Қоғам өміріндегі өндірістің рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2015 в 18:28, реферат

Описание работы

Тарихи дамудың қандай сатысында болмасын, адамзат қоғамында адамдар өмір сүру үшін қажет.тамақ, киім, тұрғын үй және басқа материалдық игіліктер болуы керек. Адамдардың өмір сүруіне қажетті заттар өндірілуі керек. Бұл өндіріс процесінде жасалады. Өндіріс бұл қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатпен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Бұл процестің дамуы ұзақ мерзімді қамтиды, жабайы өнімдер өндіруден өте күрделі техникалық жүйелер,өзгерістерге икемді кешендер, есептеу машиналар өндірісіне дайын.

Файлы: 1 файл

Қоғам өміріндегі өндірістің рөл (Реферат).docx

— 18.41 Кб (Скачать файл)

Қоғам өміріндегі өндірістің рөлі

Тарихи дамудың қандай сатысында болмасын, адамзат қоғамында адамдар өмір сүру үшін қажет.тамақ, киім, тұрғын үй және басқа материалдық игіліктер болуы керек. Адамдардың өмір сүруіне қажетті заттар өндірілуі керек. Бұл өндіріс процесінде жасалады. Өндіріс  бұл қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатпен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Бұл процестің дамуы ұзақ мерзімді қамтиды, жабайы өнімдер өндіруден өте күрделі техникалық жүйелер,өзгерістерге икемді кешендер, есептеу машиналар өндірісіне дайын. Қоғамның қандайында болмасын өндіріс түбінде қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қызмет етеді. Қажеттіліктер – бұл жеке адамның, әлеуметтік топтардың немесе тұтас қоғамның тіршілік іс әрекеттерін қолдап орындау үшін керектер болап табылады. Қажеттіктер белсенді іс қимылдардың ішкиім пульсі, тек осылар өндірістің дамуының бағытталуын болжап отырады. Қажеттіліктердің ерекшелігіне олардың қайталанбайтығында, олар әдетте өсу бағытында өзгеріп отырады. Жиынтығы жағынан қажеттіліктерде шек болмайды. Бұл мына жағдайды дәлелдейді: тауар мен қызметтерге материалдық қажеттіктерді, сан алуан рухани қажеттіктерді толық қанағаттандыру мүмкін емес.Сонда да адам қажеттіктерді барынша толық қанағаттандыруға тырысады, өйткені ол қарамағындағы шектелген ресурстарды қолданып, өндірісті дамытуға тиісті. Қандай жүйеде болмасын өндіріс тікелей табиғатпен байланысты. Осы қатынастар өндірістік ресурстар арқылы білінеді. Экономикалық теорияда ресурс деген түсінік өндірістің әр түрлі элементтерінің жиынтығы болып табылады, бұлар материалдық және рухани игіліктер мен қызметтер жасауға қолданылуы мүмкін. Ресурстың түрлері: табиғат ресурсы, материалдық ресурс, қаржы, ақпараттық ресурстар. Эко.теория ресурстардың шектелуі абсолюттік және салыстырмалы деп бөлінеді.

Өндіріс процесі бір мезгілде тұтыну процесінің болуын талап етеді. Өндіріс пен тұтынудың байланыста болатынын есепке алып, өнім осы екі кезеңнің динамикасымен өзара алмасуының нәтижесі деп тұжырымдауға болады.Өндіргіш күштер – бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бейімдеп қызмет етуге жұмылдырған күштер. Өндіргіш күштердің өз құрылымы болады.Олардың ішінен алдымен өндіріс құүралдарын және жұмысшы күшін бөліп атап айту қажет. Өндіріс процесінде экономикалық немесе өндірістік қатынастар қалыптасады. Өндіріс процесінде тағы бір сфера құрылуы керек – экономикалық қатынастар сферасы. Бұл сфера өзгеріп тұратын өндіріс және өзгеріп тұратын тұтынудың арасында өзара тәуелділік орнатады.Сонымен. өндірісті зерттеп білу үшін,    оған, бір жақтан, өндіргіш күштердің ықпалын білу керек, және қандай реттеушілер мен стимулдар, екінші жақтан, өндіріске мотивация беретінін зерттеу керек. Өндірістің қандайының болмасын, оның өзінің ерекше формалары болады.Осы мәселе туралы зертеушілердің көзқарастары бірдей емес. Барлық мәселе, өндірістің әлеуметтік формаларын айқындауда, жіктеудің қандай белгілері негіз деп алынуымен байланысты. Егер жіктеудің негізі деп өндіргіш күштердің даму сатылары мен дәрежесін алсақ, онда осы критерий бойнша өндірістің мынадай формалары болады:

  • индустриалдыққа дейінгі өндіріс, бұнда ауыл шаруашылығы және қол еңбегі үстемдік етеді;
  • индустриалдық өндіріс, бұнда ірі механикаланған машина өндірісі үстемдік етеді.
  • Постиндустриалдық өндіріс, бұнда қызметтер, ғылым, білім т.с.с. сфералар үстемдік етеді;

Материалдық игіліктерді жасап шығаратын процесс өндіріс деп аталады. Өнім өндірісінде адам табиғат обьектеріне әсер етеді, оларға өзінің материалдық қажеттерін қанағаттандыратындай форма береді. Игіліктерді дайындауға  қатысатын факторларды анықтап білу маңызды мәселе болып табылады.Экон.қ теорияда өндірістің мүмкіндігі мен нәтижелігіне  шешуші әсер ететін ерекше маңызды элементті,немесе обьекті, өндіріс факторлары деп атайды.

  1. Қоғам және экономика. Қоғамның өміріндегі өндірістің рөлі. Қоғамдық өндірістің құрылымы.

 

Қоғамдық өндірісті зерттеудің маңызды бағыты оның құрылысын әр түрлі критерийлерге сәйкес талдауда жүргізіледі:

  1. Функционалдық бағытына қарай қоғамдық өндіріс екі құрылымға бөлінеді: өндіріс құралдарының өндірісі және тұтыну заттарының өндірісі.
  2. Еңбекпен қамту және капитал саласында оның құрамы материалдық және материалдық емес өндіріс болып бөлінеді.
  3. Салалық ерекшелігіне байланысты қоғамдық өндіріс салалық дамушы топтарға бөлінеді: Осы критерий бойынша ұлттық экономика аграрлық,индустриалдық және аграрлы индустриалды болып жүргізіледі.
  4. Қоғамдық өндіріс жүйесінің масштабына қатысты өндірістің мынадай түрлерін бөліп қарастырады:
    1. Жеке (индивидуальное) өндіріс..
    2. Топтық (серийное) өндіріс – өндірісті ұйымдастырудың формасы, бірнеше уақыт аралығында тауарларды үлкен партиялармен өндіру жатады.
    3. Жалпы (массовое) өндіріс –өндірісті ұйымдастырудың формасы, үлкен көлемде және конструкторлық технологияға сай біркелкі өнімдер шығаруға       маманданған.Жалпы өндіріске жоғары деңгейдегі кешенді механизация және барлық технологиялық процестердің автоматтандырылуы тән болады.

 

 


Информация о работе Қоғам өміріндегі өндірістің рөлі