Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 04:42, реферат
Жер – тұтыну құндылығы, оның құны жоқ, тек тұтыну құндылығын, материалдық өнімдерді өндіруге қажетті жағдай. Жердің бағасы оған табиғи тән нәрсе емес, ол тек қана қоғамдық өндіріс және тұтыну қатынастарында пайда болады. Сондықтан жердің бағасы тауар өндіруге қажетті жеке жер бөлімшелерінің тұтыну құндылығының көрінісі. Жеке жер бөлімшелерінің сапасының әр түрлілігіне байланысты ол жерлерде өндірілген өнімдердің құны да әр түрлі болады. Сапалы жерлерден нашар жерге қарағанда әлдеқайда көп тұтыну құны өндіріледі. Бірақ сапалы жерлер көп емес, әдетте шектеулі. Иелену түріне қарамастан, жерге шаруашылық нысаны ретінде әрқашан монополия болады. Былайша айтқанда жерге монополия болуына байланысты дифференциалды рента туындайтын алғышарт бар.
Табиғатты экономикалық бағалау.
Табиғат қорғау шаралары.
Табиғат ресурстарын қорғау және табиғатты қорғау шараларының тиімділігі.
Жоспар:
Табиғат ресурстарын экономикалық бағала.
Жер қойнауынан алынатын пайдалы қазба байлықтарды үш топқа бөледі:
• жанатын отын-энергия қоры – көмір, мұнай, газ, жанғыш тақта тас, шымтезек;
• рудалы, пайдалы
қазбалар – қара және түсті металдар, қымбат
бағалы,сирек кездесетін, т.б. металдар
• бейруда пайдалы қазбалар – химия шикізат (минералдық тұздар, гипс, күкірт, апатит, фосфорит, т.б.), отқа төзімді матеиалдар, құрылысматериалдар шикізаты, әсемдік тастар, т.б.
Жер қойнауын қорғау, минералдық шикізатты тиімді пайдалану, сол арқылы табиғи ортаны қорғау шаралары мынадай бағыттарда жүргізіледі:
Минералдық шикізат қорын кешенді барлау, зерттеу, зерделеу. Кешенді барлау деп – минералды шикізаттың қорын ашу, зерттеу кезінде оның құрамын, құрылымын, орналасу жағдайын, ондағы зиянды қоспаларды мейлінше толық анықтау деп түсінеміз. Барлау қазба байлықтың бір түріне ғана емес кешенді жүргізілуі тиіс.
Ашылған шикізат қорын мейлінше толық өндіру, ысыраптың мөлшерін азайту, қазба жұмыстарының табиғатқа зиянды әсерін болдырмау азайту, қазба байлықтың сапасын жоғалтпау, аралас қоспаны азайту, өнімнің ластанбауы, т.с.с.
Өндірілген минералдық шикізатты кешенді пайдалану, өңдеуші өндірістерді дамыту, өндіріс қалдықтарын пайдалану.
Табиғат ресурстарын экономикалық бағалауда айқындауды қажет ететін мәселелердің бірі – уақыт факторын есептеу. Өйткені табиғат ресурстарын игеруге едәуір бір мерзімдік күрделі қаржы жұмсалады, ал нәтижесі ұзақ мерзімде біртіндеп алынады.
Уақыт факторын есептеудің ең белгілі жалпы қабылданған тәсілі шығындарды бір жылға келтіру. Ол бойынша әр жылда жұмсалатын күрделі қаржы сомасы B=(1+E) коэффициентіне көбейтіледі не бөлінеді. Мұнда Е — әр жылға тиімдерді шығындарды бір жылға келтіру нормалы коэффициенті (күрделі есептеулермен анықталады), t — шығын жұмсалған жыл мен келтірілген жылдың айырмашылығын көрсететін жылдар көрсеткіші.
Әдетте, барлық жылдағы шамалар шығындар тиімдер өндіріс жұмыс істей бастаған жылға келтіріледі. Алғашқы жылдардың шығындары соңғы жылға келтірілгенде олар В — коэффициентіне көбейтіледі, ал соңғы жылдардікі – алғашқы жылға келтірілгенде коэффициентіне бөлінеді.
Қазақстан жер ауданы жөнінен әлемдегі тоғызыншы мемлекет. Оның жалпы жер ауданы 271,7 млн. га, оның ішінде ауыл шаруашылық жерлері 222,3 млн. га. Жерді пайдалану бағыттарына қарап: ауыл шаруашылық жерлері, елді мекендер орналасқан жерлер, өндіріс, қатынас, байланыс, қорғаныс, табиғат қорғау, денсаулық сақтау, демалыс, курорттар, қорықтар, тарихи және мәдени маңызы бар жерлер, орман қорының жерлері, су қорының жерлері, мемлекеттік қордағы жерлер болып бөлінеді.
