Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 16:40, лекция
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасы бойынша өндірістік-дамыған, өркениетті аймақ болып саналады.
Айта кетерлік жайт, біздің қазіргі замандағы қоршаған ортамыздың жай-күйімен тұрғылықты халықтың денсаулығы өткенімізден берілгенге, яғни Семей ядролық полигонымен, сонымен қатар посткеңестік кезең кезіндегі экономиканың даму деңгейіне байланысты болып келеді.
Шығыс Қазақстан облысының экологиялық жағдайы жайлы [ 7 бет ]
Кіріспе
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан
Республикасы бойынша өндірістік-дамыған,
өркениетті аймақ болып саналады.
Айта кетерлік жайт, біздің қазіргі замандағы
қоршаған ортамыздың жай-күйімен тұрғылықты
халықтың денсаулығы өткенімізден берілгенге,
яғни Семей ядролық полигонымен, сонымен
қатар посткеңестік кезең кезіндегі экономиканың
даму деңгейіне байланысты болып келеді.
Сараптама көрсеткіші бойынша өндірістік
өнім түрінің өсу жағдайы біздің аймақта
экологиялық шешімнің тұрақталуын көрсетеді.
Статистиканың бүгінгі күндегі көрсеткіштері
2006 жылда облыстың стационарлық көздерінен
шығарындылардың 2001 жылмен салыстырғанда
116 мың тоннаға төмендегенін көрсетеді.
Сонымен, 2001 жылы облыс атмосферасына
247,7 мың тонна шығарынды жіберілсе, 2006
жылда бұл сан 157,8 мың тоннаны көрсеткен.
Бұл мәселенің шешіміне үлес қосқандар
облысымыздың кәсіпорындарының өткізген
шараларымен және «2005-2007жж. Шығыс Қазақстан
облысында қоршаған ортаны қорғау» аймақтық
бағдарламасы болып табылады.
Соңғы 5 жылда мұндай тенденция Өскемен
қаласында да байқалуда - айтарлықтай
ластаушы заттегілермен шығарындылар
қарқынды түрде төмендеуде. 2006 жылда шығарындылар
саны 72,7 мың тоннасы 2001 жылдың 111 мың тоннасына
қарсы көрсеткіш берген.
Дегенмен де, өндірістік кәсіпорындардың
шығарындыларына ғана облыстық орталық
ықпал жасап отырған жоқ, сонымен қоса
біртұтас себептердің жиналу кешенін
де қарастыруды қолға алуда. Бұл Өскемен
қаласының тұйық жерде орналасуынан, яғни
қала сызбаларында өндірістік кәсіпорындардың
ауаны ластайтын шығарындыларының жойылмайтындығын
айқындайды. Өскемен қаласының атмосфералық
ауасының сапасы ауаны ластайтын шығарындылардың
көлеміне және ауа-райының жай-күйіне
тікелей қатысты болып келеді, атап айтқанда
атмосферада тоқырау құбылыстарының қайталануы.
Бұл көрініс Келеңсіз метеожағдай, яғни
КМЖ деп аталады.
Информация о работе Шығыс Қазақстан облысының экологиялық жағдайы жайлы