Өндірістік экологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 02:28, реферат

Описание работы

Олардың ішінде өнеркәсіптік - тұтынудан пайда болған газообраздық және аэрозольдық ластағыштар. Сонымен қатар атмосфералық ауада көмір қышқыл газдың көбеюі де ұлғайып жатыр. Сонымен қатар экологтарды Қазақстандағы су объектілерінің мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы тоқтамай жалғасып жатқаны да алаңдатып отыр. Мұнаймен ластануы гидросфера мен атмосфера арасындағы газ және су алмасуының елеулі ауытқуларына әкелуі мүмкін. Жалпы алғанда ластағыш қасиетке тән барлық қарастырылған факторлар биосферада болып жатқан процестерге елеулі әсерін тигізіп отыр.

Содержание работы

Кіріспе
1. Өндірістік экология пәні
2.Өндірістік экологияның мақсаты және міндеттері
3.Қазақстан территориясының өндірісітік аймақтары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

өндіріс экологиясы.docx

— 33.45 Кб (Скачать файл)

Жылдың жазғы және қысқы уақыттарында барлық үш алаңнан шығарылған зиянды заттарға талдау жасағанда, тек органикалық  емес шаңнан басқа зиянды заттардың мөлшері санитарлық қорғау аймағын-да атмосфера ауасының нормативтік сапасы бойынша үсынылған талапқа сай келмейді.

Павлодар облысында шырша ағаштарын  шығындау қалыпты нормадан екі есеге  жоғарылаған. Яғни, біз бір ағаш кесіп  жанына екі ағаш отырғызудың орнына керісінше істейміз.

Орталық Қазақстан өнеркәсіптік эколоиялық аймаққа - Қарағанды, Жезқазған өңірін жатқызамыз. Бүл аймақ тау-кен  өндіру, көмір өнеркәсібі, түсті  металлургия және жылу энергиясын өндіретін орталық болып табылады.

Орталық Қазақстандағы "Байқоңыр" ғарыш айлағы бүрынғы КСРО-ның  өндірістік әскери-ғарыштық кешендерінің бірі еді. 1994 жылы Қазақстан Республикасының  өкіметі мен Ресей Федерациясының арасындағы келісім нәтижесінде  Ресей федерациясына "Байқоңыр" ғарыш айлағы 20 жылға жалға берілді.

Байқоңырдан ұшырылған ғарыштық аппараттардың  зиянды әсерін шетелдік және отандық  ғалымдар зерттей келіп, атмосфера  тізбегі тропосфера-стратосфера-ионосфера  қабаттарына әсер етіп, нәтижесінде  озон қабатының жүқаруына, парниктік  эффектінің пайда болуына үлкен  үлесін қосатындығы байқалды.

Әсіресе, ерекше қауіпті апатты жағдайлар  зымыран тасымалдаушыларды үшыру  кезінде байқалады. 1996, 1997, 1999 жылдары және зымыран тасымалдаушы "Протон" 2 рет апатқа үшырады. Апат кезінде қоршаған ортаға айтарлықтай мөлшерде жанбай калған жанармай төгіліп, үлкен аумақты жердің өсімдіктер жамылғысы өртшіп кетті.

Сонымен қатар зымыран тасымал-даушы "Протонның" ажырап қалатын бөліктерінің сынақтары түсті. 1999 жылы қазан айында зымыран тасымалдаушы "Протон" құлаған жердің топырағына, суына, ауасына, өсімдік пен жануарларына тексеру жүргізілді.

 Адамдар мен үй жануарларын  тексеріп, гептил тараған жерлерді  залалсыздандыру жүмыстары жүргізілді.

Ал, Балқаш көлінің ластануына мыс  пш энгргетика өнеркәсібі бірдш-бір  себепші болып отыр. Мұнда, мыс, мырыш  және күл қүрамынаың ауытқуы 78-ден 50 РЗШ аралығында.

Қарағанды облысының аумағындағы  Нұра өзенінің де экологиялық жағдайлары жақсы емес. Мұны ұзақ жылдар бойы Қарағанды металлургия комбинаты мен "Карбид" өндірістік бірлестігі өздерінің шайынды суларымен ластап, барынша лайлап келеді.

