Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2014 в 22:47, курсовая работа
Жер, су және ауаның ластануымен күресудің табиғи әдістерінің маңыздысы биологиялық әдіс болып табылады. Бұл әдістің негізі болып тірі табиғаттың әдістемелері жатады. Бұл әдіс бойынша табиғатты ластайтын улы заттарды қайта кәдеге жарататын спецификалық механизмдер пайдаланылады. Бірақта бұл мүмкіндіктер шексіз емес. Егерде зиянды заттар көп мөлшерде болса, оларды толық залалсыздандыру мүмкін емес, сондықтан биологиялық әдістер антропогендік қысымнан экологиялық жүйені толық қорғай алмайды.
Кіріспе
1. Мұнай кен орындары топырақтарының ластану жағдайы және оларды тазарту әдістемесі
1.1. Тау-кен өндірісінің биотехнологиясы
1.2. Мұнай өндіруші кешенді кәсіпорынның экологиялық қауіпсіздігін сақтау
1.3. Қатты мұнай қалдықтарының классификациясы
1.4. Су көздерінің мұнаймен ластануы
1.5. Құмкөл кен орнындағы мұнайдың физико-химиялық сипаттамасы
1.6. Құмкөл кен орнындағы топырақтың ластану жағдайын зерттеу
1.7. Апаттан соң мұнай өнімдерінің жер бетіне төгілуі және оларды қалпына келтіру технологиясы
2. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
2.1 Жоғары парафинді мұнайдың физико-химиялық қасиеттері
2.2 Мұнайдан-парафинді көмірсутегілердің таралуы
2.3 ИҚ-спектрометр әдісімен парафинді мұнайдың функционалдық топтарын анықтау
2.4 Мұнай және қатты мұнай қалдығының құрамындағы ауыр
металдарды рентгенфлуоресцентті спектроскопия әдісімен анықтау
2.5. Мұнай құрамын Agilent 7890N/5975 хромато–масс спектрометрінде хроматографиялық талдау
2.6. Қатты мұнай қалдығының құрамын ИҚ-спектроскопия әдісімен талдау
3. Қоршаған ортаның мониторинг әдістері
3.1. Экологиялық мониторинг туралы түсінік
3.2. Өсімдік сұйықтарында микроорганизмдердің
концентрациясын қашықтықтан жылдам анықтау әдістері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Сурет 6 Көктемгі кезеңдегі Құмкөл кен орны топырағындағы
ауыр металдар мөлшері
Сурет 7 Көктемгі кезеңдегі Құмкөл кен орны топырағындағы көмірсутектердің мөлшері
Сурет 8 Жазғы кезеңдегі Құмкөл кен орны топырақтарындағы ауыр металдардың мөлшері
көмірсутектердің мөлшері
Сурет 10 Күзгі кезеңдегі Құмкөл кен орны топырағындағы ауыр металдардың мөлшері
Құмкөл кен орнындағы, қоршаған ортаны ластайтын негізгі компоненттердің бірі, ол ілеспе мұнай газы. Бұл газдар көптеген жылдар бойы, газ алауында өртеліп келді. Мұнай газын дұрыс пайдаланбау, облыс экономикасына ғана емес, қоршаған ортаға да көп зиянын тигізуде. Жағылған газ өнімдері, ақырғы есепте күйе немесе газ тәрізді заттар түрінде жерге қайта түседі. Топырақты ластайтын негізгі заттарға: мұнай, газ, мұнай суы араласқан қабат сұйықтары, мұнай қабаттарының газды қақпағы; мұнай қабатының сыртындағы сулар; қабат сұйығы мен мұнайды айыру кезінде пайда болатын мұнай, газ және ағын сулары; жер асты сулары; бұрғылау сұйықтары және мұнай өнімдері жатады. Бұл заттар технологияның бұзылуынан, әртүрлі апаттар әсерінен және т.б. пайда болады. Мұнай газды ағынның компоненттері су көздеріне, өсімдік, топырақ беттеріне түседі. Көп жағдайда көмірсутектер жер бетіне жауын-шашынмен бірге түседі. Бұл кезде су көздері мен жер бетінің екінші рет ластануы болады.
Мұнай және мұнай өнімдері қоршаған ортаға түскен соң микробиологиялық және химиялық ыдырау процесімен қатар, олардың булануы жүріп, атмосфера, су және топырақты ластау көзінің негізі болуы мүмкін. Мұнай заттары түптік шөгінділерінде жинақталып, уақыт өткен сайын заттардың физико-химиялық, механикалық және биогендік миграциясына қосылады. Мұнай өнімдерінің миграциясы мен аккумуляциясы табиғи-климаттық шарттар мен ластаушы заттар түсетін топырақтың қасиетіне байланысты болады. Топырақ деп қоршаған ортамен әсерлесетін, су және жер бөлімінің аралығындағы борпылдақ, жұқа жер бетінің қабатын айтады. Топырақта органикалық және минералдық заттардың қоры жинақталады. Мұның бәрі топырақ микрофлорасының өміртіршілігіне үлкен қауіп төндіреді.
