Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2014 в 23:18, реферат
Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан. Қазақстан территориясы кең-байтақ жерді алып жатыр, Батыстан Шығысқа қарай — 2,925 км ( Каспий теңізі мен Орал ойпаттарынан Алтайға дейін). Солтүстіктен Оңтүстікке қарай — 1, 600 км. Батыс Сібір жазығы мен Орал тауларының жоталарынан Тянь-Шань таулары мен Қызылқұм шөліне дейін.
.Кіріспе:
1.
II.Негізгі бөлім:
III.Қорытынды:
Қазақстан – Ресей медициналық университеті
Қоғамдық денсаулық сақтау,профилактикалық медицина және апаттық медицина кафедрасы.
Реферат
Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Шығыс және Орталық Қазақстанның экологиялық мәселелері.
Алматы 2014
Жоспар:
I.Кіріспе:
1.
II.Негізгі бөлім:
III.Қорытынды:
Қазақстанның табиғат жағдайлары
алуан. Қазақстан территориясы кең-байтақ
жерді алып жатыр, Батыстан Шығысқа қарай
— 2,925 км ( Каспий теңізі мен Орал ойпаттарынан
Алтайға дейін). Солтүстіктен Оңтүстікке
қарай — 1, 600 км. Батыс Сібір жазығы мен
Орал тауларының жоталарынан Тянь-Шань
таулары мен Қызылқұм шөліне дейін. Қазақстанның
жалпы ауданы (2,7 млн. шаршы км) Франциядан
бес есе артық. Бірнеше ландшафтық белдеулер
мен белдеу тармақтары бір-бірін алмастырады:
орманды дала (6%), дала (28%), шөлейт (18%), шөлді
(40%). Қазақстанның Оңтүстік және Шығыс
шекараларын биік таулар көмкеріп жатыр.
Қазақстан халқы 16 млн.-нан астам адамды
құрайды. Қазақстандағы қалыптасқан экологиялық
жағдайды қанағаттанарлық дей айта алмаймыз.
Қазақстандағы қазіргі кездегі экологиялық
мәселелерге байланысты бірнеше экологиялық
аймақтарын көрсетуге болады.
А аймағы — Каспий маңы, мұнай
өндіру мен өңдеу салаларына маманданған
облыстар кіреді. Бұл аймақтағы приоритетті
мәселе — табиғи ортаның мұнаймен ластануы.
А аймағына Қазақстанның негізгі
мұнай өндірушілері болып табылатын Атырау
және Маңғыстау-облыстары жатады. Халық
саны 1,47 млн. адам, немесе халықтың 5%-ынан
кем бөлігін құрайды. Ал ұлттық өнімнің
шамамен 16%-ын береді. Каспий маңы аймағында
мұнай,газ өнеркәсібінің айтарлықтай
дамуы жоспарланып отыр. Каспий теңізінің
солтүстігінде мұнай қоры — 3—3,5 млрд.
тонна және газдың 2—2,3 м3. Ағымдағы мұнай өндіру барлық
қордың 1% құрайды. 1996 жылы елдің мұнай
өндіру саласын қаржыландыру жүргізілді,
жақын жылдары одан да артады.Каспий теңізінде
бекіре мекен етеді. Ол ең жоғары сапалы
уылдырықтың 95%-ын береді де, оның беретін
табысы 10 млн. долларды құрайды. Шектен
тыс аулаумен қатар, теңіз суының мұнаймен
ластануы оның санын кемітеді. Сондықтан,
биокөптүрлілікті сақтау мәселесіне көңіл
аударылуы керек.
Қазақстанда мұнай өндіру 100
жылдан бері жүргізіліп келеді. Ескірген
технологияларды қолдану - орасан зор
экономикалық шығындар мен қоршаған ортаның
бұзылуына әкеліп соқтырды. Топырақтың
деградациясы, судың мұнаймен ластануы
адамның денсаулығына және экожүйелерге
әсер етіп, шөлдену процестерінің жүруіне,
биокөптүрліліктің жойылуына әкеледі.
Тыныс алу жолдарының қабыну аурулары
мұнай өндіретін аудандардағы орташа
саны сапасын салыстырғанда жоғары. Канцерогенді
көмірсутектердің концентрациясының
жоғары болуы бұл зонадағы қатерлі ісіктен
болатын өнімнің басқа аймақтармен салыстырғанда
2-4 есе жоғары болуына әкелді Жас балалардың
өлімі мың адамға шаққанда 37 адамды құрайды.
Бұл көрсеткіш еліміз бойынша ең жоғары
көрсеткіш.
Мұнай өндірілген жылдары 5
млн. тоннаға жуық мұнай төгілген. Бұл
грунт пен беттік судың ластануына, өсімдіктердің
жойылуы мен адамның ұшқыш органикалық
қосылыстармен ластануына әкелді. Жыл
сайын шамамен 740 млн. м3 серіктес газдар жатады. Бұл
тек бағалы шикізаттың жойылуына әкеліп
соқтырмайды, сонымен қатар атмосфераның
азот және күкірт тотықтарымен, парниктік
жанбайтын көмірсутектермен ластануы
мен осы маңдағы температураның жоғарылауына
әкеледі.
