Ластаушы заттардың трансшекаралық ауысуы туралы түсінік
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 21:19, реферат
Описание работы
Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық келісім-шарттармен, трансшекаралық мазмұнда қоршаған ортаға әсерін бағалау туралы табиғатты қорғау конвенциясымен анықталатын шекаралас экожүйелердің табиғи әлеуетін пайдалану бойынша Қазақстан көршілес елдермен бірге шешімдерді әзірлеуді қажет етеді.Қазақстан мен Қырғызстанның трансшекаралық аумағындағы конвенцияның рәсімдерін практикалық жүзеге асыру үшін «Қырғыстан мен Қазақстанда трансшекаралық мазмұнда қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша БҰҰ ЕЭК Конвенциясын практикалық қолдану» пилотты жобасын іске асыру үшін негіз болған нұсқаулық пайдаланылды.
Содержание работы
1. Кіріспе
2. Трансшекара түсінігі
3. Қазақстанндағы трансшекаралық мәселелер
4. Мемлекетаралық трансшекаралық ластанудың алдын-алу
5. Қорытынды
6. Пайдаланған әдебиеттер
Файлы: 1 файл
ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ
МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Қоғамдық
денсаулық сақтау,профилактикалық
медицина және апаттық медицина кафедрасы
ОСӨЖ
Тақырыбы: Ластаушы
заттардың трансшекаралық ауысуы туралы
түсінік
Пән: Экология және тұрақты
даму
Факультеті:Жалпы Медицина
Тобы: 107 А
Орындаған: Жолдасов Т.Е.
Қабылдаған: Джадигеров Асқар
Алматы 2014ж.
Жоспары:
1. Кіріспе
2. Трансшекара түсінігі
3. Қазақстанндағы трансшекаралық
мәселелер
4. Мемлекетаралық трансшекаралық
ластанудың алдын-алу
5. Қорытынды
6. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасымен
ратификацияланған халықаралық келісім-шарттармен,
трансшекаралық мазмұнда қоршаған ортаға
әсерін бағалау туралы табиғатты қорғау
конвенциясымен анықталатын шекаралас
экожүйелердің табиғи әлеуетін пайдалану
бойынша Қазақстан көршілес елдермен
бірге шешімдерді әзірлеуді қажет етеді.Қазақстан
мен Қырғызстанның трансшекаралық аумағындағы
конвенцияның рәсімдерін практикалық
жүзеге асыру үшін «Қырғыстан мен Қазақстанда
трансшекаралық мазмұнда қоршаған ортаға
әсерін бағалау бойынша БҰҰ ЕЭК Конвенциясын
практикалық қолдану» пилотты жобасын
іске асыру үшін негіз болған нұсқаулық
пайдаланылды. Бұл нұсқаулық Орталық Азия
елдері үшін ұжымдық және жеке дара шараларды
қабылдауға негіз болып табылады.Жұртшылықтың
қоршаған ортаға әсерін бағалауды жүргізуге
қатысуы ҚР Экологиялық кодексінде бекітілген.
Бұл кодекстегі баптарға сәйкес болжанатын
шаруашылық қызмет туралы мәліметтерін
және экологиялық сараптаманың нәтижелерін
БАҚ-на тапсырып, баспаға шығару міндеттілігі
көрсетілген. Болжанатын іс-әрекеттердің
экологиялық аспектілері мәселелері бойынша
жұршылық пікірін ескеру мемлекеттік
экологиялық сараптаманың жариялығы үшін,
шекаралас халықтардың шешімдер қабылдауға
рұқсаттылығын қамтамасыз етуге қажет.
Қазақстан
мемлекеті осы трансшекаралық мәселелерге
келгенде жауаптылар жоқ болып кетеді.
Осының себебі, елдің көршілес мемлекеттердің
шектен тыс шығуына байланысты болып келеді.
Біздің елімізге трансшекаралық жолмен
келетін ластану түрлері, еліміздің экологиясына
да, экономикасына да зиянын тигізіп отыр.
