«Қошқар ата» улы көлі: өзекті мәселе – күн тәртібінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 08:18, творческая работа

Описание работы

Жақында облыс әкімдігінде облыс әкімі А.Айдарбаевтың қатысуымен өткен мәжілісте біраздан бері жыр болып келе жатқан «Қошқар ата» улы көлі туралы мәселе қаралды. Бұл бұрынғы Одақ кезінде табиғат байлығын обырлықпен комағайлана пайдаланудың нәтижесінде пайда болған жасанды көл. Әрине оған Каспий тау-кен байыту металлургия комбинатының уран өндіру барысындағы шайынды суларын осы ойпатқа айдау басты себеп болды. Уран өндіру карьерлері жабылып, кен байыту комбинатының жұмысы тоқтағалы да біраз уақыт болып қалды.

Файлы: 1 файл

Қошқар ата.docx

— 258.28 Кб (Скачать файл)

«Қошқар ата» улы көлі: өзекті мәселе – күн тәртібінде

 Жақында облыс әкімдігінде облыс әкімі А.Айдарбаевтың қатысуымен өткен мәжілісте біраздан бері жыр болып келе жатқан «Қошқар ата» улы көлі туралы мәселе қаралды.

Бұл бұрынғы Одақ кезінде табиғат байлығын обырлықпен комағайлана пайдаланудың нәтижесінде пайда болған жасанды көл. Әрине оған Каспий тау-кен байыту металлургия комбинатының уран өндіру барысындағы шайынды суларын осы ойпатқа айдау басты себеп болды.

Уран өндіру карьерлері жабылып, кен байыту комбинатының жұмысы тоқтағалы да біраз уақыт болып қалды. Бұл күндері «Қошқар ата» улы көліне бұрынғы мөлшерде су айдалмайды. Соның әсерінен оның суы ортайып, айналасы ашылып, құрғай бастады. Бұл құрғап қалған көл түбінде адам, жан-жануар мен өсімдік, бүкіл тіршілік атаулыға аса зиянды улы тұнбалар жетіп артылады. Енді олар ашық қалғаннан кейін Маңғыстаудың желімен жан-жаққа ұшып, тарай бастайды. Бізге ең қауіп келтіретіні де осы. Бұл зиянды қауіпті залалсыздандырудың жай-жапсарын ғалымдар мен мамандар біраздан бері зерттеп жүр.

Бірнеше жобалар да жасалды. Бірақ белгілі бір байламға тоқтаған қарқынды жұмыс қолға алынар емес. Бұл жұмысты шұғыл қолға алып, іске асыруға орасан мол қаржы керек болатыны тағы бар. Ал қазіргі дүние жүзін шарпыған дағдарыс жағдайында ірі жобаларды жүзеге асыруға осы қаржы көзін табу қиындық беретіні ақиқат.

Біз осы айтылған мәселелер төңірегінде Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы, соңғы жылдары осы мәселелермен дәйекті түрде айналысып жүрген О.Тоқжановтың әңгімесіне құлақ түрдік: Біз бұл мәселемен біраздан бері айналысып келеміз.

«Қошқар ата» улы көлін рекультивация жасаудың техника-экономикалық негіздемесі Мемлекеттік сараптамадан өтті.

Бұл енді барлық тексерулер мен келісулерден өтіп, бекітілген арнайы құжат болып табылады. Бүгін біз облыс әкімін осы құжаттың, яғни «Қошқар ата» улы көлін залалсыздандырудың басты бағдарламаларымен таныстырдық.

Улы көлді залалсыздандырудың бірнеше нұсқалары бар.

Оның бірі - «Қошқар ата» улы көлін бұрынғы деңгейіне дейін сумен толтыру. Бұл 36 шаршы шақырым көлемді жыл сайын теңіз суымен толтырып отыру керек деген сөз. Ол үшін улы көлге жыл сайын 39 млн. текше метр су айдап отыру керек. Алайда оның алғашқы 3 жылдағы шығыны 15 млрд. теңге құрайды. Одан әрі қарай сол судың деңгейін ұстап тұрудың жылдық шығыны 150 – 200 млн. теңге қаржы керек етеді. Міне, бұл нұсқа бойынша біз жыл сайын орасан көп мөлшерде қаржы шығындауға мәжбүр боламыз.

Ал улы көлдің жалпы аумағы 77 шаршы шақырым. Егер біз осынша көлемді сумен толтыратын болсақ, онда жерге сіңген улы қалдықтар жер қабаты мен одан өтетін ыза су арқылы жан-жаққа тарайтын болады. Бұл мәселе бұған дейін де көп зерттелді. 1992 жылы Каспий теңізінің жағасынан қазылған ұңғыдан осы улы көлдің табанында түзілген улы заттар табылған. Міне, сондықтан да бұл сумен толтыру нұсқасы тиімсіз деп ойлаймыз. Ал «Қошқар ата» улы көлін залалсыздандырудың екінші нұсқасы сыннан өткен, әлемде әр жерлерде қолданылып жүрген нұсқа – ол көлдің ашылып қалған табанын топырақпен жабу. Бұл нұсқаның шығыны 25,9 млрд. теңгені құрайды және шамамен 10 жылдай уақытты керек етеді. Есесіне бұл нұсқа бір-ақ рет жасалады, жыл сайын қосымша шығын шығаруды қажет етпейді. Қазіргі улы көлдің су көлемі 22 шаршы шақырымды құрайды.

Сондықтан әңгіме құрғап қалған көлем туралы болып отыр. Ал ол көлемді залалсыздандыруға 15 млрд.теңгеден сәл ғана көп қаржы керек. Бірақ бұл бір-ақ рет атқарылатын сенімді шаруа болмақ. Ал әзірге қаланың канализациялық тазарту қондырғысынан шығатын 6,2 млн. текше метр су, осы улы көлге айдалып отыр. Ол әзірге көл табанындағы 22 шаршы шақырымдық, күні бүгінге сақталып қалған көл табанындағы су мөлшерін сақтай тұруға жетеді.

Үкімет осы жұмыстарға тиісті қаржыны бөліп-бөліп беруге дайын отыр.

Бүгінгі жиынға әр саланың мамандары атап айтқанда мемлекеттік сараптаманың, экологиялық сараптаманың өкілдері т.б. қатысты. Қатысқан ынталы ұйымдардың барлығы да осы екінші нұсқаны мақұлдады. Енді біз жобалық-сметалық құжатпен әлі де жұмыстанып, оны толықтыруымыз керек.

Ең бастысы енді біздің қолымызда барлық жағынан негізделген, бекітілген заңды құжатымыз бар. «Қошқар ата» улы көлін залалсыздандыру жұмысын осы жылы бастап кетуге болады,- деді О.Тоқжанов.

Сонымен біраздан бері жыр болып келе жатқан «Қошқар ата» улы көлін залалсыздандыру мәселесінің тамырына қан жүгіретін түрі бар. Енді Маңғыстау халқы, әсіресе осы көлдің маңына жақын отырған ауылдардың осы жобаның тезірек іске асырылуын алаңдай күтуден басқа амалы жоқ.


Информация о работе «Қошқар ата» улы көлі: өзекті мәселе – күн тәртібінде