В аймағына еліміздің шығыс
облыстары жатады. Қазақстан Республикасының
өнеркәсібі жоғары дамыған аймағы. Ірі
түсті және қара металлургия, энергеткалық
комплекс шоғырланған. Бұл аймақтағы мәселелер
— қоршаған ортада өндірістік қалдықтардың
синалуы, урбанизацияланған территориядағы
атмосфералық ауаның ластануы, ормандардың
деградация- ерекше қорғауға алынған территориялардың
жетіксіздігі.
В аймағына солтүстік-шығыс
облыстар — Шығыс Қазақстан, Павлодар,
Қарағанды, Ақмола жатады. Халқының жалпы
саны 7 млн.-нан астам. Аймақ хаукен өндіру,
көмір өнеркәсібі мен жылу энергиясын
өндіретін орталық больып табылады. Аймақтың
экономикасында ауыр өнеркәсіп, мұнай
өңдеу, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп
маңызды орын алады. Территорияның басым
бөлігін (4 млнха) ормандар алып жатыр,
бұл бүкіл Қазақстанның орман ресурстарының
50%-ын құрайды. Ресурстардың көп бөлігі
Шығыс Қазақстан облысына келеді.
Ертіс — Нұра — Есіл өзендерінің
бассейндерінің су ресурстары — негізгі
су көзі.
Республикамыздың астанасы
Астана қаласы осы мәселер аймағында жатыр.
Шығыс Қазақстан облысында Семей ядролық
полигоны орналасқан.
Аймақтың экономикасының дамуына
ресурстардың күйі әсер етеді. Ертіс және
Нұраның өзен бассейндері 4,1 млн. халықты
сумен қамтамасыз етеді және ішкі өнеркәсіптік
қажеттілік үшін 1700 Мвт энергия өндіреді.
Бассейнаралық су беруді жоспарлау, Қара
Ертістен суды Қытай халық республикасына
беру мәселені шиеленістіруі мүмкін.
Тек бір Шығыс Қазақстан облысында
1,5 млрд. тонна улы өнеркәсіп қалдықтары
(елде жиналғанның 90%) сақталған. Олар 32
мың га жерді алып жатыр. Бірнеше жыл бұрын
Нұра өзенінің суын пайдалану, 25 жылдан
бері сынайтың жиналуы тоқтатылған. Су
түбінде ластану мөлшері 200 мг/ті құраған.
Ертіс өзеніне жалпы ластану
және Шығыс тан мен Павлодардағы керосиннің
төгілуі қаупі төндіруде.
Өнеркәсіптік қызмет нәтижесінде
ауа күкірт тотықтарымен, фенолдармен,
формальдегидтермен, қатты бөлшектермен
және қорғасынмен ластанған.
Семей ядролық полигонында
1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс жасалып,
300 мың га территорияда радиоактивті жауын-шашын
түскен.
1997 жылы бағалы қылқанжапырақты
ормандардың үлкен территориясы (елдің
ормандарының 10%-дан астамы) өрттер әсерінен
жойылды. Бұл био-алуантүрліліктің кемуіне
әкеліп соқтырды.
Экологияльщ мәселелердің халықтың
әлеуметік экономикалық жағдайы мен денсаулығына
әсері орасан зор: жыл сайын улы қалдықтардан
келетін шығын 300 млн. доллар, ауаның ластануы
— 266 млн. доллар. Аймақта қатерлі ісіктермен
ауыру деңгейі ең жоғары.
С аймағына — оңтүстік аймақтар
жатады. Тұрақты сумен қамтамасыз етуді
қажет ететін ауыл шаруашылық бағытымен
сипатталады. Оңтүстік аудандардағы негізгі
экономикалық мәселелер — су ресурстарының
жетіспеуі, су көздерінің шайынды сулармен
ластануы, жайылымдардың деградациясы,
табиғи және мәдени ескерткіштердің бұзылуы.
С аймағына Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан
және Қызылорда облыстары жатады. Халық
саны шамамен 5 млн, негізгі қызметі —
ауыл шаруашылыгы. Ол суару үшін Арал және
Алакөл-Балқаш бассейнінің өзендерінің
суын пайдаланады. Аймақтың біраз бөлігі
ауа райы күрт континенталды шөл аймағында
жатыр.
Ауыл шаруашылығының ұлттық
өнімдегі үлесі 12%. 1990 жылы мал шаруашылығы
ауыл шаруашылығы өнімінің 61%-ын Құраса,
ал 1996 жылы бұл көрсеткіш 38%-ға дейін кеміп
кеткен. Суармалы жерлер 17 млн га жерді
алып жатыр (Қазақстандағы суармалы жерлердің
70%-ы). Бірақ оның көлемі тұздану мен өнімділігін
жоғалту нәтижесінде үнемі кеміп келеді.
Аймақтың экологиялық мәселелері
негізінен су ресурстарын тиімсіз пайдаланумен,
ластануымен байланысты. 1990—1996 жылдар
аралығында 10 млн га-дан астам жайылымдық
жерлер өнімділігін жоғалтып, ! 17 млн га егістік жерлер өндірістен
шығарылды.
