Өндірістік экология туралы ұғым қалыптасатыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2015 в 07:59, лекция

Описание работы

1. Өндірістік экология ғылымының мақсаты және міндеттері,
2. Қазақстан территориясының өндірісітік аймақтары

Файлы: 1 файл

зиянды заттар.т.docx

— 47.00 Кб (Скачать файл)

 
 
Глоссарий 
 
1.Табиғи қорлар- адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетті заттар және табиғата кездесетін жаратылыс дүниелері . 
 
2.Табиғи ортаны қорғау деп –табиғи ортаны сақтауға, оның байлығын молайтуға бағытталған заңдылық, шаруашылық, ұйымдастырушылық шаралар жүйесін айтамыз.  
 
3.Табиғат байлығын қорғау-оны тиімді пайдалану болып табылады. 
 
 
1-Бөлім Адамзаттың табиғат жүйелерімен қарым-қатынасы  
 
 
Лекция 1 тақырыбы Өндірістік экология пәніне кіріспе 
 
Мақсаты: : Өндірістік экология туралы ұғым қалыптасатыру

  1.  
    Өндірістік экология ғылымының мақсаты және міндеттері,
  2.  
    Қазақстан территориясының өндірісітік аймақтары

 
^ Лекцияның қысқаша мазмұны:  
 
Мақсаты: Адамзат пен табиғат арасындағы қарым-қатынастарының негізгі ұғымдар мен материалдық қажеттіліктерді өтеу барысындағы туындайтын қарама-қайшылықтармен және табиғи жүйелердің даму заңдылықтары, қоршаған орта ресурстарының және оларды пайдалану ерекшеліктерінен болатын құбылыстармен танысу. 
 
Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдердің индустриалды дамуы табиғи ресурстарды пайдалануды еселеп арттырып, адамның табиғатқа әсерінің көлемін өсіре түсуде. Сонымен қатар, адамның денсаулығы мен оның материалдық жағдайы қоршаған ортаның жай-күйінің сапасына тәуелді. Сондықтан қоршаған орта туралы ілім пәнін меңгеру антропогенді және табиғи жағдайларды , адамдардың биосферадағы ролі және орны жайлы экологиялық көзқарастарын қалыптастыруда маңызды орын алады.  
 
Міндеттері:

  1.  
    адам мен табиғат арасындағы байланыстың негізгі жолдарын түсіндіріп, оқыту.
  2.  
    Ғылыми-техникалық прогресстің мән-мағынасын түсіндіру.
  3.  
    Ғылыми-техникалық прогресстің жағымды, жағымсыз жақтарын түсіндіру.
  4.  
    Негізгі өндіріс салаларының сипаттарымен және олардың аралық байланыстармен таныстыру.
  5.  
    Әртүрлі өндіріс көздерінің биосфераның басты компоненттеріне әсер ету бағыттармен және одан туындайтын зардаптарымен таныстыру.
  6.  
    Түрлі өндіріс көздерінің технологиялық процесстерін оңдау және экологизациялау жолдарын үйрету.

 
Ғаламат жаңалықтармен бірге өндірістің жедел дамуы, зауыттардың еселеніп салынуы, жер құнарының тас-талқанын шығарған 1953-1962 жылдардағы тың игеру , қазақ жеріндегі сынақ алаңдары күнделікті тіршілікке араласып, жетістігімен қатар апатын да ала келді. 
 
Қазіргі кездегі шаруашылық іс-әрекеттердің қоршаған ортамен қарым –қатынасының күрделене түсуі, атмосфераның , құрлық , су экожүйелерінің беткі қабаттарының , олардың сипаттарының өзгеріске ұшырауы, энтермиялық қаруланудың күшеюі, өндірісте қажетті материалдардың шамадан тыс өндірілуіне байланасты көптеген заттардың қалдық түрінде қоршаған ортаға бөлініп шығуы, яғни қатты, сұйық және газ тәріздес қалдық заттардың мөлшерінің жоғарылап кетуі және басқа да айтулы факторлардың әсер ықпалына тікелей байланысты. Бұл аталған проблемалардың негізі адамзаттың шаруашылық іс-әрекеттер кезінде, табиғи ресурстарды үнемі пайдалану қажеттіліктерінен туындап отыр.  
 
АҚШ, Англия,Франция, Германия, Жапония сияқты бірқатар өркениетті елдерде ірі өндіріс орындарын салмастан бұрын оның қоршаған ортаға әкелетін экологиялық шығынын есептей отырып, сол жердегі халақтың денсаулығына тигізетін әсерін ғылыми түрде тұжырымдап барып жүзеге асырады. Біздің ірі өндіріс орындарының барлығында жоғарыда аталған экологиялық шарттар ескерілмеген. Ірі өндіріс орындарынан шығатын улы газдар, ауыр металдар өндіріс орындарынан шыққан лас су көздері, өндіріс орындарының айналасындағы халықтың денсаулығына , топырақтың, ауаның құрамының өзгеруіне үлкен әсер етуде. 
 
2. Жалпы ірі өндіріс орындарын дамыту 3 факторға байланысты:

  1.  
    Шикізат көзі.

 
2.Адам күші. 
 
3.Су ресурстары. 
 
Осы үш фактордың арақатынасын сақтамай ірі енеркәсіп орындарын дамыту мүмкін емес. 
 
Елімізде қазіргі кездегі қалыптасқан экологиялық мәселелерге байланысты бірнеше енеркәсіптік аймақтардың экологиялық жағдайына тоқтала кетейік. 
 
Батыс Қазақстан өнеркәсіптік экологиялык аймағына - Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу, металлургия, қүрылыс материалдары және тағы басқа да салаларға маманданған Атырау, Маңғыстау, Орал, Ақтөбе облыстары кіреді. Бұл аймақтағы негізгі мәселелер - табиғи ортаның мүнаймен ластануы, радиактивті қалдықтармен ластануы адамның денсаулығына және экожүйелерге әсер етіп, шөлдену процестерінің жүруіне, биокөптүрліліктің жойылуына әкелуде. Сондай-ақ мүнда тыныс алу жолдарының қабыну аурулары мүнай өндіретін аудандарда, орташа саны басқа облыстармен салыстырғанда жоғары. Концерогенді көмірсутектердің концентрациясының жоғары болуы бүл аймақта қатерлі ісік ауруы, басқа аймақтармен салыстырғанда 2—4 есе жоғары екен. Жас балалардың өлімі 1000 адамға шаққанда 37 адамды құрайды. Бұл еліміз бойынша ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр. 
 
