Өнеркәсіптік және таза ластанған суларды тазалау
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Января 2015 в 18:33, реферат
Описание работы
Өнеркәсіптік және үй-жай ағындыларын тазалау тәсілдері — ақаба суларды тазалау кезінде қолданылатын механикалық, физикалық және биохимиялық тәсілдер. Механикалық тазалау суда ерімеген заттарды сүзгіден өткізу, сорғыту, тоспалау жөне центрофугалау аркылы бөліп алуға қызмет етеді. Бұл тәсілді, басқа тазалау тәсілдерін қолданар алдында алдын алу мақсатында немесе өнеркөсіп мақсатына пайдалануға болатын жағдайда қолданады.
Содержание работы
Өнеркәсіптік және үй-жай ағындыларын тазалау тәсілдері.
Ақаба су.
Ластанған суларды механикалық, химиялық, биологиялық жолмен тазартады.
Қортынды.
Файлы: 1 файл
Өнеркәсіптік және
таза ластанған суларды тазалау.
Жоспар:
- Өнеркәсіптік және
үй-жай ағындыларын тазалау тәсілдері.
- Ақаба су.
- Ластанған суларды
механикалық, химиялық, биологиялық жолмен
тазартады.
- Қортынды.
Өнеркәсіптік
және үй-жай ағындыларын тазалау тәсілдері — ақаба суларды тазалау кезінде қолданылатын механикалық, физикалық және биохимиялық тәсілдер. Механикалық тазалау
суда ерімеген заттарды сүзгіден өткізу, сорғыту, тоспалау жөне центрофугалау аркылы бөліп алуға қызмет етеді.
Бұл тәсілді, басқа тазалау тәсілдерін
қолданар алдында алдын алу мақсатында
немесе өнеркөсіп мақсатына пайдалануға болатын
жағдайда қолданады. Механикалық тазалаудан
өткен суды, әдетте, хлорлау арқылы залалсыздандыру қажет.
Ақаба
су (Сточная вода) — 1)
бұрын өндірісте, тұрмыста немесе ауыл шаруашылығында
пайдаланылған, сондай-ақ қандай да бір
ластанган аймақ, соның ішінде (өнеркәсіп,
ауылшаруашылық, коммуналдық-тұрмыстық, нөсер, т.б ағындылары)
елді мекен арқылы өткен су;
2) адамның тұрмыста және
өндірістік іс әрекетінде пайдаланылғаннан
кейінгі су. Ақаба судың әрбір текше метрі
таза судыц 60 м3 ін ластайды.
Ақаба су шаруашылық тұрмыстық, өндірістік
және атмосфералық болып бөлінеді. Акаба
судың шаруашылық-тұрмыстық ластағыш
түріне байланысты физиологиялық қоқыстармен
және шаруашылық ағындыларымен ластанған
түрлері ажыратылады. Өндірістік ақаба
су кұрамы ақаба су түзілетін технологиялық
процестермен, сондай-ақ материал мен
шикізаттың химиялық қасиеттерімен анықталады.
Ластанған және нормативті таза (яғни,
тазалауды қажет ететін) өндірістік ақаба
су болып ажыратылады. Атмосфералық ақаба су нөсер (жаңбыр)
және қар суы болып бөлінеді.
Ақаба
су тұнбасы (Осадок сточных вод)
— ақаба сулардың әуітте, сүзілу алаңында
жиналатын, оның түбіне шөгетін әр түрлі
тұнбалы заттар мен химиялық элементтердің
жиынтығы. Ақаба су тұнбасы арнайы өңдеуден
өткеннен кейін егістік жерлерді тыңайту
үшін тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.
Ақаба
суды биосүзгімен тазалау(Очистка сточных вод
на биофильтрах) — ақаба суды активтелген
тұнба қабаты немесе ластағыштарды тұтып,
ұшырататын арнайы егілген су өсімдіктері (қалың
өскенқамыс) арқылы өткізіп тазалау.
Ақаба
суды иіссіздендіру(Дезодорация сточных
вод)— иісті кетіру және сонымен қатар
ақаба су жинақталып қалған кезде, сондайақ
оларды биологиялық жолмен тазалау барысында,
өндірістік процестер кезінде (жанғыш
газдар, т.б. алу), жағымсыз иісі болатын
материалдар мен шикізаттардан буланғанда
түзілетін газдың зиянды құрамды бөліктерін
жою.
Ақаба
суды пайдалану(Утилизация сточных
вод) — тұрмыстық, нөсер немесе өндірістік
ақаба су құрамындағы пайдалы құрамды
бөліктерді пайдалану немесе бұл суды
тазартқан соң егістікті немесе ормандағы
екпе ағаштарды суаруға, т.б қолдану.
Ақаба
суды физикалық-химиялық тазалау(Физикохимическая очистка сточных
вод) — ағындыларды ластағыштардан физикалық-химиялық
әдістермен тазалау. Бұған реагенттік
не электролиттік ірілендіру, қышқылдармен
және сілтілермен бейтараптау, шайғындау,
су буымен айдау, сорбция, суды ультрадыбыспен
өндеу, электрхимиялық тотықтыру және
т.б. жатады.