Жер қорын қорғауды және пайдалануды экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, оның құндылығын, пайдалану ұтымдылығын арттыру арқылы одан алынатын өнімдерді қазіргіден едәуір көбейтуге болатынына көз жеткіземіз. Оның басты бағыттары: топырақтың құнарлығын арттыру, жерді суландыру батпақ жерлерді құрғату, сортаң жерлердің тұздылығын азайту, эрозияға жол бермеу, бүлінген жерлерді қалпына келтіру, т.б. агрономиялық шаралар және жерді пайдалану құрылымын жақсарту.
Жерді бағалау
туралы екі бағыт айқындалды: топырақтың
сапасын бағалау және жер қорын
экономикалық бағалау. Топырақ сапасын
бағалау экономикалық бағалаудың негізгі
және алғышарты болып табылады. Жердің
сапасын бағалау үшін оның әр түрлі
табиғи қасиеттері өнімділігі тұрғысынан
және әр түрлі климаттық жағдайдың
топырақ түрінің әсері
Қазіргі кезде топырақ бонитетін бағалаудың бірнеше варианттары белгілі. Оларды негізгі екі түрге бөлуге болады: біріншісі – топырақтың қасиетіне байланысты өнімділігін ескеріп, бонитетін бағалау; екіншісі – жерді өнімділігіне байланысты, табиғи қасиетін ескеріп бағалау.
Топырақтың бонитет балдары оның сапалық қасиеттерінің сандық көрсеткіші болып табылады, аймақта өсірілетін басты дақылдың көпжылдық орташа түсіміне сәйкес болады. Бонитет балдары ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге қолайлылығын анықтауға, оларды тиімді пайдалануды жоспарлауға мүмкіндік береді.
Жер – тұтыну құндылығы, оның құны жоқ, тек тұтыну құндылығын, материалдық өнімдерді өндіруге қажетті жағдай. Жердің бағасы оған табиғи тән нәрсе емес, ол тек қана қоғамдық өндіріс және тұтыну қатынастарында пайда болады. Сондықтан жердің бағасы тауар өндіруге қажетті жеке жер бөлімшелерінің тұтыну құндылығының көрінісі. Жеке жер бөлімшелерінің сапасының әр түрлілігіне байланысты ол жерлерде өндірілген өнімдердің құны да әр түрлі болады. Сапалы жерлерден нашар жерге қарағанда әлдеқайда көп тұтыну құны өндіріледі. Бірақ сапалы жерлер көп емес, әдетте шектеулі. Иелену түріне қарамастан, жерге шаруашылық нысаны ретінде әрқашан монополия болады. Былайша айтқанда жерге монополия болуына байланысты дифференциалды рента туындайтын алғышарт бар.
Дифференциалды рентаның алғышарттары – бір жағынан монополия болса, екінші жағынан жердің сапалық өзгешеліктері, сондай-ақ тауарлы өндірістік қоғамдық қарым – қатынастар.
Су қорын тиімді пайдалану үшін су шаруашылық кешендерін ұдайы үздіксіз жетілдіріп отыру керек. Су шаруашылық комплексіне: сумен жабдықтау, суды бөлу, гидроэнергетика, су транспорты, суландыру, құрғату, балық шаруашылығы, ағаш тасымалдау, денсаулық сақтау, туризм және т.б. жатады. Су қорын қорғау және тиімді пайдалану шаралары масштабы және техникалық шешімдері бойынша әр түрлі, оның барлығы кешенді шараларды жүзеге асыруды талап етеді. Суды қорғау жөнінде 4 кешенді шараларды атауға болады:
Су ресурстарын экономикалық бағалау: су тұтынушы өндіріс күштерін тиімді орналастыру; суды қорғауға, үнемдеп тиімді пайдалануға экономикалық ынталандыру және оны ұлттық байлық құрамында есептеу үшін болады.
Су ресурстарын экономикалық бағалау үшін шеткі шығын шамасы қолданылады. Су ресурстары көпшілік жағдайда жеке-дара орналасады. Осыған байланысты жағдайда су тапшылығы немесе жеткілікті болуы оның территориялық орналасуына байланысты. Сондықтан шеткі шығын шамасын ауданның, аймақтың су бассейндері бойынша белгілеу керек.
Суға шеткі шығын шамасын оптималдық су шаруашылық баланстар негізінде анықтайды. Барлық экстенсивтік және интенсивтік шараларды ескере отырып, су пайдаланудың барлық балама мүмкіншіліктері қарастырылады. Экстенсивтік шаралар пайдаланылатын су көлемін арттырумен, баланстық кіріс жағын көбейтумен байланысты.
Табиғат ресурстарын рентамен бағалаудың басқа әдістерге қарағанда артықшылығы бары даусыз. Ренталық қағидаға сәйкес тиімнің екі категориясы ажыратылады: дифференциалдық тиім және ренталық тиім. Дифференциалдық тиім халық шаруашылығының кез келген саласында пайда болуы мүмкін. Ол ғылыми-техникалық жетістікті қолдану және еңбекті жақсы ұйымдастыру нәтижесінде еңбек тиімділігін арттыру арқылы дербес шығынды қоғамдық қажетті шығыннан азайтқандағы үнемді көрсетеді.
