорғау қызметін көтермелеу шараларының жүйесі әлі болса да әзірлене қойған жоқ.. Бұрынырақта қолданылған моральдық және материалдық көтермелеу шаралары (сыйлықтар тапсыру, алғыс жариялау, қызыл жалаушалар және т.б.) қазір қолданылмайды, ал жаңаларын заң шығарушы әлі де жасай қойған жоқ. Енгізілген жаңа экономикалық әдістер табиғат пайдаланушыны оның өзін табиғат қорау қызметімен айналысуына мәжбүр етіп отыр. Біздің ойымызша, бұл табиғат сапасын сақтаудың үлкен кепілі. Билогиялық әр алуандық пен ерекше экологиялық маңызы бар обьектілерді сақтауды қамтамасыз ету қағидасы Қазақстанда құрылған қорықтар мен заказниктер жүйесінде жүзеге асырылады. Олардың аумақтары шегінде биологиялық әр алуандылықтың барлық өкілдерін сақтауға және жануарлар мен өсімдіктердің сирек және жойылып бара жатқан түрлерін сақтауға бағытталған шаралар жүргізіледі. Осы қағидаға сәйкес арнайы “Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы” заң қабылданды5. Әрине, экологиялық заңнаманың маңызды қағидаларының бірі қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы заң талаптарын қатаң сақтау қағидасы, оны бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы болып табылады. Бұл қағида осы саладағы біздің мемлекетіміздің құқық қорғау органдарының жалпы қызметінен шығады. Қоршаған табиғи ортаға келтіретін залалды толық өтеуді заң шығарушы экологиялық қызметтің жеке қағидасы ретінде бұрын бөліп көрсете қоймаған еді. Ал оның мазмұны экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік қағидасы ауқымында карастырылды, онда жауапкершілік түрлерінің бірі табиғатқа келтірілген залалды өтеу аталып көрсетілді. Қазіргі кезеңде залалды өтеу тетігі заңнамада неғұрлым егжей-тегжейлі рәсімделген залалды өтеудің бірнеше түрлері бар. Ерекше ынта қоярлық жайт мынада болып отыр: залалды материалдық жолмен өтеумен қатар экологиялық өтеуге барған сайын көбірек мән берілуде. Сондықтан заңдық жауапкершілік қағидасының мазмұны да өзгеруде, дұрысын айтқанда залалды өтеу қағидасын бөліп көрсетудің қажеттігі пайда болуда. Заң шығарушы келесі тезис жағына қарай ойысып отыр — кінәлі адамды жазалау, оған айыппұл салу немесе қылмыстық жазаға тарту аз, кінәлі адам табиғатқа келтірген залалды өтеуі керек. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қатысу  қағидасы бұрын қолданылған заңнамада көрінісін тапқан болатын. Ол ол ма, осы қағиданы жүзеге асыруда толып жаткан қоғамдық ұйымдардың, "жасылдар" партияларының, экологиялық қозғалыстардың, майдандар мен жекелеген азаматтардың қызметінде тамаша практикалық жақсы жетістіктер болды. Олардың осы проблеманы шешуге қатысуы әр түрлі нысандағы меншік кәсіпорындарының шаруашылық қызметіне, сондай-ақ салынып жаткан немесе жұмыс істеп тұрған объектілер бойынша қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу мүмкіндігіне қоғамдық бақылау нысанында жүзеге асырылады. Бұл орайда экологиялық заңнамада, ресурстық кодекстерде және жалпы экологиялық завдарда жергілікті әкімшілікке табиғатты қорғау және оны ұтымды пайдалану жөнінде қоғамдық ұйымдар мен халықтың ұсыныстарын барынша ескеру жүктеледі. Соңғы уақытта заң шығарушы табиғатты ластанудан қорғау мүмкіндігін нақты бағалай келіп, белгілі бір теңгерім орнату жолымен жүріп отыр, бұл жағдайда адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтін табиғатқа антропогендік ықпал етуге жол берілуде. Осы теңгерімді реттеу табиғи обьектілерге зиянды ықпал етудің белгілі бір нормативтерін белгілеу көмегімен мүмкін болып отыр, мұның өз құқықтық түрге техникалық көрсеткіштерді енгізу процесі болып табылады, олардың заңнамалық нормалар түрінде ресімдеу. Белгілі бір табиғи теңгерімді белгілеу үшін техникалық көрсеткіштерді қолдану, адамдардың өмірі үшін қолайлы жағдайларды сақтай отырып жағымсыз ықпалды біркелкі ету қоршаған ортаны стандарттау мен нормалау қағидасының мазмұны болып табылады.Бұл қағида негізгі экологиялық заңда баянды етілмеген, бірақ ол заңға тәуелді актілерде кеңінен көрініс тапқан. Табиғат сапасының нормативтерін немесе стандарттарын қолданудың осы стандартты қолданбай табиғаттың ластану денгейін анықтау мүмкін болмайтын табиғи обьектілер үшін ерекше маңызы бар. Мысалы, су немесе ауа. Қолданыстағы заңнамада табиғатты нормативтен тыс пайдаланғаны және ластағаны үшін айыппұл төлемдерін белгілеу арқылы шаруашылық қызметін нормалау қағидасын жүзеге асыру тетігі жасалған. Экологиялық проблеманы шешу үшін қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық ынтымақтастық қағидасын қолданудың зор маңызы бар. Шын мәнінде, экологиялық тұрғыда мемлекеттік шекараларды белгілеу жекелеген мемлекетті жалпы ғаламшарлық сипаты бар экологиялық проблемадан босата қоймайды. Бұл арада қоғамдағы идеологияның, әлеуметтік-экономикалық жүйедегі өзгешеліктің маңызы болмайды. Экологиялық проблема барлығы үшін бірдей, сондықтан оны шешудің тиімділігі әлемдік қауымдастықтың барлық субьектілерінің бірлескен күш-жігері, осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту жағдайында ғана мүмкін болады. Бұл қағиданы жүзеге асырудың құқықтық тетігі халықаралық-құқықтық актілерді қабылдау арқылы қамтамасыз етіледі, ал олардың негізінде экологиялық ұлттық құқықтық актілерін әзірлеу мен қабылдау жүргізіледі.   

