Казакстаннын экологиясы жайлы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2013 в 15:35, доклад

Описание работы

Каспий теңізі — Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап, оны теңіз деп атайды. Аты XVI ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан. Грузияда Каспи қаласы қазір де бар. Сонымен бірге Гиркан (I ғасыр), Хазар (ІІ-Х ғасыр), Хвалын (Х-ХІІІ ғасыр) және т. б. 60-тан астам тарихи атауы бар. Олар соңғы үш мың жылдағы өмір сүрген халықтардың қойған аттары.

Файлы: 1 файл

Экология.docx

— 28.46 Кб (Скачать файл)

Өзендері  мен көлдері, мұздықтары. Алтайда өзен де, көл де кеп. Олар басын таудағы қар суынан, мұздықтардан алады. Ең үлкені – Ертіс. Ертістің Зайсан көліне дейінгі бөлігі Қара Ертіс болып басталып, Қалба мен Нарын жоталарының арасымен ағады. Оған Кендірлік Күршім, Бұқтырма, Үлбі, Үбі, т.б.  өзендер құяды. Ертіс бойында Өскемен, Бұқтырма, Шүлбі электр станциялары салынған. Олар бүкіл Шығыс Қазақстанға және республиканың басқа жерлеріне электр қуатын береді. Шағын өзендер көп. Олардың ішінде Ақ Берел, Тұрғысын, Березовка, Көкпекті, Кіші Үлбі, Қалжыр, Қалғұты, Ұлан, Білезікті, Қызыл-су, Алқабек, Акқаба, Қайыңды, Бөкен т.б. өзендерді атауға бо-лады. Олар Ертіске, Бүқтырмаға, Нарын мен Күршімге құяды.

Алтай көлге  де бай. Язовое, Терновое, Түранғыкөл, Мар-қакөл т. б. көлдердің ауданы 1 км2-ден асады. Көлдердің ең үлкені – Зайсан (ауданы5510км2), Марқакөл (ауданы 455 км2). Марқакөл тектоникалық қазаншұңқырда орналасқан. 1976 жылы Марқакел қорығы ұйымдастырылды (231-бетті қара).

Қазақстандық  Алтайдың тауларында 328 мүздық бар. Олардың жалпы ауданы 89,6 км2. Мұздықтар негізінен 2600 м -ден жоғары тау биіктіктерінде жатады. Олар Қатын, Холзун, Иванов, Оңтүстік Алтай, Сарымсақты тау жоталарында көбірек сақталған.

Табиғат зоналары. Өсімдіктері мен жануарлар дүниесі. Алтай тауларының табиғатына оның алып жатқан географиялық орны үлкен әсер етеді. Оңтүстік-батыстағы аласа тау беткейлерінде ылғал аз түседі. Сол себептен оның батыс бөлігіндегі тауларға ылғал молырақ түседі. Солтүстік батыстың биік белдеулері дала зонасынан (1600-1800 м) басталады да,  оңтүстік-батыста Зайсан қазаншұңқырына қараған  жағы   шөлейт зонаға (900-1100 м) кіреді. Ол екеуінің шекарасы Бұқтырма өзенімен жүреді. Далалық тау беткейлерінен жоғары орманды таулар (2100-2300 м), шалғынды альпілік белдеуі (2500-2600 м) және биік шыңдағы мәңгі қар жататын белдеу (2600 м-ден жоғары) өтеді. Орман алқаптарында майқарағай, балқарағай, шырша, самырсын өседі. Тау жоталарындағы шалғында мал жайылады, омарта шаруашылығы дамыған. Ең жоғарғы белдеу таулы тундрадан, жалаңаш тау басындағы қар мен мүздықтардан түрады. Тау етегі мен аласа таулар құнарлы кара топырақты келеді, онда дала зонасының өсімдіктері (боз, бетеге және т.б.), шөлейт зонада сортаң өсімдіктер өседі. Тоғайларда итмұрын, қарақат, жидек, тау аралық аудандарда күлгінді тарғақ шөп, қоңырбас т.б. шөп тектес өсімдіктер шығады.

Алтай өлкесі аңға бай. Орманда бұғы-марал өсіретін шаруашылықтары бар. Тағы аңдардан аю, қабан, бұғы, тау-теке, қар барысы тіршілік етеді. Бұлғын, қаракүзен, ақкіс сияқты терісі бағалы аңдар жиі ұшырайды. Су тышқаны, жанат тәріздес ит жерсіндірілген. Құстардан саңырау құр, шіл, кекілік, тоқылдақ, улар кездеседі.

Шығыс Қазақстанның әдемі табиғаты мен сирек кездесетін аңдарың, өсімдіктерін қорғау мақсатында 1976 жылы Марқакөл қорығы ұйымдастырылған. Қорықта Алтайдың тау алды даласы, бал қарағайлы, шыршалы ормандары, әсем табиғаты қорғауға алынған. 

Шығыс Қазақстан  – еліміздегі негізгі ағаш даярлау, ағаш өңдеу шаруашылығының орталығы. Орман оның басты байлығының бірі болып табылады. Бірақ кейінгі жылдары осы байлықты ысыраппен пайдалану, ағашты бақылаусыз кесу және өрттің жиі болуы орман алқаптарын азайтып барады.


Информация о работе Казакстаннын экологиясы жайлы