Батыс аймақта Маңғыстау облысы эколгиясы ауыр аймақтардың алдыңғы катарына жатады. Қауіпті нүктелердіц топырақ қабаттарын тексергенде бүл өңірді Семей, Аралдан кейінгі үшінші орынға қоюға болады. Маңғыстау облысында жергілікті тұрғындарға қасірет төндіріп түрған Қошқар ата улы көлінің су астында 104 млн. тонна улы қоспа жатыр. Қазір уран өндірілмейді, ал су буланып, жаға ашық қалған. Әбден кепкен топырақ шаң болып өңірге тарайды. Одан адамдар арасында түрлі аурулар пайда болуда. Әсіресе инсульт ауруы елді түгелдей жайлап болды. 
 
Актөбеде көп жылдардан бері Ақтөбе ферробалкыту зауыты мен Ақтөбе хромды қосындылар зауыттары жұмыс істеп келеді. Бүл зауыттар Ақтебе қаласының солтүстік-батысында қала халқы коп шоғырланған аймақтан 1000 м, қала тұрғындарының бақша-саяжай усачкелерінен 700 м ғана қашықтықта орналасса, зауыттардың бір-бірінен орналасу ара қашықтығы 300-400 м. 
 
Қазіргі уақытта кәсіпорын аймағының табиғаты алты валентті хром қосындыларымен, солтүстік-батыстан соғатын желдердің әсерінен кәсіпорындардан шығатын зиянды заттармен, оның кұрамында шаңды хром қосындылары және т.б. зиянды заттармен өте белсенді түрде ластануда. Бүлардың мүражайларынан улы заттар қоршаған ортаны бүлдіріп қана қоймай адамдар денсаулығына елеулі залалын тигізуде. Жергілікті сарапшылардьщ берген мәліметтеріне қарағанда тыныс-қолка жолдарының ауруы қалада қалыпты деңгейден 3,5 есеге дейін жеткен. Сол сияқты жүрек-қан тамыры жүйесі мен коз аурулары 1,8 жөне 2 есеге шейін артқан. 
 
Атырау еңірінің ауасының экологиялық жағдайы мұнай-газ өндіруші, энергия-коммуналдық, көлік кешені және тағы басқа мекемелердің ауаға шығаратын лас затгардың көлемі мен олардың жеке түрлеріне тікелей байлапысты. Өткен он жыл ішінде Атырау облысы бойынша орта есеппен әр жыл сайын ауаға 164,65 мың тонна түтін шыққан екен. Оның негізгі өндірушілері облыстың өр түрлі кәсіпорындары. Негізгі облыс бойынша шығатын лас түтіндердің 72,5 % түрақты мүржасы бар өндіріс мекемелерінің үлесіне тиеді. Оған қоса облыста ауаны автокеліктердің 'түтінмен ластау да орын алады. Мысалы, 1990-1995 жылдары облыс аумағына ауаға шығатын түтіндердің 24-48 %-ы автоколіктердің үлесінде болды. Сонымен қатар Атырау облысында ластанған аймақтарды қалпына келтіру жүмыстары да жүргізілуде. Мұнда мүнаймен ластанған топырақ жамылғысын тазалаудың биологиялық жолмен тазалау қүрылғысы (отвал) салынды, бұл пайдаланып отырған жаңа технология ластаушы заттарды 80 %-ға дейін тазалауға мүмкіндігі бар. 
 
Шығыс Қазақстан өнеркәсіптік аймаққа - Шығыс Қазақстан облысының аудандары жатады. Қазақстан Республикасы өнеркәсібі жоғары дамыған, түсті және қара металлурғия, энергетикалық кешені, полиметалл кендері шоғырланған аймақ. Бүл аймақтағы экологиялық мәселелер - қоршаған ортада өндірістік қалдықтардың жиналуы, атмосфералық ауаның ластануы, ормандардың деградацияға үшырауы айқын көрінуде! 
 
Тек, Өскемен қаласы бойынша әуе кеңістігіне тарайтын залалды заттардың 60 %-і осы түрлі-түсті металлургия кәсіпорындарының үлесіне, ал соның ішінде Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының еншісіне зиянды заттардың 30 %-і тиеді. 
 
Ертіс бассейнінің ластануы шектен шығьш отыр. Оның кішігірім сағалары Үлбі, Глубокое, Тихая өзендерінің Ертіске қүятын түстарында мыс пен мырыштың мөлшері шекті қалыптан бірнеше есе көп. Яғни, 30 РЗШ-ден 300 РЗШ-ға дейін барады. 
 
Шығыс Қазақстан облысында орман отау, кесу фактілері орын альш отыр. Соның кесірінен жасыл желекпен көмкерілген жер келемі облыс бойынша 150 мың га кеміп кетті. 
 
Солтүстік Қазақстан өндірістік аймағына республикамыздың солтүстігі Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстары кіреді. Бұл аймақта мұнай өңдеу, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп маңызды орын алады. 
 
Ауыл шаруашылығының зиянкестеріне қарсы күресте биологиялық және агрохимиялық әдістерге баяу көшуіміз кері әсер етуде. Соның салдарынан арам шөптер қаптап, ол аз болса, улы химикаттар зиян келтіруде. 
 
Көкшетау қаласынан солтүстікке қарай 8,5 км қашықтықта "Васильковский ГОК" кен орны орналасқан. Васильковский кен орны 1979 жылдан бастап жүмыс істеп келеді. Васильковский алтынды - кварц-мышьякті рудалар кен орнына жатады. Мұнда алтын қосындылары бар рудалардың ғана өндірістік маңызы бар. Васильковский ААҚ қүрамында негізгі атмосфера ластаушы көздер үш аланда орналасқан. Бірінші, қазылған тау рудниктері және үймектеу учаскелері, екшші, автономиялық уақытша қазандықтар, үшіншісі -алтын айыру фабрикасы. 
 
