Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 18:10, реферат
Вильсон камерасында өте таза ауадағы су буының конденсациясы тек қана қатты қаныққан жағдайда ғана жүретіндігі байқалды. Су тамшыларының пайда болу себебі, су буы тығыздығының ауытқуы, яғни флуктуация. Осындай ауытқулар кезінде молекулалар комплексі пайда болады. Олар белгілі бір жағдайда тұрақты және су тамшыларының ұрығы болуы мүмкін. Ауадағы жеңіл иондардың болуы тамшылардың құрылуын жеңілдетеді. Бірақ осы жағдайда да су буы қатты қанығады: теріс иондарда 4 мәрте, оң таңбалы иондарда 6 мәрте. Ал ондай қанығулар атмосферада ешқашан байқалмайды, себебі атмосферада гигроскопиялық қоспалардың бөлшектері, яғни конденсация ядролары бар.