Сөздік жұмысы-тіл дамытудың құралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2012 в 17:07, доклад

Описание работы

Ғалымдардың,педагогтардың «сөздік жұмысы» ұғымы туралы пікірлері алуан түрлі.Бірі сөздік жұмысын әр сабақтың құрамдас сөздерді түтіндіруді қосады,екіншілері оған тіл дамыту мақсаты мен жаңа сөздерді түсіндіруді қосады,үшіншілері оқушылардың тілін дамытуда сөздік жұмысынсыз басқа жұмыстардың жүрмейтіндігін айтады.Осы айтылған пікірлерге сүйене отырып,біз сөздік жұмысын сабақ барысында оқушылардың тілдік қорын толықтыруға мүмкіндік туғызатын әр түрлі жаттығу жұмыстары жүйесінің құрамдас бір бөлігі деп түсінеміз.

Файлы: 1 файл

Сөздік жұмысы.docx

— 17.11 Кб (Скачать файл)

Сөздік жұмысы-тіл дамытудың құралы

 

Сөздік жұмысы-тіл дамытудың  іргетасы іспеттес, сондықтан оқушылардың  тіл байлығын дамыту жұмысындағы  мұғалімнің үлесі мол да жауапты.

Ғалымдардың,педагогтардың «сөздік  жұмысы» ұғымы туралы пікірлері  алуан түрлі.Бірі сөздік жұмысын  әр сабақтың құрамдас сөздерді түтіндіруді  қосады,екіншілері оған тіл дамыту мақсаты мен жаңа сөздерді түсіндіруді  қосады,үшіншілері оқушылардың тілін  дамытуда сөздік жұмысынсыз басқа жұмыстардың  жүрмейтіндігін айтады.Осы айтылған пікірлерге сүйене отырып,біз сөздік жұмысын сабақ барысында оқушылардың тілдік қорын толықтыруға мүмкіндік туғызатын әр түрлі жаттығу жұмыстары жүйесінің құрамдас бір бөлігі деп түсінеміз.

Оқушылардың тіл байлығын сапалы түрде  толықтыру,яғни,создердің бірнеше  мағынасын меңгеруімен қатар  бұрын үйренген сөздер туралы білімін  кеңейту,оқушылардың ойлау қабілетін  дамытуға сүйенетін лексиканың жүйелік  мазмұны туралы сананы қалыптастыру-сөздік жүмысының ең маңызды бағыттарының бірі.Сөздік жұмысын ұйымдастыру  барысында үйренетін тілдің лексикалық жүйесінің ерекшеліктерін есепке алу  және оны білу өте қажет.

Мектепте оқытылатын лексика тарауының  жүйелік көзқарасын осы жүйенің  ерекшеліктері анықтайды.Жүйелі түрде  оқытуда оқушылар жаңа сөздерді,олардың  арасындағы байланыстарды меңгереді.

Сөздік жұмысының әдістемесі оқылатын лексикалық материалды меңгерілу деңгейіне  байланысты үш түрге бөледі:

    1. Ауызекі сөйлеуде қолданылатын сөздер қоры;
    2. Пассивті сөздер қоры;
    3. Потенциалды сөздер қоры.

Сөздік жұмысының ең маңызды  міндеті – оқушылардың ауызекі  сөйлесуде қолданатын сөздер қорын  толықтыратын сөздікті белсенді ету. Ғалымдар қандай сөздікті белсенді деп санауға  болады және оқушы сабақ сайын  қанша сөз меңгерц керегі жөнінде  әр түрлі пікірлер айтады. Біз сабақ  барысында және одан тыс уақытта  үнемі ауызекі сөйлесуде қолданылатын сөздікті белсенді деп санаймыз. Сондықтан  мұғалім сөзді сапалы түрде меңгеру  мақсатымен жасалатын жұмысты талап  ететін белсенді сөздікті қалыптастыру міндетіне көп көңіл бөлуі  керек. Осыған байланысты мұғалімнің сөздік жұмысының мазмұнын, құрылымын, әдістемесін  анықтайтын негізгі мәселелерін  білуі өте маңызды. Бұл – сөздің мағынасын зерттеу, сөздік қорын толықтыру және оны ауызекі сөйлесуде белсенді ету. Аталған мәселелердің әрқайсысы әдістемеде кең таралған алуан түрлі тәсілдердің көмегімен жүзеге асады.

 Сөздің мағынасын зерттеу, яғни, сөздің мазмұнын, мағынасын айқындау сөздік жұмысының негізгі мәселесі болып табылады. Сөз тіл меңгеру барысында лексикалық жұмыстың алғашқы кезеңінен, яғни сөздің мазмұнын, мағынасын айқындау жұмысынан соң ғана оқушының күнделікті қолданатын сөздік қорына енеді. Сөздің мағынасын зерттеу мәселесі лингвистиканың ең негізгі категориясы – сөздің мазмұны мен оның лексикадық жүйесімен байланысты. Бұдан лексика –мағыналық жүйенің және синтагматикалық сияқты маңызды жүйелік байланыстарын анықтағаннан кейін жүзеге асады деп тұжырым жасауға болады.

Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде  қазақ тілін үйретудің алғашқы  кезеңдерінде сөздің мағынасын зерттеудің бір тәсілі ретінде көрнекілік пен  өз ана тіліне аудару жұмыстарына  көңіл бөлінеді. Сабақ барысында  бұл әдістерді басымырақ қолдануға  болмайды, өйткені олар сөз мағынасын  зерттеудің жан-жақты, тиімді әдісі  болып саналмайды. Көзбен көретін  көрнекіліктің мүмкіндігі шектеулі, ол заттың түсінігі бар сөздердің  мағынасын түсіндіру үшін қолданылады. Тәжірибе жүзінде көрнекілікті аударма  және түсіндірме жұмыстары толықтырады.