Мұның шешімін қазіргі уақытта не БҰҰ,
не ТМД елдерінің жиналыстарында да шешімін
таппай отыр. Еліміздің экологтарының
айтуы бойынша, бұның шешімі тек саясатпен
ғана емес, мемлекет аралық достастықпен
де шешуге болады дейді. ҚР шығысында –
Қытаймен, солтүстігінде – Ресеймен, оңтүстігінде
– Өзбекстан, Қырғыстан секілді мемлекеттермен
шектесіп отыр. Осы шекаралардан жылына
бірнеше мыңдаған тонна қалдық заттар
сумен және ауамен бір территориядан –
екінші территорияға өтіп отыр.
Трансшекара жайлы
түсінік
Трансшекаралық ластану бұл – Қоршаған
ортаны ластайтын заттардың(улы заттар)
ауа,су,топырақ арқылы алыс жатқан елді
мекенге тасымалдануы. Оған мысал Қазақстан
басқа мемлекеттермен өзендер арқылы
байланысады. Сол өзендер, су қоймалары
елдің көптеген елді мекендерін (Шығыс,Орталық,Оңтүстік,Солтүстік)
сумен қамтамасыз етіп, халықтың ауыз
суы ретінде қолданылып отыр. Сол су қоймалардың
ластануына ықпал ететін әрине көрші елдер.
Көршілес елдерден келетін өзендердің
саны 20 дан асады. Ал сол өзендердің басқа
мемлекеттердегі жағдайы шындығын айтқанда
ешкімді мазаламайды. Бірақ соны қолданатын
өзіміздің еліміз.
Орталық Азияның басқа елдерімен қатар
Қазақстан үшін де су ресурстары әлеуметтік-экономикалық
дамуды анықтайтын негізгі факторлардың
бірі. Еліміздің ауыл тұрғындарын сумен
қамтамасыз ету көрсеткіші көптеген облыстарда
тәулігіне әрбір тұрғынға 30 – 50 литрден
келіп отыр, ал жекелеген Маңғыстау, Батыс
Қазақстан және Қызылорда облыстарында
суды тұтыну бір тұрғынға 25 литрден төмен.
Салыстыру үшін мынадай деректерді көрсете
кетейік. Тәулігіне 1 адамның суды тұтынуы
Мәскеуде – 700 литр, Парижде – 450 литр,
Лондон мен Копенгагенде – 250 литр. Осыған
байланысты Қазақстан Республикасының
президенті – Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050»
Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына
жолдауында (2012 ж. 14 желтоқсан) «Сумен қамтамасыз
ету проблемасы біздің елімізде де аса
маңызды проблема болып отыр. Бізге сапалы
ауыз су жетіспейді. Бірқатар өңірлер
оның зардабын қатты тартуда», – деп атап
көрсетті.
Республиканың әлеуметтік-экономикалық
дамуы және индустрияландыру жоспарына
сәйкес суды жалпы пайдалану мөлшері еселеп
өсетіндігі белгілі. Еліміз біз күткендей
даму сатысының келесі баспалдағына аяқ
басқанда (оған күмәніміз жоқ), су тапшылығы
біз үшін проблемаға айналмақ. Бірінші
кезекте өзендер суының тапшылығына ұшыраймыз,
себебі жер астынан алынатын су көлемі
беттік суларға қарағанда анағұрлым аз.