Мұндағы дәстүрлі зиянды заттар шығару көздері асфальтқоспалары қондырғылары, дизельді қондырғылар, қазандықтар. АЗС-дан, цехтардан зиянды газдар шығарылады. Ал, дәстүрлі емес зиянды заттар шығару кездеріне инертті материалдардың ашық қоймалары, мұнай өнімдерін сақтау орындары, көліктерге арту, түсіру жүмыстары, тасымалдау жұмыстарын жатқызуға болады. 
 
Бұл ластаушы көздерден атмосфераға 29 түрлі зиянды заттар шығарылады. Олардың ішінде органикалық емес шаң көлемі 0,3 және 0,5 мг/м3 шекті мөлшерден астам. Органикалык емес шаң атмосфераға жылына 4002,715 тонна мөлшерінде шығарылады. 
 
Атмосфераның ластану дәрежесі 1, 2-ші алаңдардың санитарлық қорғау аймағы (СЗЗ) мен жақын арадағы ауылдар Қонысбай, Красный Яр, Көкшетау қаласы мен Қопа көлі аумағына зиянды заттардың шығарылуы мен олардың таралуына қарай бағаланады. Мысалы: Қонысбай ауылы маңында ауаның қүрамындағы органикалық емес шаңның көлемі жазда - 0,62 (РЗШ) шекті мөлшерде, қыста - 0,42 (РЗТТТ) шекті мөлшерде. Көкшетау қаласында органикалық емес шаңның фондық концентрациясы жазда - 0,93 (РЗШ), қыста - 0,79 (РЗШ) көлемінде. 
 
Жылдың жазғы және қысқы уақыттарында барлық үш алаңнан шығарылған зиянды заттарға талдау жасағанда, тек органикалық емес шаңнан басқа зиянды заттардың мөлшері санитарлық қорғау аймағын-да атмосфера ауасының нормативтік сапасы бойынша үсынылған талапқа сай келмейді. 
 
Павлодар облысында шырша ағаштарын шығындау қалыпты нормадан екі есеге жоғарылаған. Яғни, біз бір ағаш кесіп жанына екі ағаш отырғызудың орнына керісінше істейміз. 
 
Орталық Қазақстан өнеркәсіптік эколоиялық аймаққа - Қарағанды, Жезқазған өңірін жатқызамыз. Бүл аймақ тау-кен өндіру, көмір өнеркәсібі, түсті металлургия және жылу энергиясын өндіретін орталық болып табылады. 
 
Орталық Қазақстандағы "Байқоңыр" ғарыш айлағы бүрынғы КСРО-ның өндірістік әскери-ғарыштық кешендерінің бірі еді. 1994 жылы Қазақстан Республикасының өкіметі мен Ресей Федерациясының арасындағы келісім нәтижесінде Ресей федерациясына "Байқоңыр" ғарыш айлағы 20 жылға жалға берілді. 
 
Байқоңырдан ұшырылған ғарыштық аппараттардың зиянды әсерін шетелдік және отандық ғалымдар зерттей келіп, атмосфера тізбегі тропосфера-стратосфера-ионосфера қабаттарына әсер етіп, нәтижесінде озон қабатының жүқаруына, парниктік эффектінің пайда болуына үлкен үлесін қосатындығы байқалды. Әсіресе, ерекше қауіпті апатты жағдайлар зымыран тасымалдаушыларды үшыру кезінде байқалады. 1996, 1997, 1999 жылдары және зымыран тасымалдаушы "Протон" 2 рет апатқа үшырады. Апат кезінде қоршаған ортаға айтарлықтай мөлшерде жанбай калған жанармай төгіліп, үлкен аумақты жердің өсімдіктер жамылғысы өртшіп кетті. Сонымен қатар зымыран тасымал-даушы "Протонның" ажырап қалатын бөліктерінің сынақтары түсті. 1999 жылы қазан айында зымыран тасымалдаушы "Протон" құлаған жердің топырағына, суына, ауасына, өсімдік пен жануарларына тексеру жүргізілді. Адамдар мен үй жануарларын тексеріп, гептил тараған жерлерді залалсыздандыру жүмыстары жүргізілді. 
 
Ал, Балқаш көлінің ластануына мыс пш энгргетика өнеркәсібі бірдш-бір себепші болып отыр. Мұнда, мыс, мырыш және күл қүрамынаың ауытқуы 78-ден 50 РЗШ аралығында. 
 
Қарағанды облысының аумағындағы Нұра өзенінің де экологиялық жағдайлары жақсы емес. Мүны үзақ жылдар бойы Қарағанды метал-лургия комбинаты мен "Карбид" өндірістік бірлестігі өздерінің шайынды суларымен ластап, барынша лайлап келеді. Оның қүрамында фшол, азот, сынап сияқты металдар көптеп кездеседі. 
 
Қарағанды облысы бойынша ауаға шығарған зиянды қалдықтардың жыл сайын мөлшері 140 мың тонна болса, оның 98 мың тоннасы кәсіпорындардан, 43 мың тоннасы автокөліктерден шығады екен. Сондай-ақ Теміртау қаласының кәсіпорындары бойынша аталмыш көрсеткіш 361 және 11,5 мың тонна болып келеді. 
 
Теміртау, Саран, Шахтинск, Абай қалаларының кәсіпорындарының маңында шамамен 1,7 млрд тонна өнеркәсіптік және түрмыстық қалдықтар жиналып қалған. 
 
Оңтүстік Қазақстан өнеркәсіптік экологиялық аймаққа - Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары жатады. Оңтүстік аудандардағы негізгі экологиялық мәселелер - су ресурстарының жетіспеуі, жайылымдардың деградациясы, атмосферасының ластануы, жер ресурстарының химиялық тыңайтқыштармен ластануы. Экологиялық және санитарлық-эпидемиялық жағдайдың салдарынан республикамызда ауру-сырқау белең алып, оның ақыры адам өліміне әкеп, өмір үзақтығының шектелуі байқалады. Іш, сүзек ауруларының деңгей дәрежесі республика бойынша қалыптасқан орта көрсеткішке қарағанда Қызылорда облысында 50 %-ке, Оңтүстік Қазақстан облысында 30 %-тен асьш түседі. 
 
