Семей ядролық полигоны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 20:27, реферат

Описание работы

Экология – биология ғылымының бір саласы . Тірі ағзалардың өзара әсерінің және коршаған тіршілік ортасымен өзара әсерінің заңдылықтарын биологиялық ерекше бөлімі - экология зерттейді. Экология сөзі гректің «оіkоs» - үй-жай және «lоgos» - ілім деген сөзінен шыққан. 1866 жылы “экология” терминін ғылымға алғаш рет неміс биологі Эрнест Геккель енгізді. Ең алғаш Эрнст Геккельдің «Ағзалардың жалпыға бірдей морфологиясы» (1866) және «Әлем жаратылысының табиғи тарихы» (1868) еңбектерінен ғылымға енді. Экологиялық зерттеулер XIX ғасырда Чарлз Дарвин еңбектерінде сипат алғанымен, кейіннен экология өз бетінше жеке ғылым саласына айналды .

Файлы: 1 файл

Исаева Меруерт.docx

— 15.99 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы: Семей ядролық полигоны

 

 

 

 

 

                                                                                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                       Орындаған: Исаева Меруерт

Тексерген: Сейткалиев Какен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2013жыл

 

Экология – биология ғылымының  бір саласы . Тірі ағзалардың өзара әсерінің және коршаған тіршілік ортасымен өзара әсерінің заңдылықтарын биологиялық ерекше бөлімі - экология зерттейді. Экология сөзі гректің «оіkоs» - үй-жай және «lоgos» - ілім деген сөзінен шыққан. 1866 жылы “экология” терминін ғылымға алғаш рет неміс биологі Эрнест Геккель енгізді. Ең алғаш Эрнст Геккельдің «Ағзалардың жалпыға бірдей морфологиясы» (1866) және «Әлем жаратылысының табиғи тарихы» (1868) еңбектерінен ғылымға енді. Экологиялық зерттеулер  XIX ғасырда Чарлз Дарвин еңбектерінде сипат алғанымен, кейіннен экология өз бетінше жеке ғылым саласына айналды .

Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас мәңгілікке және сонымен  қатар түтас күрделі мәселе. Табиғат  арқылы адамзат өзінің көптеген қажеттілігін табиғи ресурстар арқылы қамтамасыз етеді.Оларға атмосфералық ауа, су, топырақ, кен байлықтар, күн радиациясы, ауа  райы, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, жер қабатындағы жылу энергиясы, т.б жатады.

Соңғы жылдары дүниежүзінде экологиялық жағдайлар шиеленісе  түсуде. Оның көптеген себептері бар, ең басты мәселенің бірі – жер  шарындағы халық санының артуы.Жер  шарындағы халықты азық – түлікпен, киім – кешекпен, т.б. материалдық  жағдаймен қамтамасыз ету үшін қаншама  табиғат ресурстары қажет.Оның үстіне, XX ғасырда ғылыми – техникалық прогрестің дамуы қоршаған орта жағдайын нашарлатып, адамдардың денсаулығына орасан зор  зиян келтіруде.

Адамның шаруашылық әрекеті  табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың  арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді. Сондықтан  табиғатты өзгерту барысында  адамзат оның кейінгі зардаптарын  да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне  кері әсер ететін озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда  адамның шаруашылық әрекетінің әсері  есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен  топыраққа минералды тыңайткыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер  мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен  шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Ірі бөгендер салуда аумақтың табиғат  ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз  батпақтануға, топырак, өсімдік жамылғысы  мен сол жердің микроклиматының  өзгеруіне әкеп соғады. Қазіргі кезде  антропогендік ландшафтар басым. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар  жүргізеді. Соның бірі – мелиорация. Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділігін  арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады. Табиғатты  тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет. Рио-де-Жанейро декларациясының  қағидаларын есепке ала отырып Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі проблемалары және қоршаған ортасының жағдайына  ғаламдық, ұлттық және жергілікті деңгейде қаралуын қарастырады.Ғаламдық экологиялық  проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) жатады. Ұлттық экологиялық  проблемалареа экологиялық апатты аймақтар; Каспий теңізі қайраңы ресурстарын  белсенді игерумен байланысты проблемалар; тарихи ластану; трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады. Жергілікті экологиялық проблемаларға  ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жаткызуға болады. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар.Оның бірі Семей ядролық полигоны.

 

 

.

 

 

 

 


Информация о работе Семей ядролық полигоны