Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 19:34, реферат
1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттiк мониторингiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады және онда:
1) қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйiне, сондай-ақ оларға антропогендiк ықпал жасау көздерiне белгiлi бiр бағдарлама бойынша жүргiзiлетiн бақылау;
2) аталған бақылау объектiлерiнiң жай-күйiн бағалау;
3) олардағы өзгерiстердi болжау қамтылады.
Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мониторингi
24-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың
мемлекеттiк мониторингi
1. Қоршаған орта мен
табиғи ресурстардың
1) қоршаған орта мен
табиғи ресурстардың жай-
2) аталған бақылау объектiлерiнiң жай-күйiн бағалау;
3) олардағы өзгерiстердi болжау қамтылады.
2. Қоршаған орта мен
табиғи ресурстардың
3. Қазақстан Республикасында Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың бiрыңғай мемлекеттiк мониторинг жүйесi құрылып, жұмыс iстейдi, оны ұйымдастыру және жүргiзу ережесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
5. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi шеңберiнде алынатын ақпарат мемлекеттiк меншiк болып табылады және оны атқарушы органдар басқарушылық және шаруашылық шешiмдер әзiрлеу мен қабылдау және олардың пайдаланылуын бақылау үшiн, сондай-ақ халыққа хабарлау үшiн пайдаланады.
6. Барлық мемлекеттiк органдар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға қоршаған ортаның мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асыру жөнiндегi қажеттi ақпаратты тегiн, заңдарда белгiленген нысандар бойынша және мерзiмде табыс етiп отырады.
Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N 205, 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңдарымен.
25-бап. Қоршаған ортаның өндiрiстiк мониторингi
1. Заңды тұлғалар - табиғатты пайдаланушылар қоршаған ортаның өндiрiстiк мониторингiн, өздерi жүзеге асыратын шаруашылық қызметiнiң қоршаған ортаға жасайтын ықпалы туралы есептi және есеп берудi жүргiзуге мiндеттi.
2. Қоршаған ортаның өндiрiстiк мониторингi үшiн пайдаланылатын өлшеу құралдары стандарттау мен метрология талаптарына сәйкес келуге тиiс.
3. Өндiрiстiк мониторинг деректерi мен стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердiң қоршаған ортаға әсерi туралы есептiлiк - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға, шаруашылық қызмет субъектiлерiнiң - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмдерде берiледi.
4. Қоршаған ортаға ластағыш заттар нормадан тыс шығарылған (тасталған), авариялық және төтенше жағдайлар туындаған реттерде, табиғат пайдаланушы кәсiпорындар ол туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органына заңдарда белгiленген мерзiмде жедел хабарлауға мiндеттi.
Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N 205, 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңдарымен.
|
|
Информация о работе Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мониторингi