Қоршаған орта туралы жалпы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 16:06, реферат

Описание работы

Қоршаған ортаны қорғау – қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды сақтау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық іс шаралар жүйесі. Қазақстан Республикасында “ Қоршаған ортаны қорғау туралы” заң 1997 жылы 5 тамызда қабылданған. Бұл заң экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және басқадай қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсеріне жол бермеуге, биологиялық әр алуандылықты сақтауға және табиғатты оңтайлы пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған. Қазақстан Республикасының экология қауіпсіздігі туралы мемлекеттік тұжырымдамада (1997) қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделерін ескере отырып, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды экологияландыруға көшу стратегиясы белгіленген.

Файлы: 1 файл

Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттары.docx

— 42.90 Кб (Скачать файл)

Қазақстанда табиғатты қорғау қызметін реттейтін арнайы кодекстер  бар. Олар: 2003 жылы 20 маусымда қабылданған "Жер кодексі", 2003 жылы 9 шілдеде  қабылданған "Су кодексі; 2003 жылы 8 шілдеде  қабылданған "Орман кодексі",

  • 2002 жылы 11 наурызда "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" ҚР Заңы қабылданды. Бұл заң әрбір қазақстандыққа қоршаған ортаны ластағаны үшін кәсіпорынды сотқа беруге мүмкіндік береді.

Республиканың атмосфералық ауасына жыл сайын үш жарым  мың тоннадан астам зиянды заттар шығарылады. Қазақстан 1992 жылғы Рио-де-Жанейро  Декларациясында 6-қағидасымен бөліп  көрсетілген экологиясы неғұрлым нашарлаған елдердің қатарына жатқызылған.

Сонымен, қоршаған ортаны корғау мен адамның өмір сүруі үшін қолайлы  жағдай туғызу — демократиялық мемлекеттің  басты мақсаты болып табылады. Осыған байланысты мемлекет өз органдарын кешенді экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шараларды жүзеге асыруға міндеттейді. Әрбір адамның салауатты қоршаған ортаға құқығы бар, сонымен бірге әрбір адам табиғатты аялауы керек, қоршаған ортаны ластамауы қажет. 1992 жылы БҰҰ-ның Конференциясында Бразилияда қоршаған орта және оны дамыту жөнінде Рио-де-Жанейро Декларациясы қабылданды. Қазақстан осы декларацияға қосылды. Қазақстанда қоршаған ортаны қорғауға байланысты бірнеше заң актілері қабылданды, олардың мақсаты — еліміздің табиғат байлықтарын болашак ұрпақ үшін сақтау болып табылады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

↑ “ Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған окулық /А. Ибраева, Г. Өлібаева, Қ. Айтхожин. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

1.Қоршаған орта туралы жалпы түсінік

2.Әлемдегі қоршаған табиғи орта жағдайының жалпы сипаттамасы

3.Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық және республикалық ұйымдар


4.Адамның салауатты және қолайлы қоршаған табиғи ортаға құқығы

5.Экологиялық құқықтың негізгі қайнар көздері

6.Пайдаланған әдебиеттер


Информация о работе Қоршаған орта туралы жалпы түсінік