Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2014 в 12:17, реферат
Су – адамның өмір сүру ортасының маңызды элементі, сусыз өмірдің жоғары ұйымдастырылған формалардың өзі өмір сүруі мүмкін емес. Судың азықтық құндылығы болмаса да, ағазадағы барлық өмірлік процестердің жүруін қамтамасыз етеді. Асқорыту, зат алмасу, ұлпалар синтезі және т.с.с. судың белсенді қатысуымен жүзеге асады. Ол ағазада органикалық және бейорганикалық заттар үшін еріткіш болып табылады.
Азықтық өнімдердің никельмен ластануы миграция нәтижесінде никельденген қондырғыларда немесе ыдыстарда практика жүзінде байқалмайды. Сондықтанда да никельдің жоғарланған концентрациясы тек қана азықтық өнімдерде болуы мүмкін.
Никель мұрының қатерлігі ірінін және сүйектің сынғыштығы және т.б. қауіпті ауруларды туғызуы мүмкін. Никель аэразоль түрінде өкпе және асқазан рагін туғызады. Жасушалы және субжасушалы деңгейдегі жіңішке биохимиялық процестер бұзылады.
Сынап. Сынап қоршаған ортаның барлық элементтерде металл буларының жоғары ұшқыштығына байланысты кең таралған, бірақ гигиеналық мәнінің қалалық территорияларда да, өкінішке орай ауылдық жерлерде де жиі кездесетін антропогенді ластанудың жергілікті ошағы бар.
Қоршаған ортаның сынаппен антропогенді ластану көздері – ЖЭЦ, түсті металдың, цементті, целлюлозақағаздық зауыттар. Құрамында сынап бар ауылшаруашылық фунгицидтерді қолданумен байланысты сынаптың түсуінің мәні зор.
Атмосфералы ауадан сынап қосылыстың булары мен аэрозольдері сулы объектілерге тұнбалармен және седиментация нәтижесінде түседі.
Ластанған сулы объектілерде сынап концентрациясы 0,01 мен 0,5 мкг/л аралығында тербеліп тұр, ағын сулармен ластанған өзендерде ол 1 л-ге жүздеген және мыңдаған микрограммды құрауы мүмкін.
Қалыпты жағдайда ішетін сумен ағзамен жұтылғанда 15% жоғары сынап түседі. Сынап адам ағзасында ешқандай физиологиялық қызмет атқармайды. Ол жоғары токсикалық және кумулятивті.
Табиғи суларда бейорганикалық сынап метилденуге қабілетті. Әдеби мәліметтер бойынша құрамында сынаптың үлкен мөлшері бар су көздерінен дәстүрлі әдіспен жасалған ауыз суда адам денсаулығы үшін қауіпті емес концентрацияда болады.
Ең бірінші эпидемия 50 жылдары алкилсынаппен уланған тұғындар тіркелген. Минамата бұғазындағы ауланған балықпен қоректену нәтижесінде уланған. Минамата – парастезия, атаксия, етудің бұзылуы, көрудің нашарлауы, соңында сезімталдықты жоғалтуға алып келеді /76/.
Хром. Хром қоршаған ортада кең таралған, бірақ табиғи судағы оның концентрациясы аз ерігіштігіне байланысты гигиеналық маңызды шамаларға жетпейді.
Өндірістік қалдықтармен (ағынды су, қатты қалдықтар) ластану нәтижесінде топырақта және сулы объектілерде хромның жоғары концентрациясының жергілікті ошақтары жиі табылады. Қоршаған ортаның хроммен ластануының негізгі көздері – гальваникалық өндіріс, текстильді өнеркәсіп және арнайы құйманың өндірісі.
Табиғи қосылыстарда хром 3 валентті формада болады, өндіріс қалдықтарының құрамында 6 валентті хром болады. 3 валентті хромның қосылыстары аз ериді және асқазан – ішек трактында нашар сіңіріледі. Міне, сондықтан токсикалық қасиеттер 6 валентті хромға тән деп есептеледі.
Хром жануар ағзасы үшін қажет екені орнатылды, бірақ физиологиялық әрекетінің механизмі ашылмады. Ағзаға хромның түсуінің жағымсыз салдары бүйрек пен бауырдың зақымдануына негізделген. Хром асқазан мен 12 ішектің жара ауруының пайда болуына алып келеді. Хром үшін концерогенді және мутогенді эффектілер дәлелденген.
Хром адамға қатты улы емес. Бірақ 6 валенттік хром концерогенді әсері бар.
Мырыш. Табиғатта кең таралған элемент. Оның жер қыртысындағы құрамы (1,0-2,0)·10-2 % құрайды. Мырыш – сүтқоректілер үшін өмірлік қажетті элемент. Ол барлық қатардағы ферменттердің құрамына кіреді және ДНК мен РНК нуклеинді қышқылдар синтезі маңызды рөл атқарады.
Мырыш артық мөлшерде ферриоз, асқазан жарасына, өт тасты ауруына, анемияға алып келеді.
Тотықтырғыштармен активтеу немесе модифицирлеу әдістемесі
Әртүрлі температурада карбонизделіп алынған көміртекті сорбенттерді активтеу дистилденген сумен, 30% аммиак ерітіндісімен және 10% тұз қышқылы ерітіндісімен жүргізілді. Барлық жағдай үшін сорбенттің 10 г мөлшері, активтеуші ерітіндінің 150 мл көлемі алынды.
Дистилденген сумен көміртекті сорбентті өңдеу беті жабық стаканда 90 минут бойы қайната отырып жүргізілді. 30% аммиак ерітіндісімен өңдеу 24 сағат бойы бөлме температурасында, араластыра отырып жүргізілді. Сорбентті 10% тұз қышқылының ерітіндісімен 30 минут бойы бөлме температурасында өңделді.
Өңдеуден кейін фильтрленіп, рН≥7 мәнге дейін дистилденген сумен жуылады. Жуылған көміртекті материал кептіргіш шкафта 1200С температурада кептірілді. Алынған активтелген сорбенттердің қасиеттері мен характеристикалары зерттелді.
Информация о работе Су табиғи ортаның элементі және экономикалық ресурс ретінде