Қазақстанда су ресурстарының кеңістік
және уақыт бойынша біркелкі таралмауы
және олардың мерзімдік өзгермелілігінің
жоғары болып келуі жағдайды одан сайын
күрделендіреді. Зерттеулер бойынша суы
мол жылдарға қарағанда қуаңшылық жылдардың
қайталану мүмкіндігі көбірек болып келеді,
яғни суы мол бір жылға қуаңшылықты 3 жыл
сәйкес келеді. Мұндай суы аз жылдары Шығыс
Қазақстан ғана өзін сумен қамтамасыз
ете алады. Бірақ соңғы кезде Қытай Халық
Республикасы (ҚХР) Қара Ертіс өзені бойын
игеру жоспарын жасап отыр. Қазірдің өзінде
Қытайда шекараға жақын жерден Ертіс өзенінен
Қарамай кен орнына канал қазылған. Мәліметтерге
жүгінсек, осы канал арқылы Қара Ертістің
20% ағынды суы алынатын болса (деректер
бойынша каналдың су өкізгіштігі одан
да жоғары көрінеді), онда Шығыс Қазақстан
өңірі де су тапшылығына ұшырауы мүмкін.
Ал ҚХР Іле өзені суын пайдалану жоспарын
іске асыратын болса, онда оның біздің
3 млн-нан астам халқымыз тұратын, әрі өнеркәсіп
шоғырланған стратегиялық маңызы жоғары
Іле-Балқаш алабына тигізетін әсері жоғары
болатындығы белгілі. Осы проблема жайында
– Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің жолдауында
«Бұл проблеманың геосаяси астары да жоқ
емес. Қазірдің өзінде біз трансшекаралық
өзендердің су ресурстарын пайдалануда
бірқатар мәселелермен бетпе-бет келдік.
Аталған мәселенің күрделілігіне қарамастан,
біз оны саясаттандыруға жол бермеуге
тиіспіз», – деді.
Қазақстанның трансшекаралық
мәселелер
Соңғы кезде су мөлшерімен қатар оның
сапасының күрт төмендеуі жұртшылықты
алаңдатып отыр. Қазірдің өзінде сапасыз
суды тұтыну себебінен әлемде 5 млн-ға
жуық адам көз жұмады екен (ЮНЕСКО мәліметтері).
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы
сарапшылары аурудың 80%-ы сапасыз суды
пайдаланудан деп есептейді. Республикамыздың
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері
бойынша сапасыз суды пайдалану арқылы
ауырған адамдарды емдеуге және оларды
реабилитациядан өткізу үшін мемлекеттен
ауқымды қаржы жұмсалады («Табиғат» газеті).
Қазақстанның негізгі су артериялары
– Ертіс, Сырдария, Іле, Шу, Талас және
т.б. трансшекаралық өзендердің ластануы
жалғасуда. Оның үстіне еліміздің ішкі
өндіріс орындарында (Теміртау, Өскемен,
Балқаш, Шымкент, Тараз, Ақтөбе т.б. қалалар)
пайдаланған сулардың тазаланудан өткізілмей
су алаптарына жіберу фактілері орын алады.
Өзен және көл суларының сынап, хром, бром,
мырыш т.б. ауыр металдармен және мұнай
өнімдерімен ластануы экологиялық проблемаға
айналып отыр.
Жоғарыда айтылған жайттар табиғаттағы
су тамшыларын есептеуді және жер беті
суларының пайда болуы жөнінде анық түсініктеме
алуды, өзендер мен көлдер және су алаптары
туралы көп мәліметтер жинап, олардың
гидрологиялық режимін зерттеуді қажет
етеді. Гидрология ғылымының алдында тұрған
барлық мәселелерді санап шығу қиынға
соғады, дегенмен олардың негізгілері
төмендегідей:
Жер бетіндегі су ресурстарын бағалау
жұмыстарын атқару үшін олардың мөлшерін
өлшеу және сапасына тексеру жұмыстарын
жүргізу, гидрологиялық есептеу жұмыстарын
атқару арқылы су ресурстарының мерзімдік
өзгерісіне баға беру. Өткен ғасырдың
60-70 жылдары КСРО аумағы бойынша мұндай
жұмыстар жүргізілген. Бірақ бұл мәліметтер
соңғы кезде климаттың бір бағытты өзгеруіне
және шаруашылық әрекеттің өсуіне байланысты
осыдан 20-30 жыл бұрынғымен салыстырғанда
көп өзгеріске ұшырады. 1980 жылдары өзен
суларының жылдық көлемі 125 км3 болса, 2000-2010
жылдары әртүрлі есептеулерге байланысты
бұл көрсеткіш 110 – 90 км3-ке дейін кеміді.