Жамбыл, Шымкент қалаларына минералдық тыңайтқыштар өндіретін кәсіпорындарды шамадан тыс шоғырландыру да айнала қоршаған ортаға бірқатар салмақ салуда. Жамбыл қаласының бір өзінде өндіріс орындарының ауаны ластауын түгел есепке алсақ, соның үштен бірі осы саланың үлесіне тиеді. Сырдария, Арал, Бадам өзендері бассейіндерінде фенол, сынап, пестицид - 3 РЗШ-дан 16 РЗШ аралығында ауытқып түрады. 
 
Алматы қаласы ауасының ластану жолдарының бірі - бүл авто көліктерден шығатын зиянды заттар болып есептеледі. Қаламыздағы жанармаймен жүретін автокөліктерді табиғи газға ауыстыру тиімді. Біріншіден, бензинге қарағанда газ арзандау, екіншіден, экология мен қоршаған орта үшін аса зиян емес. 
 
Қазір Алматы көк түтін қүшағьшда, сан мың көліктен ұшқан ыстан демалу мүмкін емес, Ал автокөлікті газға көшірсек, Алматының ауасы әлдеқайда тазарар еді. 
 
Өзін-өзі тексеру сұрақтары  
 
1. Өндірісітік экология анықтамасы? 
 
2. Өндірістік экология мақсаты қандай? 
 
Әдебиеттер тізімі.

  1.  
    Асқарова У. Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау А. 2004
  2.  
    Молдахметов З.М., Газалиев А.М., Фазылов С.Д. «Экология негіздері». Қарағанды, 2002
  3.  
    Дарибаева А.О., Оразбаева Р.С. «Экология негіздері». Астана, 2001
  4.  
    Ә. Бейсенова , А. Самақова «Экология және табиғатты тиімді пайдалану»Алматы, 2004
  5.  
    Оспанова Г.С. Экология А. 2002 ж

 
 
Лекция 2 Табиғат және адам. 
 
Мақсаты: Табиғат және адам қарым қатынасының ерешеліктерін ұғыну  
 
1 «Адамзат-қоғам-орта» 
 
2 Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары және олардың өндіріс көздерін дамытудағы маңызы 
 
3 Ғылыми техникалық прогресс . Ғылыми техникалық прогресстің екі жақты сипаты 
 
^ Лекцияның қысқаша мазмұны: 
 
1. Қазіргі таңда адамзат техникалық жолмен бүкіл әлемді өзіне бағындыру пиғылына берілді .Техникамен қарулана отырып , олар өздерінің күш – жігерін ішкі әлемге бағыттады. Қоғамның даму тарихына қарағанда ,оның экономикасының өсуі, табиғатта тірі экологиялық дағдарыстың орын алуына себеп болып отыр . Біздің заманымызда ғылыми - техникалык революция жүріп жатыр. Оның басталған кезі - XX ғасырдың ортасы. Ғылым қазір дүние жүзіндегі мемлекеттердің ұлттык саясатына айналды, сондықтан ғылыми таным әлеуметтік тіршіліктің маңызды бөлігі болып есептеледі. Өндірістің әуелден келе жатқан салаларын өзгертіп, ғылыми-техиикалык ревалюция жаңа сларалар туғызады, мысалы, атом өнеркәсібі, радиоэлектроника, ғарыш өнеркәсібі, полимерлер шығару, биотехнология, компьютер және т.б. 
 
Ғылыми-техникалық революция, қысқа мерзімде табиғаттың көптеген сырларын ашып, солардың іс жүзінде қолданылуына жағдай туғызды, Ол ғылымдардың ішінде айрықша атауға тұрарлық сала - қатыстылық (салыстырмалылық) теориясы, квантты механика, ядролық физика, полимерлер химиясы, кибернетика, молекулярлық биология және т.б. Осы ғылымдардың бәрі біздің ғасырымызда қалыптасып, дамып, іс жүзіне асырылып жатыр. Кейінгі кезде осы қозғалысқа қоғамдық ғылымдар да қатысуда, себебі ғылыми-техникалық революция ашқан табиғи танымның қорытындылары неғұрлым ауқымды салаға қатыстырылған сайын, әлеуметтік нәтижелер соғұрлым еселене түсіп, оларды зерттеу ісіне қоғамдық ғылымдар да араласуда.  
 
Өзін-өзі тексеру сұрақтары  
 
1. Қазақстанның жер қойнауы қандай ресурстарға бай? 
 
2. Ғылыми техникалық дамудың қоршаған ортаға әсері қандай? 
 
 
Әдебиеттер тізімі. 
 
1. Бейсенова , А. Самақова «Экология және табиғатты тиімді пайдалану»Алматы, 2004 
 
2.Молдахметов З.М., Газалиев А.М., Фазылов С.Д. «Экология негіздері». Қарағанды, 2002 
 
3.Дарибаева А.О., Оразбаева Р.С. «Экология негіздері». Астана, 2001 
 
4.Ә 
 
Лекция 3 Табиғи жүйелердің ресурстары. 
 
Мақсаты: Қоршаған орта мен адамның қарым-қатынасының этаптарымен танысу 
 
 
1.Табиғи ресурстардың топтамасы,  
 
2.Табиғи ресурстарды тиіміді пайдалану  
 
^ Лекцияның қысқаша мазмұны: 
 
Табиғи жүйелердің ресурстары. Табиғи ресурстардың топтамасы, қоршаған орта ресурстарымен болатын қарама қатынастардың ерекшеліктері. 
 
Табиғи қорлар, олардың қолдану саласына қарай - ендірістік, денсаулы сақтауга ңажетті, гылыми, эстетикалык деп бөлінеді. Табиғат қорлары сарқылмайтын және сарқылатын екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бәрі –су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр. Ал экожүйелердін таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер. 
 
Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы , қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады.  
 
Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетгі заттар және табиғата кездесетін жаратылыс дүниелері — табиғи қорлар деп аталады. Су, жер, өсімдік жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де, тікелей не өнделген күйінде түрмысқа, өндіріске қажетгі дүниеліктердің бәрі де табиғи қорларға жатады Табиғи қорларды пайдалану нәтижесінде, адамзат - азық-түлік, киім-кешек тұрмыс кажетін өтеуге керекті заттар, жанар-жағар майлар жөне өнеркәсіпке қажетті шикізаттарды алады. 
 
Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар – топырақ , өсімдік пен жануарлар әлемі. Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған. 
 
Өндіріске қатыстырылатын табиғат байлықтары: пайдалы қазба байлықтар (минералдық шикізат),су,ауа,орман,жер,тек қана өндіріс шікізаты емес, сонымен қатар, өндіріс құралы да болып табылады.Өндірістік қатынасқа қосылмған табиғат байлығын да ұлттық байлық ретінде қарап, оның табиғи қалпының сақталуын, сапасының төмендеуін қамтамасыз ету керек 
 
Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту және табиғи ортаның тепе-теңдігін сақтау болып табылады.Басқаша айтқанда, табиғи орта мен ондағы өндірістің даму тепе-теңдігі сақталуы тиіс.Сондықтан табиғи ортаны, табиғат байлығын қорғау халықтың материалдық, рухани, әлеуметтік мұқтажын үздіксіз өтеуге, табиғат байлығын қалпына келтіруге, молайтуға бағытталуы қажет. 
 
Ғарыш қорларына - күн сеулесінің радиациясы, теңіздің тартылуы мен тасуы жатады. 
 
Климаттық қорға - атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-шашын жатады. 
 
Жер қоры. Жер қорының ең басты бөлігі болып, дақылдар егіліп өнім алынатын жер қыртысыньщ беткі бөлігі — топырақ болып табылады. Топырақ құрамы ете күрделі. Онда минералдық заттармен қатар, түрлі органикалық дүниеліктер, микроорганизмщер кездеседі.Жер бетінің толық ауданы 510 млн.км2 болса, соның қүрлыққа тиесілі үлесі - 149 млн.км2 (29,2 %). Сонымен қатар, жер бетінің езі өр түрлі категорияларға бөлінеді  
 
Ормаи қоры. Қоршаған ортаның жақсаруына, су және жср қорларыныц жақсы сақталуына орманның тигізер әсері мол. Орман ағаштарының фотосинтезде атқарар маңызы орасан. Жер бетіндегі өсімдікгер, ағаштар жылына 100 млрд.тонна фитомасса түзсе (қүрғақ массаға шағып есептегенде), оның ішіндегі қүрлық бетіндегі көк жамылғы 64 млрд. тонна, ал орман ағаштары 38 млрд. тонна (60%) қүрайды. Орман ағаштары, сарқылатын жөне салыстырмалы жаңғыратън корлар қатарына жатады. Бүл орайда, жүздеген жылдар бойы жетілген 30-35 га аумактағы ағаштарды, орташа қағаз-картон комбинатының бір күнде іске пайдаланатынын айтып өтуіміз, оның қаңцай қорға жататыңцығын хабардар етсе керек. 
 
Жан-жануарлар әлемі. Жер бетінде 1,5 млн-ға жуық тіршілік ететін тірі организмдер бар. Олардың, 1 млн-ға жуығы жануарлар болып келеді. Осы жануарлар биомассасы, сан жағынан едәуір мөлшерде болғанымен, тірі 
 
организмдер биомассасының 1%-ын ғана кұрайды. Адамзат пен жануарлар дүниесінің қарым-қатынасы өте күрделі. Кейбір жануарларды қырып-жою нәтижесінде, ондай түрлер бітуге айналғандықтан, арнаулы корықтар жасалынып, олар тиісті мекемелердің қадағалауы мен бақылауына алынып отыр. 
 
2. Табиғи корларды тиімді пайдалану 
 
Тұрмысқа, тіршілікке қажетті өнімдерді алу үшін, жаратылыста кездесетін табиғи корларды, шикізаттарды өңдеп, олардан өр түрлі бұйымдар немесе азық-түлік өнімдері даярланады. Демек, адамзат табиғи қорларды, олардағы шикізат көздерін, зат айналым циклына қатыстырады. 
 
Адамзат баласының табиғи қор көзінен шикізаттың бір немесе бірнеше түрін, өзінің өндеу, пайдалану барысының сатысында тасымалдауы, олардың өзгеріске ұшырауы - қордың айналымы (ресурсный цикл) деп аталады. 
 
Табиғатга зат айналымы түйықталған тізбек бойымен іске асатыны белгілі. Ал, қордың айналымын немесе антропогенді айналымды, тұйықталган тізбек бойымен іске асады деуге болмайды. Өйткені, теңізден буланған су кайтадан жауын-шашын түрінде қайта оралса, шахтада өндірілген көмір қайтадан көмір түрінде шахтадағы кенге келіп қосылмайды. 
 
Қорлардаш шикізатгы ендеу, тасымаддау барысында әр түрлі себептердін салдарынан олардың шығыны орын алады. Мысалы, тас көмірді жандыру нәтижесінде - күл және шлак қалады, өр түрлі газ күйіндегі тотықтар атмосферадағы ауа құрамына қосылады. Ал, тас көмірді химиялық өндеуден соң, одан - фенол, бензол, толуол, кокс жөне т.б. эр түрлі заттар алынған болар еді. Осы қорларды өндеу, тасымалдау барысында, адамзат мол энергия жүмсайды. Алынған өнімдерді пайдалану нәтижесінде, әр түрлі материал-бүйымдар дайындауда түзілетін қалдық заттармен қоршаған ортаны ластайды. Демек, коршаған ортаны ластаудың басты көзі - табиғи қорларды айналымға түсіргенде түзілетін қаддықтар мен зиянды затгар болып табылады. 
 
Мысалы, көмірді, отынды жағу барысында түзілген көмір қышқыл газы, табиғаттағы газ құрамын және олардың күйін өзгертеді. Ал бүл, биосферада фотосинтезге қатысып, көмір қышқыл газын органикалық қосылыстарға айналдыратын көшеттер мен ағаш түрлерінін өзгеруіне, тіпті кейбірінің жойылуына әкеліп соқтырады. Табиғи қорлардан шикізат алу, оларды ендеу - бәрі де сол өзгеріс сатысындағы қиындықты мейлінше азайтуды, өнімділікті жоғарылатуды талап етеді. Ал оны, ғылым-техника саласындағы озық технологияны, инженерлік тиімді тәсілдерді пайдаланбай жүзеге асыру мүмкін емес. 
 