Құмкөл және Оңтүстік Құмкөл кен орнының қалдықтарын басқару жүйесінде төмендегі жұмыстар үшін арнаулы полигондар қарастырылған (сурет 12).
Қалдықтарды уақытша орналастыру, жинақтау, нормалау, оларды жою, қайта кәдеге жарату және де оларды көму қазақстан Республикасының нормативті құжаттарына (РНД 03.1.03.01-96, РНД 03.02.01.-96, РНД 03.3.04.01-95) және де «Қатты қалдықтар полигондарынын құрылымы мен мазмұнының санитарлық ережесіне» (ҚР денсаулық министрлігі, Алматы, 1997) сәйкес жүргізіледі.
Аймақтық өндірістік кешендердегі өзгерістерді қашықтықтан космостық тексеру және Құмкөл және Оңтүстік Құмкөл өндірістік аймақтық кешендерінің (ӨТК) антропогендік өзгерісінің картасын жасау үшін төмендегідей жұмыстар жасалынды:
1. GPS Gazmin-48 және Konica фотокамерасын пайдалану
арқылы ӨТК негізгі
2. Инфраструктура объектілерінің жаңа салалары тіркелді: компостирлеу бөлімі, техникалық қалдықтарды сақтау полигоны, ағын суларды биологиялық тазалау бөлімі.
3. Өсімдіктерінің кейбір
Сурет 12. Құмкөл және Оңтүстік Құмкөл кен орындарының қоршаған орта мониторингінің карта-кескіні
Бұл аудандар туралы мәліметтер болашақта космосуреттердің салыстырмалы классификациясын жасаған кезде қажет болады.
2005 жылы мамыр айынан тамыз айы бойы Құмкөл кен орны картасының электрондық үлгісі жасалды.
1. 1:100 000 масштабында топографиялық картасы дайындалды (L 41-60);
2. Қабаттардың инвентаризациясы: кен орнының шекарасы, мониторинг жүргізу нүктелері, гипсометриясы, биіктік нүктелері, гидрографиясы, көлдер, құдықтар, автомобиль жолдары жүйесі, ауылшаруашылық объектілері, өндіріс объектілері, құрылыстар және т.б. есептелініп, түгелденді.
3. Мониторинг станцияларындағы
суреттер, жобадағы мониторинг
4. Lanаdsat 7ETM+ суреттерін мультиспектралды
көрсетуді классификациялауға
Жұмыстың келесі кезеңі «Құмкөл» кен орнының табиғи-аймақтық комплексінің картасын жасау мақсатында, Lanаdsat 7ETM+ суретінің Landcoverclassification мультиспектралдық көрсетімін жасау қажет. Онан соң, карт-материалдар жасау үшін 20 м дейін рұқсат етілген шектелген ауданның көктемгі суретіне тапсырыс берілді.
Мұнай кен орнының топырағына әсер ететін жалпы техногендік факторлар үш көрсеткішті бағалау арқылы анықталды.
1. Жеңіл бірқалыпты ластану деп
өндірудің технологиялық
2. Бір қалыпты орташа ластану
деп, мұнай мен газды өндіру
және оларды алғашқы өңдеу
технологиялық процесі кезінде
көмірсутектерден немесе
3. Жоғары дәрежедегі ластану
деп, мұнайды өндіру және өңдеу
технологиялық процесінің
Кесте 22. Өндіріс қалдықтарының жер топырағының экологиялық
жағдайына әсерін анықтау
Параметрлер атауы |
Ортаның экологиялық жағдайы | |||
Салыстырмалы түрде қанағаттанарлық |
Қауіпті |
Кризистік |
Апатты | |
А. Физикалық параметрлер: - топырақ бетінің техногенді қалдықтар-мен жабылуы, см |
Мүлдем жоқ |
10-ға дейін |
20-дан астам | |
Б. Химиялық параметрлер: 1. 0-30 см топырақ қабатында г/100 г ерігіш тұздардың көбеюі. 2. Нормадан артық - 1 класс қауіпті - 2 класс қауіпті - 3 класс қауіпті 3. Ластанудың жалпы көрсеткіші Σс |
0,1
1-ге дейін 1-ге дейін 1-ге дейін 16-дан кем |
0,1-0,4
1-2 1-5 1-10 16-32 |
0,4-0,8
2-3 5-10 10-20 32-128 |
0,8-ден артық
3-тен артық 10-нан артық 20-дан артық 128-ден артық |
В. Биологиялық параметрлер: 1. Микробтық масса деңгейінің төмендеуі |
5-ке дейін |
5-50 |
50-100 |
100-ден артық |
Мұнай кен орны аудандарының ластану көрсеткіштері 23-кестеде келтірілген.