Ақаба
суды химиялық тазалау(Химическая очистка
сточных вод) — ластағыштарды химиялық
агенттер аркылы және заттектердің физикалық-химиялық
қасиеттерін пайдаланып жою. Ақаба суды
химиялық тазалауға қалқып жүрген және
коллоидты заттектерден, фосфордан ірілендіру арқылы
тазарту, еріген органикалық заттектерден абсорбция арқылы тазалау және
тірі организмдерді жою — суды зарарсыздандыру,
яғни хлорлау жатады.
Елімізде экологиялық өзекті мәселелердің
қатарына таза су мәселесі
жататыны белгілі. Қазіргі таңда су мәселесі,
әсіресе түрлі өндіріс салаларынан шығатын
зиянды ластағыштармен ластанған ақаба
сулар мәселесі толығымен шешімін таба
алмай отыр. Биосфераға құрамында зиянды
ластағыш заттары бар ақаба сулар тазартылмай
тасталу әрекеттері орын алуда. Бұл ақаба
сулар биосферадағы тепе-теңдіктің бұзылуына
себепкердің басты көзі, ал ол өз кезегімен
адамзатқа үлкен қауіп туғызғалы отыр.
Ақаба суды электролизерде
ерігіш электродтармен тазалау әдісін электрокоагуляция деп
атаймыз. Анодты дайындау үшін темір (болат),
алюминий, магний қолданылады және осы
материалдар катод қызметін де атқарады,
ол электродтардың полярлылығын периодты
түрде өзгерте отырып қондырғының жұмысын
жоғарылатады. Анод ретінде көлденең орналасқан
полимер материалынан (полипропилен) дайындалып
металл қалдықтарымен толтырылған перфорирленген
кассетаны пайдалану ұсынылып отыр. Ерітінді
көлемі мен электродтар қатысында электрокоагуляторларда
жүретін үрдістер электрод материалының
табиғатымен, су құрамында кездесетін
ерітінділер мен қоспалардың рН ортасымен
анықталады. Электр өрісін жібергенде
металды анод ериді, онда оттегі көпіршіктері
бөлінеді:
Me → Men+ + nе-, 2Н2O → O2↑ + 4H+ + 2е-,
катодта су молекуласының артық разряды
жүреді және сутегі бөлінеді:
2Н2O+ 2е- → H2↑ + 2ОH−.
Электродтарда бөлініп отырған газ көпіршіктері
қоспаларды флотациялайды және бір уақытта
электрокоагуляциямен бірге электрофлотация
үрдісі жүреді. Суға өткен металл катиондары,
темір немесе алюминий гидроксид топтарымен
кездесіп, тұнба түрінде металл гидроксидтерін
түзеді де белсенді түрде коагуляция үрдісі
жүреді. Коагулянт тұнбалары мен газ көпіршіктерінің
бір уақытта түзілуі коагуляция және флотация
үрдісінің жүріп отырғанын айқындайды,
сондықтан мұндай қондырғыларды электрокоагуляциялы-флотациялық
деп атайды. Ақаба сулардың көлеміне байланысты
(10-15 м3/сағ) қондырғылар бір камералы, екі
камералы, үш немесе көп камералы болып
бөлінеді. Электрокоагуляция мен электрофлотация
үрдісіне электродтардың орналасу арақашықтығы
мен электродтар арасындағы судың қозғалыс
жылдамдығы, оның температурасы мен құрамы,
ток кернеуі мен ток тығыздығы әсер етеді.
Өлшенді заттардың концентрациясы 100 мг/л-ден
жоғары болса, онда электрокоагуляция
тиімділігі төмендейді. Электродтық электрохимиялық
реакция және электролит фазалардың шекарасында
жүреді. Электронды өткізгіштен басқа,
электрод құрамында басқа да фазалар,
мысалы, қатты реагенттер, электрод жұмысын
жоғарылататын қоспалар болады [3.40-41].
Ластанған суларды
механикалық, химиялық, биологиялық жолмен
тазартады.
Механикалық жолмен тазарту әдісі- ластанған сулардан
әдейі арналған құралдардың көмегімен
ерімейтін зиянды қосындыларды бөлуге
бағытталған. Ол үшін сүзгі, мұнай, май
ұстайтын құралдар т.б. пайдаланылады.
Бұл әдіспен ластанған судың 60%, өндірістік
қалдық сулардың- 95%-ке дейнін ерімейтін
қосындылардан айыруға болады.
Ластанған суларды химиялық жолмен
тазарту әдісі- әр түрлі реагенттерді
қосу арқылы құрамын жақмартуға бағытталған.
Химиялық әдіспен ластанған сулардағы
ерімейтін зиянды заттарды 95%-ке дейін
азайтуға болады.