Инженерлік шешімдер қатарында, қоршаған орта экологиясын бұзбай, технологиялық жетістіктерді шикізат өндірісі мен өндеуде қолдану үшін, жалпыға бірдей міндетті түрде сақталатын қағидалар мен шаралар болуы тиіс жөне оларға төмендегілер жатады: 
 
1. Қоршаған ортаны жүйелі түрде пайдалану және сактау. Жүйе - өзара бір- 
бірімен қарым-қатынаста, байланысты болатын, қоршаған орта құрамындағы 
белгілі заттар не дүниеліктер жиыны. 
 
Биологиялык, жүйе - қоршаған ортамен не жүйе бөліктерімен қарым-қатынаста болып, белгілі бір қызмет атқаратын (биохимиялық, физиологиялық және т.б.) кұрылым (жасуша, организм және т.б.). 
 
Қоршаған ортаны пайдалану барысында, жүйелер және биологиялык жүйелер әр түрлі өзгерістерге үшырайды. Міне, осы қарым-қатьшасты, қоршаган ортаға зиян келтірмейтіндей етіп жүргізу үшін, оларды жан-жақты талдап, жүйелі түрде іске асыру қажет. Жан-жақты талдау - математика, информация ілімі, кибернетика және т.б. ғыльш салалары арқылы жүзеге асырылады. Ал, жүйелі түрде пайдалану - өнеркосіп өндіріс нәтижесінде туындайтын, қоршағаи ортадағы өзгерістер мен олардың салдарларын кадағалаумен қатар, аддағы уақытга мүмкін болатын өзгерістерді де алдын ала болжауды талап етеді. Мысалы, су қоймаларына фенол қалдықтарының қосылуы - сол су қоймасында тіршіліх ететін жәндіктерге зиянды әсер ететіні белгілі. Бүл мәселеге жүйелі түрде қарау - тек қана жәндіктерді ғана емес, осы су қоймасындағы суды пайдаланатын жүйелерді, сол аудан көлемінде қарастыруды, жан-жануар, адамзат баласының психофизикалық күйіне әсерін, еңбек сапасы мен өнімділігіне тагізер ықпалын толық ескеруді қажетсінеді. 
 
2. Биосфераны оптимизациялау. Өндіріс орындарының, соңғы кезде, ғылым 
мен техника саласындағы озық технологияны пайдалануы, зиянды қалдықтар 
мен қоршаған ортаны ластауды мүмкіндігінше азайтуға, оны табиғи қалпында 
сақтауға септігін тигізіп отыр. Табиғи қорларды пайдалануда, ғылыми 
жетістіктерді қолдану, өндіріс қарқынын жоғарылату - бәрі де биосфераның 
бүлінбеуін қадағалауды, адамзат тіршілігіне қауіп төндірмеуді талап етеді. 
Соңдықтан, табиғи қорлардан шикізат өндіріп, оларды өндегенде, олардың 
салдарын, қоршаған ортаға тигізер әсерін, тіршілік иелеріне зияндылык 
келтірмеуін ескере отырып, жүмыс жүргізу - биосфераны оптимизацшлау деп 
аталады. Демек, оптимизация жасалынатын жүйелерді қадағалап, оларды басқаруды қажет етеді. Коршаған ортаны басқару дсп - бір жүйенің екінші бір жүйеге белгілі мақсатпен оның күйін, қалпын өзгертуге арналған әсері аталады. 
Басқарудың мәнісі - қоршаған ортаны өзгертпей, сол қалпында сақтау ғана 
емес, оны жүйелі түрде белгілі мақсатта өзгертіп дамыту болып табылады. 
 
3. Табиғатты пайдалануды оптимизациялау. Өнеркәсіп салалары мен 
шаруашылықтың шикізат өнімдеріне, күңделікті және аддағы белгіленген уақыт 
бөлігінде қажеттілігін жоспарлы түрде, белгілі мақсат үшін мемлекетгік дәрежелі 
шешу жолдары - табиғи қорларды пайдалануды оптимизациялау болып саналады. 
Мұндай шешімдер алуан түрлі болып келеді.  
 
Адамзат тіршілігіне қажеггі табиғи қорлар төмендегідей түрлерге топталады: 
 
1.азык-түліктік; 
 
2.энергетикалық; 
 
3.шикізаттық; 
 
4.экологиялық (өмір сүру ортасының сапалылығы).  
 
 
Өзін-өзі тексеру сұрақтары  
 
1. Табиғи ресурстар қалай жіктеледі? 
 
2. Сарқылатын және сарқылмайтын ресурстарға не жатады? 
 
 
Әдебиеттер тізімі. 
 
1.Молдахметов З.М., Газалиев А.М., Фазылов С.Д. «Экология негіздері». Қарағанды, 2002 
 
2.Дарибаева А.О., Оразбаева Р.С. «Экология негіздері». Астана, 2001 
 
3.Ә. Бейсенова , А. Самақова «Экология және табиғатты тиімді пайдалану»Алматы, 2004 
 
4.Оспанова Г.С. Экология А. 2002 ж 
 
 
Лекция 4 Табиғи ресурстарды пайдалану. 
 
Мақсаты: Табиғат ресурстары туралы түсінік қалыптастыру

  1.  
    Су, жер ресурстары, атмосфералық ауа,
  2.  
    Гидросфера , литосфера ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері.
  3.  
    Атмосфера ресурстары және күн сәулелері

 
Мазмұны:  
 
Су ресурстары. 
 
