Құрылыс индустриясы саласындағы экологиялық өзекті мәселелер, оларға жалпы сипаттама беру және талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 14:27, реферат

Описание работы

Қазақстандағы құрылыс материалдары өндірісінің өсуін бірқатар проблемалар тежеді: Қазақстанда негізінен қайта бөлінуі төмен өнім өндіріледі; өнімнің көптеген түрлері өндірілмейді; негізгі құралдардың тозу деңгейі айтарлықтай жоғары; еңбек өнімділігі төмен; құрылыс материалдарының өндірісі Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында және Астана мен Алматы қалаларында шоғырланған (өндіріс көлемінің 60%-дан астамы олардың үлесіне келеді). Саланың дамуына қажетті шикізат базасының болуына қарамастан, Қазақстанда негізінен цемент пен кірпіш өндірісі дамыды. 2006 – 2007 жылдары пайдаланатын цементтің 30%-ына дейін импортталды, бірақ отандық зауыттар қуатының өсуі цемент импортынан бас тартуға мүмкіндік береді.

Файлы: 1 файл

Құрылыс индустриясы саласындағы экологиялық өзекті мәселелер.doc

— 32.00 Кб (Скачать файл)

Құрылыс индустриясы  саласындағы экологиялық өзекті мәселелер, оларға жалпы сипаттама  беру және талдау

Құрылыс индустриясы  және құрылыс материалдарын өндіру

Қазақстандағы құрылыс көлемі 2005 және 2006 жылдары 60 % деңгейіне жетіп, 2000 жылдан бастап шапшаң қарқынмен өсті. Әлемдік қаржы дағдарысының әсері құрылыстың өсу қарқынының күрт баяулауына алып келді.

2000 жылдан бастап құрылыс материалдары  бағасының өсуі құрылыс материалдарына  өсе түскен тапшылыққа негізделеді,  ол импорттың өсуіне алып келді. 2008 жылы құрылыс материалдары нарығындағы импорттың үлесі 46,7 %-ды құрады.

Қазақстандағы құрылыс материалдары өндірісінің өсуін бірқатар проблемалар  тежеді: Қазақстанда негізінен қайта  бөлінуі төмен өнім өндіріледі; өнімнің  көптеген түрлері өндірілмейді; негізгі құралдардың тозу деңгейі айтарлықтай жоғары; еңбек өнімділігі төмен; құрылыс материалдарының өндірісі Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында және Астана мен Алматы қалаларында шоғырланған (өндіріс көлемінің 60%-дан астамы олардың үлесіне келеді).

Саланың дамуына  қажетті шикізат базасының болуына  қарамастан, Қазақстанда негізінен  цемент пен кірпіш өндірісі дамыды. 2006 – 2007 жылдары пайдаланатын цементтің 30%-ына дейін импортталды, бірақ  отандық зауыттар қуатының өсуі цемент импортынан бас тартуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта  Қазақстанда шыңдалған шыны өндірісі мүлдем жоқ, ал шыныдан жасалған дайын  бұйымдардың көпшілігі импортталады. Қыш өндірісі бай шикізат базасының  болуына қарамастан, жақында ғана дами бастады (қолдануға жарамды  бетонитті саздың 29 кен орны). Өнімнің басым бөлігі Түркиядан, Қытайдан және Италиядан импортталады.

Қазақстандағы өңдеу  материалдарының нарығында импорт өнімі басым болып келеді:

соңғы уақытта  импортты линолеум нарықта толығымен  басымдыққа ие болды (99%-дан астам);

орман ресурстарының  шектеулігі мен қазіргі заманғы  өндірістердің болмауы фанера мен  ағаш талшықты тақталардан бұйымдар жасау нарығындағы импорттың  басымдығына алып келді;

тұсқағаз нарығында  импорт өнімі 73%-ды құрайды, бұл ретте  елдегі тұсқағаздар өндірісі белсенді дамуда. Отандық өндірушілер нарығының үлесі тұсқағаздар импортына салынатын кедендік баждарға тікелей тәуелді.

Қазақстандағы құрылыс  материалдары саласының дамуын тежейтін түйінді мәселелерге мыналарды  жатқызуға болады:

техникалық реттеу және мемлекеттік нормалау жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі және баға белгілеу принциптерінің ескіруі;

өндірістің технологиялық  деңгейінің төмендігі және еңбек  өнімділігі деңгейінің төмендігі.

Негізгі міндет

Отандық құрылыс материалдары, бұйымдары  мен конструкциялары өндірісін  ұлғайту және қосылған құны жоғары өнімді шығару есебінен ішкі нарықтың сұранысын қанағаттандыру

Нысаналы индикаторлар

Құрылыс индустриясындағы жалпы қосылған құнды кемінде 76%-ға ұлғайту және ішкі нарықтың құрылыс материалдарына қажеттілігін 80%-дан артық қанағаттандыру.

Саланы дамытудың  негізгі бағыттары

Құрылыс индустриясын дамытудағы мемлекеттік  саясат бәсекеге қабілетті, энергияны  үнемдейтін құрылыс материалдары, қосылған құны жоғары бұйымдар мен конструкциялар өндірісін инновациялық негізде дамытуға сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік реттеуді жетілдіруге, құрылыс өнімі сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталатын болады.

Саланы дамыту шеңберінде ішкі сұранысты қамтамасыз етуге және экспорт мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жұмыс істеп тұрған өндірістерді жетілдіру және жаңа өндірістерді салу жүзеге асырылады:

-цемент өндірісінде 2014 жылға  қарай 5 жұмыс істеп тұрған  және 4 жаңа кәсіпорында цемент  шығару жылына 13,5 млн. тоннаға дейін жететін болады (Ақмола, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында), Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында жалпы қуаты жылына 2,1 млн. тонна 5 клинкерлік цемент терминалы салынады, жұмыс істеп тұрған цемент зауытына техникалық қайта жарақтандыру жүргізіліп, негізгі құралдардың тозу деңгейі 30%-ға дейін қысқартылады;

-қыш өндірісінде 2014 жылға қарай  қыш тақтайшалар шығару жылына 13 млн. м2 дейін жеткізіледі,  Ақтөбе, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жылына 1 млн. данаға дейін сантехникалық қыш өндіру қамтамасыз етіледі, жылына қуаты 200 мың тонна саз өңдейтін байыту комбинаты салынады.

Шыны өндірісінде  жылына қуаты 140 мың тоннаға дейін өнім шығаратын  шыңдалған шыны зауытының құрылысы басталатын болады;

индустриялық құрылыста 2014 жылға  қарай Ақтөбе, Алматы, Астана және Шымкент  қалаларында жалпы қуаты жылына 3 млн. м2 13 тұрғын үй индустриялық құрылыс  комбинаты салынатын болады. Индустриялық құрылыс комбинаты олардан энергияны енжар тұтынатын үйлер салу ұйымдастырылатын бұйымдар мен конструкциялар жасау жөніндегі қызмет көрсетуді ұсынады.


Информация о работе Құрылыс индустриясы саласындағы экологиялық өзекті мәселелер, оларға жалпы сипаттама беру және талдау