Рентаны есептеу
өте маңызды теориялық және әдістемелік
мәселе болып табылады. Бірнеше экономистер
рентаны есептеу үшін нақты қалыптасқан
табиғат ресурстарын пайдалану
шығындарын қолдануды ұсынады. Бірақ,
ол салыстырмалы ресурстардың әділ бағасы
бола алмайды. Рентаны анықтаудың басты
принципі нақты ресурсы пайдаланғанда
алуға болатын халық
Республикамызда үлкенді-кішілі 2174 өзен бар. Жалпы өзендер мен бұлақтарды қоса есептегенде олардың саны 85 мыңға жетеді. Мұның ішінде Ертіс, Сырдария, Жайық, Есіл өзендерінің әрқайсысының ұзындығы 1мың км-ден асады. Барлық өзендерден жылына 102 млрд. текше м (м³) су ағып өтеді. Алайда ірі өзендердің көпшілігі Республикамыздың шекарасына жақын аймақтарда орналасқан да, бастауын басқа елдерден алады. Жеріміздің басым бөлігі өзен сулары тапшы шөлейтті аймақта. Орталық далалық өзендердің деңгейі қар суымен қалыптасады, олар ылғал аз жылдары таязданады немесе құрғап қалады. Тау өзендері мұздықтардан басталады. Сондықтан су деңгейі жыл маусымына қарай және әр жылда едәуір өзгеріп отырады.
Қазақстанда жер асты суларының барланған қоры 45 млрд. текше метр. Одан жылына 750 млн. м³ су алынып пайдаланылады. Болашақта пайдалануға болатын су қоры шамамен 53 текше км деп есептеледі.
Қазақстанда соңғы жылдары су пайдалану жылына 83 млрд. м³ге жетті, оның ішінде тікелей су тұтыну 44%, 40%-ы су тұтынуды қамтамасыз етуге жұмсалады. 16%-ы ысырап болады.
Сонымен, адамзат қоғамы дамуының барлық кезеңдерінде табиғи ресурстар оның әлеуметтік-экономикалық прогресінің маңызды алғы шарты болды. Алайда олардың сан алуан экономикалық ресурстарға айналуы түптеп келгенде адамға, оның ыждағаты мен дарындылығына байланысты.
Табиғат қорғау шаралары.
Қандай да болмасын жылу қозғалтқышын күнделікті қолдану арқылы энергия алуда, оны тиімді пайдалану мақсатында қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді.
Термодинамиканың заңына сәйкес, электр және механикалық энергияны алу кезінде көптеген жылу мөлшері қоршаған ортаға беріледі де, біртіндеп жер бетінің орташатемпературасының артуына әкеліп соғады.
Қазіргі кезде қозғалтқыштардың орташа қуаты - шамамен 1010 квт. Егер осы қуат 3*1012 квт-ге жетсе, орташа температура шамамен бір градусқа артады. Одан ары қарай температураның әсерінен мәңгі мұздардың еру қаупі туады да, дүние жүзі мұхиттарының деңгейі тез арада көтеріледі.
Сонымен қатар, өте
үлкен масштабта отынды жағу кезінде, жер бетінің температурасының
қатаң өседі де, атмосферадағы көмір қышқылы газының (С02) шығуы
артады. Атмосферадағы көмір қышқылы газының
су буымен бірге қосылуынан
«парникті әсеріне» (парниковый эффект)
әкеліп соғады. Осыдан, атмосферадан көрінетін
күн сәулесін өте нашар сіңіреді де, жер
бетін қыздырады. Қыздырылған жер беті көзге көрінбейтін сәулеленуін шығара
Атмосферадағы көмір қышқылы газының көлемдік шоғырлануы, атмосферадағы барлық газдардың 0,0314%-ын құрайды. Осы шоғырлануының аздап ұлғаюы жердің жылу тепе-теңдігің тез арада бұзады деген қауіп бар. Негізінде, қазіргі кезде атмосфераға 5 млрд. т. СО2 одан көп мөлшерде шығарылады деген болжам бар.
Жылулық қозғалтқыштарды
пайдаланудың қауіпті кері әрекеті
осымен бітпейді. Жылу электр станцияларында, автомобильдердің
іштен жанатын қозғалтқыштары атмосфе
Қазіргі кезде
автотранспорт пен автомобильде
Осылардың барлығы
адамзатқа қиын проблема туғызып
отыр. Жылулық қозғалтқыштардың пайда
Қоршаған ортаны
қорғауды ұйымдастыру тек бір мемлекет е
Пайдаланылған әдебибеттер
Информация о работе Табиғат ресурстарын қорғау және табиғатты қорғау шараларының тиімділігі