 Оның құрамында фшол, азот, сынап сияқты металдар көптеп кездеседі.

Қарағанды облысы бойынша ауаға  шығарған зиянды қалдықтардың жыл сайын  мөлшері 140 мың тонна болса, оның 98 мың тоннасы кәсіпорындардан, 43 мың тоннасы автокөліктерден  шығады екен. Сондай-ақ

Теміртау қаласының кәсіпорындары  бойынша аталмыш көрсеткіш 361 және 11,5 мың тонна болып келеді.

Теміртау, Саран, Шахтинск, Абай қалаларының  кәсіпорындарының маңында шамамен 1,7 млрд тонна өнеркәсіптік және түрмыстық  қалдықтар жиналып қалған.

Оңтүстік Қазақстан өнеркәсіптік экологиялық аймаққа - Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары  жатады. Оңтүстік аудандардағы негізгі экологиялық мәселелер - су ресурстарының жетіспеуі, жайылымдардың деградациясы, атмосферасының ластануы, жер ресурстарының химиялық тыңайтқыштармен ластануы.

Экологиялық және санитарлық-эпидемиялық  жағдайдың салдарынан республикамызда  ауру-сырқау белең алып, оның ақыры  адам өліміне әкеп, өмір үзақтығының  шектелуі байқалады.

Іш, сүзек ауруларының деңгей дәрежесі республика бойынша қалыптасқан  орта көрсеткішке қарағанда Қызылорда  облысында 50 %-ке, Оңтүстік Қазақстан  облысында 30 %-тен асьш түседі.

Жамбыл, Шымкент қалаларына минералдық тыңайтқыштар өндіретін кәсіпорындарды шамадан тыс шоғырландыру да айнала қоршаған ортаға бірқатар салмақ салуда.

Жамбыл қаласының бір өзінде өндіріс орындарының ауаны ластауын түгел есепке алсақ, соның үштен  бірі осы саланың үлесіне тиеді. Сырдария, Арал, Бадам өзендері бассейіндерінде  фенол, сынап, пестицид - 3 РЗШ-дан 16 РЗШ аралығында ауытқып түрады.

Алматы қаласы ауасының ластану  жолдарының бірі - бүл авто көліктерден  шығатын зиянды заттар болып есептеледі. Қаламыздағы жанармаймен жүретін автокөліктерді табиғи газға ауыстыру тиімді. Біріншіден, бензинге қарағанда газ арзандау, екіншіден, экология мен қоршаған орта үшін аса зиян емес.

Қазір Алматы көк түтін қүшағьшда, сан мың көліктен ұшқан ыстан  демалу мүмкін емес, Ал автокөлікті  газға көшірсек, Алматының ауасы  әлдеқайда тазарар еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер;

 

  1. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Алматы, 1997
  2. Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Алматы, 1995
  3. Мұқаұлы С., Үпішев Е. Табиғатты пайдалану экономикасы. Алма-Ата, 1999
  4. Табиғат және адам  А.  1967 ж
  5. Сабырбаева  Х.С.Қолданбалы және медициналық экологияға кіріспе А. 2004 ж
  6. Байдилдинов  Д.Л.  Қазақстан Республикасының  экологиялық құқығы А. ,2005 ж
  7. Мамбетказиев Е. Табиғат қорғау Алматы . 1990 ж
  8. Әбдірайымов  Б.Ж. Экологиялық зиян . Сипаттамасы, денсаулыққа әсері . сот арқылы өтелуі. А. 2001 ж
  9. Әділов Ж. Қала және қоршаған орта  А. 1991 ж
  10. Қалдықсыз технология –экология қызметіне  А. 1991 ж
  11. Әділов Ж. М. Тұрақты даму  және айналадағы орта А. 1998 ж
  12. Реймерс Н.Ф. Охрана природы и окружающаячеловека среда: словарь-справочник. М., 1994
  13. Никоноров А.М., Хоружая Т.А. Глобальная экология. М., 2000, 285 бет
  14. Экологическая антология. Город ХХ века (под ред.Т.Костиной), Алма-Ата, 1999
  15. Хрущев А География промышленности
  16. Кухарь А Экотоксикология

Информация о работе Өндірістік экологиясы