Кесте 23. Аудандардың ластану көрсеткіштері
Ластану көрсеткіші |
Ластандырғыштар көзі |
Қалдық заттар |
Экологиялық әсер |
Сыртқы көрінісі |
Төмен |
Бұрғылау кезінде пайдаланылатын жуғыш сұйықтар |
1%-ға дейін битумтектес заттар |
Жер беті 70% өсімдікпен жабыл-ған (табиғи өсу жағдайында). |
- |
Орташа |
Жуғыш сұйықтар, конденсат |
2,5%-ға дейін битумтектес заттар |
Жер бетіндегі өсімдіктер селдір орналасқан (тұздана бастаған) |
Теңбіл танбалар көріне бастайды. |
Жоғары |
Жуғыш сұйықтар, мұнай |
Сульфатты-хлорлы тұздану (құрғақ қалдық 1%). Битумтектес заттар 3,7%-ға дейін. |
Өсімдіктердің кейбіреулері өле бастаған. |
Мұнай тақталары көріне бастайды. |
Өте жоғары |
Жер бетіне шығу қауіпі бар апатты жағдайлы жоғары минералданған су мен мұнай |
Едәуір хлорлы тұздану (құрғақ қалдық 1%). Битумтектес заттар 5%-ға дейін. |
Өсімдіктер толық жойылған. |
Мұнай жер бетін жауып жатыр. |
Аудандардың химиялық заттармен жалпы көрсеткіштер арқылы ластануы 24-кестеде келтірілген.
Кесте 24. Жердің ластану көрсеткіштері
Көрсеткіш пәндері (Σс) |
Жердің ластану көрсеткіші |
<2 |
Мүмкіндік |
2-8 |
Төмен |
8-32 |
Орташа |
36-64 |
Жоғары |
>64 |
Өте жоғары |
Σс көрсеткіші Σс=Сі(факт)/Сі (фон) өрнегі арқылы анықталады.
Мұнда, Сі (факт) – топырақтағы 1-токсиканттың нағыз мәні.
Сі(фон)– топырақтағы 1-токсиканттық регионды-фондық мәні топырақтағы зиянды компоненттердің фондық құрамы (мг/кг) 25-кестелерден алынды.
Кесте 25. Топырақтағы зиянды компоненттердің фондық құрамы
Топырақтар |
Zn |
Cd |
Pb |
Mg |
Cu |
Қиыршықтасты |
28 |
0,05 |
6 |
0,05 |
8 |
Қиыршықтасты |
45 |
0,12 |
15 |
0,10 |
15 |
Егер топырақ құрамында мұнай болмаса, онда оның фонының мөлшері 0,01 мг/кг болады. Кен орындарын зерттегенде, ластану көрсеткіші, барлық ластану көрсеткіштерінің қосындысы арқылы бағаланады.
Кен орнының өндірістік жерлерінің ластану жағдайын анықтау үшін жасалған зерттеулер, топырақты-өсімдік қабатын дағдарысқа ұшырататын негізгі факторлардың бірі, механикалық зақымданулар екенін көрсетті. Топырақ-өсімдік қабатының механикалық зақымданулары төменгі жағдайларда: ұңғымаларды бұрғылау және құрастырғанда, жол құрылысын салу кезінде, электр жүйесін тартқанда, мұнай және мұнай құбырларын тасымалдау объектілерін салғанда, жылыту пештерін қосқанда, жинақтау қондырғыларын, газ құбырларын, газды жағу алауларын, мұнай қоймаларын және т.б. қолданған жағдайларда пайда болады. Радиусы 50-150 м ұңғыма жанында өсімдіктер толық жойылған, әріректе әр жерден қурай бастаған өсімдіктер кездеседі. Мұнай өндірудің алғашқы кезеңінде Құмкөл кен орнының өсімдік қабатына құрылыс объектілерін салғанда механикалық әсер жасалған. Сол себепті өсімдіктер толық жойылған, немесе қатты дағдарысқа ұшыраған.
Мұнай кәсіпорындарында негізгі жолдарды салу кезінде (Солтүстіктен оңтүстікке қарай баратын жолдар) тасымалданған топырақпен қатар, салынып жатқан жолдың екі қапталындағы топырақтың беткі қабаты пайдаланылғандықтан, өсімдіктер толығымен жойылған. Бұрғылау құрылыстары жұмыстары кезінде, өсімдік қабатының жоғары жақтары айтарлықтай өзгерістерге түскен, топырақтар нығыздалып, олардың сулы-физикалық қасиеттері нашарлаған (аэрация және су өткізгіштік). Топырақ массасына техногенді компоненттер қосылуда. Мұның ішінде негізгі рольді силикатты-карбонатты бұрғылау сұйықтары алады. Мұнан кейін өсімдік қабатының әрі қарай дамуы әртүрлі болады. Тегістелген алаңшалар құм-тасты. Олардың әрбір жерінен бір жылдық өсімдіктер бұталар, сораңдар шығуда. Өсімдіктердің бойы кішкене. Ол тұрған жерінің нашарлығына байланысты болуы мүмкін (топырақ бұзылған, олардың сулы-физикалық қасиеттері нашарлаған және әртүрлі техногендік ластағыштар қосылған).