Кеңінен белгілі аймақтық экологиялық
мәселе — Арал теңізі. Арал теңізінің
кеуіп қалған түбінен сарапшылардың мәліметтері
бойынша 50—70 мың тоннадан астам тұз көтерілуде.
Ауыз судың сапасының нашарлығы балалар
арасыңцағы инфекциялық аурулардың жоғары
болуына әкеліп соқтыруда.
Су ресурстарын тиімсіз пайдалану,
Қытайға судың көптеп берілуіне байланысты
Балқаш көліне де Арал тағдыры тууы мүмкін.
Қазір су ресурстарына деген қажеттілік
50% ғана орындалып отыр.
Аймақтың әлеуметгік және экономикалық
дамуы экологиялық мәселелермен тығыз
байланысты. Халықтың ішкі және сыртқы
миграциясы байқалуда. Халықтың ауруға
шалдығу деңгейі соңғы жылдарда 2—3 есе
артқан. Халықтың өсуі мыңға шаққанда
15,3-ке кеміген. Балалар өлімінің деңгейі
мынуа шаққанда 30,4 құрайды. Негізгі себеп
— суға байланысты аурулар. Экстремалды
жағдайлар аймақтың әлеуметтік-экономикалық
дамуына кедергі келтіреді.
Қазақстандағы қоршаған ортаның
жағдайы туралы ақпараттарды сараптай
және қорытындылай келе ұлттың деңгейде
ең алдымен шешуді талап ететін маңызды
экологиялың мәселелерге мыналар жатады:
1) су ресурстарының тапшылығы;
2) жайылымдар мен егіс талаптарының
азуы;
3) урбанизацияланған территориялардың
атмосфералық ауасының ластануы;
4) мұнай өндіретін аймақтардағы
қоршаған ортаның ластануы;
5) қоршаған ортаның өндірістік
және тұрмыстың қалдықтармен ластануы;
6) ормандар мен ерекше қорғауға
алынған территориялардың жетіспеуі;
7) су қорларының шайынды сулармен
ластануы;
8) радиациялық ластану.
Қазақстандағы радиациялық
жағдай
Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерІнің
бірі — радиациялық ластану болып қалып
огыр. Радиоактивті ластанумен күресу
тек алдын алу сипатында ғана болады. Себебі
табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын
биологиялық ыдырату әдістері де, басқа
да механизмдері де жоқ қоректік тізбек
бойынша тарала отырып (өсімдіктердек
жануарларға) радиоактивті заттар азық-түлік
өнімдерімен бірге адам ағзасына түсіп,
адам денсаулығына зиянды мөлшерге дейін
жиналуы мүмкін.
Қазақстан территориясында
қуатты ядролык сынақтардың ең көп мөлшері жасалды. Семей полигонында
1949-дан 1989 жылға дейін 470 ядролык жарылыс,
оның 90-ы ауада, 354-і жер астында және 26-ы
жер бетінде жүргізілген.
Олар Қазақстан территориясының
біраз бөлігінің радиациялық ластануына
әкелді. Шығыс Қазақстан ұрғындары Хиросима-Нагасаки
мен Чернобыльдан кейінгі ең үлкен иондаушы
сәулелену дозасын алған. Радиациялық
әсерге байланысты туған аурулар туралы
мәліметтер 1989 жылға дейін құпия сақталып
келді. Ресми емес көздердің мәліметтеріне
сүйенсек дейкемиядан қайтыс болғандар
саны ондаған мың адамды құрайды.
Қазақстан территориясында
радиациялық ластану себептеріне мыналар
жатады: Семей ядролық полигорында жасалған
жарылыстардың салдары, радиоакдавті
материалдарды пайдаланатын атомдық өнеркәсіп
орындары, ғаламдық жауындар, халық шаруашылық
тәселелерін шешу мақсатында жасалған
жер асты ядролық жарылыстар, табиғи радиоактивтілік,
радио-активті қалдықтар.
Семей ядролық полигоны. 1995
жылы Шығыс Қазақстан облысының Орталық
бөлігіндегі жүргізілген аэрограмма,
спектрографиялық суреттер жер бетіндегі
цезий — 137 активтілігі 65—100 мкр/сағ. болғанын
көрсетті.
Кейбір жерлерде 120—500 мкр/сағ.
байқалған. Зайсан көлінің Оңтүстік Батыс
жағалауында цезий 137 радиациялық фоны
120—150 мкр/сағ. құраған.
Бұрын жүргізілген ядролық
жарылыстар табиғи сулардың, тек ядролық
полигон зонасында ғана емес, оған жақын
жатқан территорияларда да қалыптасуына
теріс әеер етеді. Стронций-90 ең көп мөлшері
Сарьюзек жылғасы мен Мұржық тауының етегінде
«Мұржың» және «Дөгелең» аймағында байқалған.
а және в белсенділіктің жоғары деңгейі
Семей облысының Қайнар селосында, Абыралы
колхозындағы барлық дерлік құдық суларында
анықталған.