Сонымен, осы кездегі су ресурстары жөнінде
нақты мәліметтер жоқ.
Гидрологиялық есептеу әдістерін жетілдіру.
Кез келген гидротехникалық құрылысты
жобалау гидрологиялық есептеулерге негізделуі
қажет. Бұрынғы ескі кеңестік нормативтік
құжаттар бүгінгі күннің сұранысына, халықаралық
стандарт талаптарына сай келмейді. Есептеу
әдістерінің жаңа сатысы қажет, ал ол өте
жауапты ғылыми жұмыс. Айта кету керек,
соңғы кезде елімізде жобалау жұмыстары
жанданды. Мысалы, өзендерді кесіп өтетін
автомагистральдар, темір жолдар, электр
желілері және Кіші Аралды Үлкен Аралдан
бөлетін бөгетті тұрғызу, сондай-ақ әртүрлі
мақсаттағы көпірлер, акведуктер, дюкерлер
т.б. жобалануда.
Су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері.
Су ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын
іздестіру және шаруашылықта дұрыс пайдалану
жолдарын қарастыру. Біз бүгінгі күнімізбен
өмір сүрмеуіміз керек, келер ұрпаққа
су ресурстарын жеткілікті әрі сапалы
түрде қалдыруымыз керек.
Қазақстандық экологтардың зерттеулерінің
нәтижесінде, Ертіс өзенінің трансшекаралық
су қоймасы Қазақстан Республикасына
тигізетін кері әсерлері мынадай:
- Балқаш және Зайсаң көлдерінің табиғи
су балансы және табиғи тепе-теңділіктің
бұзылуы
- Осы аймақтардың эпидемиологиялық және
экологиялық ахуалының нашарлауы, климаттың деградациясы,
суда улы заттардың табиғи концентрациясының
көбеюі, ол судың шаруашылыққа және егіншілікке
жарамсыз қылуы.
- Ертіс ЖЭС-індегі электр өндірісінің
2 есеге төмендеуіне.
- Ертісте 2020 жылға қарай су жолының болмауы.
- Бухтарминский су қоймасының деңгейінің
төмендеуі және Зайсаң көлінен ажырауы.
- Ауылды, қалалы елді-мекендерге судың
қалыпты мөлшерде жетпеуіне;-әкеліп соқтырады.
Мемлекетаралық трансшекаралық
ластанудың алдын-алу
Экологиялық мәселелерді шешу жөнінде
тиімді құралдардың бірі ретінде 35 елдер
Қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша
шешімдерді қабылдау үрдісіне және әділсотқа
қол жетімділікті іске асыру туралы конвенциясын
қабылдап, қол қойды. Және де, Ауаның алыс
қашықтыққа шекарааралық ластануы туралы
Конвенциясының екі жаңа Хаттамасына
33 ел және Еуропалық қауымдастық келісіп,
қол қойды. Бұдан басқа бесінші конференцияда
келесі конвенциялар қабылданып, қол қоюға
ұсынылды: Карпатты қорғау және оның орнықты
дамуы жөніндегі Негіздемелік конвенция;
Трансшекаралық мазмұнда қоршаған ортаға
әсерін бағалау бойынша БҰҰ ЕЭК конвенцияларының
хаттамалары; Өндірістік апаттардың трансшекаралық
әсері туралы; трансшекаралық су ағындары
мен халықаралық көлдерді қорғау және
пайдалану бойынша; шығарындылар тізілімі
мен ластағыштардың тасымалы жөнінде
Орхус конвенциясының хаттамалары. «Еуропа
үшін қоршаған орта» министрлердің Алтыншы
Конференциясы «Болашақ үшін көпірлер
