Популяцияны сипаттайтын негізгі қасиеттер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2013 в 18:42, реферат

Описание работы

1.Популяция және оның құрылымы
2.Популяцияны сипаттайтын негізгі қасиеттер
3. Популяциялар санының ауытқулары

Файлы: 1 файл

18 Популяция.doc

— 74.00 Кб (Скачать файл)

Ұсақ организмдердің жыныстық ара қатынасы ерекше. Ондай айырмашылық орта факторларына қарай ауысып отырады. Мысалы, дафниялар, өсімдік биттері, көптеген микроорганизмдер қоректің сапасына, түріне, тапшылығына, ортаның қолайлы немесе қолайсыз болуына, т.б. факторларға байланысты бір ұрпақтарында ұрғашылары басым болса, кейбір жағдайда кілең аталықтары пайда болатыны ғылымға мәлім. Мүндай кұбылыстар популяцияның даму эволюциясының және тіршілік үшін күрес жолындағы ұзақ жылдарға созылған бейімделушілік қасиеттердің көрінісі болса керек.

3. Популяциялар санының ауытқулары

Популяциялардың табиғаттағы сан мөлшері әлсін-әлсін  ауытқып отырады. Оның көптеген ішкі немесе сыртқы себептері бар. Көптеген ғалымдар популяцияның тез көбеюін қорек корымен байланыстырса, енді біреулері бәсекелестікке, экологиялық орынға тәуелді деп санайды. Шын мәнінде қоректің мол болуы популяция санын көбейтуге негіз болғанымен, оның жетіспеуі керісінше шектеуші фактор ретінде әсер етеді.

Экологтардың  бір тобы климаттық факторларды (температура режимі, ылғал, химиялық орта, т.б.) биотикалық факторлардан (паразиттердің әсері, аурулар, табиғи жаулары, т.б) жоғары қояды. Дегенмен де, біраз зерттеушілер популяцияның тіршілік ететін биотоптарының типтеріне қарай факторлардың ролінің арта түсетінін дәлелдейді. Мәселен, шөл-шөлейтті, тундра сияқты жерлерде популя-циялар өте экстремальды (ауа райы қолайсыз тез өзгеріп отырады) жағдайда тіршілік етеді. Мұндай жерлерде популяцнялардың санының ауытқуы абиотикалық факторларға тікелей тәуелді болады. Ал, табиғаты қолайлы жерлерде қорек те көп, әрі полуляциялардың көп түрлілігі, саны артып, олардың арасындағы биотикалық қарым-қатынастар шиеленісе түседі. Әрине, бұл кезде биотикалық фактор шешуші роль атқарады. Популяциялардың санының ауытқуы мен реттелуі ішкі жағдайларға да байланысты. Өйткені, популяциялардьщ тығыздығыньщ еселеп артуының белгілі бір потенциалды шегі болады. Осы шектен асар кезде ішкі популяциялық реттелу механизмі іске қосылады. Нәтижесінде, популяция өзінің бұрынғы қалпына келеді. Әрине, популяцияның қалпына келу мерзімі, жылдамдығы, сан мөлшерінің ауытқуы әр түрлі организмдерде біркелкі болмайды. Мәселен, насекомдарда популяцияның өсуі олардың особьтарының дене тұрқының кішіреюімен, көбею қабілетінің төмендеуімен, личинкалары мен қуыршақтарының шығынымен сипатталып, кері процестер жүре бастайды. Ал, популяцияның одан әрі көбеюі канибализм құбылысына әкеледі. Канибализм құбылысы дегеніміз организмдердің өз ұрпақтарымен қоректену әрекеті. Бұл құбылыс біраз балықтарда, қосмекенділерде, насекомдарда кездеседі.

Кейбір  жәндіктерде популяцияның ішкі реттелу  процесі тығыздық артқан кезде олардың  эмиграциясы арқылы жүзеге асады. Мәселен, кейбір құстар ұяларын тастап ұшып кетсе, кеміргіш сүт қоректілер алыс жерлерге орын ауыстыра бастайды, ал кейбір насекомдар да ұшып кетіп отырады.

Популяциялардың ерекше қасиеттерінің бірі полиморфизм құбылысы. Яғни, әрбір популяцияның өзіне тән ерекшеліктері болады. Олар - жас шамалары бойынша топтануы, жыныстық белгілері, маусымдық өзгерістерге байланысты құбылуы, даму фазаларындағы өзгерістер мен айырмашылықтар. Мәселен, кейбір "өткінші балықтар" бірақ рет ұрпақ беретіндіктен олардың жастары біркелкі болады. Сол сияқты камбала балығы да жастары бірдей ұрпақтар беріп отырады. Кейбір жәндіктердің дс бірдей жастағы ұрпақтарын ажыратуға болады. Ад көптеген жәндіктердің қай жаста екендігін ажырату өте киын. Бір мезгілде олардың жұмыртқасын, личинкасын, қуыршақ фазасын немесе ересектерін кездестіруге болады. Мәселен, көбелектер, шегірткелср, қоңыздар, қандалалар, т.б.

Популяциялардың жыныстық жағынан да топтануын көруге болады. Оны жыныстық диморфизм кұбылысы дейді. Мысалы, бір түрдің аналықтары мен аталықтарының морфологиялық және экологиялык жағынан айырмашылықтарының болуы (мүйізді болуы немесе болмауы, түсі, дене мөлшері, т.б.). Тіпті, жыныс ерекшеліктеріне қарай қорек түрлерінің өзгерісі күшті білінетін организмдер бар. Мәселен, бәрімізге таныс кәдімгі кан сорғыш масалардың аналығы тек қанмен қоректенуге бейімделсе, ал аталығы өсімдік шырынын қанағат етеді. Кәдімгі кенелердің де аналығы ғана кан сорса, ал аталықтары қоректенуден мүлдем құр калған. Мұндай полиморфизм құбылысы кейбір құстар, балыктар мен сүтқоректілерде де кездеседі.

 

Пайдаланған әдебиет:

1.Ә.Бейсенова, А.Самақова, Т.Есполов,  Ж.Шілдебаева. Экология және табиғатты тиімді пайдалану . Алматы. “Ғылым” баспасы. 2004 ж.

2.А.Жакбасова, Г.Ә.Саинова. Экология. Алматы 2003 .

3.«Жалпы экологияның қысқаша  курсы» А.К.Бродский  

                                                                   Алматы 1997жыл.

4.«Экология» Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева       Алматы 

                                                                   Экология  2002 ж.

5. «Экология негіздері» З.М.Молдахметов,  А.М.Ғазалиев,

С.Д. Фазылов.                     Алматы  2002 ж.

 


Информация о работе Популяцияны сипаттайтын негізгі қасиеттер