Табиғи ресурстар таусылмайды дейтін көрінер көзге аңғал ұғымның мәні қалмай барады. Су планетамызда айырықша орын алатын ресурс болып табылады. Жер шарында у мол болғанымен, ол жердің аудандары мен елді мекендері бойынша біркелкі емес. Су тек шөл бау үшін ғана керек емес. Ол өндіріс үшін де қажет. Қазіргі технологияның су сыйымдылығы өте жоғары: 1тн құрышты қорыту үшін 250 м куб у қажет, 1 тн қағаз өндірісіне 900 м куб су, 1 тн капронға 56000 м куб у кетеді екен. Егер жердің бір тұрғынына кететін барлық су шығынын есептесек, ол жылына 1 – 2 тн – дан да көп у тұтынады екен. Су – біртұтас кешен ретінде болатын табиғи ресурс. Табиғи реуртың бұл түрі мыналарға арналған:

  •  
    адамзаттың, хайуанаттар мен өсімдіктер әлемінің өмірлік қажеттіліктерін өтеуге;
  •  
    өндірістік – шаруашылық қажеттіліктеріне;
  •  
    гидротасымалдау және кемелермен жүкті тасуға;
  •  
    өзіндік ерекшелігі бар технологиялық процетерді қамтамасыз етуге.

 
Су биосфераның барлық қабаттарында болады, дәлірек айтқанда, ол тек су қоймаларында ғана кездеспейді, сонымен қатар, оны ауадан да, топырақтан және бүкіл тірі жан иелерінің бойынан да ұшырастырамыз. Шнитниковке жүгінсек біз бүгінгі таңда өте ылғалды континенталдық фазадан аса құрғақ континенталдық фазаға өту үстінде екенбіз. Бұл құрлықтағы судың 1 бөлігі теңізге ауыатынын білдіреді. Соңғы 80 жылдағы байқау көрсеткендей, теңіз деңгейі жыл айын 1 – 2 мм-ге көтеріледі, бұл құрғақтағы судың қорын жылына 430 км кубке кемітеді. Бұл көреткіш Каспий теңізіне құятын барлық өзендерге де қатысты. Су ұдайы қозғалыс үстінде болады, оның мөлшері мен сапасы уақыт және кеңістік ішінде өзгереді.  
 
Су ресуртары ғасырлар бойы жинақталған қормен және жаңғыртылған ресурстармен сипатталады. Орташа жылдық ағыны бойынша, су ресурстарын бағалау судың пайдаланылуын жоспарлауда және сумен қамтамасыз етілудің деңгейне баға беруде кеңінен қолданылады. Елімізде су ресурстарын үнемдеу үшін, суарудың жаңа әдістерін қолданысқа енгізудің маңызы зор. Орташа есеппен алғанда планетаның 1 тұрғынына күніне 3 мың литр су кетеді екен, алайда жердегі 5 миллиардтың 1 миллиард тұрғыны күніне кем дегенде 2 – 3 литр тұщы суға қолы жетпей отыр екен. Елімізде у ресурстарының қорғалуы әрі ұтымды пайдаланылуы үшін өзен бассейндерін пайдалану процесінің жүйелі басқару тәсілі қолданылады. Аса ірі территорияларды жергілікті су ресурстарымен қамтамаыз ету міндетінде суды ластап, әрі таусып алмауды көздейтін, жер үсті және жер асты суларын бірлесіп реттеуді жүзеге асыратын шаралар кешенді түрде қарастырылады.  
 
Қазақстан Республикасының жер беті минералдық көздер сулар ретінде таралған климаттың ерекшк жағдайы өзен жүйесінің қалыптасуына өз әсерін тигізеді. Онда өте сирек гидрогеоографиялық желі байқалады, шаруашылық үшін артезиан бассейндерінің сулары үлкен рөл атқарады. Ірі қалаларды сумен қамтамасыз ету жер асты сулары арқасында жүзеге асады. Қазақстанда минералдық судың қоры да аз емес, минералдық сулар құрамында көптеген химиялық элементтер бар, олар адамның десаулығы үшін қажеттіліктердің бірі. Санаторий мен курорттар танымал. Мысалы, Алма Арасан, Барлық Арасан, Қапал Арасан, Жаркий Арасан, Сарыағаш және т.б.  
 
Барлығымызға белгілі біздің территорияны кесіп өтетін ірі өзендер, өздерінің бастарын көрші территориялардан алады. 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымында (БҰҰ) Хельсинск конференциясында транс-шекаралық өзендер мен мемлекет аралық көлдердің реурстарын рационалды пайдалану және қорғау туралы Конвенция қабылданды. Соның ішінде Каспий мен Арал бар. Су пайдаланудың жыл сайын өсуі тұщы судың азайып, ластануына соқтырып отыр. Сондықтан гидротехникалық қондырғыларды салу немесе жоспарлау кезінде табиғи комплекстің территориялық ерекшелігін ескеру керек.  
 
Жанармай-энергетикалық ресурстары 
 
Қазақстанның бұл ресурстары: қара, қоңыр көмір, мұнай және табиғи газдар, жанармай материалдары жатады. Көмір қорларының шоғырлануы Екібатұз, Қарағанды, Майкүбен, Кендірлік, Алакөл аймақтарында. Републикалық дәрежеде Қарағанды және Екібастұз бассейндері жатады. Көмірсутек концентрациясының негізгі ауданына Батыс Қазақтан, соның ішінде Маңғыстау мен Эмба мұнайлы газ бассейндері жатады. Соңғы жылдары жаңа мұнай көздері ашылды: Қарашығанақ, Теңіз, Қашаған және т.б. Энергетикалық қорлардың жаңгырмайтын қатарына - көмір, мұнай-газ, торф, сутегі, гелий, литийлер, ал жаңғыратын түрлеріне -фотосинтез өнімдерінің энергиясы, гидроэнсргия, булану және жауын-шашын энергиясы, жел энергиясы, жылу энергиясының түрлері жатады. Энергияның сан алуан түрлілігіне қарамастан, адамзат баласы, оның санаулы бөлігін ғана пайдаланады. Ғылым мен техника дамығанға дейін, негізгі энергия көзі ретінде, адамзат бүлшық етінің қимылы мен жануарлар қозғалысының энергиялары, жел энергиясы, ағашотынның энергиясы пайдаланылып келді. Мұнай-газ, көмір, гидроэнергияның пайдалана бастағаиына да біршама уақыт болып қалды. Соңғы жылдары, атом энергиясын жүйелі түрде пайдалану жолға қойыльш отыр. Сондай-ақ, жер қойнауындагы ыстық су кездерін пайдалану да маңызды болып отыр. Күн көзінің энергиясын тиімді пайдалану, оны сақтау - адамзат баласының аддында шешімін табар мөселелерге жатады. 
 