Өз ана тіліне аудару жұмысы әдістемелік  тұрғыдан қарағанда сөздің мағынасын  зерттеуде ең тиімді, үнемшілді тәсіл  болып табылады. Бірақ оның мынадай  кемшіліктері де бар: біріншіден, психолингвистердің пікірі бойынша, аударма жұмысын  үнемі қолдану қазақ тілінде  ойлауды тежеййді, оның белсенділігін  төмендетеді және оқушыларға ана  тілін қолдануды үйретеді; Екіншіден, аударма жұмысын қолдану лексиканың лингвистикалық ерекшеліктерімен байланысты: лексиканың бір бөлігін мазмұны  жағынан қазақ және орыс тілдерінде сәйкес келмейтін сөздер құрайды, бірсөздік  аударма сөздің мағынасын зерттеуде  оңтайлы тәсіл ретінде қолдана  алмайды. Бұл жағдайда сөздердің  ана тіліндегі қосымша түсіндірмен  анықтамасына сүйенуге тура келеді.

Сонымен, сөздің мағынасын зерттеудегі  көпшілік таныған әдістері – аударма  мен көрнекілік жұмыстары – өздерінің  шектеулі мүмкіндіктеріне байланысты тиімді болып саналмайды. Осы зерттеудің әрбір жұмысының мақсаты сөздің лексикалық мағынасын жан-жағынан толық, дәйекті түрде анықтайтын зерттеудің жетістігі болып табылады.

Ғалымдардың пікірі бойынша лексикалық бірліктердің табиғатына сәйкес сөздің мағынасын зерттеудің сенімді тәсілі сөздің, барлық мағынасын дәйекті  түрде көрсетуі болып саналады,  яғни сөздің заттық мағыналық қатынасын, парадигматикалық, синтагматикалық  байланысын ашу. Бұл әдісті мынадай  шарттарды сақтаған жағдайда қолдануға  болады:

    1. Меңгерілетін лексикалық бірліктердің жүйелі байланыстары туралы толық мәлімет жинақтаған белгілі бір лингвистикалық тіректің болуы;
    2. Қазақ тілі оқулықтарының құрылымында меңгерілетін лексикалық бірліктердің жүйелі байланыстары үшін қажетті дидактикалық материалдың болуы.

Сөздерді белсенді ету бір жағынан, оның мағынасын анықтаудың қажетті  және табиғи жалғасы, екінші жағынан, ол оқушылардың сөздік қорын толықтыру  және оны ауызекі сөйлесу тәжірибесіне енгізу сияқты мәселелердің шешілуімен тығыз байланысты.

Сөздік жұмысының бағытын анықтай  отырып, сөздік қорды толықтыру оқушылардың  лексикалық бірліктерді ұзақ есте сақтауының бірқатар міндеттерін жүзеге асырады. Осындай арнаулы нұсқау сабақ барысында меңгерілген сөздердің жоспарлы және жүйелі түрде қайталауын талап етеді.

Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде  қазақ тілін үйрену барысында  оқушылардың көп сөздерді есте сақтауына  тура келеді. Осы жағдайды еске ала  отырып сөздік жұмысының әдістемесі оқушылардың еске сақтау қабілетіне сүйенеді. Бірақ психологиялық тұрғыдан тек есте сақтау қабілетіне сүйену оқушылардың түсіну сапасын төмендетеді. Сондықтан оқушылардың лексикалық сөздерді еске сақтауының әдістемелік  нұсқауы мен тапсырмаларды мағынасын  түсінбей жаттаудың арасында қарама-қайшылық туады. Бұл қарама-қайшылықтың шешімін ғалым, әдіскерлер оқушылардың тіл байлығын толықтыратын мағыналық асоциациялық қағидаға сүйенетін әдістемені жетілдіру деп ойлайды. Сөздер меңгеру барысында табиғатына қарай мағыналық, асоциациялық байланыстарға айналуы тиіс. Мұндай асоциацияның болуы сөздерді мазмұнына қарай жүйелендіреді, ретке келтіреді, еске сақтауды жеңілдетеді.

Тіл үйренудің негізгі көрсеткіші ретінде сөздерді ауызекі сөйлесуде  дұрыс қолдана білу мынандай екі  маңызды шарттармен анықталатыны бізге  мәлім: біріншіден, қажетті мазмұнды айқындайтын сөздерді іріктеу; Екіншіден, оларды бір-бірімен байланыстыру. Аталған  шарттардың, жүйенің парадигматикалық және синтагматикалық аспектерімен сәйкес келуінен біз мынандай тұжырым  жасай аламыз: ауызекі сөйлесуде  сөздерді белсенді етуге олардың  жүйелі байланысына сүйену тілдік нақтылықпен  сәйкес келеді.

Сонымен, сөздік жұмысының мағызды  шарттарын талдау нәтижесінде мынадай  қорытынды жасауға болады:

    1. Сөзбен жүргізілетін жұмыстың барлығы оның мағынасын зерттеуден бастап оқушылардың ауызекі сөйлесуде қолдану кезеңіне дейін, мұғалімнің жүйелі түрде арнайы тіл дамытуға арналған ахуалды тапсырмалар мен машықтану жаттығуларын жүргізуінің арқасында жүзеге асады;
    2. Сөздердің жүйелі байланыстарына сүйену оларды еске сақтауды жеңілдетеді және оқушылардың сөздік қорын толықтыруда тиімді тәсіл болып табылады, оқушылардың ауызекі сөйлесу дағдысын дамытуға мүмкіндік туғызады. 

Информация о работе Сөздік жұмысы-тіл дамытудың құралы