 

 

 

5.Экологиялық  құқық жүйесі Құқық саласының жүйесі – бұл оның жекелеген элементтері арасында құрылымдық-логикалық байланыстардың болуы, олардың бағыныстылық тәуелділігіне сәйкес орналасуы. Экологиялық құқық жүйесі былайша құрылады: ол жекелеген нормалар, құықтық институттар, кіші салалар арасында тығыз байланысты сақтайды. Экологиялық құқық жалпы және ерекше бөлім болып бөлінеді. Жалпы бөлімнің зерттейтін және реттейтін нысанасы қоғамдық қатынастар болып табылады, олардың обьектісі ретінде бүкіл табиғаттың сапалық жай-күйі, мемлекеттің бүкіл табиғатқа меншік құқығы қатысады. Жалпы бөлімде табиғатты қорғау мен пайдаланудың мемлекеттік – құқықтық тетігі әзірленіп, талданады, содан соң оның жекелеген ережелері табиғаттың жекелеген обьектілеріне қатысты ерекше бөлімде нақтыланады. Тиісінше жалпы бөлімнің құқықтық инстиуттары арасында мыналар бөліп көрсеткен жөн:   Жалпы бөлім:  Экологиялық құқық ұғымы. Экологиялық құқық қайнар қайнар көздері. Меншік құқығы және табиғат пен оның ресурстарына өзге де мүліктік құқықтар. Экология саласында басқарудың мемлекеттік-құықтық тетігі. Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік.  Экологиялық құқықтың ерекше бөлімі табиғаттың жекелеген обьектілері бойынша дербес салалардың жиынтығы болып табылады. Сондай-ақ ерекше бөлімге біз “ерекше қозғалатын табиғи аумақтарды”, “экологиялық апат аймақтарын” және “өндірістік және өзге де шаруашылық қызметіне экологиялық талаптарды” жатқызамыз.   Ерекше бөлім:  Жер құқығы. Су құқығы. Тау құқығы. Орман құқығы. Фауналық құқық. Атмосфералық-ауа құқығы. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар. Экологиялық апат аймақтары. Экологиялық шаруашылық қызметі. Сондай-ақ арнаулы бөлімді бөліп көрсеткен жөн, табиғатты халықаралық қорғау мәселелері қарастырылады. Арнайы бөлім:  Халықаралық экологиялық құқық. Қазақстан Республикасының халықаралық экологиялық ынтымақтастығы. Қазақстан Республикасының құқық саласы ретінде және оқу пәні ретіндегі экологиялық құқық жүйесі осындай.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі әдебиеттер:

Байдельдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. – Алматы, 2005.  Байдельдинов Д.Л. Экологическое законодательство Республики Казахстан. – Аламаты, 1995.  Боголюбов С.А. Экологическое право. – М.:Изд-во  "Норма", 2000.  Экология: Юрид.энцикл.слов./ ред.Боголюбов С.А. - М.: НОРМА, 2001. - 443с.  Бринчук М.М. Экологическое право. – М.,1995.  Ерофеев Б.В. Экологическое право. – М., 1998.  Ерофеев Б. В. Экологическое право: Учебник/ Ерофеев Б.В. - М., 2005.  Дубовик О.Л. Экологическое право: Элементарный курс/ О.Л. Дубовик. - М.: Юристь, 2003. - 302 с.  Петров В.В. Экологическое право России. – М., 1995.  Кузнецова Н.В. Экологическое право. Учебное пособие.- М.: Юриспруденция, 2000.  Стамқұлұлы Ә. Қазақстан Республикасының экология құқығы. Оқу құралы. – Алматы: Жеті Жарғы, 1995.  Стамқұлұлы Ә. Қазақстан Республикасының экология құқығы. Оқу құралы. – Тараз, 2003.  Ерофеев Б. В. Экологическое право: Учебник/ Ерофеев Б.В. - М., 2005.  Культелеев С.Т. Практикум по экологическому праву Республики Казахстан: Учебник - Алматы: Данекер, 2001. - 106с  Кушумбаев А.А. Экологическое право Республики Казахстан: Учеб.пособие для студ.вузов,обучающихся на юрид.фак./ Кушумбаев А.А. - Астана: Фолиант, 2001. - 329с.  Экология негіздері: Оқулық/ Баешов, А., Ж. Е. Дәрібаев, Б. С. Шакиров. - Туркістан: Яссауи ун-ті, 2000. - 196 б.  Оспанова Г. С. Экология: оқулық/ Г. С. Оспанова, Г. Т. Бозшатаева. - Алматы: Экономика, 2002

Информация о работе Экологиялық құқықтың түсінігі және пәні