Ластанған суларды тазартудың биологиялық әдісі биохимиялық
процестің көмегімен жүргізіледі. Биологиялық
тазарту табиғи жағдайда бөлініп берілген
жер учаскелерінде жүргізіледі. Бұлар-
жер суару участоктері. Биологиялық тазарту
әдісін пайдалану үшін биологиялық тоғандар
пайдаланылады.
Қазақстанда жоғарыда аталған
су тазарту әдістерінің ішінен тек қана механикалық әдіс пайдаланылады.
Республикада жүздеген су тазарту қондырғылары
тұрғызылған. Бұлардың жұмысын үнемі қадағалап
отырмаса- олардың тиімділік көрсеткіштері
төмен болып қала береді. Ал химиялық және
биологиялық тазарту әдістері әлі практикаға
енген жоқ.
Енді еліміздегі су қорын
сақтау мен дамытуға қатысты не тындырылып
отыр дегенге келейік. Бұл орайда алдымен,
2002 жылы Үкімет қаулысымен еліміздегі
су қоры мен су шаруашылығы саясатын дамытудың
2010 жылға дейінгі Тұжырымдамасы қабылданғанын,
ол бойынша еліміздегі су қорын сақтау
мен үнемді пайдалану, сондай-ақ су шаруашылығы
саясатының ұзақ, орта және жақын мерзімдерге
арналған бірқатар жоспарлары түзілгенін
айта кеткен жөн. Осы орайда өткен маусым
айының басында Қазақстанның суда жүзетін
құстардың негізгі тіршілік көзі саналатын,
халықаралық маңыздағы саз-батпақты жайылымдықтар
жөніндегі Рамсар конвенциясына қосылуының
Үкімет тарапынан заңдастырылуының маңызы
зор десек болады. Яғни осы қосылу арқылы
енді елдегі жоғарыдағыдай жайылымдықтарға
халықаралық деңгейде мән беріліп, фаунасы
мен флорасын сақтауға үлкен септігі тиюі
тиіс. Дегенмен де, сөз басында айтып кеткендей,
жобасы жаңа жасалып жатқан Ұлттық жоспардың
директоры және Су қорлары жөніндегі құзырлы
комитет төрағасы Әмірхан Кеншімовтің
айтуынша, бүгінге дейін Қазақстандағы
су қорлары жөнінде жүйелі түрде бағдарлама
жасалмапты. Терең зерттеуді қажет ететін
бұл күрделі мәселе енді ғана қолға алынып
отыр екен. Ендеше, Қазақстанның аграрлы
ел екенін, қазірдің өзінде судың ең көп
тұтыну үлесінің: 76,5 пайызы ауыл шаруашылығына
тиесілі екенін еске тұтсақ, бізге суға
қатысты саясатта сақ болмасқа әрі асықпасқа
болмайды.
Су біздің ғаламшарымыздың үстінде 3-3,5
млрд жыл бұрын жер қыртысының газсыздануы
саядарынан шыққан бу түрінде пайда болған
деп есептеледі. Қазіргі кезде судың салмағы
жер салмағының 0,025%-ын құрайды және оның
жалпы мөлшері 1,6*10,9 текше шақырым болып
саналады.
Қортынды жасай
кетсем:
Су түссіз, иіссіз, дәмсіз
сұйықтық, табиғи зат. Сондай-ақ ол толық
құнарсыздығымен ерекшеленеді. Солай
бола тұра жер әлеміндегі барлық тіршілік
үшін қажет. Аусыз адам да, жан-жануарлар
да, өсімдіктердің де тіршілік етуі мүмкін
емес.
Су ең жақсы еріткіш болып
табылатынымен өзінің жай заттарға ыдырауы
қиын, химиялық енжар зат. Ол барлық табиғат
ортасында: су буы және қар, жаңбыр, шық
түрінде әуеде сығынды сулар түрінде жер
қыртысының үстінгі қабатында, тіршілік
шарасында, яғни тірі заттар құрамында
болады. Сондай-ақ су шарасын, яғни жердің
айрықша сулық белдеуін құрайды.
Су байлықтарын сақтау-
бүкілхалықтың іс екенін ұмытпауымыз
керек. Себебі, су бірінші қажеттілік және
біздің таптырмайтын байлығымыз. Осыған
орай су ресурстарын қорғауға бағытталған
бірқатар іс-шаралар, қаулы-қараларда
қабылданды. Су ресурстарын пайдалану
және оларды қорғаудағы заңды құжаттардың
бірі- ол 1993 жылдың 31 наурызында қабылданған
«Су кодексі». мұндағы көрсетілген Қазақстан
Республикасындағы су заңдарының міндеттері-
халықтың, экономика салаларының суды
ұтымды пайдалануын қамтамасыз ету, су
ресурстарын ластанудан, былғану мен сарқылудан
қорғау, судың зиянды ықпалын болдырмау
және оны жою мақсатында су қатынастарын
реттеп отыру, су қатынастары саласындағы
заңдылықты нығайту болып табылады.
Информация о работе Өнеркәсіптік және таза ластанған суларды тазалау