Минералды ресурстар 
 
Минералдык қорлар. Бұл қордың қатарына металл жөне металл емес затгардың кен көздері - мұнай, газ, тас көмір жөне жер асты сулары жатады. Аталған дүниеліктердің пайда болуы немесе қайта қалпына келуіне қарағанда, оларды пайдалану қарқыны өте жоғары болғандықтан, олар сарқылатын қор түріне жатады. Бүл орайда, аталған дүниеліктерді, олардан алынатын шикізаттарды қалдыксыз өндеудің орасан зор маңызы бар екендігін атап өту қажст. 
 
Кейбір минералдық заттар адам тіршілігіне ауа мен судай қажет. Мысалы. ас түзы, ізбес, қүм, фосфорит, калий түздары, т.б. Бүларға қарағанда, металл жөне мұнай-газ кен көздерінің қоры шектеулі жөне шағындау. Минералды ресурстырдың әр түрлері мен қоры бойынша біздің республика әлемде алдыңғы орынға ие. Оның қорында Менделеевтің барлық элементтері кездеседі. Негізгі темір рудалары ауданы болып Солтүстік Қазақстан саналады, онда Соколов-Сарыбай, Қашар, Қорытын көл және т.б. кен орындары бар. Қара металлдарды Шығыс Қазақстан облысында өндіреді. Қазақстан поллиметалл рудаларына да бай, түрлі-түсті металлдар, көздерін де кездестіруге болады. Батыс және Оңтүстік Қазақстанда фосфорит, шаруашылық материалдар шоғырланған.  
 
Климаттық ресурстар 
 
Қазақстан Республикасының территориясы кең болғандықтан әр түрлі климатты адапторлар қалыптасқан. Күн энергияының қоры үлкен және Оңтүстік Қазақстанда вегетациялық периодтық ұзақ жылу сүйгіш өсімдіктерді өсіруге мүмкіндік береді. Күн энергиясы үйлерді жылытуға мүмкіндік береді. Қазақстан жел ресурстарына да бай. Жел жиі болып тұратын аудандарда энергия желін пайдаланады. 
 
Жер ресурстары 
 
Жерді пайдаланудың функциясының ерекшелігі оның табиғи ресурстарының арасындағы орнын анықтап береді. Ол қоғам мүшелерінің әл-ауқатының бастапқы материалдық негізі, адамдарды қоныстандырудың және өндірістік күштерді орналастырудың кеңестік базисі әрі барлық экономикалық өсім факторларының – еңбек, материалдық-техникалық және табиғатты ұдайы өндірістік процесстердің қалыпты жүзеге асуының негізі болып табылады. Біздің планетамыздың беті – 510 млн. шаршы киллометр. Оның көп бөлігі – 361 млн. шаршы киллометр, яғни 71%-ін су алып жатыр. Құрлыққа тиесілісі – 149 млн. шаршы киллометр. Бұл территорияны 4060 млн.га орман алып жатыр. Шалғын мен жайылым 2600млн.га. Өңделетін жер – 1450 га. Қалған территория 45% Қазақстан Республикасының территориясы 2,72 млн. шаршы киллометр. Ауылшаруашылығына пайдалы жерлердің динамикасына толып жатқан процесстер өз әсерін тигізеді: Ғылыми техникалық прогресстің шапшаң қарқыны, урбанизацияның өсуі, қолайсыз табиғи факторлар, жаңа территорияларды игеру, аграрлық жер құрылымының өзгеруі және т.б. Жер жағдайының нашарлауы ауылшаруашылық жұмыстардың қарқынын ұдайы арттыруға, жерге салынатын салмақты күрт өсіруге ықпал етіп отыр. Көптеген дамыған елдерде ауылшаруашылығына жарамды жерлердің көлемі тарылып барады. Әлемде қосымша пайдалануға болатын алаңдар бар, бірақ олардың сапасы төмен, өйткені ауылшаруашылығына қажетті шұрайлы алаңдар бос емес, әрі бұл алаңдардың көлемін кеңейтудің мүмкіндіктері шектеулі. Еліміздің кейбір аймақтарында мал шаруашылығында кемшіліктер орын алған. Соның ішінде ең үлкен кемшілік, жайылымның мал тұяғының астында тапталуына жол бере отырып, шектен тыс жаю. Соңғы 100 жыл ішінде әлемдегі ауылшаруашылығында пайдалы жердің шамамен 27% -і жарамыз болып қалған, оның ішінде пайдалы жердің көбісі таусылудан жарамыз болды. Жер реурстарының өнімділігі мен ауданын климаттық жағдайлар да көп шектеп, тарылтып отыр. Жер ресуртарын қолдануда қалыптақан жағдай келешекте ауылшаруашылығына пайдалы жердің көлемін арттыруға мүмкіндік бермейді. 
 
Әдебиеттер тізімі. 
 
1.Асқарова У. Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау А. 2004 
 
2.Молдахметов З.М., Газалиев А.М., Фазылов С.Д. «Экология негіздері». Қарағанды, 2002 
 
3.Дарибаева А.О., Оразбаева Р.С. «Экология негіздері». Астана, 2001 
 
4.Ә. Бейсенова , А. Самақова «Экология және табиғатты тиімді пайдалану»Алматы, 2004 
 
Өзін-өзі тексеру сұрақтары  
 
1. Жер ресурстарына не жатады? 
 
2. Атмосфералық ауа ресурстарына не жатқызылады?


 

Өндiрiс орындарынан шыққан қалдықтар құрамында 140-қа

жуық зиянды заттар болады. Олардың көпшiлiгi түссiз, иiссiз

болып, организмге бiрден əсер ете қоймайды. Медициналық-

санитарлық зерттеулер нəтижесiнде адамның денсаулығына

зиянды заттардың бiрлесiп əсер етуi аса қауiп туғызатындығы

белгiлi болды.


Информация о работе Өндірістік экология туралы ұғым қалыптасатыру