құру» атауымен (2007 ж., Белград, Сербия)
өтті. Министрлер экологиялық және әлеуметтік-экономикалық
өзгерістерді көрсететін аймақ қажеттіліктерін
қанағаттандырудың мақсатты бағытталған
және хабардар саясатын қамтамасыз ету
үшін «Еуропа үшін қоршаған орта» үрдісінің
маңыздылығын атап өтті [6]. Осылай, Азия
мен Тынық мұхиты елдеріндегі «Еуропа
үшін қоршаған орта» және қоршаған орта
үрдістері экономиканы ары қарай «көгалдандыру»
мен «жасыл» өсімді жетілдіру саясатын
ынталандыруға бағытталды. Осы үрдістердің
бірігуі мен өзара нығайту тетігі ретінде
«Жасыл көпір» Астана бастамасы ұсынылды,
оны «Жасыл» өсім саясатын жетілдіру бойынша
аймақаралық Әріптестік Бағдарламасы
шеңберінде жүзеге асыруды көздейді. Серіктестік
бағдарламасының негізгі қызметі Еуропа,
Азия және Тынық мұхиты аймағының «жасыл»
экономикасы үшін қолайлы шарттарды құру
болып табылады. Бағдарлама 2011 жылы Астанада
өткен «Еуропа үшін қоршаған орта» министрлерінің
7-ші Конференциясында ұсынылды.
Климаттың өзгеруімен, энергетикалық
мәселелермен, су және азық-түлік қауіпсіздігімен,
сондай-ақ аймақтық шиеленістермен байланысты
үдемелі жаһандық қауіп-қатерлер жаңа
шешімдерді және барлық әлемдік қауымдастық
күшінің жұмылдырылуын талап етеді. Бұл
ойлар РИО+20 Орнықты даму бойынша БҰҰ Конференциясының
жаһандық пікірлерінен көрініс тапты:
«Болашақ үшін көпірлер салу» пікірі елдердің
«жасыл» экономикаға өту тұжырымдамасын
айқындайды.
Қорытынды.
Трансшекаралық ластану бұл – Қоршаған
ортаны ластайтын заттардың(улы заттар)
ауа,су,топырақ арқылы алыс жатқан елді
мекенге тасымалдануы. Оған мысал Қазақстан
басқа мемлекеттермен өзендер арқылы
байланысады. Бұл ластану болшақта бүкіл
мемлекетке тіпті, барлық мемлекеттерге
зиянын тигізетін, сол мемлекеттің экономикасын
көтеретін немесе түсіретін, экологиялық
жағдайын жақсартатын немесе төмендететін
фактор болып келеді. Сондықтан, біз бұл
мәселелердің алдын тек екі жақтық келісіммен
ғана ала аламыз. Біздің мемлекетке басқа
мемлекеттерден осы трансшекара арқылы
әртүрлі жолдармен лас зиянды заттар келіп
жатыр. Бірақ, біздің мемлекет арқылы да
басқа мемлекеттерге осындай жолмен лас
қоқыстар барып жатыр. Қазақта «Айналаны
түзегің келсе, өзіңнен баста» деген нақыл
сөз бар. Осыған сүйене отырып, біз өзіміздің
мемлекетімізді тазалықта ұстасақ бізге
ешқандай да трансшекаралық ластанулардың
қаупі төнбейді.
Пайдаланған әдебиеттер
- Демина Т.А. «Экология, природопользование,
охрана окружающей среды.», М.. 2003 ж.
- Қазақстанның трансшекаралық
мәселелері
- http://www.turkystan.kz/kz/articles/view/22799
- Экологиялық сөздік
- ИА "Казинформ"
- Сыбанбеков Қ. “ Табиғат қорғау ”. Алматы 1990 ж.
Информация о работе Ластаушы заттардың трансшекаралық ауысуы туралы түсінік